Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


қызметтiк сапарлармен байланысты болатын



бет69/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                қызметтiк сапарлармен байланысты болатын 
                жағдайларда қызметкерлерге өтемақы төлемдерi

      1. Қызметкерлердiң жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипаты бар не қызмет көрсету учаскелерi шегiндегi қызметтiк сапарлармен байланысты болатын жағдайларда, оларға тұрақты тұратын жерiнен тысқары жерде болған әр күн үшiн келiсiмде, ұжымдық шартта, еңбек шартында және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртiппен өтемақы төлемдерi жүргiзiледi. 


      1-1. Тұрақты жұмысы жолда өтетiн немесе жүрiп-тұру сипатында болатын не қызмет көрсететiн учаскелерi шегiнде қызметтiк жол жүрулермен байланысты қызметкерлерге темiр жол, өзен, теңiз, автомобиль көлiгi, азаматтық авиация, автомобиль жолдары, магистральдық байланыс желiлерi мен олардағы құрылыстар, радиорелелiк желiлер және олардағы құрылыстар, электр берiлiсiнiң әуе желiлерi және олардағы құрылыстар, байланыс объектiлерi қызметкерлер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы учаскелерiне қызмет көрсететiн қызметкерлер жатады.
      2. Қызметкерлер айдың барлық жұмыс күндерiнде емес, белгiлi бiр күндерiнде сапарда болған жағдайда, төлем жұмыс (жұмыс өндiрiсi) орнына баруға және керi қайтуға жол жүрген нақты күндер санына барабар жүргiзiледi. 
      3. Өтемақы төлемдерi еңбек пен тынығуды ұйымдастыру режимiне қарамастан жүзеге асырылады. 
      4. Ұйым қызметкерлерiнiң орташа жалақысын есептеу кезiнде өтемақы төлемдерi ескерiлмейдi. 
       Ескерту. 156-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

__ 175 ____________________

      157-бап. Жұмысынан айрылуына байланысты берiлетiн 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет