144-бап. Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегін реттеу Әскери қызметтегі адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары
мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің еңбегі қызметке кірудің, оны
өткеру мен тоқтатудың ерекше шарттары мен тәртібін, ерекше еңбек жағдайларын, еңбекке
ақы төлеу жағдайларын, сондай-ақ қосымша жеңілдіктерді, артықшылықтар мен шектеулерді
белгілейтін Қазақстан Республикасының арнайы заңдарында және Қазақстан Республикасының
өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген ерекшеліктермен бірге осы Кодекспен
реттеледі.