Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Лауазымдарды қоса атқару, қызмет көрсету аймағының кеңеюі және



Pdf көрінісі
бет92/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   111-бап. Лауазымдарды қоса атқару, қызмет көрсету аймағының кеңеюі және 
уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру)кезінде еңбекке ақы 
төлеу 
        1. Сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа 
немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің 
міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы 
төлеу жүргізіледі. 
 
      2. Жұмыскерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар:
 
      1) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі 
жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса 
атқару;
 
      2) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі 
жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде қосымша жұмысты 
орындауы – қызмет көрсету аймағын кеңейту;
 
       3) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі 
жұмысымен қатар басқа және осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – уақытша 
болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. 
 
       Егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық 
міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны 
(алмастырғаны) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді. 
 
      3. Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша 
болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының 
мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен 
келісім бойынша белгілейді.
 
      Ескерту. 111-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 
№ 483-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет