Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi



бет1/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі


Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексi

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 22 мамыр N 132-135 (24710)

МАЗМҰНЫ


__ 2 ____________________

ЖАЛПЫ БӨЛIМ

__ 3 ____________________



1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

__ 4 ____________________



1-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР

__ 5 ____________________

      1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Осы Кодексте мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 


      1) азаматтық қызмет - азаматтық қызметшiлердiң қазыналық кәсiпорындардың, мемлекеттiк мекемелердiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға, мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыруға және олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi орындау жөнiндегi кәсiптiк қызметi;

__ 391 ____________________       2) азаматтық қызметшi - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қазыналық кәсiпорындарда, мемлекеттiк мекемелерде ақылы штаттық лауазымда iстейтiн және олардың мiндеттерi мен функцияларын iске асыру және мемлекеттiк органдарға техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асыру мен олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыратын адам;

__ 392 ____________________       3) айлық жалақының ең төменгi мөлшерi - бiлiктiлiктi қажет етпейтiн қарапайым (онша күрделi емес) еңбек қызметкерi осы Кодексте белгiленген қалыпты жағдайда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезiнде еңбек нормаларын (еңбек мiндеттерiн) орындаған кезде бiр айда оған төленетiн ақшалай төлемдердiң кепiлдiк берiлген ең төменгi мөлшерi;

__ 393 ____________________       4) арнаулы киiм - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардан қорғауға арналған киiм, аяқ киiм, бас киiм, қолғап, өзге де нәрселер;

__ 394 ____________________       5) ауыр жұмыстар – қызметкердiң ауыр заттарды (он килограмм және одан жоғары) қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуына, орнын ауыстыруына және тасымалдауына байланысты әрi көп күш-қуатты талап ететiн (250 ккал/сағаттан астам күш-қуат жұмсалатын) қызмет түрлерi;

__ 395 ____________________       6) ауысымдық жұмыс - тәулiк iшiнде екi не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс;

__ 396 ____________________       7) әлеуметтiк әрiптестiк - қызметкерлер қызметкерлердiң өкiлдерi, жұмыс берушiлер (жұмыс берушiлердiң өкiлдерi), мемлекеттiк органдар арасындағы еңбек қатынастарын және олармен тiкелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелерi бойынша олардың мүдделерiн үйлестiрудi қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесi;

__ 397 ____________________       8) бас, салалық (тарифтiк), өңiрлiк келiсiм (бұдан әрi - келiсiм) - әлеуметтiк әрiптестiк тараптарының арасында жасалатын, келiсiмнiң мазмұнын және республикалық, салалық және өңiрлiк деңгейлерде қызметкерлер үшiн еңбек жағдайларын, жұмыспен қамту және әлеуметтiк кепiлдiктердi белгiлеу жөнiндегi тараптардың мiндеттемелерiн айқындайтын құқықтық акт;

__ 398 ____________________       9) бос тұрып қалу - экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндiрiстiк немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы;

__ 399 ____________________       10) бiлiктiлiк санаты (разряды) - орындалатын жұмыстардың күрделiлiгiн көрсететiн, қызметкердiң бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар деңгейi;

__ 400 ____________________       11) бiтiмгерлiк комиссиясы - ұжымдық еңбек дауын тараптарды бiтiмге келтiру жолымен реттеу үшiн жұмыс берушiлер мен қызметкерлер (олардың өкiлдерi) арасындағы келiсiм бойынша құрылатын орган;

__ 401 ____________________       12) бiтiмгерлiк рәсiмдерi - ұжымдық еңбек дауын алғашында - бiтiмгерлiк комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жетпеген кезде еңбек төрелiк сотында өз кезегiмен қарау;

__ 402 ____________________       13) делдал - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнiнде қызмет көрсету үшiн тартатын жеке немесе заңды тұлға;

__ 403 ____________________       14) демалыс - жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгiленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, қызметкердiң жыл сайынғы тынығуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтiк мақсаттар үшiн қызметкердi белгiлi бiр кезеңге жұмыстан босату;

__ 404 ____________________       15) еңбек - адам мен қоғамның өмiрiне және қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажеттi материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметi;

__ 405 ____________________       16) еңбекке ақы төлеу - осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне, сондай-ақ келiсiмдерге, еңбек шартына, ұжымдық шартқа және жұмыс берушiнiң актiлерiне сәйкес қызметкерге еңбегi үшiн берiлетiн сыйақының мiндеттi төлемiн жұмыс берушiнiң қамтамасыз етуiне байланысты қатынастар жүйесi;

__ 406 ____________________       17) еңбекке ақы төлеудiң ең төменгi стандарты (ЕАТС) - ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкердiң айлық жалақысының сақталуына кепiлдiк берiлген«ең төменгi мөлшерi, бұған жұмыс процесiнде зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiне ұшырайтын қызметкердiң өмiрлiк күшi мен қуатын қалпына келтiруге қажеттi азық-түлiк өнiмдерiнiң, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң ең төменгi жиынтығы кiредi;

__ 407 ____________________       18) еңбек гигиенасы - қызметкерлердiң денсаулығын сақтау, өндiрiстiк орта мен еңбек процесiнiң қолайсыз әсерiнiң алдын алу жөнiндегi санитарлық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешенi;

__ 408 ____________________       19) еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келiсiмдердiң, еңбек шартының және (немесе) ұжымдық шарттың, жұмыс берушi актiлерiнiң талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелерi бойынша қызметкер (қызметкерлер) мен жұмыс берушiнiң (жұмыс берушiлердiң) арасындағы келiспеушiлiктер;

__ 409 ____________________       20) еңбек делдалдығы - халықты жұмысқа орналастыруда жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган, сондай-ақ жеке жұмыспен қамту агенттiгi көрсететiн жәрдем;

__ 410 ____________________       21) еңбек жағдайлары - еңбекке ақы төлеу, нормалау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi жағдайлары, кәсiптердi (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймағын ұлғайту, уақытша жұмыста болмаған қызметкердiң мiндеттерiн атқару, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау тәртiбi, техникалық, өндiрiстiк-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келiсуi бойынша өзге де еңбек жағдайлары;

__ 411 ____________________       22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган - еңбек қатынастары саласындағы мемлекеттiк саясатты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы;

__ 412 ____________________       23) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның аумақтық бөлiмшелерi - еңбек жөнiндегi уәкiлеттi органның тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде еңбек қатынастары саласындағы өкiлеттiктердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерi;

__ 413 ____________________       24) еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген құқықтар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында туындайтын қатынастар;

__ 414 ____________________       25) еңбек қатынастарына тiкелей байланысты қатынастар - осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбектi ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, кәсiптiк даярлауға, қызметкерлердi қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға, әлеуметтiк әрiптестiкке, ұжымдық шарттар мен келiсiмдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгiлеуге қызметкерлердiң (қызметкерлер өкiлдерiнiң) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар;

__ 415 ____________________       26) еңбек қауiпсiздiгi - еңбек қызметi процесiнде қызметкерлерге зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiн болғызбайтын iс-шаралар кешенiмен қамтамасыз етiлген қызметкерлердiң қорғалу жай-күйi;

__ 416 ____________________       27) еңбек қауiпсiздiгi жағдайлары - қызметкер еңбек мiндеттерiн орындаған кезде еңбек процесi мен өндiрiстiк ортаның еңбек қауiпсiздiгi талаптарына сәйкестiгi;

__ 417 ____________________       28) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мониторингi - өндiрiстегi еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн қадағалау жүйесi, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгiнiң және еңбектi қорғаудың жай-күйiн бағалау мен болжау;

__ 418 ____________________       29) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласындағы нормативтер - эргономикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектiң қалыпты жағдайларын қамтамасыз ететiн өзге де талаптар;

__ 419 ____________________       30) еңбек мiндеттерi - қызметкер мен жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, жұмыс берушiнiң актiлерiнде, еңбек шартында, ұжымдық шартта келiсiлген мiндеттемелерi;

__ 420 ____________________       31) еңбек стажы – қызметкер еңбек мiндеттерiн орындауға жұмсаған, күнтiзбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек стажына қосылатын өзге де кезеңдер;

__ 421 ____________________       32) еңбек тәртiбi - жұмыс берушi мен қызметкерлердiң Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде, сондай-ақ келiсiмдерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде, құрылтай құжаттарында белгiленген мiндеттемелердi тиiсiнше орындауы;

__ 422 ____________________       33) еңбек тәртiптемесi - қызметкерлер мен жұмыс берушiнiң еңбектi ұйымдастыру жөнiндегi қатынастарын реттеу тәртiбi;

__ 423 ____________________       34) еңбек төрелiк соты - бiтiмгерлiк комиссиясында келiсiмге қол жетпеген кезде еңбек дауын шешу үшiн ұжымдық еңбек дауының тараптары уәкiлеттi адамдарды тарта отырып құратын, уақытша жұмыс iстейтiн орган;

__ 424 ____________________       35) еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдастыру-техникалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактика, оңалту және өзге де iс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызмет процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесi;

__ 425 ____________________       36) еңбектi қорғау жөнiндегi қоғамдық инспектор - еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау саласында қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын қызметкерлер өкiлi;

__ 426 ____________________       37) еңбектi нормалау - нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында қызметкерлердiң жұмысты орындауға (өнiм бiрлiгiн дайындауға) арналған қажеттi еңбек (уақыт) шығындарын айқындау және осының негiзiнде еңбек нормаларын белгiлеу;

__ 427 ____________________       38) еңбектiң қауiпсiз жағдайлары - жұмыс берушiнiң қызметкерге зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерi болмайтындай не олардың әсер ету деңгейi қауiпсiздiк нормаларынан аспайтындай етiп жасаған еңбек жағдайлары;

__ 428 ____________________       39) еңбек шарты - қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша келiсiм, бұған сәйкес қызметкер белгiлi бiр жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзi орындауға, еңбек тәртiптемесiнiң ережелерiн сақтауға мiндеттенедi, ал жұмыс берушi қызметкерге келiсiлген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде, ұжымдық шартта, жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге мiндеттенедi;

__ 429 ____________________       40) ереуiл - жұмыс берушiмен ұжымдық еңбек дауында өздерiнiң әлеуметтiк-экономикалық және кәсiптiк талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе iшiнара тоқтату;

__ 430 ____________________       41) жалақы - қызметкердiң бiлiктiлiгiне, орындалатын жұмыстың күрделiлiгiне, санына, сапасына және жағдайына байланысты еңбек үшiн төленетiн сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер;

__ 431 ____________________       42) жеке қорғану заттары - қызметкердi зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен қорғауға арналған құралдар, соның iшiнде арнайы киiм;

__ 432 ____________________       43) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

__ 433 ____________________       44) жұмыс берушiлердiң өкiлдерi - құрылтай құжаттары немесе сенiмхат негiзiнде жұмыс берушiнiң немесе жұмыс берушiлер тобының мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

__ 434 ____________________       45) жұмыс берушiнiң актiлерi - жұмыс берушi шығаратын бұйрықтар, өкiмдер, нұсқаулықтар, ережелер, еңбек тәртiптемесiнiң ережелерi;

__ 435 ____________________       46) жұмысқа орналастыру - халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесуге арналған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;

__ 436 ____________________       47) жұмыс орны - қызметкердiң еңбек қызметi процесiнде еңбек мiндеттерiн орындауы кезiнде тұрақты немесе уақытша болатын орны;

__ 437 ____________________       48) жұмысты тарифтеу - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшы кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшiлер лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес белгiлi бiр күрделiлiкке жатқызу;

__ 438 ____________________       49) жұмыс уақыты - қызметкер жұмыс берушiнiң актiлерiне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдерi;

__ 439 ____________________       50) жұмыс уақытының жиынтық есебi - жұмыс берушi белгiлеген, бiр жылдан асыруға болмайтын есептiк кезеңдегi жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебi;

__ 440 ____________________       51) зиянды (ерекше зиянды) еңбек жағдайлары - белгiлi бiр өндiрiстiк факторлардың әсерi қызметкердiң еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне немесе сырқаттануына не оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары;

__ 441 ____________________       52) зиянды өндiрiстiк фактор - әсерi қызметкердiң сырқаттануына немесе еңбекке қабiлеттiлiгiнiң төмендеуiне және (немесе) оның ұрпақтарының денсаулығына терiс ықпалы болуына әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;

__ 442 ____________________       53) кәсiптiк ауру - қызметкердiң өз еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауына байланысты оған зиянды өндiрiстiк факторлардың әсер етуiнен туындаған созылмалы немесе қатты ауру;

__ 443 ____________________       54) кепiлдiктер - қызметкерлерге әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласында берiлген құқықтардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектесетiн құралдар, тәсiлдер мен жағдайлар;

__ 444 ____________________       55) қауiпсiздiк нормалары - қызметкерлердiң еңбек қызметi процесiнде олардың өмiрi мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитарлық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, ережелердi, рәсiмдер мен өлшемдердi қамтамасыз ету тұрғысынан өндiрiс жағдайларын, өндiрiстiк және еңбек процесiн сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткiштер;

__ 445 ____________________       56) қауiптi еңбек жағдайлары - еңбектi қорғау ережелерi сақталмаған жағдайда белгiлi бiр өндiрiстiк немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсерi қызметкердiң жарақаттануына, кәсiптiк ауруға шалдығуына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуы, кәсiптiк ауруға шалдығуы не өлiмi туындайтын еңбек жағдайлары;

__ 446 ____________________       57) қауiптi өндiрiстiк фактор - қызметкерге әсер етуi еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуға (өндiрiстiк жарақатқа немесе кәсiптiк ауруға) немесе өлiмге әкеп соқтыруы мүмкiн өндiрiстiк фактор;

__ 447 ____________________       58) қоса атқарылатын жұмыс - қызметкердiң негiзгi жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетiн басқа жұмысты орындауы;

__ 448 ____________________       59) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша жұмысты тiкелей орындайтын жеке тұлға;

__ 449 ____________________       60) қызметкерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен қызметкерлер уәкiлеттiк берген (сайлаған) өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар;

__ 829 ____________________       60-1) өндiрiстiк объектiлердi аттестаттауды жүргiзу жөнiндегi мамандандырылған ұйымдар – бiлiктi кадрлары бар және өзiнiң құрамында өндiрiстiк орта мен еңбек жағдайларының факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөнiндегi зертханасы бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттары бар өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар;

__ 450 ____________________       61) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

__ 451 ____________________       62) негiзгi жалақы - жалақының тарифтiк ставка, лауазымдық айлықақы, кесiмдi бағалау бойынша төлемдi қамтитын, салыстырмалы түрде тұрақты бөлiгi және еңбек заңнамасында, салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) еңбек шартында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер;

__ 452 ____________________       63) өндiрiстегi жазатайым оқиға - өзiнiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн немесе жұмыс берушiнiң тапсырмаларын орындауы кезiнде, қызметкердiң өндiрiстiк жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабiлеттiлiгiнен уақытша немесе тұрақты айрылуына, кәсiптiк ауруға шалдығуына не өлiмiне әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк фактордың қызметкерге әсер етуi;

__ 453 ____________________       64) өндiрiстiк жабдық - машиналар, тетiктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндiрiске қажеттi өзге де техникалық құралдар;

__ 454 ____________________       65) өндiрiстiк жарақат - қызметкер еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде алған, оның еңбекке қабiлеттiлiгiн жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы;

__ 455 ____________________       66) өндiрiстiк қажеттiлiк - дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүлiктiң жойылуын немесе бүлiнуiн болғызбау үшiн және басқа да ерекше жағдайларда, сондай-ақ жоқ қызметкердi алмастыру үшiн жұмыстар орындау;

__ 456 ____________________       67) өндiрiстiк объектiлердi еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау - өндiрiстiк объектiлердi (өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыратын цехтарды, учаскелердi, жұмыс орындарын, сондай-ақ жұмыс берушiлердiң бөлек тұрған өзге де бөлiмшелерiн) оларда орындалатын жұмыстар қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн, зияндылығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндiрiстiк орта жағдайларының еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау нормативтерiне сәйкестiгiн айқындау мақсатында бағалау жөнiндегi қызмет;

__ 457 ____________________       68) өндiрiстiк санитария - зиянды өндiрiстiк факторлардың қызметкерлерге әсерiн болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру iс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесi;

__ 458 ____________________       69) өтемақы төлемдерi - жұмыстың ерекше режимi мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айрылуына, қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де мiндеттердi орындауына байланысты шеккен шығындарын өтеуге байланысты ақшалай төлемдер;

__ 459 ____________________       70) тарифтiк жүйе - еңбекке ақы төлеу жүйесiнiң бiр түрi, онда қызметкерлердiң жалақысы тарифтiк ставкалар (айлықақылар) және тарифтiк кестелер негiзiнде сараланып айқындалады;

__ 460 ____________________       71) тарифтiк кесте - орындалатын жұмыстардың күрделiлiк және қызметкерлердiң бiлiктiлiк белгiсi бойынша саралауды көздейтiн тарифтiк разрядтар мен тарифтiк коэффициенттердiң жиынтығы;

__ 461 ____________________       72) тарифтiк разряд - жұмыстың күрделiлiк деңгейi және осы жұмысты орындау үшiн қажеттi бiлiктiлiк деңгейiнiң көрсеткiшi;

__ 462 ____________________       73) тарифтiк ставка (айлықақы) - қызметкердiң уақыт бiрлiгi iшiнде белгiлi бiр күрделiлiктегi (бiлiктiлiктегi) еңбек нормасын (еңбек мiндеттерiн) орындағаны үшiн еңбегiне ақы төлеудiң белгiленген мөлшерi;

__ 463 ____________________       74) тәртiптiк жаза - тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн жұмыс берушiнiң қызметкерге қолданатын тәртiптiк әсер ету шарасы;

__ 464 ____________________       75) тәртiптiк терiс қылық - қызметкердiң еңбек тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ еңбек мiндеттерiн құқыққа қайшы келетiндей кiнәмен орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы;

__ 465 ____________________       76) тынығу уақыты - қызметкердiң еңбек мiндеттерiн орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты;

__ 466 ____________________       77) ұжымдық қорғану құралдары - жұмыс iстейтiн екi немесе одан да көп адамды зиянды және (немесе) қауiптi өндiрiстiк факторлардың әсерiнен бiр мезгiлде қорғауға арналған техникалық құралдар;

__ 467 ____________________       78) ұжымдық шарт – әзiрлеу мен жасасу тәртiбi осы Кодекстiң 282-бабында белгiленген, ұйымдағы әлеуметтiк-еңбек қатынастарын реттейтiн, қызметкерлердiң уәкiлеттiк берiлген өкiлдерi арқылы олардың ұжымы мен жұмыс берушiнiң арасындағы жазбаша келiсiм нысанындағы құқықтық акт;

__ 468 ____________________       79) үстеме жұмыс - қызметкер жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша орындайтын, жұмыс уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс жұмыс;

__ 469 ____________________       80) хабарлама - қызметкердiң немесе жұмыс берушiнiң жазбаша өтiнiшi не өзге тәсiлмен (курьерлiк почта, почта байланысы, факсимильдi байланыс және электрондық почта арқылы) берiлген өтiнiштер;

__ 470 ____________________       81) iссапар - жұмыс берушiнiң өкiмi бойынша қызметкердi тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгiлi бiр мерзiмге еңбек мiндеттерiн орындау үшiн жiберу, сондай-ақ қызметкердi басқа жерге оқуға, бiлiктiлiгiн арттыруға немесе қайта даярлауға жiберу.

__ 471 ____________________       2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнаулы ұғымдары мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 6 ____________________

      2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 


      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтiк әрiптестiк пен еңбектi қорғау қатынастарын реттейтiн нормаларды енгiзуге тыйым салынады. 
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттар еңбек қатынастарына тiкелей қолданылады.

__ 7 ____________________

      3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
              мақсаты мен мiндеттерi

      1. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастарды еңбек қатынастары тараптарының құқықтары мен мүдделерiн қорғауға, еңбек саласындағы құқықтар мен бостандықтардың ең төмен кепiлдiктерiн белгiлеуге бағытталған құқықтық реттеу болып табылады. 


      2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мiндеттерi еңбек қатынастары тараптары мүдделерiнiң теңгерiмiне, экономикалық өсуге қол жеткiзуге, өндiрiс тиiмдiлiгi мен адамдардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған қажеттi құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.

__ 8 ____________________

      4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының 
              принциптерi

      Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптерi: 


      1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол бермеу; 
      2) еңбек бостандығы; 
      3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу; 
      4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; 
      5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығы; 
      6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi сыйақыға құқығын қамтамасыз ету; 
      7) тынығу құқығын қамтамасыз ету; 
      8) қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi; 
      9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету; 
      10) әлеуметтiк әрiптестiк; 
      11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу; 
      12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады.

__ 9 ____________________

      5-бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуiне 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет