Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті



бет10/19
Дата29.03.2017
өлшемі9,45 Mb.
#12535
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19

5- зертхана Тақырып:

Топырақтың құрылым түзу ылғалын анықтау

Топырақтың ылғалдылығы деп топырақтағы ылғалдылықтың пайыздық құрамының абсолютті құрғақ топырақтың салмағына немесе көлем бірлігіне қатынасын айтады. ЬІғалдылықты акықтаудың барлык әдіетері екі топқа бөлінеді.

Бірінші әдіс бойынша танаптан топырақ үлгісін алып зертханада әр түрлі әдістермсн ылғалдылықты анықтайды.

Екіншісі жанамалы, табиғи жағдайда нақтылы топырақта қойылған әр түрлі аспаптар арқылы анықтайды. Оған жататын: радиометриялы, электрометриялы, тензиометриялы, фоторефлекто-метриялық және басқа әдістер.

Ылғалдылықты анықтаудың негізгі әдісі болып термостатты-салмақты әдіс саналады. Бұл әдіс бойынша әдейі бұрғымен анық терендік аралығында (көбінесе 10 см сайын) топырақ үлгісін алады.

Топырақ ылғалдылығы пайызбен мүлде құрғақ топырақтың салмағынан, максималды гигроскопиялық анықтау формуласы бойынша анықтайды.

Топырақ ылғалдылығын пайызбен топырақ көлемінен санайды.

Р=W*d


Р-топырақтың ылғалдылығы пайызбен топырақ көлемінен
W - топырақтың топырақтың ылғалдылығы пайызбен мүлде құрғақ топырақтан

d— топырақтың көлемдік салмағы, г/см3:



Жауын-шашын мөлшері су бағанасынан миллиметрмен саналғандықтан топырақтағы ылғал қорын да сол өлшеммен көрсеткен дұрыс. Санауды мына формуламен жүргізеді:

Мүнда, В - топырақтағы ылғалдың қоры, мм.

W — топырақ ылғалдылығы,%

d — топырақтың көлемдік салмағы, г/см3



һ — топырақтың белгілі қабат қалындығы, см.

Топырақтың зерттелген қабатындағы су қоры тәжірибеде кейде тоннамен немесе 1 га кубометрмен көрсетіледі. Ол үшін миллиметрмен көрсетілген су қорын 10 коэффициентіне көбейтеді, өйткені 1 гектарда 1 мм ылғал 10 тонна немесе 10 м3 су болады.

Алдында айтқандай өсімдіктердің суды сіңіруі тамырлардың су ұстау күшіне және сору күшіне байланысты болады.

Мәдени дақылдардың өнімін құратын ылғал бөлігі өнімді ылғал болып саналады. Әр түрлі топырақтарда нақтылы ылғалдылық бірдей болса ылғалмен қамтамасыз етілуі әр түрлі болады, Сондықтан әр түрлі топырақтарда өсіп жатқан ауыл шаруашылық дақылдардың ылғалмен қамтамасыз етілуінін әділдік бағалауын өнімді ылғал қорынан жасауға болады. Оның анықтау үшін келесі формуланы қолданады:

Вөн= 0,1 dh(W- ТСЫ)

Мұнда, Вөн - өнімді ылғал қоры, мм,



d — көлемдік салмақ, г/см3

һ — топырақтың зерттеуге алынған қалыңдығы, см

W — мүлде құрғақ топырақтың салмағынан пайызбен топырақ ылғалдылығы, %

ТСЫ - тұрақты солу ылғалдылығы,%

0,1 — су қабатының биіктігін сантиметрден миллиметрге өткізу коэффициенті.

Топырақтың метрлі қабатындағы өнімді ылғалдың қорын бағылауды келесі шкаламен жасауға болады.


23 - кесте 1 м топырақ қабатындағы өнімді ылғал қорын анықтау шкаласы


Ылғалдану дәрежесі

Өнімді

ылғал мөлшері, мм



Жоғары

150 және жоғары

Жақсы

120-150

Орташа

90-120

Төмен

60-90

Өте төмен

60 тан төмен

Судың өсімдіктердің вегетациялық кезеңіндегі транспирация мен физикалық булануға кеткен шығыны жиынтықты су қажетсінуі (ЖСК) болып саналады. Ол мм/га, тонна/га немесе м3/га болып көрсетіледі және мына формуламен анықталады.

ЖСК=Wн+Ж-Wk

Wн- себу алдындағы топырақтың метрлі қабатындағы өнімді ылғал қоры, мм өсімдіктің вегетациялық кезеңіндегі жауған жауын-шашын

Ж- өсімдіктің вегетациялық кезеңіндегі жауған жауын-шашын мөлшері, мм

Wk - егін жинау алдында топырақтың метрлі қабатындағы өнімді ылғал қоры, мм.

Тұқымдардың бөртуі олардың белгілі температуралық жағдайда өсіп шығуымен ескеріледі. Бірталай зерттеушілердің мәліметтері бойынша, тұқым өсіп шығу үшін ылғалдылықтың жалпы жұмсалуы көп емес. Суды өсімдіктер көбінесе келесі кезендерде көп талап етеді.

Мәдени өсімдіктердің вегетация кезеңінде жұмсалған жалпы су көлемі олардың қарқынды өсу кезеңінің ұзақтығына байланысты болады. Қиын-қыстау кезеңінде өсімдік тәулігі 6 мм ылғалға дейін жұмсай алады.

24кесте Негізгі дақылдардың тұқымдары өсіп шығу үшін қажетті мөлшері.

Дақыл

Тұқым салмағынан % бен су мөлшері

Дақыл

Тұқым салмағынан % бен су мөлшері

Жаздық бидай

52,2

Сиыржоңышқа

75,4

Қара бидай

72,5

Қант қызылшасы

120,5

Арпа

57,4

Беде

145,5

Сүлы

80,8

Зығыр

100,0

Жүгері

37,3

Кенешөп

73,9

Тары

25,0

Бөрі бұршақ

142,9

Бұршақ

114,4







Н.М.Бакаевтың [2] мәліметтері бойынша өскін пайда болғаннан түптенгенше жаздық бидай 36,2 мм (19,2%), түптенуден түтіктенгенше 20,2 мм (10,7%), түтіктекуден масақтанғанша - 53,3 мм (28,3%), масақтанғаннан сүттеніп піскенше 53,7 мм (28,4%), сүттеніп піскеннен толық піскенше - 25,2мм (13,4%) ылғал жұмсайды. Жаздық бидай толық вегетация кезеңінде 200 ден 260 мм-ге дейін жиынтық су жұмсалады. Бұл жағдайда аптасына орта есеппен ылғал аптасына жұмсалуы сәйкес болады: 1,8; 2,0; 5,3; 2,7; 2,5мм.

Ауылшаруашылық өндірісінде вегетация кезеңінде өсімдіктер жұмсаған ылғалдың әр милиметрінің өзін-өзі өтеуінін маңызы зор. 1 центнер немесе 1 тонна өкімнің қалыптасуына кеткен жалпы ылғал қоры суды қажетсіну коэффициенті деп аталады. Белгілі мөлшерде бұл берілген шаруашылықтың агротехника деңгейінің керсеткіші болып саналады. Өнімділік төмен болған сайын өнім бірлігіне кеткен ылғал көбейеді. Суды қажетсіну коэффициентін мына формуламен анықтайды:

Кы=ЖСК/Ө

Қы- суды қажеттіну коэффициенті, мм/т немесе м3/т,

ЖСК - жиынтық суды қажеттену, мм/га,

Ө - өнімділік, т/га.

1 см мүлдем құрғақ топырақты ылғалдандыру үшін 2 мм сұйық жауын — шашын қажетті. 1 шаршы метр жауын -шашынның әр миллиметрі 1 литр су береді, немесе 10 тонна 1 гектарға. Егер жаздық бидайдың транспирациялы коэффициентін 500 етіп алсақ, толық жұмсалған жағдайда 1 мм жауын-шашынның 20 кг жалпы өнім, немесе 10 кг дән құруға мүмкіншілігі бар.

Өсімдіктердің ылғал қажеттілігін көрсететін көрсеткіштердің бірі - транспирациялы коэффициент. Бірақ, онық мөлшері өте тұрақсыз және өсімдіктерді биологиялық ерекшеліктеріне және түріне, даму фазасына және олардың өсу сатысына, топырақ және ауа райының жағдайына, өсімдіктердің қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне және басқа көрсеткіштерге байланысы болады. Әр аймақтарда транспирациялы коэффициент 200 ден 1000 дейін ауытқанды. Аз бөлігі ғана (1%<) өнімділік құруға жұмсалады да, негізгі бөлігі булануға жұмсалады.

2- сағат

Тақырып:Топырақтың құрылым түзу ылғалын анықтау

Топырақ үлгісін алу үшін бірнеше арнайы бұрғылар бар: БП - 50, АМ - 16, Измаильскийдің, Качинскийдің, Некрасовтың, Смяртиннің, Розановтың, мотобұрғы және басқалар.

Ылғалды топырағымен алюминийлі стақандарды (м0) түұрақты салмаққа. Құрғатқаннан кейін топырағы бар стақандарды тигель қышқашымен суыту үшін эксикаторға қояды, суытан соң оларды құрғаған топырақпен салмағын өлшейді (m0).

Барлық мәліметтерді 2-формуланың өзіне сәйкес жолына жазады. Топырақтың көлемдік салмағының есебін келесі дәйектілікпен жасайды:


1. Топырақтың ылғалдылығы (W):

Ылғалды топырағымен алюминийлі стақандарды (м0) түұрақты салмаққа. Құрғатқаннан кейін топырағы бар стақандарды тигель қышқашымен суыту үшін эксикаторға қояды, суытан соң оларды құрғаған топырақпен салмағын өлшейді (m0).



2. Банкадағы (цилиндрдегі. полиэтилен қалтадағы мүлде құрғақ топырақтың салмағы, (М).

(г)

Топырақ үлгісін алу үшін тегіс жерге алдын ала қақпағымен бірге салмағы өлшенген (Ро) цилиндрді қояды, Топырақ үлгісі мен банкаларды немесе полиэтиленді қалтаны зертханаға апарып. 0,01 г ( Р1) анықтылығы.



3.Топырақ үлгісінің көлемі (цилиндрдікі, V):

(см3)

Мұнда, Д – цилиндр диаметрі, см;

Н – цилиндр биіктігі, см;

П – тұрақты сан, 3,14 тен



4. Топырақ үлгісінің көлемдік салмағы (d);

(г/см3)

Топырақтың көлемдік салмағы кең арада ауысып тұрады. Әр түрлі қарашірікпен қамтамасыздануынан дәрежелі топырақтың тығыздығын бағалау үшін С.И. Долгов келесі шкаланы ұсынды (5кесте)



25-кесте. Топырақтың көлемдік салмағының мөлшерінен тығыздануды бағалау (г/см3).

Тығыздалу дәрежесі

Қабат тереңдігі, см

0-20

20-50

50-100

Қарашіріқ мөлшері 4%< топырақтарға

Өте борпылдақ

1,00

1,20

1,35

Борпылдақ

1,00-1,20

1,20-1,35

1,35-1,50

Орташа тығыз

1,20-1,40

1,35-1,48

1,50-1,60

Тығыз

1,40-1,50

1,45-1,60

1,60-1,67

Өте тығыз

>1,50

>1,60

>1,67

Қарашіріқ мөлшері 4%< топырақтарға

Өте борпылдақ

0,95

1,10

1,25

Борпылдақ

0,45-1,10

1,10-1,20

1,25-1,32

Орташа тығыз

1,10-1,20

1,20-1,30

1,32-1,40

Тығыз

1,20-1,30

1,30-1,40

1,40-1,50

Өте тығыз

>1,30

>1,40

>1,50

Көлемдік салмақтың саyдық мәнін қуыстылықты (саңылаулық) топырақтағы ылғал қорын, қоректік заттарды, қарашірікті, суарғанда суару мөлшерін т.б. санау үшін қолданады.

Топырақ тығыздығының ең толық көрсеткіші қуыстылық немесе саңылаулық болады. Топырақтағы бөлек механикалық элементтер мен құрылымдық агрегаттар бір-біріне тығыз жабысып тұрмайды, агрегаттар ішінде және арасында қуыс қалдырады, оларды саңылау деп атайды. Олардың пішіндері мен келемдері әр түрлі.

Құрылысы бұзылмаған топырақтың жалпы көлеміне пайызбен кәреетілген барлық топырақ саңылауының қосымша көлемі қуыстылық саңклаулкқ деп аталады. Топырақтың қуыстылығымен ылғал және ауа сыйымдылық, су және ауа өткізгіштік, су көтеру қабілеті, аэрация, биологиялық процестердің қарқындыққа мен бағыттығы сияқты қасиеггері тьіғьіз байланысты болады. Топырақ саңылауларында тірі организмдер мен өсімдік тамырлары орналасады.Топырақ өлемінің бұл бөлігінде тығыздың тиімді құнарлылығын барлық процестер етеді және топырақ қуыстылығынан оның үлестік қарсыласуы байланысты.

Жалпы құыстылық топырақтың механикалық құрамына құрылымдылығына байланысты. Табиғи жағдайда ол кең арада 25 тен 80%-дейін ауысады. Өсімдіктердің өсуі мен дамуына ең қолайлы жағдай туатын қуыстылы оңтайлылығы 50-65% арасында орналасады. Ол климаттық және топырақ жағдайына, дақылдардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты болады. Аймақтың ауа-райы құрғақ болған сайын оңтайлы қуыстылық мөлшері төмендейді. Ол қарашірінді көп құрылымды балшықты карбонатты топырақтарда жоғары, қарашірінді құрылымсыз құмды топырақтарда ол төмен болады. Оңтайлы қуыстылық отамалы дақылдар үшін, дәнділерге және көп жылдық шөптерге қарағанда жоғары. Жалпы құрғақ далалы аймақта жалпы қуыстылық оңтайлылығы 48 — 55% арасында болады.

Құмбалшықты және балшықты топырақтардың жалпы қуыстылығының көлемін бағалау үшін Н.А. Качинский келесі шкаланы ұсынды:

70> — артық саңылаулы, топырақ томпақ,

55-65 - өте жақсы. Жыртылатын мәдени қабат.

50-55 — жыртылатын қабат үшін қанағаттанарлық

50< — жыртылатын қабат үшін қанағаттанарлықсыз

40-25 - өте темен, тығыздалған иллювиальды қабаттарға сай.



Жалпы қуыстылықты санау әдісімен топырақтың көлемдік (d) және үлестік (у) салмағымен немесе арнайы бұрғының көмегімен құрылысы бұзылмаған топырақ үлгісін алу жолымен, есептеуге болады. Санау үлгісімен жалпы қуыстылықты анықтау үшін (П) мына формуланы қолданады:

Көлемдік салмағы 1,2 г/см3, үлестік салмағы - 2,6 г/см3 топырақтар үшін жалпы қуыстылық 53,8% тең болады.



В.Н.Слесаревтың [12] ойы бойынша, топырақтың тығыздығын топырақтың қатты фазасы көлемінің топырақтағы көлем бірлігіндегі жалпы қуыстар көлеміне қатынасымен, пайызбен көрсетілген, анықтауға болады:


мұнда: Р — топырақ тығыздығы

Vт.ф. - топырақтың қатты фазасының көлемі, %;

Vn - қуыстар көлемі,%

Мысалы: егер топырақтың қатты фазасы топырақтың жалпы көлемінен 40%, қуыстылық 60% болса, сонда топырақтың тығыздығы төмендегідей болады:

Р=40/60=0,67

Қатты фазаның көлемі артқан сайын және қуыстар көлемі азайған сайын топырақ тығыздығы арта түседі және керсінше.

Қазақстанның негізгі топырақ типтерінің көлемдік салмағы қосымша 1 кестеде көрсетілген.

3 тұр


Үлгін алған орны_________________________________________________

мерзімі_____________________________

Топырақ____________________________________________

Дақыл, топырақты өңдеу_________________________________________

Қабат, см_________________________________

1. патрон (стакан) N_______________________________________

2. патрон көлемі (V) см3__________________________________________

3. патрон салмағы (Рр), г _________________________________________

4. ылғалды топырағы мен патрон салмағы (Р1), г_____________________

5.ылғалды топырақтың салмағы (Р1Р0), г___________________________

А. құрғататын стақан N__________________________________________

Б. құрғататын стакан салмағы, г____________________________________

В. ылғалды топырақпен құрғататын стакан салмағы, (m1), г_____________

Г. Құрғақ топырақпен құрғататын стакан салмағы (W2), г_______________

Е. құрғақ топырақ салмағы (m2-m0), г________________________________

6. патрондағы мүлдем құрғақ топырақтың салмағы (М), г_______________

7. топырақтың көлемдік салмағы (1) г/см3____________________________

8. қуыстылық (0)%________________________________________________

9. салмақтық көлем (d), г/см3_______________________________________
Зертханалық сабақтарда жалпы куыстылықты санау әдісімен анықтағанда топырақтың үлестік салмағынын мәнін оқытушы береді. Топырақ үлгісінің бұзылмаған құрылысының көмегімен жалпы қуыстылықты анықтау әдісі "топырақтың жыртылатын қабатының құрылысын анықтау" тарауында беріледі.


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет