Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


тараптарының келiсiмдерi, ұжымдық шарттар, жұмыс



бет3/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

              тараптарының келiсiмдерi, ұжымдық шарттар, жұмыс 
              берушiнiң еңбек саласындағы актiлерi

      1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тiкелей байланысты өзге де қатынастар еңбек шартында, жұмыс берушiнiң актiсiнде, келiсiмде және ұжымдық шартта реттеледi. 


      2. Әлеуметтiк әрiптестiк тараптары келiсiмдерiнiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының, жұмыс берушi актiлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын ережелерi жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиiс. 
      3. Келiсiмдердiң, ұжымдық шарттың, еңбек шартының талаптары бiржақты тәртiппен өзгертiлмейдi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 15 ____________________

      11-бап. Жұмыс берушiнiң актiлерi

      1. Жұмыс берушi осы Кодекске және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, еңбек шартына, келiсiмдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыретi шегiнде актiлер шығарады. 


      2. Жұмыс берушi осы Кодексте, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда, қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша немесе пiкiрiн ескере отырып, актiлер шығарады. 
      3. Жұмыс берушiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңдарымен, ұжымдық шартпен, келiсiмдермен салыстырғанда қызметкерлердiң жағдайын нашарлататын не осы баптың 2-тармағында көрсетiлген рәсiмдер сақталмай шығарылған актiлерi жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиiс.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

__ 16 ____________________

      12-бап. Жұмыс берушiнiң актiлерiн шығару кезiнде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет