Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі



бет3/3
Дата25.06.2022
өлшемі56,99 Kb.
#147083
1   2   3
Байланысты:
Зарарсыздандыру
testirovanie gosudarstvennykh sluzhashchikh, СД199К.электив. тест сурактары (копия), СӨЖ. рефераттар, Мед қалдық
Химиялық зазарсыдандыру-Химиялық зарарсыздандыру ерекше жағдайда, жұқпалы ауруға шалдыққан малдың көңін зарарсыздандыру үшін пайдаланылады. Көңді химиялық жолмен дезинфекциялау үшін сусыз аммиак формальдегид, хлорлы әк қолданылады. Көңді туберкулез микобактериялары және басқа да спора түзбейтін зардапты микробтармен ластанған кезде сусыз аммиакмен дезинфекциялайды. Ол үшін көңнің 1м³ көлеміне 30 кг дезинфектантты қосып, жабық сиымдылықта немесе пленкамен жабылған көң қоймасында 5 тәулік ұстайды.
Физикалық зарарсыздандыру
54 мың және 108 мың шошқаға арналған ірі кешендерде көң ағысты бу қондырғылары арқылы 110-120°С температурада 0,2мПа қысым жағдайында зарарсыздандырылады. Экспозициясы 45-60 мин. Топалаң, қарасан, маңқа, делбе, мандам, құтырық, жыбырлақ, секіртпе, сиыр обасы, солма сияқты аурумен ауырған малдан алынған көң тек қана өртеу арқылы ойдағыдай зарарсыздандырылады. Көңді өртейтін бірқатар күрделі және қарапайым қондырғылар болады. Теміржол станциялардың дезинфекциялап жуатын пункттерінде көңді өртейтін арнаулы пеш орнатылады. Ең қарапайым әдіс - жерден қазылған ошақ. Оның тереңдігі 75 см, ені 75-100 см. Түбінен 45-50 см биіктікте металл біліктер орнатып, оның үстіне көң салынады. Астына отын тасталып, жағылады. Көңнің тез жануы үшін оны құрғақ қоқыс немесе сабанмен араластырған жөн.


3.Қортынды
Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады. Дезинфекцияның мақсаты: ЕСМ палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою.


4.Пайдаланған адебиеттер
"Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
↑ Т.Сайдулин. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет