Бағдарламаның негізгі міндетітері: -сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған білім беруді қаржыландырудың жаңа тетіктерін әзірлеу;
-білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
-педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды күшейту;
-білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру;
-білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру;
-2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;
-мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту;
-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету;
-12 жылдық оқыту моделіне көшуді білім беру мазмұнын жаңғыртумен қоса жүзеге асыру;
-шағын жинақталған мектептердің (бұдан әрі – ШЖМ) проблемаларын шешу;
-мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру;
-экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту;
-еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай келетін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасы ету;
-жоғары білімнің еуропалық аймағына бірігуді қамтамасыз ету;
-білімнің, ғылымның және өндірістің бірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен
-технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми–педагог кадрларды даярлау;
-өмір бойы оқыту, баршаға білім алу үшін жағдай жасау;
-жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеу және олардың азаматтық белсенділігін, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуетін ашу тетіктерін қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыру;
-балаларды мектепке даярлау үшін олардың мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету;
-республикадағы демографиялық жағдайды және халықтың білім алуға деген қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың вариативті желісін ұлғайту;
-мектепке дейінгі ұйымдардың тапшылығы проблемаларын шешу үшін қажетті қаржылық-экономикалық жағдайлар жасау;
-мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді жүзеге асыру және олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыру;
-инклюзивті білім беруді дамыту (мектепке дейінгі ұйымдарды пандустармен, кіреберістермен, көтергіштермен, лифтілермен және т.б. жарақтандыру);
Орта білім беру жүйесінде материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базаның нашарлығына, сондай-ақ оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту қажеттілігіне байланысты проблемалар орын алған.