Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi



бет2/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

             жол бермеу

      Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайлар мен тәртiптен басқа, ешкiмнiң де еңбек саласындағы құқықтарына шек қойылмайды.

__ 10 ____________________

      6-бап. Еңбек бостандығы

      Әркiмнiң де еңбектi еркiн таңдауға немесе еңбекке қандай да болмасын кемсiтушiлiксiз және мәжбүрлеусiз еркiн келiсуге құқығы, өзiнiң еңбекке қабiлеттiлiгiне иелiк етуге, кәсiп және қызмет түрiн таңдауға құқығы бар.

__ 11 ____________________

      7-бап. Еңбек саласындағы кемсiтушiлiкке тыйым салу

      1. Әркiмнiң де еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандығын iске асыруға тең мүмкiндiктерi бар.

__ 472 ____________________

      2. Ешкiмдi де өзiнiң еңбек құқықтарын iске асыру кезiнде жынысына, жасына, дене кемiстiктерiне, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, мүлiктiк, әлеуметтiк және лауазымдық жағдайына, тұратын жерiне, дiнге көзқарасына, саяси сенiмiне, руға немесе текке-топқа, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсiтуге болмайды.

__ 473 ____________________

      3. Еңбектiң осы түрiне тән талаптармен айқындалатын не әлеуметтiк және құқықтық басымдықпен қорғалуға мұқтаж адамдар жөнiнде мемлекеттiң ерекше қамқорлығынан туындаған өзгешелiктер, ерекшелiктер, артықшылықтар мен шектеулер кемсiтушiлiк болып табылмайды.

__ 474 ____________________

      4. Еңбек саласында кемсiтушiлiкке ұшырадым деп есептейтiн адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа немесе өзге де орындарға жүгiнуге құқылы.

__ 12 ____________________

      8-бап. Мәжбүрлi еңбекке тыйым салу

      Мәжбүрлi еңбекке тыйым салынған. 
      Мәжбүрлi еңбек, мынадай жұмыстарды: 
      жұмыс мемлекеттiк органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргiзiлетiн және жұмысты орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билiгiне берiлмейтiн немесе тапсырылмайтын жағдайда қандай да бiр адамнан соттың заңды күшiне енген үкiмiне байланысты талап етiлетiн
      төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында талап етiлетiн жұмыстарды қоспағанда, қандай да бiр адамнан қандай да бiр жаза қолдану қаупiмен талап етiлетiн, оны орындау үшiн бұл адам ерiктi түрде өз қызметiн ұсынбаған кез-келген жұмысты немесе қызметтi бiлдiредi. 
       Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2009.04.29. N 154-IV Заңымен.

__ 13 ____________________

      9-бап. Осы Кодекстiң қолданылу аясы

      1. Осы Кодекс:

__ 475 ____________________

      1) еңбек;

__ 476 ____________________

      2) еңбек қатынастарына тiкелей байланысты;

__ 477 ____________________

      3) әлеуметтiк әрiптестiк;

__ 478 ____________________

      4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi қатынастарды реттейдi.

__ 479 ____________________

      2. Осы Кодекс, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе:

__ 480 ____________________

      1) қызметкерлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдардың қызметкерлерiне;

__ 481 ____________________

      2) жұмыс берушiлерге, оның iшiнде мүлкiнiң меншiк иелерi, қатысушылары немесе акционерлерi шетелдiк жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан ұйымдарға қолданылады.

__ 482 ____________________

      3. Қызметкерлердiң жекелеген санаттарының еңбегiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленедi.

__ 483 ____________________

      4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгiленген құқықтар, бостандықтар мен кепiлдiктер деңгейiн төмендетпеуге тиiс.

__ 14 ____________________

      10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтiк әрiптестiк 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет