тыйым салу
Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жұмыс берушi қызметкерден еңбек шартында келiсiлмеген жұмысты орындауды талап етуге құқылы емес.
__ 837 ____________________
40-1-бап. Лауазымдарды қоса атқару (қызмет көрсету
аймағының ұлғаюы) және уақытша болмаған
қызметкердiң мiндеттерiн орындау
__ 838 ____________________
Қызметкерге оның жазбаша келiсуiмен еңбек шартында айқындалған жұмыспен қатар, осы Кодекстiң 131-бабына сәйкес қосымша еңбекақы үшiн басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты атқару тапсырылуы мүмкiн.
__ 839 ____________________ Қызметкерге басқа лауазым бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс лауазымдарды қоса атқару жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Қызметкерге өзiнiң лауазымы бойынша тапсырылатын қосымша жұмыс қызмет көрсету аймағын ұлғайту жолымен жүзеге асырылуы мүмкiн. Уақытша болмаған қызметкердiң мiндеттерiн еңбек шартында айқындалған жұмыстан босатпай орындау үшiн, қызметкерге басқа, сондай-ақ сол өзiнiң лауазымы бойынша қосымша жұмыс тапсырылуы мүмкiн.
__ 840 ____________________ Қызметкердiң қосымша жұмыс атқаратын мерзiмiн, жұмыстың мазмұны мен көлемiн жұмыс берушi қызметкердiң жазбаша келiсуiмен белгiлейдi.
__ 841 ____________________ Басқа тарапты үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей жазбаша нысанда ескерте отырып қызметкердiң қосымша жұмысты атқарудан мерзiмiнен бұрын бас тартуына, ал жұмыс берушiнiң оны орындау туралы тапсырмасының күшiн мерзiмiнен бұрын жоюына құқығы бар.
Ескерту. Кодекс 40-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
__ 50 ____________________
41-бап. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру
1. Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру деп:
__ 688 ____________________
1) қызметкер жұмысының (еңбек функциясының) өзгеруi, яғни жұмысты басқа лауазым, мамандық, кәсiп, бiлiктiлiк бойынша орындау;
__ 689 ____________________
2) орындау кезiнде еңбек шартында келiсiлген еңбек жағдайлары (жалақы мөлшерi, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимi, жеңiлдiктер мен басқа да жағдайлар) өзгеретiн жұмысты тапсыру;
__ 690 ____________________
3) жұмыс берушiнiң оқшауланған құрылымдық бөлiмшесiне ауыстыру;
__ 691 ____________________
4) жұмыс берушiмен бiрге басқа жерге ауыстыру есептеледi.
__ 692 ____________________
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыруға қызметкердiң келiсiмiмен жол берiледi, ол еңбек шартына тиiстi өзгерiстер енгiзумен және жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.
__ 693 ____________________
3. Қызметкердi сол ұйымда басқа жұмыс орнына, осы ұйымның сол жердегi басқа құрылымдық бөлiмшесiне ауыстыру, оған басқа механизмде немесе агрегатта жұмыс iстеудi тапсыру, егер бұл осы баптың 1-тармағында көзделген өзгерiстерге әкеп соқпаса, басқа жұмысқа ауыстыру болып табылмайды және бұған қызметкердiң келiсiмiн алу талап етiлмейдi.
__ 51 ____________________
42-бап. Қызметкердi жұмыс берушiмен бiрге басқа
Достарыңызбен бөлісу: |