Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Жұмыс берушіге нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің материалдық



Pdf көрінісі
бет104/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   123-бап. Жұмыс берушіге нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің материалдық 
жауаптылығы 
      1. Жұмыс берушіге нұқсан келтіргені үшін жұмыскердің материалдық жауаптылығы осы 
Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде және жұмыс 


берушінің актілерінде көзделген жағдайларда басталады.
 
      2. Егер нұқсан еңсерілмейтін күштің не аса қажеттіліктің, қажетті қорғаныстың, 
сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыскерге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды 
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан туындаған болса, жұмыскердің 
жұмыс берушіге келтірілген нұқсан үшін жауаптылығы жойылады.
 
      3. Жұмыскер жұмыс берушіге келтірілген тікелей іс жүзіндегі нұқсанды өтеуге 
міндетті.
 
      4. Тікелей нақты нұқсан деп жұмыс берушінің қолда бар мүлкінің шынайы азаюы немесе 
көрсетілген мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін 
жауаптылықта болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушідегі мүлкінің) жай-күйінің нашарлауы, 
сондай-ақ жұмыс беруші үшін мүлікті сатып алуға немесе қалпына келтіруге шығын шығару не 
артық төлем жүргізу қажеттілігі түсініледі.
 
      5. Жұмыскерге қалыпты өндірістік-шаруашылық тәуекел санатына жатқызылуы мүмкін 
нұқсан үшін жауаптылық жүктеуге жол берілмейді.
 
      6. Жұмыс беруші жұмыскерлерге қалыпты жұмыс және оларға сеніп тапсырылған мүліктің 
толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті.
 
      7. Жұмыскерлерге берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуын 
қамтамасыз етпегені үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауаптылық туралы 
шарт жасалуы мүмкін жұмыскерлер атқаратын немесе орындайтын лауазымдар мен жұмыстардың 
тізбесі, сондай-ақ толық материалдық жауаптылық туралы үлгілік шарт жұмыс берушінің 
актісімен бекітіледі.
 
      8. Мынадай:
 
      1) жұмыскерге толық материалдық жауаптылықты өзіне алу туралы жазбаша шарт 
негізінде берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;
 
      2) жұмыскер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да 
құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген;
 
      3) алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаңдық (оларға ұқсас) жағдайда 
нұқсан келтірілген;
 
      4) материалдар, жартылай фабрикаттар, бұйымдар (өнімдер), оның ішінде оларды 
әзірлеу кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші жұмыскерге пайдалануға берген құрал-саймандар, 
өлшеуіш аспаптар, арнайы киімдер мен басқа заттар кем шыққан, қасақана жойылған немесе 
қасақана бүлдірілген;
 
      5) жұмыс беруші үшін нұқсан келтіруге әкеп соққан, бейбәсекелестік туралы талап 
бұзылған жағдайда;
 
      6) еңбек, ұжымдық шарттарда ескерілген өзге де жағдайларда жұмыс берушіге 
келтірілген нұқсанның толық мөлшеріндегі материалдық жауаптылық жұмыскерге жүктеледі.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет