Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі



бет12/13
Дата12.12.2022
өлшемі179,37 Kb.
#162433
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Межелік бақылау Данелқан А.
ПЖ-5. ГВК, Семинар-13. Данелқан А. НИК, реферат, Данелқан А.А. ЭПиС география мира, семинарские занятие ДОТ (1)
Критерийдің мазмұны:
Бағалау критерийлері – оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Дескриптор – жетістік деңгейінің сипаттамасы.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
• заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;
• жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;
• оқушылардың білім сапасын арттырады;
• оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;
• тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі

  1. Жиынтық және қалыптастырушы бағалау үдерісі




Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру
барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып
табылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргіліп отырады, балл мен баға қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді.
Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңін аяқтағанда (әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша, тоқсан соңында, триместр немесе оқу жылының соңында) оқушыға балл және баға қою арқылы оқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін өткізіледі.
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша өткізіледі. Дегенмен, бағалау жолдары оның мазмұны мен түріне сай әртүрлі болады. Жиынтық бағалауды өткізу жолдарының толық нұсқалары әр пән және сыныптарда жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтарда берілген.
Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін оқушыларға кері байланыс беріп, ата-аналарға оқыту үдерісі туралы ақпарат беру үшін қолданады.
Бағалаудың балық түрлері оқу бағдарламасының мазмұнына негізделіп жасалған.
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы
Бұл жинақта қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар үлгілері мен әр пән бойынша тапсырманы орындау үшін нақты қадамдарды анықтайтын дескрипторлар көрсетіледі. Сонымен қатар, жинақта қалыптастырушы бағалау үдерісі туралы анықтама беріліп, тапсырмаларға арналған дескрипторлар көрсетіледі, белгілі оқу мақсаттарына сәйкестендіріліп жасалған бағалау критерийлері ұсынылады және қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма құрастыру кезеңдері анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет