Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi



бет13/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

      Ескерту. 30-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

__ 40 ____________________

      31-бап. Еңбек шартын жасасуға қажеттi құжаттар

      1. Еңбек шартын жасау үшiн мынадай құжаттар:

__ 654 ____________________       1) жеке куәлiгi немесе паспорты (он алты жасқа толмаған адамдар үшiн туу туралы куәлiгi) қажет.
      Оралмандар халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық органдары берген оралман куәлiгiн ұсынады;

__ 655 ____________________       2) ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлiгi (Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн);

__ 658 ____________________       3) тиiстi бiлiмдi, дағдылар мен машықтарды талап ететiн жұмысқа еңбек шартын жасасу кезiнде бiлiмi, бiлiктiлiгi туралы, арнаулы бiлiмi немесе кәсiптiк даярлығының болуы туралы құжат;

__ 656 ____________________       4) еңбек қызметiн растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшiн);

__ 657 ____________________       5) әскери есеп құжаты (әскери мiндеттiлер мен әскери қызметке шақырылуға жататын адамдар үшiн);

__ 659 ____________________       6) алдын ала медициналық куәландырудан өткенi туралы құжат (осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай куәландырудан өтуге мiндеттi адамдар үшiн);

__ 660 ____________________       7) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн және әлеуметтiк жеке код беру туралы куәлiктердiң көшiрмелерi;

__ 818 ____________________       8) тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

__ 834 ____________________       9) кәмелетке толмағандар қатысатын бiлiм беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесi және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтiк қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласында еңбек шартын жасасқан кезде соттылығының бар не жоқ екендiгi туралы анықтама қажет.

__ 661 ____________________       2. Жұмыс берушi, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге құқылы емес.

__ 662 ____________________       3. Қызметкердiң келiсiмiмен құжаттардың түпнұсқалары жұмыс берушiде сақталған не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген рәсiмдердi орындау үшiн уақытша қалдырылған жағдайда, жұмыс берушi қызметкерге құжаттарды қайтару туралы жазбаша мiндеттеме бередi.
      Ескерту. 31-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

__ 41 ____________________

      32-бап. Еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет