Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


мүмкiндiктер теңдiгiнiң кепiлдiктерi



бет11/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

              мүмкiндiктер теңдiгiнiң кепiлдiктерi

      1. Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiн бұзуға тыйым салынады. 


      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жүктiлiк, үш жасқа дейiнгi балаларының болуы, кәмелетке толмағандық, мүгедектiк еңбек шартын жасасу құқығын шектей алмайды. 
      Осы тармақтың бiрiншi абзацында көрсетiлген адамдар санатының талабы бойынша жұмыс берушi бас тарту себебiн жазбаша нысанда хабарлауға мiндеттi. 
      3. Еңбек шартын жасасу кезiнде құқықтар мен мүмкiндiктер теңдiгiнiң бұзылу фактiсi анықталған жағдайда, жұмыс берушi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.

__ 35 ____________________

      26-бап. Еңбек шартын жасасуға қойылатын шектеулер

      1. Еңбек шартын:

__ 618 ____________________       1) медициналық қорытынды негiзiнде адамның денсаулық жағдайы бойынша қайшы келетiн жұмысты орындауға;

__ 619 ____________________       2) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарға, сондай-ақ жұмыс берушiнiң мүлкi мен басқа да құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн қызметкердiң толық материалдық жауапкершiлiгi көзделетiн лауазымдар мен жұмыстарға, он сегiз жасқа толмаған азаматтармен;

__ 620 ____________________       3) соттың заңды күшiне енген үкiмiне сәйкес белгiлi бiр лауазымға тұру немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айырылған азаматтармен;

__ 621 ____________________       4) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен шетелдiк жұмыс күшiн тартуға не шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға жергiлiктi атқарушы органның рұқсатын алғанға дейiн немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi немесе алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша тұратын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;

__ 817 ____________________       5) бiлiм беру ұйымынан оқу нысаны көрсетiлген немесе қабылдайтын ұйымнан кәсiптiк даярлаудан және (немесе) тағылымдамадан өтуi туралы анықтамаларды және бiлiм алу мақсатында болуға арналған рұқсатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдiк студенттермен және тағылымдамадан өтушiлермен;

__ 816 ____________________       6) отбасына қосылу мақсатында Қазақстан Республикасына келуге және онда болуға арналған рұқсатты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен танылатын, Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрғанын растайтын құжатты ұсынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында уақытша болатын шетелдiктермен және азаматтығы жоқ адамдармен жасасуға жол берiлмейдi.

__ 814 ____________________       2. Адамға мемлекеттiк қызметiн тоқтатқаннан кейiн бiр жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуға, егер мемлекеттiк функцияларды орындау кезеңiнде аталған адам өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiне орай осы коммерциялық ұйымның қызметiн тексеру нысанында бақылауды тiкелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметi өзiнiң құзыретiне сәйкес аталған адаммен байланысты болса, жол берiлмейдi.

__ 832 ____________________       3. Кәмелетке толмағандар қатысатын бiлiм беру, тәрбиелеу, демалысты ұйымдастыру және сауықтыру, дене тәрбиесi және спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтiк қызметтер көрсету, мәдениет және өнер саласындағы еңбек қызметiне кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс жасағаны: кiсi өлтiргенi, денсаулығына қасақана зиян келтiргенi, жыныстық тиiспеушiлiгiне қарсы қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар немесе соттылығы болған адамдар жiберiлмейдi.


      Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2010.12.29 N 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

__ 36 ____________________

      27-бап. Еңбек шартының шарттардың өзге түрлерiнен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет