Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті


– сағат Тақырып:Топырақтағы арамшөптердің тұқым қорын және вегетативті



бет12/19
Дата29.03.2017
өлшемі9,45 Mb.
#12535
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

2 – сағат

Тақырып:Топырақтағы арамшөптердің тұқым қорын және вегетативті

көбею мүшелерін анықтау

Көтеген арамшөптердің тұқымдары оңай шашылады, солардың біразы топыраққа түседі. Топырақтың жыртылатын қабатыңда көпжылдық арамшөптердің вегетативтік көбею мүшелері де орналасады.



11 сурет. Калентьев бұрғысы. 1. Қол сапы. 2. Штанга. 3. цилиндр. 4. Пішақ


Сондықтан, алдын ала егістердің ластануын білу үшін арнайы Шевелев, Калентьев ж. т. б. бұрғыларының көмегімен топырақ үлгілерін алып, топырақтағы арамшөптер тұқымдарының қорын және олардың вегетативтік көбею мүшелерін анықтайды (5сурет),

Зерттелетің танаптың ең ұзын диагоналі бойы күзгі өңдеуден кейін немесе кектемде арамшөптердің тұқымдары әлі өнбей тұрған кезде жыртылатын топырақтың әр қабатынан топырақ үлгілері алынады. Участкенің алқабы 50 га дейінгі жерінен 10 үлгі, 50-100 га-дан 20, 150 га-дан жоғары болса 25-30 үлгі алу керек. Содан соң салмағы 2 кг орташа үлгі жасап, оны алдын ала дайындалған этикеткасы немесе нөмірі жазылған целлофан пакетке салады. Пакеттердің нөмірін немесе этикеткадағы жазуын белгілі бір жүйе бойынша жасайды. Мысалы, 2/1(0-10), бірінші сан танаптың нөмірі, алымы-скважинаның нөмірі, болімінде-үлгі алған тереңдігі. Алынған үлгілерді зертханаға апарып ауалы-құрғақ күйге дейін кептіреді. Содан кейін негізгі үлгіден арамшөп тұқымдарын бөлек айыру үшін 1 кг-нан аспайтын үлгілерін алып, диаметрі 0,25 мм, қабырғасының биіктігі 5-7 см елекке салады. Топырақ үлгісін салған електі оң қолмен ұстап, көлемін 3/4 дейін сумен толтырылған үлкен бір ыдысқа, електің қабырғасын ортасына дейін суға батырып ұстайды. Сол қолмен електі қатты баспай топырақ түйішіктерін езеді, 0,25 мм-ден ұсақ тұнба бөлшектерін тез шайып тастау үшін електі бірнеше рет судан алып шығып, қайтадан суға батырып отыру керек. Електегі құм қалдығын басқа ыдысқа шайып тастайды немесе краннан ағып жатқан суы електің астынан мөлдір болып ағылғанша шаю керек.

Сумен шайылған үлгіні фарфор кесеге салады. Топырақтың минералды бөлігінен арамшөптердің тұқымдарын айыру үшін, тығыздығы 1,5 г/см3 -ден жоғары ауыр сұйықтығымен бөліп шығарады. Ол үшін әр түрлі аспаптарды колданады. Олардың ішінде ең қарапайымы штативке бекітілген ауызы кең түтік /немесе түбі кесілген шөлмек/ (5 сурет).Түтіктің немесе шөлмектің аузына қысқышымен бірге резеңке трубканы кигізеді. Шөлмектің ортасына дейін ауыр сұйықты құяды (1 литр суға 530 г поташ немесе 70%-дық хлорлы мырыш ерітіндісін, ас тұзының қою ерітіндісін — 1 л суға 265 г салады). Шөлмектің астына стақанды орнатады. Фарфор кеседегі үлгіні ауыр ерітінді құйылғаншөлмекке салады. Арамшөптердің тұқымдарын қалқып ерітіндінің бетіне шығару үшін қоспаны шыны таяқшамен араластырып отырады. Тұқымдар ерітіндінің бетіне шыққан соң, резеңке трубкадағы қысқышты ашып стаканға шөлмектің астындағы құмды ағызып жібереді.

Құм салған стаканға ерітіндіні құйып шыны таяқшамен бірнеше рет араластырады. Қалқып шыққан барлық тұқымдарды қайтадан шөлмекке салады. Бұл жұмысты стаканның ішінде қалған барлық тұқымдарын шөлмекке ауыстырғанша жасайды. Бұдан кейін шөлмектегі тұқымдарды қағаз сүзбесін салған түтікке құйып, сумен бірнеше рет шаяды. Тұқымдарды қағаз сүзгісімен бірге фарфор немесе алюминий кесеге салып кептіргішке қояды. Іріктейтің тақтайшаға алдын-ала ақ қағазды төсеп, үстіне кептірілген қоспаны төгеді. Содан соң лупаны қолданып арамшөптердің тұқымдарын түрлеріне карай топтарға бөліп санайды да, салмағын өлшейді. Арамшөптердің тұқымдарын анықтаған кезде тұқымдардың суреттерін немесе коллекцияларын қолданады. Есеп мәліметтерін 6 -үлгіге көшіріп жазады.



12 -сүрет Топырақтағы арамшөптердің тұқым қорын және вегетативті

көбею мүшелерін анықтау


4- түр

Топырақтағы арамшөптердің тұқымдарын есептеу

Шаруашылық ______________________________________________

Ауыспалы егіс______________________________________________

Дақыл_____________________________________________________

Арамшөптердің түрі

Топырақ қабаттарының үлгілеріндегі тұқымдардың саны, дана

Барлық қабаттағы тұқымдар, дана

0-10

10-20

20-30















№ - скважина

Кәдімгі қара сұлы

________________

№ 2- скважина

________________

№15 -скважина

_______________

№-15- барлык скважиналарда

Кәдімгі қара сұлы

_______________

Барлық қабаттарды



Үлгідегі арамшөптер тұқымдарының бақылау мәліметтерін аудан өлшеміне (1 м2) немесе мүлде құрғақ топырақтың салмақ өлшеміне аударып санайды. Ол үшін топырақ үлгісін алудың алдында бұрғының ішкі диаметрін өлшеп, оның кесу алаңын мына теңдік арқылы анықтайды:

Мұнда, П=3,14

Д - бұрғының диаметрі, см.

1 м2 - дегі арамшөптер тұқымының саны (N) мына теңдік бойынша анықталады:



Мұнда, m - үлгідегі арамшөптер тұқымдарының саны, дана.

S-бұршның кесетін алаңы, см2.

1000 -1 м2-дың см2-ге аударылған алаңы.

Есептелген санды 10000 м2 көбейтіп 1 га жердегі арамшөптер саның табамыз.

Егер топырақ үлгісі күрекпен алынса, онда арамшөптер санын топырақтың мүлде құрғақ салмақ өлшеміне мына теңдікпен аударып есептейді:



Мұнда, N - 1 кг мүлдей құрғақ топырақтағы тұқымның саны, даңа

а - тұқымды шаю алдындағы топырақ үлгісінің салмағы

W - тұқымды шаю алдындағы топырақ ығалдылығы.,%.

m - үлгідегі арамшөптер тұқымының саны, дана.

1 га-га есепті аудару мына формула бойынша жасалынады:

М=Н х d х 10000 х N

Мұнда, М - 1га-ғы тұқымның саны, дана

Н - анықтайтын терендігі, см сі-

d - көлемдік салмағы, г/см3.

N - 1кг топырақтағы тұқымның саны, дана.

10000-1 га-ғы текше метрлердің саны.

Топырақтың жыртылатын қабатының арамшөптер тұқымымен ластану дәрежесі балды шкала бойынша анықтайды (27-кесте).


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет