Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШIНIҢ ЕҢБЕК



бет159/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

35-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДIҢ ЖӘНЕ ЖҰМЫС БЕРУШIНIҢ ЕҢБЕК 
ҚАУIПСIЗДIГI ЖӘНЕ ЕҢБЕКТI ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН 
МIНДЕТТЕРI

__ 357 ____________________

      314-бап. Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 
                қорғау құқықтары

      Қызметкердiң: 


      1) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай жабдықталған жұмыс орнына; 
      2) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген талаптарға сәйкес санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етiлуге; 
      3) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға және оның аумақтық бөлiмшелерiне өз жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғауға тексеру жүргiзу туралы өтiнiш бiлдiруге
      4) өзi немесе өз өкiлi арқылы еңбек жағдайларын, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеруге және қарауға қатысуға; 
      5) денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн жағдай туындаған кезде бұл жөнiнде тiкелей басшысына немесе жұмыс берушiге жазбаша түрде хабарлай отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға; 
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен еңбек мiндеттерiн қауiпсiз атқару үшiн қажеттi бiлiм алуға және кәсiптiк даярлыққа; 
      7) жұмыс берушiден жұмыс орнының сипаты мен ұйымның аумағы, еңбек жағдайларының жай-күйi, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы, өмiрi мен денсаулығына төнген қатер туралы, сондай-ақ оны зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғау жөнiндегi шаралар туралы дәйектi ақпарат алуға
      8) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай болмауына байланысты ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына; 
      9) жұмыс берушiнiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы заңсыз әрекеттерiне шағымдануға құқығы бар.

__ 358 ____________________

      315-бап. Қызметкердiң еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет