Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы



Pdf көрінісі
бет2/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы 
      1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы Қазақстан 
Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан 
Республикасының заңдарынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық 
актілерінен тұрады.
 
      2. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының басқа 
заңдарына еңбек қатынастарын, әлеуметтік әріптестік пен еңбекті қорғау қатынастарын 
реттейтін нормаларды енгізуге тыйым салынады.
 
      3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы 
Кодекстегіден өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарт қағидалары 
қолданылады.
 
      Халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайларды 
қоспағанда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар еңбек 
қатынастарына тікелей қолданылады.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет