Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысының ұзақтығы



Pdf көрінісі
бет71/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   88-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысының ұзақтығы 
      Егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық 
актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көбірек күн саны 
көзделмесе, жұмыскерлерге ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақы 
төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.
 
 
 
   89-бап. Жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары 
      1. Мыналарға:
 
      1) ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда 
істейтін жұмыскерлерге Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен лауазымдардың тізіміне
ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстардың тізбесіне 
сәйкес ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша 
еңбек демалыстары беріледі.
 
      Ауыр, зиянды және (немесе) қауіпті жағдайлардағы еңбегі өндірістік объектілерді 
еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелерімен расталған жұмыскерлерге жыл сайынғы 
ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
 
      Жұмыс беруші өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша, сондай-ақ 
аттестаттауға жатпайтын жұмыс орындары бойынша аттестаттауды өткізбеген жағдайда, жыл 
сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары Өндірістердің, цехтардың, кәсіптер мен 
лауазымдардың тізіміне, ауыр жұмыстардың, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті 
жұмыстардың тізбесіне сәйкес толық көлемде беріледі;
 
      2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты 
күн болатын жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары беріледі.
 
      2. Жұмыскерлердің өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның 
ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленуі мүмкін.
 
      3. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскерлерге үздіксіз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделі, 
жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшін көтермелеу 
сипатындағы жыл сайынғы ақы төленетін қосымша демалыстар белгіленуі мүмкін.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет