138-бап. Қашықтықтан жұмыс істеу 1. Қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды пайдалана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тысқары
жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
2. Жұмыс беруші жұмыскерге коммуникация құралдарын (байланыс құралдарын) береді
және оларды орнату мен оларға қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды көтереді. Жұмыскер
меншікті коммуникация құралдарын тұрақты негізде пайдаланған жағдайда, жұмыс беруші
өтемақы төлейді, оның мөлшері мен төлеу тәртібі жұмыскермен келісім бойынша белгіленеді.
Тараптардың келісімі бойынша қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерге жұмыс беруші
үшін жұмысты орындауға байланысты өзге де шығыстар (электр энергиясының, судың құны және
және басқа да шығыстар) өтелуі мүмкін.
3. Қашықтықтан жұмыс істейтін жұмыскерлер үшін жұмыс уақытының тіркелген есебі
белгіленеді, оны бақылау ерекшеліктері еңбек шартында айқындалады.