Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет101/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

10-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ 


   120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі 
міндеті 
      1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына келтірген нұқсан (зиян) 
үшін материалдық жауаптылығы, егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де 
заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе 
әрекетсіздік) және құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық пен келтірілген нұқсан (зиян) 
арасындағы себепті байланыс нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін басталады.
 
      2. Еңбек шартының басқа тарапқа нұқсан (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодекске 
және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді. 
 
      3. Еңбек, ұжымдық шарттарда жұмыскер мен жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы 
нақтылануы мүмкін.
 
      4. Нұқсан (зиян) келтірілгеннен кейін еңбек шартының тоқтатылуы еңбек шартының 
тараптарын басқа тарапқа келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі материалдық 
жауаптылықтан босатпайды.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет