Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќСАЌтау министрлігі


Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары бар егде жастағы



бет14/26
Дата20.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#69958
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Байланысты:
ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯНЫҢ ТАҢДАУЛЫ СҰРАҚТАРЫ
palliativ med kz, palliativ med kz, tutolmin
Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары бар егде жастағы

және қарт науқастарды күту және бақылау
Егде және қарт жастағы адамдардың бүйрегіне тән өзгерістер:

  • Бүйректің барлық құрылымдық элементтерінде дәнекер тінінің компоненттері өршімелі түрде жиналып, осы мүшенің атрофиясына әкеп соқтырады.

  • Бүйрек көлемінің және салмағының төмендеуі, әйелдерге қарағанда еркектерде байқалады.

  • Бүрйек капсуласының тығыздалып, қалыңдауы, паранефральді клечатка көлемінің үлкеюі.

  • Шумақтардағы капиллярлар ілмегіне гиалиноз қалыптасады. ( 40-жастан асқандарда анық байқалады), одан әрі қарай бүйрек нефрондарының біртіндеп өлуі байқалады.

  • Шумақ фильтрациясы төмендейді (40 жастан кейінгі әрбір он жылдық өмірде 7%-ға).

  • Нефронның өзекшелер бөлігіндегі өзекше эпителиінің физиологиылқ жаңару жылдамдығы төмендейді және шумақтың қызметі бұзылады: глюкозаның максимальды реабсорбциясы, қышқылдарыдың шығарылуы, бос су клиренсі төмендейді.

  • Бүйрек тамырларының артериолосклерозы, тамырдың ішкі қабатының эластикалық гиперплазиясы.

  • Бүйрек гемодинамикасының бұзылуы; бүйрек қан айналымы жартылай төмендейді, сонымен қатар бүйректегі плазма айналысы нәтижесі де төмен-дейді.

  • Юкстагломерулярлы аппарат элементінің жасушалары атрофияланады.

  • Клетка ішіндегі қан айналымның реттелуі әлсірейді.

  • Әртүрді деңгейде рефлюкстің пайда болуына әкеп соқтыратын зәр шығару жолдарының атониясы (зәрдің кері ағуы). Егде және қарт жастағы науқастарда кездесетін бүйрек ауруларының бірі – пиелонефрит, ЖБЖ (жедел бүйрек жеткіліксіздігі) және ангионефросклероз. Гериатриядағы ең жиі кездесетін бүйрек ауруы кәрілік пиелонефрит. Оның дамуына келесі себептер әсер етеді.

  • Зәр шығару жолдарының атониясы салдарынан болатын рефлюкстер.

  • Бүйректің тас ауруы және ісік үрдістері.

  • Еркектердегі қуық үсті безі.

  • Бүйрек гемодинамикасының бұзылуынан болатын бактериялық флораның фиксациясы.

  • Организмнің иммундық жауабының жас ұлғая бұзылуы.

  • Жас ұлғайған сайын зәр шығару жолдарына аспаптық килігулердің жиілеуі.

Кәрілік жалпы дистрофиялық үрдістердің айқын болуына және кахексия кезінде пиелонефриттің тіпті іріңді түрі де симптомсыз өтуі мүмкін. Кей жағ-дайда оқшауланған интоксикациялық синдром (осы кезде науқастар ин-фекциялық бөлімшеге түсуі мүмкін), тұрақты айқын анемия (диагнозды бүй-рек патологиясынан «ұзаққа әкетіп» «онкологиялық жоспар» бойынша тексе-рулуге мұқтаж етеді) байқалады. Науқастарды күту кезіндегі мәселелердің гериатриялық науқастарда түнгі уақытта зәр шығаруының жиілеуі (бұл тек зәр шығару жүйесінің патологиясы ғана емес, сонымен қатар адамның жасы-на сәйкес бүйректегі өзгерістерге және ұйқының бұзылуына да байланысты) түнгі уақытта науқастың төсегінен бірнеше рет тұруына әкеледі. Жағдайы әлсіз науқастарда төсегінен бірден тұрғанда АҚ ның бірден төмендеп, есінен тану жағдайына ұшырауы мүмкін. Егде және қарт жастағы науқастардың құлауынан әртүрлі сынықтар пайда болып, пациенттің жағдайын одан әрі нашарлатады. Сондықтан мейірбике науқастарға түнде зәр шығаруға жиі бармау үшін кешкі сағат 18.00-19.00 кейін сұйықтық ішпеу керектігін түсін-діру қажет, ал кешкісін төсегінің қасына судно немесе зәр қабылдайтын ыдыс қоюы тиіс.

Гериатриялық науқастарда кейде зәрді ұстай алмау – энурез кездеседі (бүйрек аурулары, цистит, қуық үсті безінің аденомасы, ми қан айналымы-ның бұзылуы, науқастың жалпы арықтау, кәрілік есінің төмендеуі және т.б.).



  • Стрессті жағдайға байланысты әйелдерде жөтелгенде, түшкіргенде немесе күлгенде, ал егде және қарт жастағы науқастарда қуық сфинктерінің жеткіліксіздігі салдарынан зәрді ұстай алмау, энурездің негізгі түрі ретінде байқалады. Кейде бұндай жағдайлар көп босанған әйелдерде немесе постменапауза кезеңінде де байқалуы мүмкін.

  • Зәрді толық ұстай алмау сфинктер қызметінің толық жойылуына байқалады, егер сегіз көз аймағындағы жүйке шоғырына ісік өсіп қуық инервациясы бұзылса немесе егер ісік қуық мойнына қарай тікелей өссе. Бұл кезде науқаста зәрдің біртіндеп ағуы болады. Зәрді ұстай алмау кезінде мейірби-ке әр бір зәрге отырған сайын науқаста жуындырып оның ішкі киімін ауыстыру керек. Науқастың туыстарына ересек адамдарға арналған памперс әкелуін айту керек. зәрді ұстай алмау кезінде күндізгі сағат 15.00 ден кейін сұйықтықты шектеу керек. Тамақты аз мөлшерден жиі қабылдау керек, қабылдайтын тамақ жеңіл сіңетін болғаны дұрыс. Судно, зәр қабылдағыш ыдыстардағы зәрді канализацияға төгер алдында міндетті түрде дезинфекциялау қажет.

Қатаң төсек режимі кезінде науқастың жағдайы ауыр болса мейірбике пациенттің тері қабатының жағдайына аса көңіл бөлу қажет, әсіресе ісіктер болса және тері ойылуларының алдын-алу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет