Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі


Кіріспе. Пән мақсаты мен мәселелері. Зерттеулер обьекті және әдістері. Басқа жаратылыс-ғылыми пәндермен қарым - қатынасы және орны. Орман шаруашылығы даму болашағы



бет2/7
Дата25.02.2018
өлшемі2,39 Mb.
#38190
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Кіріспе. Пән мақсаты мен мәселелері. Зерттеулер обьекті және әдістері. Басқа жаратылыс-ғылыми пәндермен қарым - қатынасы және орны. Орман шаруашылығы даму болашағы.

1 Орман тану

Орман туралы түсінік. Көгалдандыру мақсатында егілген екпе ағаштар мен бақтардан айыратын орман ерекшеліктері. Табиғи ормандар мен екпе ормандар. Ресей мен Қазақстан орман ғылымы және орман шаруашылығы даму тарихы. Жоғарғы орман ілімін жетілдіруге, ғылыми мектептердің (қазақстандық) құрылуына және орман мамандықтарын дайындауға қосқан қазақстандық ғалымдардың үлесі.

Ағаштарды бөлу. Ормандағы табиғи сұрыптау.

Орманда және еркін өскен ағаштардың құрылысы. Ағаштар құрылысындағы айырмашылық себептері. Крафтың жіктеуі. Сүрекдіңнің өзін-өзі табиғи сирету үрдісі.Бәсекелестік және ағаш топтарында көрінуі. Крафт жіктеуінің орман табиғи сұрыптауындағы айқын көрінісі.


Орманның негізгі элементтері. Сүрекдің-орманның бастапқы элементі. Майда тоғай, топырақ үстіндегі тірі қорғанымы, олардың ормандық және шаруашылық мағынасы.

Орман төсеніші, олардың қоректілік және топырақ құрастыру үрдісіндегі орны.Сыртқы қабаттағы өсімдіктер. Өскіндер, жас шыбық және қолдан себу.Орман фаунасы.



Орман және климат. Климат және ормандар жайылуы, олардың заңдылықтары. Г.Н Высоцкийдің ылғалдылық коэффициенті.Г.Т Селяниновтың гидротермиалық коэффициенті.

Көлденең аймақтық және тік белдеу. Қазақстан табиғат аймақтары және республика ормандарының таралуы.

Орманшылықтағы орман таралуының географиялық заңдылықтарын пайдалану және маңызы.

Орман және жарық. Күн радиациясы, оның жайылуы, күннің белсенділік кезеңдері, күн сәулесінің түсуінің климатқа әсері.Құрғақшылық жылдар мен орман өртеннуі.Орман тіршілігінде жарықтың ролі. Инсоляция және жарықтандыру. Жарықтың физиологиялық ролі.

Жарық экологиялық фактор. Жарықтың өсімдік өсіп-дамуына, өнімділігіне әсері. Орман шымылдығындағы жарық таралуы және әр түрлі қабаттағы өсімдіктер құрамы.Жарық сүйгіш және көлеңкеге төзімді ағаштар. Ағаштардың жарық сүйгіштігін анықтайтын әдістер: көзбен өлщеу, Я.С.Медведевтің таксациялық, М.К.Турский мен В.Никольскийдің екпе орманға этиолирлеу әдісі, И.Сурождің анатомиялық, И.Визнердің фотометриялық, Л.А.Иванов пен В.Н.Любимовтың физиологиялық әдістері. Ағаштардың жарық сүйгіштік шкаласы. Сыртқы ортаның басқа да факторларына байланысты ағаштардың жарыққа қатынасы; географиялық жағдайлар, жарықтандыру тәртібі, жылу тәртібі, жасы, топырақ құнарлығы және ылғалдану тәртіптері.Фрикенің тәжірибесі. Жарықтың ағаш өнімділігіне, гүлдеуіне және жемістенуіне әсері.



Орман және жылу. Жылу экологиялық фактор. Ағаш тұқымдастардың жылуға қатынасы. Ағаштардың жылу таралу аймақтары.

Вегетациялық кезең. Ағаш тұқымдастары жіктеінің жылуға қатынасы. Орманға төменгі температура, физиологиялық, механикалық әсерлер, өскіндердің сығылуы,радиациялық,адвективтік,ерте күздік және көктемдік үсіктер.Аяздың түсуі.

Орманға жоғары температура әсері.Өскіннің солып қалуы, қабықтың күйуі, ыстық жел.Орманды және жазық жэердегі температураның тәуліктік ауытқуы. Орманды және жазық жердегі топырақ тоңдануы мен жібуі.

Орман және жел. Орман тіршілігіндегі желу мағынасы: гүл тозаңдануы, ұрық шашылуы, ауа құрамын реттеуші Жел физиологиялық фактор. Желдің ағаш діңі құрылысы мен бөрікбасына әсері.Н.С.Нестеров тәжірибесі. Жазықты қорғаушы жолақтар мен жол бойы қорғаныс екпе ағаштар. Ормандағы дауылдар. Орманның желге әсері.

Орман және ауа құрамы. Атмосфера құрамы. Көмір қышқылының мағынасы.Орманның әр түрлі қабатындағы өсімдіктер фотосинтез жиілігіне көмірқышқыл газының толысу көздері.

Булану әсері туралы түсінік.Атмосферадағы көмірқышқыл газы концентрациясының ұлғаюына байланысты климаттың жылынуы. Оттегі, оның орман тіршілігінде ролі.

Атмосферадағы оттегі құрамы. Өнеркәсіп қажетіне жұмсалатын оттегінің көбеюі.Оттегінің жаңаша тепе-теңдігі және өзгеруі.Орман оттегінің өндірушісі. Озон.Атмосфералық азот.Өсімдіктер қорегіндегі оның маңызы.Өндірістік кәсіпорындардың зиянды заттар бөлуі, ағаштардың ауадағы газдар мен шаң-тозаң сіңіруге қатынасы.Фитонцидтер.Орман ауа тазалаушы және сауықтырушы.

Орман және ылғал. Ылғал негізгі экологиялық жағдай. Судың физиологиялық маңызы. Жауын-шашын түрлері: жаңбыр, шық, қар, қырау.

Жауын-шашынның орман шаруашылықтық маңызы.Жер асты суы және топырақ ылғалдылығы.Ауа ылғалдануы және өнімділігі.

Топырақтағы ылғал мен ағаштардың ареалы арасындағы байланыс. Г.Н.Высоцкий мен Н.С.Нестеровтың ылғал тепе-теңдігі.Орман шымылдығында жауын-шашын (қатты және сұйық) таралуы.Жауын-шашынның таралуы толымдылық құрамына, су қорғау және су реттеудегі ролі.Орман төсеніші – гидрологиялық фактор болып табылады.Орман өсірудің топтамалық және жолақ жазықтық түрлері.Г.Н.Высоцкий тезисі:»Орман даланы құрғатады, тауды суландырады».

Орман ішіндегі және орман сыртындағы ауаның ылғалдануы. Орман – ылғал сақтаушы және тазалаушы.Орманның гидрологиялық ролі.



Орман және топырақ. Аналық таулы жыныс және орман.Топырақ. Топырақ құнарлығы.Құнарлылық факторлары.Топырақ қалыңдығы, қалыңдық қабаты тежегіштері,топырақ қалыңдығы бойынша бөлінуі.Топырақтың қалыңдық қабаты маңызы.Тамыр жіктелуі.Ағаштардың тамыр жүйелері. Топырақтың тамыр жүйелері құрылысына әсері.Топырақтың күлдік элементтері.Топырақ гумусы түрлері және олардың құрылу жағдайлары.

Ағаш тұқымдастарының,шалғын шөптерінің және дәнді дақылдарының қоректену элементтерін қажет етуі.Ағаш тұқымдастарының қоректену элементтерін қажет етуі және олардың топырақта болуын талап етуі.Орманның топыраққа әсері.Ормандағы топырақ құнарлығының жолдары.Ағаш тұқымдастары микротрофтылығы.



Орман және фауна (жануарлар дүниесі). Орман жануарлар мекені. Орман өзгерісімен фауна құрамы өзгеруі. Азықтық база динамикасына байланысты фауна құрамындағы циклдық өзгерістер.Трофикалық жалғасулар. Жануарлар миграциясы.Сүтқоректілердің орманшылық және шаруашылық маңызы. Орман және құстар.Әр түрлі құстарды әр келкі орман түрлері мен өсімдіктерді қабаттарына үйрету.

Құстар орман санитарлары.Жырқыш құстардың пайдасы. Құстар аңшылық объектісі.Құстарға келтірілетін зиян. Орман және жәндіктер.Жәндіктер орман компоненті.Пайдалы жәндіктер:тозаңдандырғыштар,санитарлар,жыртқыштар және паразиттер.Жәндіктер орман зиянкестері.Орман зиянкестерінің жаппай көбеюінен орманға келтірілген шығын.Зиянды жәндіктермен химиялық және биологиялық күрес тәсілдері.

Алдын алу шаралар.Орманның патологиялық қызметі және оның маңызы. Орман топырағы фаунасы және оның маңызы.

Орман жаңаруы. Ағаш тұқымдастарының гүлдеуі.Гүлдеу мезгілдері: ерте және кеш гүлдейтін ағаш тұқымдастары.Пісіп жетілген шақ және оның тұқымдастарынан,климаттан,өсу жағдайынан,сүректің толымдылығынан және басқаларынан тәуелділігі.Бір ұялы және екі ұялы тұқымдастар.Екі жынысты және әр түрлі жынысты гүлдерАғаш гүлдеуіне ауа райының әсер етуі. Тозаңдану. Тозаңдануға әсер ететін факторлар.Бүршіктің пайда болуы. Ағаштардың жеміс беруі.Тұқым пісу мезгілдері.Жемістенудің кезеңділігі. Жемістену кезеңділігінің өсу жағдайына, климатқа тәуелділігі.Тұқым шығымдылығын есептеудің: О.Г.Каппер, Н.С.Нестеров, В.Д.Огиевский, М.М.Орлов әдістері.Тұқым таралуы (жел,су,құстар,жануарлар арқылы). Орманның вегетативтік жаңаруы. Вегетативтік жаңару туралы түсінік. Вегетативтік жаңару тәсілдері:өскін,тамыр атпасы арқылы,сабақтан өнген, қалемшемен,ұластыру арқылы және басқалары.Тұқымдық немесе вегетвтивтік жаңаруда берілетін тұқым қуалаушылық белгілері.Н.П.Кренкенің өсімдіктер жасаруы және кезеңдік қартаюы жайлы теориясы.Ағаштардың тұқымдық және вегетативтік салыстырмалы бағасы.Жоғары діңді,төмегі діңді және орташа орман.

Вегативтік жанарудың биологиялық және шаруашылық маңызы.Орман жанаруын бағалау әдістері.Бағалау мақсаты.Жаңару жағдайының сандық бағалануы:көзбен өлшеу,сынақ алаңшаларындағы өскіндерді жаппай санау, есептеу алаңшалары әдісі.Жаңарудың сапалық бағалануы (тіршілікке икемділерді бағалау).

Тіршілікке икемділерді бағалау шкаласы.Осы бағалау әдістерінің жағымды жақтары мен кемшіліктері. Эталондық әдіс.

Әдістерді өңдеу кезектілігі.Тіршілікке икемді өскіндердің жастық топтары. Ағаш тұқымдастарының алмасуы. Тұқымдар алмасу туралы түсінік. Г.Ф.Морозов пен В.Н.Сукачев бойынша ағаш тұқымдастары алмасу жіктеуі.Алмасу үрдісі – орман өсіру жағдайы мен ағаштардың орманшылық қасиеттерімен байланысу әсері жиынтығы.Шыршаның жұмсақ жапырақтылармен алмасуы,қарағайдың шыршамен алмасуы,еменнің шыршамен алмасуы,қарағайдың көктерек және аққайыңмен алмасуы, еменнің жұмсақ жапырақтыларымен алмасуы,қарағайдың еменмен алмасуы және басқа да алмасу түрлері.

Қазақстанның әртүрлі табиғат аймағында тұқымдар алмасудың орман шаруашылықтық және шаруашылықтық мағынасы

Орман түрлері. Орман типалогиясының бастауы.Морозов кезеңіне дейінгі бірінші типологтар – Рудский, Генко,Густорович. Морозов мектебі типологтары: Крюденер, Алексеев, П.С.Погребняк, В.Н.Сукачев, Б.П.Колесников және И.С.Мелехов типологиясы.Орман түрлерінің орманшылық және шаруашылық маңызы.Орман типологиясының жаңаша жағдайы.Қазақстанның орман түрлері.

2 Орманшылық

Орманды күтіп - баптау мақсатында кесу. Түсінік. . Орман күту үшін кесудің шығу тарихы. Орман күту үшін кесудің биологиялық негіздері және мақсаты.

Күту үшін кесу жүргізу техникасы. Күту үшін кесу түрлері: жарықтандыру, тазартпалы, сиретпелі, өтпелі кесулер.Күту үшін кесу әдістері.Күту үшін кесу жүргізу барысында ағаш таңдау.

Күту үшін кесу жұмыстарын ұйымдастыру. Жарықтандыру, тазартпалы, сиретпелі, өтпелі кесу жұмыстарын ұйымдастыру.

Орман күтіп- баптау мақсатында кесудің ерекше түрлері. Санитарлық кесу, кеңейтіп кесу, бұтақтарын кесу. Жарық түсіру үшін кесу.

Басты мақсатқа пайдалану үшін кесу. Жаппай кеспеағаш кесу. Жаппай кеспеағаш кесу,еріксіз – таңдамалы.Осы кесулердің жағымды және жағымсыз жақтары.

Жаппай кеспеағаш кесу. Жаппай кеспеағаш кесу ұйымдастыру ерекшеліктері:ағаш кесетін жер ені, кесу бағыты, ағаштың кесуге жақындаған мерзімі,жанасу тәсілі,тұқымдар ағаштар қалдыру жағдайы, кеспеағашты ағаш қалдықтарынан тазарту.

Шоғырлап кесу.Шоғырлап кесудің даму тарихы.Кеспеағаш жіктелуі, ағаш тасымалдау сипаты,кеспеағаш пішіні.Шоғырлап кесуден кейінгі тұқымдық ағаш тиімділігі.Шоғырлап кесу жүргізілген жерді жаңартуға бағытталған іс-шаралар. Шартты жаппай кесу.

Біртіндеп кесу:тұқымдық-кеспеағаш,топтық-таңдамалы,ұзақ-біртіндеп, жиекті-кеспеағаш кесулер.Олардың жағымды жақтары мен кемшін тұстары.



Ағаштың орманшылық қасиеттерін кесу тәсілдерін таңдау тәуелдігі. Шыршалы,қарағайлы,майқарағайлы,шамшатты ормандарды кесу.

Орманның табиғи жанаруына ықпал ететін әдістер. Түсінік. Мақсаты. Тәсілдері.Құнарсыз топырақтарда орманның табиғи жаңаруына ықпал ететін тәсілдер. Жұмыс ұйымдастыру.

Орманды қосымша пайдалану. Түсінік. Қосымша пайдалану түрлері, олардың әр алуандылығы.Мал жаю,олардың маңызы мен реттілігі.Шөп шабу Қосымша пайдаланудың экономикалық маңызы.Қосымша пайдалануды орман шаруашылығы шаруашылық іс әрекетінің негізгі түріне айналдыру мүмкіндігі.Орманды қосымша пайдалануды ұйымдастыру.Еліміздің азық-түлік бағдарламасы және қосымша пайдалану.

Орманды қорғау. Орман қорғау шешімдері.Орман шаруашылығы кәсіпорындарында орман қорғау ұйымдастыру. Орман қорғау сақшылары құқығы мен міндеттері.

Орман өрттері. Орман өртінің келтіретін зияны. Орман өрті таралуына ауа- райы әсері. Орман өрті аумағын анықтау.Өрт қауптілігінің кешендік көрсеткіші және оны есептеу техникасы.Өрт қауптілігінің шкаласы.Ормандағы өртке қарсы ескерту шаралары.

Орман кәсіпорындарында өртке қарсы қызмет ұйымдастыру. Шолғындық қарауылдық өрт қызметі:өрт метео қызметі,жер және орман авиа қадағалау,өрт мұнарасында тұрып,өртшыққан тұсты анықтау техникасы.

Орман өртін сөндіру.Төменгі және жоғарғы өртті(аралық жолақтар орналастыру,қарсы отқою,өртеу), жер асты өртін(шымтезек және гумустық) сөндіру. Өртенген жерді қарауылдау.
Сарамандық сабақтардың мазмұны
1-2 сабақтар: Орман туралы түсінік. Алқаағаш және оның ерекше белгілері.

3-4 сабақтар: Орманда және кеңістікте өсетін ағаштардың биіктігі мен диаметрін өлшеу.

5-7 сабақтар: Крафт бойынша ағаштарды реттеу

8-10 сабақтар: Орманның негізгі элементтерін бөліп шығару.

11-13 сабақтар: Я.С Медведев әдісімен ағаштар биіктігін есептеу

14-15 сабақтар: И.Н Сурожа әдісімен ағаштар тұқымдарының күнсүйгіштігін анықтау.

16-17 сабақтар: Орман топырақтары мен отырғыларының өнімділігін есептеу.

18-19 сабақтар: Шыршалы орманда жайылуды есептеу.

20-21 сабақтар: Ағаштардың жеміс беру кезеңдерін есептеу

22-24 сабақтар: Әртүрлі ағаш шымылдықтардың астында ауаның орта температурасының ауытқуын есептеу.

25-27 сабақтар: Орман топырақтарының температуралық өзгерістерін есептеу.

28-30 сабақтар: Ағаш бөрікбастарының жауын-шашынды жинау санын есептеу

Зертханалық сабақтардың мазмұны
1-2 сабақтар: Өсіп-даму кезеңінде транспирацияға ылғалдың жұмсаруын есептеу.

3-4 сабақтар: Топырақтың қату тереңдін және қар қалыңдығын есептеу.

5-7 сабақтар: Ормандағы желдің жылдамдығын есептеу

8-10 сабақтар: В.Н Сукачевтің экологиялық-фитоценотикалық қатарларда орман типтерінің орналасуы.

11-13 сабақтар: Жасымен бірге ағаштардың керек ауданын есептеу.

14-15 сабақтар: Күту шабуындағы шабылатын ағаштардың жалпы санын есептеу.

16-17 сабақтар: Күту үшін кесу бойынша жағдайлық есептерді шығару.

18-19 сабақтар: Басты пайдаланудың есебі.

20-21 сабақтар: Кеспе ағаштар неін есептеу

22-23 сабақтар: Жаппай кесінділерде қалдырылатын тұқымдық ағаштардың санын есептеу.

24-25 сабақтар: Басты мақсатқа пайдалану үшін кесу бойынша жағдайлық есептерді шығару.

26-27 сабақтар: Материлдық – ақшалық ведомості толтыру.

28-30 сабақтар: Орман пирологиясы бойынша жағдайлық есептерді шығару.

Студенттің өзіндік жұмысы




СӨЖ-дің түрі

Есеп беру формасы

Бақылау түрі

Сағат саны

1

2

3

4

5

1

Дәріс сабақтарына дайындық

жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (0,5*30)

2

Сарамандық сабаққа дайындық

жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (0,5*30)

3

Зертханалық сабаққа дайындық

жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15 (0,5*30)

4

Қосымша сабақтарға дайындық

Дәптердегі конспекттерді тексеру

Ауызша коллоквиум

97

5

Бақылау шараларына дайындық




Р1,Р2

8

Барлығы

150 сағат

Мамандықтың оқу Ф СО ПГУ 7.18.1/10


жоспарынан көшірме




Оқу түрі

Бақылау түрлері

Студ.жұмыс көлемі,сағат б/ша

Курс және семестр б-ша сағат бөлу.(сағат)

Емтих

сынақ

кп

кж.

РГР

Бақ. жұм

всего

дәр

пр.

зер

смөж

сөж

дәр

пр.

зер

смөж

сөж

жалпы

ауд

сөж

1.

Күндізгі орта

4




4










240

90

150

3 семестр

4 семестр

15

15

15

19,5

56,5

15

15

15

18

56



Негізгі әдебиеттер:
1. Атрохин В.г Лесоводство и дендрология. М: 1982

2.Мелехов И.С. Лесоведение. М: 1980

3. НабатовН.М. Лесоводство. М:1997
Қосымша әдебиеттер:
4. Нестеров В.Г Общие лесоводство. М: Л:1954

5. Эйтинген Г. Р. Лесоводство. М: 1953





Студенттерге арналған

пән бағдарламасы ФСО ПМУ 7.18.2/07

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Генетика және биотехнология кафедрасы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет