немесе тұқымдары
Қара бидай арпабасы 1420
Мысыққұйрық итқонақ 5520
Шырмауық таран 11200
Егiстiк қалуен 19000
Қызғылт қалуен 35550
Кәдiмгi жұмыршақ 78000
Ақ алабұта 100000
Ащы жусан 102000
Кәдiмгi гүлтәжi 500000
Ағынды сарыбас қурай 730000
Арамшөптердің тұқым өнімділігі олардың жаппай себiлген, кең қатарлап себiлген егiстiктерде немесе шүй жерлерде (тұқым себiлмей қалған) өсулерiне байланысты болады.
А.И.Мальцевтiң мәлiмдеуi бойынша мысыққұйрықтың бiр өсімдігі тары егiсiнде өскенде 552 тұқым берсе, күздiк қара бидай егiсiнде барлығы 29 тұқым берген. Бидай егiсiнде және шүй жерде өскен қара сұлының өнімділігі туралы В.П.Томиловтың жүргiзген бақылауларының нәтижелерi де көңіл бөлуге тұрарлық (1 кесте).
1 Кесте Қара сұлының бидай егiстiгiндегi және шүй (бос) жерлердегi өнімділігі
Көрсеткіштер
|
Бидай сабақтары арасында
| Бос жерлерде |
Өсімдіктер саны, дана/м2
Өнімді түптену, дана
Сабақтар саны, дана/м2
Бір өсімдіктегi дәннiң саны, дана
Шашылған тұқымдар, дана/м2
|
5-10
1-2
5-15
3-200
50-300
|
7-15
5-30
50-200
300-3000
3000-15000
|
Отамалы дақылдардың арасында кеш өнетін арамшөптер өте жақсы дамиды. Н.В.Милащенко мен И.Н.Кузин атап көрсеткендей көк итқонақтың бiр өсімдігі бидай егiсiнде 145 дана тұқым берсе, жүгерi арасында 4063 дана, немесе 27,9 есе көп тұқым берген. Ендеше арамшөптердің тұқым өнімділігі оның өскен ортасындағы жағдайға байланысты болады.
Тұқымдардың шамасы (iрiлiгi).
Арамшөптердің тұқымдарының шамасы олардың ұзындығы, көлденеңi және қалыңдығы арқылы анықталады. қалыптасқан түсiнiк бойынша тұқымның ең ұзын өлшемi оныңұзындығы, енi – орташа, қалыңдығы ең кiшi өлшемi болып табылады. Профессор В.Н.Доброхотов (11) тұқымдарды iрiлiгi бойынша мына топтарға бөледі:
Тұқымдардың ұзындығы(iрiлiгi) Тұқымның өлшемi, мм
бойынша топтары
Өте iрi >8
Ірi 4-8
Орташа 2-4
Ұсақ 1-2
Өте ұсақ < 1
Тұқымдардың өлшемдерінiң тауарлық және тұқымдық астықты тазалағанда, топтарға бөлгенде маңызы зор. Тұқымдардың өлшемдерімен қатар әр тұқымдарды қалықтап тұратын жағдайда ұстайтын тiк бағыттағы ауа ағынының жылдамдығын бiлу керек. Мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының өлшемдері мен ауаның оларды қалықтау жағдайында ұстап тұра алатын жылдамдығы 2-ші кестеде берiлген.
2 Кесте. Мәдени өсімдіктер мен арамшөптер тұқымдарының салыстырмалы өлшемдері және ауаның оларды қалықтау жағдайында ұстайтын жылдамдығы
Атаулары
|
Ұзындығы, мм
|
Енi, мм
|
Жуан-дығы, мм
|
Ауаның жылдамдығы, м/сек
|
|
Мәдени өсімдіктер
|
|
Бидай
Арпа
Сұлы
Қарақұмық
Тары
|
4,0-8,6
7,0-14,6
8,0-18,6
4,4-8,0
1,8-3,2
|
1,6-4,0
2,0-5,0
1,4-4,0
3,0-5,2
1,2-3,0
|
1,5-3,8
1,4-4,5
1,2-3,6
2,0-4,2
1,0-2,2
|
8,5-11,5
8,4-10,8
8,0-9,0
2,5-9,5
2,5-9,5
|
|
Арамшөптер
|
|
Далалық шырмауық
Мысыққұйрық итқонақ
Кәдiмгi қара сұлы
Шырмауық таран
Қызғылт қалуен
|
3,0-4,1
1,2-2,5
15,0-25,0
2,7-4,1
2,2-3,8
|
1,4-3,4
0,9-1,7
1,4-3,2
1,7-2,9
0,9-1,5
|
1,1-2,8
0,6-1,3
1,2-3,0
1,6-2,6
0,6-1,2
|
4,5-10,0
2,0-6,5
5,5-8,3
2,9-7,1
3,5-6,5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Келтiрiлген көрсеткіштердi саралай келе арамшөптер мен мәдени дақылдардың тұқымдарын бiр-бiрiнен бөлудi мына негiзде жүргiзуге болады
1) аэродинамикалық қасиеттерiне қарай, ауаның тұқымдарды қалықтау жағдайында ұстайтын жылдамдығы негiзiнде;
2) қалыңдығына қарай, ұзынша тесiктерi бар елеуiштерде;
3) енiне қарай, дөңгелек тесiктерi бар елеуiштерде;
4) ұзындығына қарай, iрi және ұсақ ұялары бар цилиндрлiк триерлерде. Бұл үшiн цилиндр айналғандаұялардан ұзын дәндер қысқаларынан бұрын құлайтындығы пайдаланылады.
Тұқымдардың таралу жолдары.
Арамшөптердің тұқымдары негiзiнен желдiң, судың, жануарлар мен адамдардың көмегiмен тарайды. Олардың көбi мәдени дақылдардың тұқымдарымен бiрге бiр аймақтан екiншi аймаққа ауысады.
Желдiң көмегiмен арнайы бөліктерi бар арамшөптердің тұқымдары тарайды – күрделi гүлдiлер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ұшпа ұрықтары, қаңбақ пен ақ гүлтәжiнiң өсімдіктерi домалап бара жатып тұқымдарын шашады.
Көптеген арамшөптердің тұқымдары ағын сулар арқылы таралады. Мысалы, қара сұлының көгі сайларда, тағы басқа ойпаң жерлерде көп болады. Суармалы егiншiлiкте де арамшөптердің тұқымдары негiзiнен пайдаланылатын су арқылы таралады.
Жануарлар арқылы арамшөптер тұқымдарының әр түрлi iлмектерi барлары (тiкендi ошаған, кәдiмгi кәріқыз) және арамшөптермен ластанған мал азықтарын жегенде таралады.
Арамшөптер тұқымдарының таралуы адамдардың iс-әрекетiне де байланысты. Мысалы, Солтүстiк Америкадан Еуропаға гүлтәжi, Канада майдажелегi, жусан жапырақты ойраншөп адамдармен бiрге ауысқан. Осы жолмен Америкаға далалық шырмауық, жатаған қызғылт у кекiре және Канадада орыс түйетiкенi аталған қаңбақ та келген (35, 86).
Тұқымдардың тыныштығы.
С.А.Воробьев және А.М.Тулайков (17) арамшөптерде табиғи және мәжбүр болған тыныштықтың болатынын көрсетеді. Табиғи (терең немесе физиологиялық) тыныштық тұқымдарда физиологиялық, биохимиялық процестердiң аяқталуынан, су және ауа өткізбейтін қабаттың болуынан (ақ түйежоңышқа, бұдыр таран), жамылғы қабаттарында олардың өнуіне кедергi жасайтын ингибиторлардың болуына (дала қышасы, кәдiмгi қара сұлы, қара меңдуана) байланысты.
Мәжбүр болған тыныштық сыртқы ортаның жағдайларының қолайсыздығына (ылғалдың жетiспеуi, жылудың көптiгi, жарықтың болмауы) байланысты болады. Кейбiр арамшөптердің тұқымдарының өнуінiң созылмалы-шұбалаңқы болуы олардағы бiр өсімдіктiң өзінде биологиялық әр түрлi типтегi тұқымдардың болуына байланысты. Мысалы, қара сұлының шашақ басының төменгi жағындағы iрi тұқымдар егiн жинағанға дейiн тұрады да, жиналған өніммен бiрге кетедi. Шашақ басының жоғарғы жағындағы ұсақ тұқымдар егiн жинағанға дейiн шашылып топыраққа түседi де, 2-3 жылдан кейiн өнеді. Шашақ басының ортасындағы тұқымдар да егiн жинағанға дейiн шашылады, бiрақ келесi жылы өнiп шығады.
Ақ алабұтаның тұқымы да үш түрлi: iрiлерi – жалпақ, қоңыр, топырақта тез өнеді; кiшiлерi – тығыз қабықты, қара және жасыл қара – тек екiншi жылы ғана өнеді; өте кiшiлерi – домалақша, қара, тек үшiншi жылы ғана өнеді (Доспехов Б.А., тағы басқалар, 1987).
2-сағат 6 дәріс
1.6.1 Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу қағидалары және танаптың арамшөптену картасы
Тұқымдардың өміршеңдiгiн сақтауының ұзақтығы.
Бұл сұраққа А.И.Мальцев (42, 60), А.Крафтс және У.Роббинс (35) өз еңбектерiнде көп көңіл бөледі. Бiрақта, әңгiме көбінесе кептiрiлген гербарийлерде немесе құм салынған шөлмектерде 45 см тереңдiкте көмiлiп ондаған жылдар сақталған тұқымдар туралы болады. Осындай жағдайларда тексерiлген тұқымдардың өміршеңдiгi олардың бұл маңызды қасиеттерi туралы нақты мәлiметтер бере алмайды.
Жыртылатын қабаттың беткi бөлігіндегi тұқымдар әрқашан жылудың, суықтың, ылғалдың, кебудiң, күн сәулесiнiң әсерiне ұшырайды, топырақты өңдегенде үйкеледi, оттегi еркiн келiп тұрғанда өздерінің өнгіштігін ұзақ сақтай алмайды. Мысалы, В.П.Томиловтың тәжiрибелерiнде топыраққа сiңiрiлген қара сұлының тұқымдары үшiншi жылы өздерінің өміршеңдiгiн толық жоғалтқан (3- кесте).
3 Кесте. Әр түрлi тереңдiкке сiңiрiлген қара сұлының тұқымдарының танаптық өнгiштiгi
Топырақтағы уақыты*
|
Тереңдiктен өнгенi, %
|
5 см
|
10 см
|
20 см
|
30 см
|
Бiрiншi жылы (1961)
Екiншi жылы (1962)
Үшiншi жылы (1963)
|
50,9
6,9
0,0
|
60,2
8,2
0,0
|
28,2
4,1
0,0
|
0.0
0,9
0,0
|
*Тұқымдар топыраққа 1960 жылы қыркүйекте сiңiрiлген.
А.Н.Киселевтiң мәлiметтерi бойынша көпшiлiк арамшөптердің тұқымдары топырақта өздерінің өнгіштігін 2-5 жыл сақтайды, тек қатты су өткізбейтін қабығы барлары ғана өздерінің өміршеңдiгiн ұзағырақ сақтай алады.
Тұқымдардың өну жағдайына талабы.
Тұқымның өнуіне әсер ететiн жағдайлар өте көп. Олардың iшiнде басты шарттарға жылу, ылғал және оттегi жатады. Бұлар жеткiлiктi болғанда әр түрлi арамшөптердің жаппай өнiп шығуы байқалады. Бұл жағдай көктемде және жаздың басында жауыннан кейiн ерекше байқалады. Топырақтың құрғауына байланысты арамшөптер тұқымдарының өнуі де тоқталады. Күздiк және ерте өнетін арамшөптер 10-120С, кейде 250С өнеді. Сонымен қатар тұқымдардың жаппай өнуіне тек температураның өзі емес, осы уақытқа дейiнгi жылылық температуралар жиынтығы да әсер ететiнiн ескеру керек.
П.П.Колмаковтың мәлiмдеуiнше қара сұлының көгі көктемнiң басынан бастап температуралар жиынтығы 2600С болғанда ғана қаулап шығады. Мұндай көрсеткіштердiң болуы арамшөптер көгінiң жаппай көктеп шығу мерзiмiн болжауға мүмкiндiк бередi. Тұқымдардың өнуіне әсер ететiн басқа жағдайлар қатарына жарық пен қараңғылықты, жемiс және тұқым қабаттарында механикалық жарақаттардың болуын, тұқымдардың пiсiп-жетiлу деңгейiн, олардың топырақта жатуының ұзақтығын, қыстау жағдайларын (жердiң бетiнде, топырақта, қамбада), топырақ ерiтiндiсiндегi нитраттардың мөлшерін жатқызуға болады.
Толық пiсiп жетiлмеген тұқымдар пiскендерге қарағанда тезiрек өнеді. Мысыққұйрық тұқымдары қараңғыда өнеді, ал алабұтанікі тек жарықта өнеді . Қабықтары жарақат алған тұқымдар қабықтары сауларға қарағанда тезiрек өнеді. Топырақта қыстап шыққан тұқымдар жердiң бетiнде немесе қамбада қыстағандарға қарағанда тезiрек өнеді . Сондықтан арамшөптердің тұқымдарын күзде топыраққа сiңiру олардың көгін көктемде, егiн сепкенге дейiн толығырақ жоюға мүмкiндiк бередi.
Топырақтағы тұқым қоры.
Топырақтың арамшөптер тұқымдарымен ластануын бағалау өте қиын, себебi олардың мөлшерінiң ауытқулары болжауға келмейтiн шамада болуы мүмкiн. Тек бiр заңдылықты ғана нақты айтуға болады: егiншiлiк мәдениетiнiң деңгейi төмендеген сайын топырақтың арамшөптер тұқымдарымен ластануы арта түседi. Суармалы егiншiлiкте суарылмайтын жерлерге қарағанда арамшөптер көп, себебi ол жерлерде тұқым өнімділігі жоғары арамшөптер (кәдiмгi гүлтәжi) таралған. А.Г.Дояренко бiр гектар жердiң жыртылатын қабатында 5-6 млрд. дана арамшөптердің тұқымы болған жағдайларын байқаған.
Х.А.Робертс арнайы шолуында топырақтың жыртылатын қабатында 6 млн., 40 млн, 800 млн, тiптi 4,96 млрд дана арамшөп тұқымдары болғаны туралы мәлiметтер келтiредi. Ол арамшөптер тұқымдарының санының егiншiлiк мәдениетiнiң деңгейiне байланысты екенiн атап көрсетеді.
Ақмола АШИ егiншiлiк кафедрасының тәжiрибелерiнде жаздық бидайды сүрi танапқа сепкенде бiр гектар жердiң 0-30 см қабатында арамшөптердің 16,6 млн. дана өміршең тұқым болса, ал 40 т/га көң сiңiрiлген варианттарда – 22.1-23.2 млн дана тұқым болған. Топырақтағы арамшөп тұқымдарының санын кемiту үшiн арамшөптердi тұқым байлағанға дейiн жою керек.
Арамшөптер тұқымдарының топырақта таралуы.
Топырақтың жыртылатын қабатындағы арамшөптер тұқымдарының таралуына топырақты өңдеу тәсiлдерi әсер етедi. Жердi жырту мен жазықкескiштi культиваторлармен өңдеудi салыстыру өте қызықты. °р туындыгердiң мәлiметтерiнде кейбiр айырмашылықтар болса да, жалпы заңдылық анық байқалады. П.Ф.Иониннiң мәлiметтерiнде жердi 20-22 см тереңдiкке жыртқанда арамшөптер тұқымдарының 47,1% беткi 0-10 см қабатта, қалған 52,9% 11-20 см қабатта орналасқан, ал жазықкескiшпен өңдегенде арамшөптердің тұқымының 97,4% беткi 0-10 см қабатта орналасыпты.
Астық шаруашылығы институтындағы Нестеренко А.М. және басқалардың тәжiрибелерiнде бiр рет 10-12 см тереңдiкте жазықкескiшпен жүргiзiлген культивациядан кейiн жердiң бетiнде және 0-4 см қабатта көк мысыққұйрық тұқымдарының 82,2% және қара сұлының барлық (100%) тұқымдары болыпты .
Жүргiзiлген тәжiрибелердiң нәтижелерiн талдай келе мынадай қорытындылар жасауға болады:
1) жердi жыртқанда тұқымдарының жартысынан артығы 11-20 см тереңдiкке сiңiрiлгенiмен оны қара сұлымен күрестiң тиiмдi шарасы санауға болмайды, себебi 0-10 см қабаттағы тұқымдардың мөлшері егiстiктi ластауға жеткiлiктi болады.
2) жазықкескiшпен культивациялағанда тұқымдардың негiзгi бөлігінiң жердiң бетiнде және 0-4 см тереңдiкте орналасуына байланысты аз жылдық арамшөптермен арандату арқылы күресте күзгi өңдеу мен ерте көктемдегi тырмалаудың маңызын қайта қарау керек.
Сiңiру тереңдiгi.
Академик А.И.Мальцев бiрқатар ғалымдардың еңбектерiн (С.А.Котт, Г.А.Чесалин) талдай келе көптеген арамшөптердің тұқымдарының өнуіне қолайлы тереңдiк 0-5 см, кейбiреулерiне 10 см дейiнгi тереңдiк деп қорытады. Олардың көптеген түрлерi, тұқымдары ұсақ болғандықтан, 10 см артық тереңдiктен өнiп шықпайды.
В.П.Томилов қара сұлы көгінiң ең көп мөлшері тұқым 5-10 см тереңдiкте болғанда шыққанын анықтаған. Тұқым 20 см терең орналасқанда олардың өскiндері жер бетiне жете алмаған.
Тұқымдар орналасқан тереңдiк ұсақ тұқымды арамшөптердің танаптық өнгіштігіне күштi әсер етедi. Н.З.Милащенко және И.Н.Кузиннiң деректерi бойынша мысыққұйрық тұқымдарының 3-5 см тереңдiктен 67,2-66,5% кқктеп шықса, тереңдiк 5 см артық болғанда олардың өскiндерi жер бетiне жете алмаған. Арамшөптер көгінiң 10-15 см тереңдiктен шығуы көктемнiң және танаптың жағдайына байланысты болады, бiрақ та олар кешiгiп, нашарлап, қалжырап шығады. Сонымен қатар, топырақ өңдеу тәсiлдерiнiң ешбiрi де арамшөптердің барлық түқымдарын 10-15 см артық тереңдiкке сiңiрудi қамтамасыз ете алмайды, олардың бiраз мөлшері 0-10 см қабатта қалады.
1.6.2 Арамшөптерді агробиологиялық жіктеу және картаға түсіру
Арамшөптердi жiктеу.
Арамшөптермен кешендi күрес шараларын жүргiзу үшiн оларды Құс ас ерекшелiктерiне қарай топтарға бұлiп жiктеудiң маңызы зор. Бiрiншi кезекте арамшөптiң ботаникалық класын анықтау керек. ұсiмдiктердi қосжарнақтылар класына (dicotyledoneae) және даражарнақтылар класына (monocotyledoneae) бөледі. Бұл класс өкiлдерiнiң вегетативтiк және генеративтiк органдарының морфологиялық және анатомиялық ерекшелiктерi бар. Оларды арамшөптермен химиялық күрес шараларын жүргiзген жағдайда ескеру керек, себебi гербицидтi таңдау соларға байланысты.
Қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктердің ұрығы екi тұқым жарнақты, жапырақтары жалпақ, көбінесе сабаққа көлденең орналасқан, құс қанаты сияқы тарамдалған, ал дара-жарнақтылардың ұрығы бiр жарнақты, жапырақтары жiңiшке, бiр бағытты тарамдалған және сабаққа сүйiр бұрышпен орналасқан. Даражарнақтылардың өкiлдерi кәдiмгi қара сұлы, мысыққұйрық, тауық тарысы, жатаған бидайық т.б. қосжарнақтыларға қызғылт қалуен, татар ақсүттiгенi, далалық шырмауық т.б. жатады.
А..И. Мальцев) өсімдіктердi талдауды олардың өсетін жерiне, қабаттылығына, топырақтың механикалық құрамына, ылғалдылығына қоятын талабына және басқа белгiлерiне қарап жүргiзедi.
Өсетiн жерiне қарай төмендегiдей бөлiнедi: 1) танаптық немесе егiстiк арамшөптер. Олардың өкiлдерi үнемi өңделетін танаптарда өседі; 2) қоқыстық өсімдіктер. Бұл топтың өкiлдерi негiзiнен тұрғын үйлер және басқа да ғимараттардың маңында, алаңқайларда, тоғандар мен жолдардың маңайында өседі; 3) табиғи жайлымдардың, шалғындықтардың, басқа да мал азығына пайдаланылатын жерлердiң арамшөптерi. Бұл топтағы өсімдіктердi малдар нашар жейдi, сондықтан малды ол жерлерде ретсiз көп жайғанда осы топтағылардың саны тез артады.
Бiрақта, бұл үш топтағы арамшөптердің арасында айқын шекара жоқ. Мысалы, түйетiкен тек шабындықта емес, алаңқайларда да өседі. Ақ алабұта, көкпек, кенепшөп, гүлтәжi үйлердiң маңында және ауыл шаруашылығы дақылдарының егiстiктерiнде де кездеседi.
Арамшөптердi қат -қабаттылығына қарай бөлу: 1) жоғарғы қат -қабаттың арамшөптерi (қалуендер, ащы жусан, кенепшөп, ақ алабұта, көкпек) – олар дәндi дақылдардан, картоптан биiк өседі; 2) ортадағы қабаттың арамшөптерi (жабайы шомыр, кәдiмгi қарамықша, далалық арпабас, көк гүлкекiре, кәдiмгi қара сұлы); 3) төменгi қабаттың арамшөптерi (кәдiмгi қазтабан, кәдiмгi жұмыршақ, егiстiк ярутка). Төменгi қабаттың арамшөптерi көлеңкеге төзімдi келедi. Кейде төменгi қабатта ортадағы қабаттың өсіп-даму жағынан мәдени дақылдардан кейiн қалған арамшөптерi (итқонақ, гүлтәжi) кездеседi. Олар көлеңкелiкке нашар төзедi, сондықтан өте әлсiреген жағдайда болады және өздерінің тұқым өнімділігін күрт төмендетедi.
Өндiрiсте арамшөптердi агробиологиялық топтарға бөлу арқылы жiктеудiң маңызы зор. А.И.Мальцев бұл жiктеу сұлбасын дайындаған Н.С.Соколов (1935) екенiн көрсетеді, ал Н.С.Соколов бұл сұлбаның А.И.Мальцевтiң, Л.И.Казакевичтiң және Э.Корсмоның еңбектерiн ескерiп жасалғанын жазады. Жiктеудiң бұл тәсiлiн қолдануға қолайлы, сәттi жасалған деуге тұрарлық. Барлық арамшөптер қоректену ерекшелiктерiне қарай тоғышар және тоғышар емес (жасыл өсімдіктер) болып бөлiнедi. Әрi қарай жасыл өсімдіктер тiршiлiгiнiң ұзақтығына байланысты аз жылдық және көп жылдық болып бөлiнедi. Ал көп жылдықтырдың өзін олардың вегетативтi көбеюге қабiлеттiлiгiне, тамыр жүйесіне қарап әр түрлi топтарға ажыратады. Тоғышарлы және жартылай тоғышарлы өсімдіктердің сабақтық және тамырлық түрлерi болады.
Аз жылдық арамшөптер.
Аз жылдық арамшөптер тек тұқымдары арқылы көбейедi. Олардың тiршiлiгiнiң ұзақтығы бiр-екi жылдан аспайды. Тұқым бергеннен кейiн өзінiң тiршiлiгiн тоқтатады. Даму кезеңiнiң ұзақтығына және биологиялық ерекшелiгiне қарай эфемерлер, жаздық, қыстайтын, күздiк және екi жылдық арамшөптер болып бөлiнедi.
Эфемерлер (раң тәрiздiлер). Оларға даму кезеңi өте қысқа және тез өте тiн арамшөптер жатады. Қолайлы жағдай болғанда бұл топтың кейбiр өкiлдерi бiр жылда бiрнеше ұрпақ бере алады. Негiзгi өкiлдерi: дымқыл жұлдызшөп, сеппе көкнәр.
Жаздық ерте өнетіндер. Бұл топтың арамшөптерiнiң тұқымдары ерте көктемде, топырақ 10-120 С жылығанда өнеді, жазда бiр ұрпақ бередi. Күзде шыққан көгі суық түсе үсiп қалады. Олардың өкiлдерi: көкпек, ақ алабұта, арам кенепшөп, қара сұлы, шырмауық таран, жабайы шомыр, дала қышасы тағы басқалар .
Аталған өкiлдердiң, қаңбақтан басқаларының көгі мамырдың екiншi онкүндiгiнде немесе үшiншi онкүндiгiнiң басында шыққан жағдайда қайталап соққан суықтар мен жер бетiндегi бозқыраудан үсидi. Себебi олар төмен температураның әсерiне өте сезiмтал келедi.
Қыстайтындар. Бұл топтағылардың биологиялық ерекшелiктерi, олар көктем мен күздiң жағдайына байланысты, жаздық дақылдар немесе күздiк дақылдар сияқты өсіп-дами алады. Егер арамшөптер көктемде көктеп шықса, олар жаздық дақылдар сияқты дамып, күзде тұқым бередi. Күзде көктеген арамшөптер қыстап шығып, келесi жылы өз тiршiлiгiн әрi қарай жалғастырады, былайша айтқанда күздiк дақылдар сияқты өсіп-дамиды. Бұл топқа егiстiк ярутка, кәдiмгi жұмыршақ, сарыбас қурай, иiссiз түймедақ т. б. жатады.
Күздiктер. Бұл топтағы арамшөптер көздерінің даму айналымын толық аяқтау үшiн күзгi-қысқы суықтың әсерiн қажет етедi. Тұқымының бiрiншi жылы көктемде, жазда немесе күзде көктегенiне қарамай қысқа дейiн тек тамыр маңайындағы жапырақтардың тобын құрады, ал астық тұқымдастар тек түптенедi де, қысқа түседi. Келесi жылы сабақтанып, гүлдейдi және тұқым бередi. Негiзiнен олар күздiк дақылдардың егiстiктерiн ластайды. Бұл топтағылар көп емес. Солтүстiк Қазақстанда жаздық дәндi дақылдардың егiстiктерiнде кездеспейдi. өкiлдерi: қара бидай арпабасы, далалық арпабас, кәдiмгi сiпсебас.
Екi жылдықтар. Бұл топтағы арамшөптер өздерінің даму айналымын аяқтау үшiн екi вегетациялық маусымды керек етедi. Басқаша айтқанда, олардың қыстайтын бiржылдықтар мен күздiктерден айырмашылығы оларға толық екi жаз керек. Тұқымдары күзде көктесе олар екi рет қыстайды. Бұл топтың өкiлдерiнiң қатарына қара меңдуана, сары түйежоңышқа, ақ түйежоңышқа, кәдiмгi кәрiқыз, бұйра түйетiкен т. б. жатады.
Көп жылдық арамшөптер.
Көп жылдық арамшөптердің тiршiлiгiнiң ұзақтығы екi жылдан артық болады. Тiршiлiк кезеңiнде олар бiрнеше рет гүлдейдi және тұқым бередi. Кейбiр көп жылдық арамшөптер - атпатамырлары және тамырсабақтары арқылы - вегетативтiк жолмен де көбейе алады. Көп жылдықтар өздерінің вегетативтiк көбею мүмкiндiктерi, тамырларының түрлерi және түйнектер мен пиязшықтар құруларына қарай топтарға бөлiнедi.
Атпатамырлылар. Бұл топтағы арамшөптер тұқымдары арқылы және тамыр атпасы, тамыр бұтақшаларының көмегiмен көбейе алады. Оларды көп мөлшерде қоректiк заттардың қорын жинаған және тамыр бүршiктерi бар терең таралған тамыр жүйесi сипаттайды. Олар ең қауiптi және жоюы қиын арамшөптер, барлығы қосжарнақтыларға жатады. Олардың өкiлдерi: қызғылт қалуен, далалық (сары) қалуен, көгілдiр қалуен (татар ақ сүттiгенi), далалық шырмауық, жатаған қызғылт у кекiре, кәдiмгi сиякөк, талшықты сүттiген және басқалар.
Тамырсабақтылар (көгентамырлылар). Бұл топтағы арамшөптер тұқымдары арқылы және вегетативтiк жолмен көбейедi. Олардың тамырсабақтар деп аталатын буындары бар ұзын ақшылт жерасты сабақтары болады. Тамырсабақтар тiк және көлденең орналасады. Оларда қоректiк заттардың қоры жиналады және өркендер мен шашақты тамырлар құратын қолтық бүршiктер болады. Өркендердiң бiр бөлігі жер бетiне шығады, ал бiр бөлігі жер асты өркендеріне – тамырсабақтарға айналады. Тамырсабақты арамшөптердің жер асты бөліктерi арқылы өте тез көбеюге мүмкiндiктерi бар, олар бiрте-бiрте басқа өсімдіктердi ығыстырып алаңқайлар құрайды. Өкiлдерi: жатаған бидайық, бұтақты бидайық, қарашағыр т. б. .
Өрмелегiштер. Бұл топқа жататын арамшөптер жер бетiндегi өркендерi (мұртшалар мен сабақтар) арқылы көбейедi. Жер бетiнде жатқан сабақтардың буындарында пайда болған тамырлар арқылы жерге бекидi. Бұл топтағылардың қатары онша көп емес. құрғақшылық жағдайда кәдiмгi қазтабан кездессе, ылғалды жерлерде – жатаған сарғалдақ кездеседi.
Кiндiк тамырлылар. Бұл топтағы өсімдіктердің топыраққа тереңге бойлайтын кiндiк тамыры болады. Ол өсімдіктiң бүкiл тiршiлiгiнде өзінiң өміршеңдiгiн сақтайды. Жер бетiндегi бөлігі жылда тамыр мойнындағы бүршiктен өсіп шығады. Кейбiр жағдайда тамыр мойны көп басты болуы да мүмкiн. Кiндiктамырлы арамшөптермен күрестiң көптеген қиындықтары бар. Оларды тамыр мойнынан төмен кескенде қайтадан өсіп шықпайды. Өкiлдерi: ащы жусан, бұйра қымыздық, кәдiмгi бақ-бақ.
Шашақтамырлылар. Бұл топтағы арамшөптердің негiзгi тамыры қысқарған, бүйiрлiк жiңiшке тамырлары жақсы дамыған және шашақты тамыр шоғырын құрайды. Бұл топтағылардың саны көп емес, олармен күрес аса қиындық туғызбайды. Олардың өкiлдерi: үлкен бақажапырақ (жолжелкен), күйдiргi сарғалдақ.
Түйнектi арамшөптер. Бұл топтағы арамшөптердің вегетативтiк көбеюдiң құралы болып табылатын түйнек тәрiздi жерасты органы болады. Онда қоректiк заттардың қоры жиналады. Солтүстiк Қазақстан егiстiктерiнiң ойпаң ылғалды жерлерiнде түйнектi ноғатық (чина) кездеседi. Бұл топтың басқа өкілі – түйнектiқозықұлақ - егiстiктерде кездеспейдi.
Бадана (жуа) тамырлылар. Бұл топтағы арамшөптер тұқымдарымен және пиязшықтары арқылы көбейедi. Лала тұқымдастығына жатады. Агротехниканың қазiргi деңгейiнде егiстiктерде кездеспейдi деуге болады. өкiлдерi: жұмыр жуа, жабайы жуа.
Паразит және жартылай паразит арамшөптер.
Жартылай тоғышар арамшөптердің хлорофилi және дамыған жапырақтары болады. Олардың көпшiлiгi иесi болатын өсімдіктi таба алмаған жағдайда тамырларын жайып, автотрофты қоректенуге көшедi. Бiрақта, үлкен сылдырмақ туралы басқаша да мәлiметтер бар (Сорные растения СССР, 1935, том IV). Егер өсіп шыққаннан кейiн алты аптада иесi болатын өсімдік таппаса олар өлетiн көрінеді. Жартылай тоғышар арамшөптер тамырлық (үлкен сылдырмақ, кеш қандауыр) және сабақтық (ақжидек) болып бөлiнедi. Кейiнгiлерi иесi болатын өсімдіксiз өмір сүре алмайды.
Тоғышар арамшөптер өздiгiнен қоректену қабiлетiн жоғалтқан, сондықтан өзіне керектi заттардың бәрiн иесi болып табылатын өсімдіктерден алады. Олардың тамырлары, хлорофилi жоқ жапырақтары да түбегейлi өзгерiске ұшыраған . Олар тамырлық тоғышарлар (сұңғыланың түрлерi) және сабақтық тоғышар (арамсояудың түрлерi) болып бөлiнедi.
Арамшөптердің салалық классификаторы. Ауыл шаруашылығына агрохимиялық қызмет көрсету орталық институтында (ЦИНАО) классификатор дайындалған, оған 400-ден астам арамшөптер енгiзiлген. Онда әр өсімдікке төрт саннан тұратын код берiлген, олар өсімдіктiң ботаникалық класын, тiршiлiгiнiң ұзақтығын, биологиялық ерекшелiгiн (жаздық, қыстайтындар және т.б.), арамшөптiң түрлiк аталуын көрсетеді. Мысалы, кәдiмгi қара сұлы 1150, кәдiмгi гүлтәжi 4287, далалық шырмауық 5420, т.т. Арамшөптердің коды танаптардың арамшөптермен ластануы туралы мәлiметтер қорын дайындауға, оларды ЭЕМ пайдаланып өңдеуге, гербицидтердiң қажет мөлшерін анықтауға және оларды облыстарға бөлуге керек. Егiстiктердiң арамшөптермен ластануының қорытынды тiзiмiнде арамшөптердің атымен қатар оның коды да көрсетiлуi керек.
Карантиндi арамшөптер. ТМД елдерiнде таралған арамшөптердің арасында Қазақстанда жоқ немесе аз таралған, бiрақ таралу мүмкiндiгi мол, өте зиянды түрлерi бар. Мұндай арамшөптердi карантиндi арамшөптер деп атайды және олардың жаңа жерлерге таралуын шектейтiн ерекше қатаң шаралар қолданылады. Бақылауды Мемлекеттiк карантин инспекциясы атқарады. Карантин қойылған заттар кiрер алдында арнайы шекара бекеттерiнде сыртқы алғашқы карантиндiк бақылаудан өтедi. Елдiң iшiнде қабылдайтын жерлерде шет елден келген карантин қойылған заттар екiншi рет карантиндiк бақылаудан өтедi. Мемлекеттiк карантин инспекциясы iшкi карантин шараларын да жүргiзедi. Олар карантин қойылған өсімдіктердің ел iшiнде таралуына жол бермеуге, тыйым салынған заттар ошағын дер кезiнде анықтап, таралуына жол бермеуге бағытталған. Бұл мақсатта ауыл шаруашылығы алқаптарын жүйелi түрде байқаудан өткізіп отырады.
Қазіргі кезде тыйым салынған (карантиндi) 12 арамшөптiң бесеуi Қазақстанда кездеседi, олар: жусан жапырақты ойраншөп, күнбағыс арамшөбi, жатаған қызғылт у кекiре, тікенді алқа және арамсояулар (зығыр,құлмақ тәрізді, Леман арамсояуы т.б.). Қалған түрлерi ТМД елдерiнде және алыс шет елдерде кездеседi: үштармақ ойраншөп, теңіз маңының ойраншөбі, сыпыртқы ойраншөп т.б. Карантиндi арамшөптер туралы толық мәлiметтердi арнайы басылымдардан алуға болады .
Улы арамшөптер. Арамшөптердің кейбiр түрлерi улы болып келедi және адамдарға, малдарға үлкен қауiп туғызады (1). Өсiмдiк түгелдей (меңдуана, сасық меңдуана) немесе жас көктерi (құмай), тұқымдары (сарыбас қурай, арам шытырмақ) улы болып келуi мүмкiн. Бәрiнен бұрын улы өсімдіктер жануарлар үшiн зор қауiп туғызады. Себебi олар мал азықтарымен (шөп, сабан, жем) бiрге түсуi мүмкiн.
Улы арамшөптердің қатарына кәдiмгi қарамықша, қыздырма үй бидайық, жатаған у кекiре, күйдiргi сарғалдақ, қара меңдуана, жусан жапырақты ойраншөп т.б. жатады.
Қара меңдуана мен сасық меңдуананың балалар үшiн қауiптiлiгi ерекше. Бұл өсімдіктер үйлер мен алаңқайларда жиi кездесуi мүмкiн. Оларды дер кезiнде анықтап, жою керек.
1.7. Дәріс Танаптарды ластану
1.7.1 Танаптардың ластануын анықтау. Танаптардың ластануын анықтаудың бiрнеше әдiстерi бар: 1) шамалап немесе көзбен шолу арқылы анықтау, 2) санау арқылы анықтау, 3) санау және салмағын өлшеу әдiсi, 4) қашықтан немесе жоғарыдан шамалап анықтау әдiсi. Онда ұшақтан, тiкұшақтан видеожазу немесе телерепортаж жүргiзiледi де, дайындалған жадығаттар жерде өңделедi.
Егiстiктiң ластануын шамалап немесе көзбен шолу арқылы анықтау әдiсi үлкен алқаптарды тез тексеруге мүмкiндiк бередi. Бiрақ бұл әдiстiң дәлдiгi төмен болады. Сондықтан тек өндіріс жағдайында танаптарды гербицидпен өңдеу алдында пайдаланылады. Егiстiктердiң ластану деңгейi А.И.Мальцевтiң шәкілі бойынша анықталады (4- кесте).
4 Кесте. Егiстiктердiң ластануын бағалаудың шәкілі
Ластану деңгейiнiң сипаттамасы
|
Ластану деңгейi
| Балл |
Егiстiкте жекелеген арамшөптер кездеседi
|
Шамалы
|
1
|
Арамшөптер егiстiкте аз мөлшерде кездеседi және мәдени өсімдіктердің арасынан аса байқалмайды
|
Орташа
|
2
|
Егiстiкте арамшөптер көп, бiрақ мәдени дақылдар басым
|
Күштi
|
3
|
Арамшөптердің саны мәдени өсімдіктерден көп
|
Өте күштi
|
4
|
Танаптың ластануын санау әдiсiмен анықтау үшiн оның ұзын қиғашы бойынша жүрiп отырып бiрдей қашықтықтан соң аумағы 0,25 шаршы метр (50х50 см) рамаларды салып есептеу жүргiзедi. Ауданы 100 гектардан артық танаптарда 20 есептеу жүргiзедi. Ол үшiн раманың iшiндегi арамшөптердің әр түрiн бөлек санап есептеу қағазына жазады (1-үлгi). Анықтаушыға белгiсiз арамшөптердi “Басқа түрлер” атты жолда көрсетеді. Анықтауды аяқтағаннан кейiн 1-үлгiдегi көрсеткіштердi шаруашылық бойынша дақылдардың арамшөптермен ластану ведомосіне ауыстырады (2-үлгi). Екiншi үлгiдегi мәлiметтер негiзiнде танаптарды ластану деңгейiне қарай топтарға бөлу әр шаршы метр жердегi арамшөптердің санына қарай жүргiзiледi (5 -кесте).
Танаптардың әр шаршы метрiнде бiр және одан көп көп жылдық арамшөп болғанда гербицидпен өңдеуұсынылады, бiр жылдық арамшөптер – 6 және одан көп болғанда гербицид пайдаланған тиiмдi. Егiстiктерде карантиндi арамшөптер болғанда олардың санына қарамай өңдеу жүргiзедi .
Танаптардың ластануын санау және салмағын өлшеу әдiсi арқылы анықтағанда арамшөптердi тек санап қоймайды, олардың және мәдени дақылдардың дымқыл және құрғақ массасын өлшейдi.
Бұл әдiс агротехникалық зерттеулерде, танаптардың ластану деңгейiн ғана анықтап қоймай, арамшөптердің зияндылығын да анықтау керек болғанда қолданылады. Олардың зияндылығын анықтаудың негiзiне егiстiктiң әр шаршы метр жерiндегi өсімдіктердің жалпы биомассасында арамшөптердің үлесi қанша болса, алынатын өнім сонша мөлшерге төмендейдi деген қағида алынған.
5 кесте. Санап анықтау әдiсiнде танаптардың ластану деңгейiн бағалау
Арамшөптердің саны, дана/м2
| Ластану деңгейi | Балл |
5-ке дейiн
5,1-15
15,1 – 50
50,1 – 100
100-ден артық
|
өте шамалы
шамалы
орташа
күштi
өте күштi
|
1
2
3
4
5
|
Н.З.Милащенко арамшөптердің зияндылығын олардың үлес салмағы бойынша мына шәкiлмен анықтауды ұсынады:
Бағалау көрсеткіші
|
Өсiмдiктердiң жалпы биомассасындағы арамшөптердің үлес салмағы, %
|
Шамалы
|
10-ға дейiн
|
Орташа
|
11-20
|
Күштi
|
21-30
|
Өте күштi
|
31-ден артық
|
Осындай шәкiлдi пайдалану тек егiстiктердiң ластануын ғана емес, арамшөптердің зияндылығын, яғни ластанудың осы деңгейiндегi ауыл шаруашылығы дақылының өнімінің төмендеу мөлшерін болжауға да мүмкiндiк бередi.
Жоғарыдан қарап анықтау әдiсiн қолданғанда дәлiрек болуы үшiн оларды жердегi санау әдiсiнiң нәтижесiмен салыстырылады. Ластану деңгейiн анықтау бес баллды шәкiл бойынша жүргiзiледi, мұнда 1 балл егiстiктiң ауданының 10% арамшөптер алғанда қойылса, 2 балл – 11-25, 3 балл – 26-35, 4 балл – 36-55, 5 балл – 56-75 % болғанда қойылады. Бұл шәкiлдің көрсеткіштерi танаптардың ластануын санау арқылы анықтау әдiсiндегi шәкiлдің көрсеткіштерiмен теңгерiлуi мүмкiн .
Топырақтың арамшөптердің тұқымдарымен ластануын анықтау көп еңбек етудi, арнайы құралдарды және көп уақытты керек етедi. Алайда, танаптардың жыртылатын қабатындағы арамшөптердің тұқымдарының мөлшерін бiлу, олардың өміршеңдiгiн сақтау ерекшеліктерін ескере отырып, танаптардың ластануын бiрнеше жылға алдын ала болжауға мүмкіндік береді. Анықтаудың тәсiлдерi арнайы әдебиеттерде берiлген . А.В.Фисюнов . танаптардың жыртылатын қабатының арамшөптердің тұқымдарымен ластануын бағалауды төмендегi шәкiл бойынша жүргiзудi ұсынады: 1 балл – шамалы, гектарына 10 млн данадан аз; 2 балл – орташа, 10-50; 3 балл – күштi, гектарына 50 млн данадан көп.
2.Арамшөптердің зияндылығының шегi.
Зияндылықтың түрлерiн ең терең талдағандар С.А.Воробьев пен А.И.Туликов. болды. Олардың арасынан арамшөптiң меншiктi зияндылығын; зияндылықтың экономикалық шегiн және гербакритикалық кезең туралы бөлiп айтқан дұрыс. Меншiктi зияндылық деп нақты арамшөп түрiнiң бiр өсімдігінiң 1 шаршы метр егiстiктегi кг немесе ц/га арқылы көрсетілген өнімді төмендету мөлшерін атайды. Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының (ҚазАШҒЗИ) деректерi бойынша қызғылт қалуеннiң бiр өсімдігінiң меншiктi зияндылығы 35 кг/га, далалық қалуендiкi – 23, қара сұлынiкi – 10 кг/га жетедi. Бiр шаршы метр жерде екi көп жылдық және 15-20 дана бiр жылдық арамшөп болғанда гербицид қолдану экономикалық жағынан тиiмдi болады.
Зияндылықтың экономикалық шегi (ЗЭШ) дегенiмiз – арамшөптердi толық жойғанда алынған қосымша өнім құнының жою жұмыстарына және алынған қосымша өнімді жинауға кеткен шығынды өтейтiн шегі .
Гербакритикалық кезең дегенiмiз – мәдени дақылдардың арамшөптердің бәсекелестiгiне ең сезiмтал өсу кезеңi. Жаздық дақылдардың көпшiлiгiнде сезiмталдық өсудiң алғашқы 2-3 аптасында байқалады. Екпе дақылдың өсіп-дамуының екiншi жартысында өнiп шыққан арамшөптердің көгі алғашқылардың өнімiне елеулi әсер ете алмайды. Арамшөптердi жою шараларынан ең жоғарғы тиiмдiлiктi оларды гербакритикалық кезеңде пайдаланғанда қол жеткiзуге болады. Одан кеш жүргiзiлген күрестiң тиiмдiлiгi төмен, бiрақ ол егiн жинау жұмыстарын жеңiлдетедi және арамшөптердің тұқымдарының топырақтағы қорының артуына тосқауыл болады.
1.8..Дәріс
1.8.1 Арамшөптермен күрес шаралары.
Арамшөптермен күрес шаралары.
Қазіргі егiншiлiкте арамшөптермен күресудiң көптеген шаралары бар. Олар бiр-бiрiнен тиiмдiлiгiмен, пайдалану мерзiмiмен, шығынның мөлшерімен және тағы басқа көрсеткіштерi арқылы ерекшеленедi. Олардың барлығын негiзгi үш топқа бөлуге болады:
Ұйымдастыру шаралары
1. Танаптардың ластануын анықтау.
2. Танаптардың ластануын бағалау және экономикалық зияндылықтың шегiн анықтау.
3. Танаптардың ластануының картасын жасау.
4. Арамшөптермен күрестiң кешендi бағдарламасын дайындау.
Алдын алу шаралары
1. Мәдени дақылдардың тұқымдарын тазалау.
2. Жемдi, мекендi, сабанды малға ұнтақталған немесе буландырылған күйiнде беру.
3. Жол бойындағы, бос жерлердегi, қора жайлардың маңындағы арамшөптердi гүлдегенге дейiн шауып тастау.
4. Арамшөптердің сыртқы және iшкi карантинiн сақтау.
5. Көңді арамшөптердің тұқымдары өнгіштігін жоғалтатындай етiп дұрыс сақтау және пайдалану.
Жою шаралары
I. Агротехникалық шаралар
1. Сүрi танаптарды өңдеу.
2. Күзгi топырақ өңдеу.
3. Топырақты көктемгі өңдеу.
4. Топырақты өсімдіктердi күтiп-баптау кезiнде өңдеу.
5. Ауыспалы егiсте дақылдарды алмастыру.
6. Агротехникалық тәсiлдердi қолдану арқылы екпе дақылдардың арамшөптерге қарсы бәсекелестiк қабiлетiн арттыру.
II. Химиялық шаралар
1. Таңдап әсер ететiн гербицидтердi егiн сепкенге дейiн пайдалану.
2. Мәдени өсімдіктердің егiстiктерiнде таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
3. Ауыл шаруашылығы дақылдарын жинап алғаннан кейiн жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
4. Сүрi танаптарда жаппай немесе таңдап әсер ететiн гербицидтердi пайдалану.
III. Биологиялық шаралар
1. Фитофаг жәндiктердi пайдалану.
2. Арамшөптерге ауру туғызатын вирустар, бактериялар мен саңырауқұлақтарды пайдалану.
IV. Арамшөптермен күресте электр қуатын пайдалану
1. Өте жоғары жиiлiктегi электромагниттiк қрiстi пайдалану.
2. Жоғарғы қуатты электр тогын қолдану.
V. Физикалық шаралар
1. Газ шiлтерi бар отты культиваторды пайдалану.
2. Суаратын ашық жерлердiң жанындағы арамшөптердi жағуға отты машиналарды қолдану.
Арамшөптермен күресте ең жоғарғы тиiмдiлiкке шараларды кешендi және жүйелi түрде жүргiзгенде ғана жетуге болады. Бұл одан әрi ауыспалы егiстiң бiр немесе екi айналымында тек алдын алу және агротехникалық күрес шараларын пайдаланумен шектелуге мүмкiндiк бередi.
Арамшөптермен күрестiң кешендi жоспары.
Танаптардың ластану картасы негiзiнде арамшөптермен күрестiң кешендi жоспары жасалады. Осыларда арамшөптердің тұқымдарының танаптарға түсуiне тосқауыл болатын, экономикалық ең тиiмдi күрес шараларын пайдалану қарастырылады. Танаптардың әр түрлi биологиялық топтармен ластану деңгейiне қарай, гербицидтер пайдаланылатын жердiң ауданы, керек гербицидтiң мөлшері, оларды шашатын арнайы мәшинелердiң саны анықталады. Агротехникалық күрес шараларының көлемі белгiленiп, технологиялық карталар жасалады, атқарылатын жұмыстардың, қажеттi жанар және жағар майлардың, жұмсалатын қаржының мөлшері және мүмкiн болатын экономикалық тиiмдiлiк анықталады. Кешендi күрес шараларын тек жүйелi түрде жүргiзу ғана танаптағы арамшөптердің санын зиян келтiрмейтiн деңгейге дейiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.
Күрестiң алдын алу шаралары. Алдын алу шараларының негiзгi мiндетi –зиянды арамшөптер тұқымдарының танаптарға сырттан енуiн болдырмау. Алдын алу шаралары жою шараларына қарағанда тиiмдiрек, себебi алдын алу жоюға қарағанда жеңiлдеу.
Тұқымдарды тазалау. Арнайы мәшинелерде елеуiштер мен триерлердi пайдаланып, арамшөптер мен мәдени дақылдар тұқымдарын бөлудiң барлық мүмкiндiктерi негiзiнде жүргiзiледi. Тұқымдар себу стандарттарының I-III класс талаптарына дейiн жеткiзiледi. Мұнда I-II класс деңгейiне дейiн көтеруге талаптанған дұрыс, себебi олардың әр килосында арамшөптердің саны аз болады.
Егiндi өз мерзiмiнде жинау. Егер егiндi жинау жұмыстары мезгiлiнде, кешiктiрiлмей жүргiзiлсе, арамшөптер тұқымының негiзгi бөлігі комбайн шанағына немесе сүрлемдiк дақылдармен бiрге көк балаусаға түседi. Дәндi дақылдарды бөлектеп орғанда, тiкелей жинағанға қарағандағыдан арамшөптердің тұқымдары жерге көп шашылады. Астықты танаптардан қырманға тасығанда олардың шығынын болғызбау үшiн арнайы жамылғымен жабу керек.
Сабанды, мекендi және жемдi малға беруге дайындау. Сабан мен мекендi, ондағы арамшөптердің тұқымдарының өміршеңдiгiн жою үшiн, малға буландырып беру керек. Жемдi малға берер алдында ұнтақтайды немесе буландырады.
Көңді сақтау және залалсыздандыру. Көңді борпылдақ-тығыздалған тәсiлмен сақтағанда арамшөптердің тұқымдарының өлуi толығырақ болады, себебi тығыздағаннан кейiн көң 70-720С дейiн қызады. Көптеген арамшөптердің тұқымдары 4-6 ай сақтағаннан соң толық өледi .
Швецияда көңді сақтауға саларда оның әр тоннасына 6 кг кальций цианамидiн (СаСN2) қосып араластырады. Көңнің арамшөп тұқымдарымен ластануын төмендету үшiн гербицид пайдалану да тиiмдi. В.В.Милый және тағы басқалардың деректерi бойынша малдың астында сақталған көңді танаптарға шашар алдында 2,4-Д амин тұзымен (тоннасына 250 г) өңдеу жүгерi егiстiгiнiң арамшөптермен ластануын 51-76% төмендеткен.
Егер малға берер алдында азықтарды ұнтақтап немесе жылумен өңдесе, көңдегi арамшөптiң тұқымдарының саны азаяды.
Өңделмейтiн жерлердегi арамшөптердің тұқым шашуының алдын алу. Көп жағдайда өңделмеген жерлер арамшөптердің тарайтын ордасы болып табылады. Оларға жолдардың жиегi, электр желiлерiнiң маңындағы жерлер, танаптар аралығы, алаңқайлар, тыңайған жерлер, тұрақты және уақытша каналдардың қабырғалары жатады. Арамшөптердің тұқым байлауының алдын алудың ең қолайлы жолдары – арамшөптердi гүлдегенге дейiн шауып тастау немесе жаппай әсер ететiн гербицидтер қолдану. Суармалы егiстiктегi каналдарда отты пайдалануға болады. Бос жерлерге жергiлiктi жердiң жағдайына бейiмделген көп жылдық шөптердi себу де жақсы нәтиже бередi.
Карантин (тыйым салу) шаралары. Сыртқы карантин шараларының мiндетi – елге карантинге жататын заттармен (астық, тұқым т.б.) бiрге карантиндi арамшөптердің тұқымдарының өтiп кетуiне жол бермеу. Iшкi карантиннiң мiндетi – карантиндi арамшөптер бар алқаптардан олар жоқ алқаптарға таралуына тосқауыл қою. Карантиндi арамшөптермен ластанған сабан, шөп, жем азықтар олар өсірілген шаруашылықтарда ғана пайдаланылады. Карантиндiк сертификаты болмаған жағдайда ол шаруашылықтардан мәдени дақылдардың тұқымдарын басқа шаруашылықтарға өткiзуге болмайды. Мемлекеттiк инспекция карантиндiк объектiнiң ошағын уақытында анықтап, таралмауына және мезгiлiнде жоюға тиiс. Осы мақсатпен ауыл шаруашылық жерлерi, өсімдік өнімдерінiң сақталатын, өңделетін жерлерi және солардың маңайы жүйелi түрде тексерiлiп тұрады .
Арамшөптермен күрестiң жою шаралары.
Арамшөптермен күрестiң ғылыми принциптерi. Арамшөптермен күрестiң негiздерiн анықтағанда олардың маңызды биологиялық ерекшелiктерi, бiрiншi кезекте олардың тұқым арқылы немесе жерасты вегетативтiк органдары арқылы көбею мүмкiндiктерi ескерiлген. өсiмдiктер тұқым арқылы жаңарып отыратындықтан, арамшөптермен күрестiң бiрiншi принципi - олардың тұқым байлауының алдын алу. Арамшөптер тұқым байламаған жағдайда топырақтағы оладың қоры артпайды. Сондықтан күрестiң бұл бағытына зерттеушiлер шешушi маңыз бередi. Ол аз жылдық және көп жылдық арамшөптерге қарсы қолданылады. Мысалы, Л.А.Золотарев «қалуенмен күресте бiрiншi кезекте оның тұқымдарының топыраққа түспеуiн қадағалау керек. Сондықтан оған тұқым құруға мүмкiндiк бермеу керек», - деп атап көрсетеді .
Ерекше жағдайларда қара сұлымен өте күштi ластанғанда, негiзiнен қара сұлының ошағы болатын ойпаң жерлердi, арамшөп гүлдегенге дейiн шөпке шауып тастау керек.
Топырақтағы арамшөптердің өміршең тұқымдары, әрқашан жаңа өсімдіктiң пайда болуының көзі болып табылады. Олардың қаулап өнуі, тұқымдардың биологиялық тыныштықтан шығуына, жандануына керектi белгiлi бiр жағдайларда ғана болады. Сондықтан арамшөптермен күрестiң екiншi принципi олардың тұқымдарының өнуіне жағдай жасап, өңдеу арқылы көгін жою болып табылады. өндiрiсте бұл принциптi арандату деп атайды. Арандату әдiсiн қолдану арқылы арамшөптердің көгінiң үлкен бөлігін мәдени дақылдарды сепкенге дейiн құртуға болады.
Ең зиянды арамшөптер (далалық шырмауық, жатаған бидайық т. б.) тек тұқымдары арқылы көбеймейдi, олар вегетативтiк органдарының көмегiмен де көбейедi. Арамшөптердің вегетативтiк органдары арқылы қайта жандануы оларда қоректiк заттардың қоры болған жағдайда ғана мүмкiн болады. Сондықтан олармен күрестiң үшiншi принципi - жер асты органдарын (тамырларын, жер асты сабақтарын) әлсiрету. Ол үшiн фотосинтез жасап жер асты бөліктеріне қоректiк заттар қорын жинауға мүмкiндiк бермей жас сабақтары мен жапырақтарын әлсiн-әлсiн кесiп отыру керек. Әлсiрету әдiсiн iске асыру үшiн культиваторларды пайдаланады.
Әлсiрету үшiн соқалар мен сыдыра жыртқыштарды пайдаланғанда ол тұншықтырумен ұштастыра жүргiзiледi. Ол жатаған бидайықпен күресте қолданылады. Алғашқыда тамырсабақтары сыдыра жыртқышпенұсақталады (әлсiрету), сонан соң олардың ұсақ бөлшектерi өркенiмен бiрге жерге терең жыртылады (тұншықтыру). Күрестiң барлық принциптерiн алдын алу және жою шараларын пайдалану арқылы ғана жүзеге асыруға болады
Күрестiң агротехникалық шаралары.
Күзгi және көктемгі топырақ өңдеу. Топырақты өңдеу бұрыннан арамшөптермен күрестiң тиiмдi жолы болып табылады. Мұнда алдыңғы орын топырақты соқамен терең жыртуға берiледi. Топырақты жазықкескiш құралдармен өңдеуге көшу ондағы арамшөптер тұқымдарының тек өну жағдайы ғана емес, олардың топырақ қабаттарында орналасуына да үлкен әсер етедi. Тұқымдардың негiзгi бөлігі беткi қабатта орналасады. Бұл жағдай топырақ қорғау егiншiлiгiндегi топырақты күзгi және ерте көктемгі өңдеудің маңызына жаңаша қарауға мәжбүр етедi.
Хорошилов И.И. және Хорошилова В.И. мәлiмдеуiнше Канаданың астықты аймақтарындағы фермерлер қара сұлы тұқымдарының қарқынды өнуіне әсер ететiн, күзгi топырақ өңдеуге үлкен маңыз бередi. Бiрақта, арамшөптердің тұқымын топыраққа күзде сiңiру өз әсерiн көрсету үшiн топырақты ерте көктемдегi тырмалауға басқаша қарау керек. Егер ерте көктемде тырмалау пайдаланса, топырақтың арамшөптер тұқымдарының негiзгi бөлігі орналасқан 5-6 см қабаты тез кеуiп кетедi де, тұқымдар өнбей қалады. Оныменқоса, көктемде жауын-шашын да аз болады.
Скоробогатова В.Н. мен Зинченко И.Г. зерттеулерi, аңыз сабақтары бар танаптарда, ерте көктемде тырмалау жүргiзiлмеген жағдайда пайдалы ылғал қоры елеулi өзгерiстерге ұшырамайтынын көрсеткен. Бұл аңыз сабақтары болғанда танап бетiнiң альбедосы (күн сәулесiн шағылыстыру көрсеткіші) артуымен және желдiң жылдамдығының төмендеуімен түсiндiрiледi.
6 Кесте. Топырақты күзде және ерте көктемде өңдеудiң қара сұлының тұқымдарының өнуіне әсерi
Достарыңызбен бөлісу: |