16-тарау. ҰЖЫМДЫҚ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫН ҚАРАУ 162-бап. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар Осы тарауда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) еңбек төрелігі – ұжымдық еңбек дауының тараптары татуластыру комиссиясында
келісімге қол жеткізілмеген кезде еңбек дауын шешу үшін уәкілетті адамдарды тарта отырып
құратын, уақытша жұмыс істейтін орган;
2) ереуіл – жұмыс берушімен ұжымдық еңбек дауындағы жұмыскерлердің әлеуметтік-
экономикалық және кәсіптік талаптарын қанағаттандыру мақсатында жұмысты толық немесе
ішінара тоқтату;
3) татуластыру комиссиясы – ұжымдық еңбек дауын тараптарды татуластыру арқылы
реттеу үшін, жұмыс беруші мен жұмыскерлер (олардың өкілдері) арасындағы келісім бойынша
құрылатын орган;
4) татуластыру рәсiмдері – ұжымдық еңбек дауын бастапқыда татуластыру
комиссиясында, ал онда келiсiмге қол жеткізілмеген кезде – еңбек төрелігінде, сондай-ақ
медиация рәсімін қолдана отырып, тараптардың өзара келісуі бойынша рет-ретімен қарау.