ерекшелiгi
Еңбек шартында мына талаптардың бiреуiнiң болуы:
__ 622 ____________________
1) қызметкердiң жұмысты (еңбек функциясын) белгiлi бiр бiлiктiлiк, мамандық, кәсiп немесе лауазым бойынша орындауы;
__ 623 ____________________
2) мiндеттемелердiң еңбек тәртiптемесiне бағына отырып жеке орындалуы;
__ 624 ____________________
3) қызметкердiң еңбегi үшiн жалақы алуы еңбек шартының шарттардың өзге түрлерiнен ерекшелiгi болып табылады.
__ 37 ____________________
28-бап. Еңбек шартының мазмұны
1. Еңбек шартында:
__ 625 ____________________ 1) тараптардың деректемелерi:
жұмыс берушi-жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрақты тұратын мекенжайы және тұратын жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
жұмыс берушi-заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерi, жұмыс берушi-заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу нөмiрi мен күнi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi;
қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), оның тұрақты тұратын жерiнiң мекенжайы және тұратын жерi бойынша тiркелгенi туралы мәлiметтер, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы, нөмiрi, берiлген күнi, жеке сәйкестендiру нөмiрi және салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, әлеуметтiк жеке коды;
__ 626 ____________________ 2) белгiлi бiр мамандық, бiлiктiлiк немесе лауазым бойынша жұмысы (еңбек функциясы);
__ 627 ____________________ 3) жұмыстың атқарылатын орны;
__ 628 ____________________ 4) еңбек шартының мерзiмi;
__ 629 ____________________ 5) жұмыстың басталу күнi;
__ 630 ____________________ 6) жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi;
__ 631 ____________________ 7) еңбекке ақы төлеу мөлшерi мен өзге де шарттары;
__ 632 ____________________ 8) егер жұмыс ауыр жұмыстарға жататын болса және (немесе) зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жағдайларда орындалатын болса, еңбек жағдайларының сипаттамасы, кепiлдiктер мен жеңiлдiктер;
__ 633 ____________________ 9) қызметкердiң құқықтары мен мiндеттерi;
__ 634 ____________________ 10) жұмыс берушiнiң құқықтары мен мiндеттерi;
__ 635 ____________________ 11) еңбек шартын өзгерту мен тоқтату тәртiбi;
__ 636 ____________________ 12) кепiлдiктер мен өтемақы төлемдерi, оларды төлеу тәртiбi;
__ 637 ____________________ 13) сақтандыру жөнiндегi талаптар;
__ 640 ____________________ 14) тараптардың жауапкершiлiгi;
__ 638 ____________________ 15) жасалу күнi мен реттiк нөмiрi болуға тиiс.
__ 833 ____________________ 1-1. Тараптардың деректемелерi өзгерген кезде еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.
__ 639 ____________________ 2. Тараптардың келiсiмi бойынша еңбек шартына Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де талаптар енгiзiлуi мүмкiн.
__ 641 ____________________ 3. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердiң жағдайын нашарлататын еңбек шартының ережелерi жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиiс.
Ескерту. 28-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
__ 38 ____________________
29-бап. Еңбек шартының мерзiмi
1. Еңбек шарты:
__ 642 ____________________
1) белгiленбеген мерзiмге;
__ 643 ____________________
2) осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге жасалуы мүмкiн.
Еңбек шартының мерзiмi ұзартылған кезде, ол белгiленбеген мерзiмге жасалған болып есептеледi.
Бiр жылдан кем емес белгiлi бiр мерзiмге шарт жасасқан қызметкермен еңбек шарты, ол атқаратын еңбек функциясы бойынша қайтадан жасалған жағдайда, ол да белгiленбеген мерзiмге жасалған болып есептеледi.
Осы тармақтың 2) тармақшасының екiншi және үшiншi бөлiктерiнiң ережесi еңбек қызметiн шетелдiк жұмысшы күшiн тартуға арналған рұқсаттың негiзiнде жүзеге асыратын тұлғаларға қолданылмайды.
Еңбек шарты белгiленбеген мерзiмге жасалған қызметкерлер үшiн көзделген кепiлдiктер мен өтемақыларды беруден жалтару мақсатында еңбек шарттарын белгiлi бiр мерзiмге жасауға тыйым салынады.
Егер еңбек шартының қолданылу мерзiмi аяқталған кезде тараптардың бiрде-бiрi соңғы жұмыс күнi (ауысым) iшiнде еңбек қатынастарын тоқтатуды талап етпеген болса, онда ол белгiленбеген мерзiмге жасалған болып есептеледi;
__ 644 ____________________
3) белгiлi бiр жұмыстың орындалу уақытына;
__ 648 ____________________
4) жұмыста уақытша болмаған қызметкердi ауыстыру уақытына;
__ 645 ____________________
5) маусымдық жұмысты орындау уақытына жасалуы мүмкiн.
__ 646 ____________________
2. Жұмыс берушi-заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы лауазымындағы жұмысқа еңбек шарты жұмыс берушiнiң құрылтай құжаттарында немесе тараптардың келiсiмiнде белгiленген мерзiмге жасалады. Мұндай шартқа осы баптың 3-тармағында белгiленген ережелер қолданылмайды.
__ 647 ____________________
3. Егер еңбек шартында оның қолданылу мерзiмi айтылмаса, онда шарт белгiленбеген мерзiмге жасалған деп есептеледi.
Ескерту. 29-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 39 ____________________
30-бап. Еңбек шартын жасасуға жол берiлетiн жас мөлшерi
1. Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол берiледi.
__ 649 ____________________
2. Ата-анасының бiреуiнiң, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келiсiмiмен:
__ 650 ____________________
1) орта бiлiм беру ұйымында негiзгi орта, жалпы орта бiлiм алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен;
__ 651 ____________________
2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтiрмейтiн және оқу процесiн бұзбайтын жұмысты орындау үшiн, он төрт жасқа толған оқушылармен;
__ 652 ____________________
3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершiлiк тұрғысынан дамуына нұқсан келтiрмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшiн, осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкiн.
__ 653 ____________________
3. Осы баптың 2-тармағында айқындалған жағдайларда еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының бiреуi, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |