32) еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау мен
төлеу тәртібін айқындайды;
33) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген
тамақ өнімдері, емдік-профилактикалық тағам, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш
құралдарын беру тәртібін бекітеді, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен,
санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету
тәртібін белгілейді;
34) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша
жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін, емдік-профилактикалық тағам
беру нормаларын бекітеді;
35) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша алуан
түрлі экономикалық қызмет ұйымдарының жұмыскерлеріне арнайы киім және басқа да жеке
қорғаныш құралдарын беру нормаларын бекітеді;
36) жұмыс берушінің қызметін декларациялау тәртібін әзірлейді және бекітеді;
37) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау және еңбек қатынастарын реттеу
саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындайды;
38) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен
бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастырады және оларды іске асыруды жүзеге асырады;
39) ұжымдық еңбек дауларын есепке алу нысанын әзірлейді және бекітеді;
40) мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін жұмыскерлер санының бірыңғай салааралық нормативтерін әзірлейді
және бекітеді;
40-1) тиісті қызмет салаларының мемлекеттік органдары еңбек жөніндегі уәкілетті
мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен әзірлейтін және бекітетін мемлекеттік органдарға
техникалық қызмет көрсетуді және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жұмыскерлер
санының салалық нормативтерін келіседі;
41) тиісті қызмет салаларының тиісті уәкілетті мемлекеттік органдары әзірлейтін
және бекітетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімдерін келіседі;
42) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы
Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016
№ 483-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: