Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


азаматтармен еңбек шартын жасасу



бет9/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

             азаматтармен еңбек шартын жасасу

      1. Жергiлiктi атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа орналастыру үшiн квота белгiлейдi. 


      2. Жұмысқа орналасу үшiн жiберiлген адамдардың бiлiктiлiгi жұмыс берушiнiң талаптарына сәйкес келген жағдайда, жұмыс берушiлер белгiленген квота шегiнде олармен еңбек шартын жасасады.

__ 28 ____________________

      22-бап. Қызметкердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қызметкердiң:

__ 549 ____________________

      1) осы Кодексте көзделген тәртiппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

__ 550 ____________________

      2) жұмыс берушiден еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарын орындауды талап етуге;

__ 551 ____________________

      3) еңбек қауiпсiздiгiне және еңбектi қорғауға;

__ 552 ____________________

      4) еңбек жағдайлары мен еңбектi қорғаудың жай-күйi туралы толық және дәйектi ақпарат алуға;

__ 553 ____________________

      5) еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуiне;

__ 554 ____________________

      6) бос тұрып қалу үшiн осы Кодекске сәйкес ақы алуға;

__ 555 ____________________

      7) тынығуға, оның iшiнде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына;

__ 556 ____________________

      8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өз еңбек құқықтарының берiлуi мен оларды қорғау үшiн, кәсiподақ немесе басқа да бiрлестiктер құру, сондай-ақ оларға мүшелiк құқығын қоса алғанда, бiрiгуге;

__ 557 ____________________

      9) өзiнiң өкiлдерi арқылы ұжымдық келiссөздерге қатысуға және ұжымдық шарт жобасын әзiрлеуге, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;

__ 558 ____________________

      10) осы Кодексте көзделген тәртiппен кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан өтуге және өзiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға;

__ 559 ____________________

      11) еңбек мiндеттерiн атқаруға байланысты денсаулығына келтiрiлген зиянды өтетуге;

__ 560 ____________________

      12) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мiндеттi әлеуметтiк сақтандырылуға;

__ 561 ____________________

      13) кепiлдiктерге және өтемақы төлемдерiне;

__ 562 ____________________

      14) өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға;

__ 563 ____________________

      15) бiрдей еңбегi үшiн қандай да болмасын кемсiтусiз бiрдей ақы алуға;

__ 564 ____________________

      16) еңбек дауын шешу үшiн таңдауы бойынша келiсiм комиссиясына, сотқа жүгiнуге;

__ 565 ____________________

      17) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;

__ 566 ____________________

      18) Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасында, сондай-ақ еңбек шартында, ұжымдық  шартта көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киiммен қамтамасыз етiлуге;

__ 567 ____________________

      19) өзiнiң денсаулығына немесе өмiрiне қауiп төндiретiн жағдай туындаған кезде, бұл туралы тiкелей басшы немесе жұмыс берушiнiң өкiлiн хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;

__ 568 ____________________

      20) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi талаптарға сәйкес келмеуi себептi ұйымның жұмысы тоқтатыла тұрған уақытта орташа жалақысының сақталуына;

__ 569 ____________________

      21) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне өзiнiң жұмыс орнындағы еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жағдайларын тексеру туралы өтiнiш жасауға, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды жақсартуға байланысты мәселелердi тексеру мен қарауға өкiлдiкпен қатысуға;

__ 570 ____________________

      22) жұмыс берушiнiң еңбек және сонымен тiкелей байланысты қатынастар саласындағы iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;

__ 571 ____________________

      23) бiлiктiлiгiне, еңбектiң күрделiлiгiне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегiне ақы төленуiне;

__ 572 ____________________

      24) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және ұжымдық шартта көзделген нысандарда ұйымды басқаруға қатысуға;

__ 573 ____________________

      25) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген тәртiппен, ереуiлге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге құқығы бар.

__ 574 ____________________

      2. Қызметкер:

__ 575 ____________________

      1) еңбек мiндеттерiн еңбек шартына, ұжымдық шартқа, жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес орындауға;

__ 576 ____________________

      2) еңбек тәртiбiн сақтауға;

__ 577 ____________________

      3) жұмыс орнында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өрт қауiпсiздiгi мен өндiрiстiк санитария жөнiндегi талаптарды сақтауға;

__ 578 ____________________

      4) жұмыс берушiнiң және қызметкерлердiң мүлкiне ұқыпты қарауға;

__ 579 ____________________

      5) адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жұмыс берушi мен қызметкерлер мүлкiнiң сақталуына қауiп төндiретiн ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушiге хабарлауға;

__ 580 ____________________

      6) еңбек мiндеттерiн орындауға байланысты өзiне мәлiм болған мемлекеттiк құпияны, қызметтiк, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге;

__ 581 ____________________

      7) жұмыс берушiге келтiрiлген зиянды осы Кодексте белгiленген шектерде өтеуге мiндеттi.

__ 582 ____________________

      3. Қызметкердiң осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де мiндеттердi атқарады.


      Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 29 ____________________

      23-бап. Жұмыс берушiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жұмыс берушiнiң:

__ 583 ____________________       1) жұмысқа қабылдау кезiнде таңдау еркiндiгiне;

__ 584 ____________________       2) қызметкерлермен еңбек шартын осы Кодексте көзделген тәртiппен және негiздер бойынша өзгертуге, толықтыруға және бұзуға;

__ 585 ____________________       3) өз өкiлеттiгi шегiнде жұмыс берушiнiң актiлерiн шығаруға құқығы бар. 
      Еңбек жағдайларының өзгеруiне байланысты актiлер шығару осы Кодекстiң 48-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

__ 586 ____________________       4) өз құқықтары мен мүдделерiне өкiлдiк ету және оларды қорғау мақсатында бiрлестiктер құруға және оларға кiруге;

__ 587 ____________________       5) қызметкерлерден еңбек шарты, ұжымдық шарт талаптарының, еңбек тәртiптемесi ережелерiнiң және жұмыс берушiнiң басқа да актiлерiнiң орындалуын талап етуге;

__ 588 ____________________       6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен қызметкерлердi көтермелеуге, оларға тәртiптiк жаза қолдануға, қызметкерлердi материалдық жауапкершiлiкке тартуға;

__ 589 ____________________       7) еңбек мiндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң келтiрген зиянын өтетуге;

__ 590 ____________________       8) еңбек саласындағы өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мақсатында сотқа жүгiнуге;

__ 591 ____________________       9) қызметкерге сынақ мерзiмiн белгiлеуге;

__ 592 ____________________       10) егер жеке еңбек шартының талаптарында ескертiлген болса, қызметкердi оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге құқығы бар.

__ 593 ____________________       2. Жұмыс берушi:

__ 594 ____________________       1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келiсiмдердiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, өздерi шығарған актiлердiң талаптарын сақтауға;

__ 595 ____________________       2) жұмысқа қабылдаған кезде осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасуға;

__ 596 ____________________       3) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бойынша iшкi  бақылауды жүзеге асыруға;

__ 597 ____________________       4) қызметкерге еңбек шартында келiсiлген жұмысты беруге;

__ 598 ____________________       5) қызметкерге Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген жалақы мен өзге де төлемдердi уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;

__ 599 ____________________       6) қызметкердi ұйымдағы iшкi еңбек тәртiбi қағидаларымен және жұмыс берушiнiң қызметкердiң жұмысына (еңбек функциясына) тiкелей қатысы бар өзге де актiлерiмен және ұжымдық шартпен таныстыруға;

__ 600 ____________________       7) қызметкерлердiң өкiлдерiне ұжымдық келiссөздер жүргiзу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшiн қажеттi толық және дәйектi ақпарат беруге;

__ 601 ____________________       8) қызметкерлер өкiлдерiнiң ұсыныстарын қарауға, ұжымдық келiссөздер жүргiзуге және осы Кодексте белгiленген тәртiппен ұжымдық шарт жасасуға;

__ 602 ____________________       9) қызметкерлердi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек шартына, ұжымдық шартқа сәйкес еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;

__ 603 ____________________       10) қызметкерлердi жабдықпен, құралдармен, техникалық құжаттамамен және еңбек мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi өзге де құралдармен өз қаражаты есебiнен қамтамасыз етуге;

__ 604 ____________________       11) мемлекеттiк еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға;

__ 605 ____________________       12) егер жұмысты жалғастыру қызметкердiң және өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына қауiп төндiретiн болса, жұмысты тоқтата тұруға;

__ 606 ____________________       13) қызметкерлердi мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруды жүзеге асыруға;

__ 607 ____________________       14) қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;

__ 608 ____________________       15) қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беруге;

__ 609 ____________________       16) қызметкерлердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы деректердiң сақталуын және мемлекеттiк мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етуге;

__ 610 ____________________       17) қызметкерге зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыс жағдайлары мен кәсiптiк аурудың болу мүмкiндiгi туралы ескертуге;

__ 611 ____________________       18) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде қауiп-қатердi болғызбау жөнiнде шаралар қабылдауға, өндiрiстiк және ғылыми-техникалық прогрестi ескере отырып профилактикалық жұмыстар жүргiзуге;

__ 612 ____________________       19) жұмыс уақытының, оның iшiнде әрбiр қызметкер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды (ерекше зиянды), қауiптi еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың нақты есебiн жүргiзуге;

__ 613 ____________________       20) қызметкерлердiң кәсiби даярлықтан, қайта даярлықтан өтуiн және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етуге;

__ 614 ____________________       21) қызметкердiң еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн орындау кезiнде өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеуге;

__ 615 ____________________       22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның және еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдарын, қызметкерлер өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, еңбек жағдайы және еңбектi қорғаудың жай-күйiн және Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы заңнамасының сақталуын, сондай-ақ өндiрiстегi жазатайым оқиға мен кәсiптiк ауруларды тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;

__ 616 ____________________       23) жұмысқа қабылдау кезiнде осы Кодекстiң 31-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшiн қажеттi құжаттарды талап етуге;

__ 831 ____________________       24) жұмыс берушi айқындайтын, он сегiз жасқа дейiнгi қызметкерлердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе) және туған күнi көрсетiлетiн тiзiлiмдердiң немесе басқа да құжаттардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

__ 617 ____________________       3. Жұмыс берушiнiң осы Кодексте көзделген өзге де құқықтары болады және ол өзге де мiндеттердi атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет