Қазақстан республикасының Ғылым және білім министірлігі


Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулық



бет13/13
Дата12.12.2022
өлшемі179,37 Kb.
#162433
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Межелік бақылау Данелқан А.
ПЖ-5. ГВК, Семинар-13. Данелқан А. НИК, реферат, Данелқан А.А. ЭПиС география мира, семинарские занятие ДОТ (1)
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулық
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқаулықта оқу бағдарламасына сәйкес өткізілетін бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау саны туралы, бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалауды ұйымдастыру жолдары туралы ақпарат беріледі. Сонымен қатар, жиынтық бағалауға арналған әдістемелік нұсқауында төмендегілер ұсынылады:
• пән бойынша әр тоқсанда берілетін бөлім, бөлімшелер/ортақ тақырыптар атаулары;
• бөлім мен бөлімшелерде беріліп, бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейлерімен сәйкестендірілген оқу мақсаттары;
• бөлім/ортақ тақырыптар және тоқсандық жиынтық бағалауға арналған тапсырмаларды құрастыруға байланысты ұсыныстар;
• бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары үлгілері мен дескрипторлары;
• тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін құрастырылған тест спецификациясы;
• жиынтық бағалауға арналған тапсырма үлгілері мен балл қою кестелері.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі
Қалыптастырушы бағалау – оқушының оқу нәтижесінің үнемі ілгерілеп және дамып отыруына ықпал ететін, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысын қаматамасыз ететін үдеріс.
Сабақ беру мен оқытуды тиімді түрде ұйымдастыру үшін әр оқушының ілгерілеуі мен ағымдағы түсіну деңгейін үнемі анықтап отыру маңызды. Ол қалыптастырушы бағалауда іске асырылып отырады және оқушының оқу жетістіктері туралы шешім қабылдауға мүмкіндіктер тудырады.
Қалыптастырушы бағалау оқыту мен оқудың біртұтас құрамдас бөлігі болып, қосымша жаттығулар мен тест тапсырмалары түрінде қабылданбауы тиіс.
Қалыптастырушы бағалау үдерісі төменгі кезеңдерден тұрады:
• Оқушыларды анықталған оқу мақсаттары мен бағалау
критерийлерімен таныстыру.
• Оқушылардың нені және қандай деңгейде түсінгендігін анықтайтын
дәлелдемелердің көрсеткіші бола алатын тиімді орта тудыру немесе олардың
басқа іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
• Оқушының дамуына ықпалын тигізетін тиімді кері байланыс беріп
отыру.
• Оқушыларды бір-біріне өзара оқыту көзі бола алатындай
ынтымақтастандыру.
• Оқушы өз оқуы барысында өзін «құрастырушы» ретінде қабылдау.
Қалыптастырушы бағалауды жоспарлау және ұйымдастыру
Әр сыныпта сабақ беру үдерісінде мұғалім оқу бағдарламасындағы барлық оқыту мақсаттарын қамтуы керек. Пәндер бойынша оқу жоспарында барлық оқу мақсаттары үшін ұсынылатын іс-әрекеттер берілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет