Бұл бағдарламаның мақсаты: -экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
-дағдарламалық білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз мақсаттар етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;
-педагог мамандығының беделін көтеру;
-білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;
-білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуф;
-халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы көрсетілетін қызметтеріне қажеттілігін қанағаттандыру;
-жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
-еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.
-12 жылдық оқыту моделіне көшу;
-өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
-жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру.