Ќазаќстан Республикасыныѕ Еѕбек кодексi


есебiнен әлеуметтiк жәрдемақы төлеу



бет72/178
Дата11.09.2020
өлшемі0,9 Mb.
#77772
түріКодекс
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   178
Байланысты:
еңбек кодексі

                есебiнен әлеуметтiк жәрдемақы төлеу

      1. Жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен қызметкерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақы төлеуге мiндеттi. 


      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен берiлген еңбекке жарамсыздық парақтары еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар төлеу үшiн негiз болып табылады. 
      3. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар қызметкерлерге еңбекке жарамсыздықтың бiрiншi күнiнен бастап еңбек қабiлетi қалпына келген күнге дейiн немесе мүгедектiк белгiленгенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептелген олардың орташа жалақысының есебiмен төленедi. 
      3-1. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы: 
      1) заңды күшiне енген сот үкiмiмен кiнәлi екендiгi анықталған жағдайда оның қылмыс жасау кезiнде алған жарақаттарының салдарынан еңбекке уақытша жарамсыздық туындаған қызметкерге
      2) соттың ұйғарымы бойынша қызметкердi мәжбүрлеп емдеген (психикалық аурулардан басқа) уақыт үшiн; 
      3) заңды күшiне енген сот үкiмiмен немесе қаулысымен қызметкердiң кiнәлi екенi анықталған жағдайда, ол қамауда болған уақыт үшiн және сот-медициналық сараптама жасалған уақыт үшiн; 
      4) қызметкердiң iшiмдiк, есiрткi және уытты заттарды пайдалануы салдарынан туындаған ауруларға немесе жарақаттарға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздығы кезiнде;
      5) жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен сәйкес келетiн уақытша еңбекке жарамсыз күндер үшiн төленбейдi.
      4. Әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерiн, оларды тағайындау және төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды . Жұмыс берушiлер қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген әлеуметтiк жәрдемақы мөлшерiне қосымша төлемдер белгiлеуге құқылы. 
      Ескерту. 159-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 2007.12.19 N 9 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2009.05.05. N 159-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.17 № 566-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

__ 178 ____________________





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет