2. 3. Қазақ халқының ұлттық киімінің қырғыз халқы ұлттық киімінен айырмашылығы
Қырғыздар – өте көне халық
Алғашында қырғыздар Оңтүстік Сібір мен Енисей өзенінің жоғарғы сағалығын мекендеген. Уақыт өте келе белгісіз себептермен шығыс Тянь-Шань баурайына ойысты. Б.з.д. ІІІ ғасырдың өзінде қытай жылнамашысы Сым Цяньнің "Ши Цзи" деп аталатын туындысында қырғыздар мемлекеті туралы сөз қозғалады.
Шығыс Тянь-Шань бөктерінен қырғыздардың Памир тауының солтүстігіне қарай ойысуына Шыңғыс хан жорықтары себеп болды. алтын Орда мен Ақ Орда күйрегеннен кейін-ақ қырғыз халқынан маза кетіп, дәл қазіргі Қырғызстан территориясынга ат басын тіреген.
Қырғыз халқының мол тарихи мұрасы ауызша сақталып келген. Дәлірек айтсақ, жүгі бірнеше томға артылатын "Манас" жыры арқылы.
Қазақтар – жас халық
"Жас халық" деп өз ұлтымыздың тарихына сын артудың бетін ары қылсын. Қазақ руларының тайпалық дәуірдегі тарихын жоққа шығармаймыз. Дегенмен, Қазақ хандығы құрылған уақыт – қазақ ұлтының басы біріккен, мемлекет ретінде қалыптасқан кезеңі. Міне, жалпы, тұтас тарих сол тұстан басталады.
XV ғасырдың орта тұсында Өзбек ұлысының билігіне наразы болған Шыңғыс ханның ұрпақтары – қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек жеке-дара мемлекет құрады. Бұл тарихи мекен қазіргі Қазақстан территориясының оңтүстік-шығысы, Қозыбасы деген аймақ.
Кейін бытыраңқылық пен алауыздықтың кесірінен ұлттың тағдыры Ресей империясының қолына көшті. Жанкешті ұлт жүз жылға жақын уақыт бойы табанға салған езгі көрсе де, тарих сахнасынан біржола жойылмады.
Сол уақытта қазақ ұлтының да тарихы айтарлықтай бұрмаланды. "Қырғыз" деді, "Қырғыз-қайсақ" деді... Екінші атау Дон мен Кубань аймағындағы казактармен шатастырмау үшін қойылған.
Бас киім
Қырғыздардың ак колпогы таулы жердегі қолайсыз ауа-райынан қорғануға негізделген. Желке тұсты жауып тұратын сулығы, конус тәрізді пішімі – қырғыз бас киімінің басты ерекшелігі.
Ал қазақтар айыр қалпақ деп аталатын бас киім киген. Оның қырғыздардан ерекшелігі – конус тәрізді пішін мен етегінің сыртқа айналдырып қайырылуы.
Қырғыз әйелдері элечек деп атаған бас киім киген. Олардың тігісі мен матасы қалың әрі биіктеу көрінетін.
Ал қазақ әйелдерінің кимешегі екі бөлімнен тұрады. Үстіңгі тюрбан мен астыңғы ақ орамал.
Екі елдің бас киімінде де негізгі бөлімдері, пішіндері ұқсас келеді. Әлгіндей кішігірім климаттық жағдайға қарай өзгерген жерлерін қоспағанда.
Қырғыздардың киімдері көшпелі өмірге, атпен жүруге бейімделген. Өте ұзын әрі кең келеді, белдері былғары белдікпен буылады. Көбіне киізден, былғарыдан, жануарлардың терісінен тігілетін болған.
Әйелдердің ұлттық киімдері: койнок (көйлек), белдемчи (кең ашылатын белдемше), элечек (бас киім), шокуло (қалпақ), тақия, ичиг немесе маас (жұмсақ былғарыдан жасалған аяқ киім).
Ерлердің ұлттық киімдері: замши-чалбар (былғары дамбал), оның қандагай, жарғақ шым деген түрлері бар, кементай (киізден жасалған шекпен), тоң, бас киімдері – тебетей, қалпақ, малақай.
2.4.
Ұлттық нақыштағы киім-кешектер мен дүниелер бұрын арнайы мерекелерде ұлықталса, қазіргі таңда күнделікті өмірімізге дендеп енген. Сәнге құмар қыз-келіншектер оюлармен көмкерілген қазақи киімдерді бүгінгі заманға сай икемдеп киюді әдетке айналдырған. Отандық этно-дизайнерлердің бірі Қазипа Қалиқызы уақыт өткен сайын ұлттық құндылықтарға қызығушылық пен сұраныс артып келе жатқанын айтады.
– Сырға салу, қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, бесік тойы, сүндет тойы сынды өзге де қазақтың тойы көп қой. Осындай мерекелік отырыстарға аруларымыз гүлді не бір түсті матадан тігілген көйлектер кисе, ал сыртынан көздің жауын алатын оюлармен безендірілген заманауи жилеттер киіп, одан сайын ерекшелене түседі. Бұл бір жағынан қарапайым болып көрінгенімен көйлектің түсі жилеттің түсімен үйлесіп, әшекей-бұйымдарымен одан сайын ажарлана түседі. Уақыт өткен сайын осындай дүниелерге деген қызығушылық артып келеді, - дейді Қазипа Қалиқызы.
Соңғы бірнеше жылдан бері ұлттық нақыштағы футболкаларды кию жаппай сәнге айналлып жатыр. Мұндай киімдерге салынған элементтер аз болғанымен ой саларлық дүние мол.
– Мектеп жасындағы балалардан бастап жастарға дейін күнделікті өмірде әсіресе қазақтың ою-өрнектерімен көмкерілген киімдерді кие бастағанын байқаймыз. Ұлттық құндылықтарымыз заман ағымына сай түрленіп, өзгеше сипат алды. Заманауи стильге бағыттап, көпшілік арасында кеңінен дәріптеліп жүр. Бұл – өте қуантарлық жағдай, - дейді этно-дизайнер.
Суретшілік қабілетін бизнеске айналдырған этно-дизайнер Абайдың қара сөздеріне, ақынның суреті салынған жейделерге қызығушылық жоғары екенін айтады. Әсіресе жастар арасында киген киімдерінің және ұстаған сөмкелерінің сыртына ою-өрнектерді үйлестіріп салу сәнге айналған.
– Қазіргі кезде жапырақ-өсімдік тектес, аң-құс тектес, астрономиялық және т.б. ою-өрнектердің түрі көп. Бұлардың барлығы қазір қолданыста жүр. Бір ерекше атап өтерлігі, мерекелік отырыстарға киетін киімдерде ою-өрнектер кеудемізге, кеудемізден жоғары, иығымызға, жеңімізге салынуы тиіс. Бұл – бұрыннан келе жатқан дәстүр. Ал күнделікті өмірде аруларымыз өзінің қажетіне және талғамына қарай көбінесе ою-өрнектерді кеудесінің бел тұсына салып та, киіп жүр. Тіпті жилеттердің сыртын қазақтың оюларымен заманауи стильде сәндеп жүргенін байқаймыз, - дейді этно-дизайнер.
Әсіресе жібек матадан тігілген көйлектер мен киім-кешектер қыз-келіншектерге нәзіктік сыйлайды.Қазіргі кезде әсіресе гүлді маталардан тігілген киімдер сәнде деуге болады. Адамдар ең әуелі матаның сапасына аса мән береді. Сондай-ақ киімнің денеге қонымды болуы да аса маңызды рөл ойнайды. Ал ою-өрнектердің көлемі көйлектің пішіміне қарай үйлесімділікпен салынуы қажет. Жилетті көбінесе барқыт маталардан тігеді. Матаның әсіресе осы түрі өзінің бағасын жоймайды деп ойлаймын.«Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды» демекші қазақ халқы бұрыннан алақанына салып, аялап өсірген қызын жасаусыз ұзартпаған. Бүгінгі таңда тұрмыс-салттың өзгеруіне байланысты қыз жасауы да жаңа дүниелермен түрленіп әрі толығып жатыр.Әр облыста қыз жасауы әртүрлі ғой. Дегенмен де қыз жасауының негізгі заттарына тоқталып кетсек. Бірінші бұл махаббат көрпесі. Бұл жігіт пен қыздың төсегіне арналған жамылғы көрпеден және қос жастықтан тұрады. Бұған қосымша төрт қонақ көрпе мен төрт жастық болады. Осы заттар – қыз жасауының базалық түрі. Қазіргі заман талабына сай және ұзатылып кетіп бара жатқан қыздың отбасылық жағдайына қарай оған біршама жаңа дүниелер қосуға болады. Мәселен, жігіт пен қыздың махаббат бөлмесін қажетті заттармен жабдықтау. Оған төсек қаптары, терезесінің перделері жатады. Сондай-ақ қонақ бөлмесіндегі үстел үстіндегі дастархандары, бөлмедегі диван үстіне қойылатын жастықтарына дейін ұлттық стильде түрленіп жатыр. Қазіргі таңда біз осы жұмыстармен айналысамыз.Сондай-ақ этно-дизайнер қыз жасауына шамамен қанша қаржы жұмсалатынын да айта кетті.Қыз жасауына кемінде 500 мыңдай қаражат керек. Бұған көрпе-жастығымен қоса, ыдыс-аяқтары қосылады. Ыдыс-аяқтарына кесе-қасықтармен бірге кей өңірлерде шәйнек мен қазандарына дейін қосып беріп жатады. Үстелдің үстіне жаятын дастарханы міндетті түрде болуы тиіс. Және құда-құдағиларға арналған төрт көрпе жастығы да бар. Мен жасайтын дүниелерімнің ең әуелі, матасына және сапасына аса мән беремін. Екіншіден, олардың сырты ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен кестеленген. Оларды тігуге сапалы жіптерді қолданамыз. Көрпе-жастықтардың ішін таза мақтамен немесе таза жүнмен толтырамыз. Менің ойымша, қыз көрпесі бархыт матадан, қонақ көрпелер жібек қоспасы бар бархыттан тігіледі және оған жібек жіптер қолданылады.Ұлттық ою-өрнектерді киім-кешектерде болсын, ыдыс-аяқтарда болсын қолданудың өзіндік тарихы да бар. Мәселен, қошқар мүйіз байлықты, құсқанаты бейбітшілікті білдіреді. Сондай-ақ ою-өрнектердің ішінде әсіресе таңдай, гүл, арқар мүйіз сынды және т.б. көбінесе киім-кешектердің жеңіне, қалтасына және жағасына салады.Мысалы, құда-құдағидың жастығы бастары бір жастықта қартайсың деген ниетпен оюлары бір-бірімен қабысады. Қыз жасауының көрпе-жастықтарына төрт құбыласы тең болсын деген бағытта ою-өрнектердің композициясы салынады. Қонақтарға арналған көрпеге ою-өрнектері бөлініп-бөлініп бір-біріне жалғасқан. Бұл – сыйластықтың белгісі. Қазіргі кезде махаббат көрпесінің сыртына қос кептердің немесе қос аққудың суретін салып жатады. Бұған құстың бейнесін салуды құптамаймын. Әлбетте, ырымға сенген жақсы ғой. Бірақ оның орнына жапырақтай гүлдеп, жайқалып мәуелеп өсе берсін деген мақсатпен өсімдік тектес өрнектерді салған дұрыс деп есептеймін.
Сондай-ақ қазіргі кезде қыз жасауына күйеу көрпе мен келін көрпеше қосылған. Бұл көрпеге күйеу жігіт қыз жаққа келіп, дастархан басына жайғасқан уақытта астына арнайы осы көрпені төсейтін болған. Ал көрпешені қыз келін болып барған үйіңде шәй құйған кезде астына төсеп отырған. Мұны кейде «шәй көрпе» деп те атайды. Тағы бір айта кетерлігі, кей өңірлерде қыз жасауына дән, шәй сынды және т.б. қоржын түрлері дайындалады. Бір ерекше атап өтерлігі, соңғы уақытта қыз жасауына самаурын қосылыпты. Оның сырты ұлттық нақышпен әсемделген.Қазіргі кезде ұлттық нақыштағы дүниелерге сұраныс жоғары. Кез-келген қыз-келіншек өз гардеробынан ұлттық нақыштағы бір немесе екі-үш киімді көргісі келеді. Қазақи нақыштағы бұл киімдер тек мерекелер мен той-томалақта ғана емес, күнделікті өмірде де киюге ыңғайлы. Мен тігетін киімнің ең әуелі матасына аса мән беремін. Қолымнан шыққан кез келген дүниемнің ерекше әрі сәнді болғанын. Шетелдіктер арасында ұлттық нақыштағы дүниелерге қызығушылық та, сұраныс та жоғары екенін білеміз.Апайларымыздың айтуынша, бүгінде оюлы киімдер киюден қыз-келіншектерден ер-азаматтар да қалыс қалып жатқан жоқ.Әсіресе былтыр және биылдан бастап ер-азаматтар тарапынан оюлы костюм тіктіруге тапсырыс артты. Көбінесе ресми және бейресми отырыстарға киетін түрлері үлкен сұраныста болып тұр. Оның ою-өрнектері жағасының орта тұсында, иығында болмаса қалтасының бетіне салынған. Қазіргі кезде осындай стильдегі костюмдер жаппай сәнге айналған.
Достарыңызбен бөлісу: |