Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
__ 21 ____________________
16-бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның
еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi
Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган:
__ 510 ____________________ 1) еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;
__ 511 ____________________ 2) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 512 ____________________ 3) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарының сақталуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады;
__ 513 ____________________ 4) мемлекеттiк органдардың еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы техникалық регламенттердi әзiрлеу жөнiндегi қызметiн үйлестiредi; P081353, P081351, P081335, P081331, P081265, P081198, P080217, P071398
__ 514 ____________________ 5) еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды қамтамасыз ету саласында басқа мемлекеттiк органдармен, сондай-ақ қызметкерлердiң және жұмыс берушiлердiң өкiлдерiмен үйлестiрудi және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
__ 515 ____________________ 6) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 516 ____________________ 7) еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
__ 517 ____________________ 8) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдарда еңбек нормаларын ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi;
__ 518 ____________________ 9) көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алым ставкаларын) мемлекеттiк реттеу енгiзiлетiн ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесi бойынша параметрлердi ұсыну, қарау және келiсу тәртiбiн белгiлейдi;
__ 519 ____________________ 10) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiнде жасалған салалық келiсiмдер мен өңiрлiк келiсiмдердi тiркеудi жүзеге асырады;
__ 520 ____________________ 11) мемлекеттiк еңбек инспекторларын оқытуды және аттестаттауды жүргiзедi;
__ 521 ____________________ 12) өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеп-тексерудiң уақтылы және объективтi жүргiзiлуiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асырады;
__ 522 ____________________ 13) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
__ 523 ____________________ 14) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау проблемалары жөнiндегi зерттеу бағдарламаларын әзiрлейдi;
__ 524 ____________________ 15) жұмыс берушiнiң қаражаты есебiнен қызметкерлерге сүт, емдiк-профилактикалық тағам, арнаулы киiм, арнаулы аяқ киiм және басқа да жеке қорғану құралдарын беру тәртiбi мен нормаларын, сондай-ақ қызметкерлердi ұжымдық қорғану құралдарымен, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртiбiн әзiрлейдi;
__ 525 ____________________ 16) анықтамалықтарды, бiлiктiлiк сипаттамаларын әзiрлеу, қайта қарау, бекiту және қолдану тәртiбiн айқындайды;
__ 526 ____________________ 17) экономикалық қызметтiң әрқилы түрдегi ұйымдарының басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларын қарайды және келiседi;
__ 527 ____________________ 18) тиiстi қызмет салаларындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар мен нормативтердi бекiту тәртiбiн айқындайды;
__ 528 ____________________ 19) -
__ 529 ____________________ 20) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 530 ____________________ 21) оларда жұмыс iстеу жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығына, жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалысына және еңбекақының жоғарылатылған мөлшерiне құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың тiзiмiн, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстардың тiзбесiн, сондай-ақ оларды беру тәртiбiн айқындайды;
__ 531 ____________________ 22) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында мониторингтi және тәуекелдi бағалауды ұйымдастырады;
__ 532 ____________________ 23) -
__ 533 ____________________ 24) алынып тасталды - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 1 ____________________ 25) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептiлiктiң, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесiн бағалау критерийлерiн, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзiрлейдi және бекiтедi;
26) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
__ 22 ____________________
17-бап. Еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның
Достарыңызбен бөлісу: |