Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі


Шаруашылық қалдықтарын зарарсыздандыру



бет2/3
Дата25.06.2022
өлшемі56,99 Kb.
#147083
1   2   3
Байланысты:
Зарарсыздандыру
testirovanie gosudarstvennykh sluzhashchikh, СД199К.электив. тест сурактары (копия), СӨЖ. рефераттар, Мед қалдық
1.Шаруашылық қалдықтарын зарарсыздандыру
Мал шаруашылығы қалдықтарын залалсыздандыру және пайдаға асырудың аса зор санитариялық, экологиялық және экономикалық маңызы бар. 10 мың тайынша бордақылайтын бір кешен 100 мың тұрғыны бар қаланың тұрмыстық қалдығына пара-пар қалдық береді. Мал шаруашылығы қалдықтарының ішінде басыт орынды көң алады. Ол инфекция қоздырушыларның ең маңызды тарату факторы болып табылады, өйткені онда микробтардың сақталуына жағдай өте қолайлы. Малдың көңінде болатын микробтар өте көп және алуан түрлі. Сиыр нәжәсінің 16%-дайы бактериялрдың үлесіне тиеді. Бұл граммға шаққанда 40 млрд. микробқа дейін жетеді. Көңде кейбір зардапты саңырауқұлақтар, мысалы дерматомикоздардың қоздырушылары, өсіп-өне алады. Туберкулезбен ауырған бір сиыр нәжісімен тәулігіне 37 млн.-ға дейін туберкулез таяқшаларын бөліп шығарады. Олар көңде тіршілік қабілетін 7 айдан артық, ал уыттылығын 6 айға дейін сақтайды. Көңде бруцеллалар мен сальмонеллалар 4 а"ға дейін, пастереллалар 2,5 айға дейін, вирустар 1 айға дейін сақталады.
2.Көңді зарарсыздандыру
Көңді зарарсыздандырудың биологиялық, химиялық және физикалық жолдары бар.
Биологиялық зарарсыздандыру
Биологиялық немесе биотермиялық зарарсыздандыру көңдегі микробтардың тіршілік әрекеті әсерінен іске асады және бұл ең жеңіл әрі тиімді әдіс болып табылады. Биотермиялық жолмен ылғалдылығы 70%-дан аспайтын қатты көңді немесе сұйық көңнің қатты фракциясын зарарсыздандырады. Зарарсыздандыру көңнің қызынып, температурасы 60°С-қа жеткен күннен басталады деп есептеліп, жылдың жылы уақытында екі ай, ал суық уақытындаүш айға дейін созылуы тиіс. Бұл мерзімде көң зарарсызданып болады деп есептеледі. Ал егер көң жұқпалы ауруға шалдыққан малдан алынған болса, сақтау мерзімі одан да ұзақ болуы керек. Туберкулезден басқа спора түзбейтін ауру қоздырушылары үшін биотермиялық процестің ұзақтығы 12 айдан кем болмайды, ал туберкулез кезінде бұл мерзім екі жылдан кем болмауы керек. Биотермия кезінде ауырған малдың қиын сау малдың қиымен жабу керек. Өйткені көңнің сыртқы қабаты тобарсып кебеді де, биотермилық процес ойдағыдай жүрмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет