жобалау, салу және пайдалану кезiндегi еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнiндегi
талаптар
1. Еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай келмейтiн өндiрiстiк ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қайта құруға, технологияларды әзiрлеуге және пайдалануға, машиналарды, тетiктердi, жабдықтарды құрастыруға және әзiрлеуге жол берiлмейдi.
2. Егер жаңадан салынған немесе қайта құрылған өндiрiстiк объектiлер, өндiрiс құралдары немесе өнiмнiң басқа да түрлерi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай келмесе, қабылданбайды және пайдалануға берiлмейдi.
3. Алып тасталды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
4. Қабылдау комиссиясы өндiрiстiк мақсаттағы объектiнi пайдалануға қабылдап алуды мемлекеттiк еңбек инспекторының мiндеттi қатысуымен жүргiзедi.
Ескерту. 320-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
__ 906 ____________________
320-1-бап. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары
бойынша аттестаттау
__ 907 ____________________
1. Өндiрiстiк объектiлер еңбек жағдайлары бойынша мiндеттi түрде мерзiмдiк аттестатталуға жатады.
__ 908 ____________________ 2. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндiрiстiк объектiлердi аттестаттаудан өткiзу жөнiндегi мамандандырылған ұйымдар немесе өзiнiң ұйымында еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау қызметi және өндiрiстiк орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөнiндегi зертханалары бар жұмыс берушiлер бес жылда кемiнде бiр рет мерзiмдi түрде жүргiзедi.
__ 909 ____________________ 3. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша мерзiмдiк мiндеттi аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
__ 910 ____________________ 4. Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткiзу тәртiбiн бұзушылық анықталған кезде еңбек қауiпсiздiгiн және еңбектi қорғауды мемлекеттiк қадағалау мен бақылау органының талап етуi бойынша өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау өткiзiледi.
__ 911 ____________________ Өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелерi өндiрiстiк объектiнi еңбек жағдайлары бойынша осының алдындағы аттестаттау материалдарына қосымша түрiнде ресiмделедi.
__ 912 ____________________ 5. Өндiрiстiк объектiлердi аттестаттаудан өткiзудiң уақтылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.
Ескерту. Кодекс 320-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 365 ____________________
321-бап. Жұмыс орындарының қауiпсiздiк талаптары
1. Жұмыс орындары орналасқан ғимараттар (құрылыстар) өзiнiң құрылысы бойынша олардың функционалдық мақсатына және еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау талаптарына сай болуға тиiс.
2. Жұмыс жабдығы осы жабдық түрi үшiн белгiленген қауiпсiздiк нормаларына сәйкес келуге, онда тиiстi техникалық паспорт (сертификат), сақтандыру белгiлерi болуға және қызметкерлердiң жұмыс орындарындағы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қоршаулармен немесе қорғау құрылғыларымен қамтамасыз етiлуге тиiс.
3. Авариялық жолдар мен қызметкерлердiң үй-жайлардан шығатын жолдар бос болуға және ашық ауаға не қауiпсiз аймаққа шығаруға тиiс.
4. Қауiптi аймақтар нақты белгiленуге тиiс. Егер жұмыс орындары жұмыстың сипатына қарай қызметкерге қауiп-қатер төндiретiн немесе құлайтын заттар бар қауiптi аймақтарда болса, онда мұндай орындар бұл аймақтарға бөгде адамдардың кiруiн шектейтiн құрылғыларымен жабдықталуға тиiс. Жаяу жүргiншiлер мен
технологиялық көлiк құралдары ұйымның аумағында қауiпсiз жағдайларда жүрiп-тұруға тиiс.
5. Қауiптi өндiрiстiк объектiлерде (учаскелерде), оның iшiнде биiктiкте, жерасты жағдайларында, ашық камераларда, теңiз қайраңдары мен iшкi су айдындарында жұмыстар жүргiзу үшiн қызметкерлердiң жеке қорғану құралдары болуға тиiс.
6. Жұмыс орындары орналасқан үй-жайлардағы температура, табиғи және жасанды жарық, сондай-ақ желдеткiш жұмыс уақыты кезiнде еңбектiң қауiпсiздiк талаптарына сай болуға тиiс.
7. Қызметкерлер еңбек жағдайлары зиянды (шаң-тозаң, газдану және басқа да факторлар) жұмысқа жұмыс берушi қауiпсiз еңбек жағдайларын қамтамасыз еткеннен кейiн жiберiледi.
Ескерту. 321-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 366 ____________________
Достарыңызбен бөлісу: |