18-бап. Жергілікті атқарушы органдардың еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті Жергілікті атқарушы органдар:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты
іске асырады;
2) азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн
денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария
саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша
айқындайды;
3) қалалық, аудандық деңгейде жасалған салалық және өңірлік келісімдерді тіркеуді
жүзеге асырады;
4) халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен,
электр энергиясымен, жылумен қамтамасыз ететін ұйымдар) ереуілдер өткізуді келіседі;
5) жұмыс берушілердің өңірлік бірлестіктерімен және жұмыскерлердің өңірлік
бірлестіктерімен өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер жасасады;
6) көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды,
алым мөлшерлемелерін) мемлекеттік реттеу енгізілетін ұйымдар жұмыскерлерінің еңбегіне
ақы төлеу жүйесінің өлшемдерін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген
тәртіппен қарайды және келіседі;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған халық санаттарын жұмысқа
орналастыру үшін квота белгілейді;
8) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының
заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге
асырады.