Блиц - тест
1. Жоғары температурада рудалардан металдарды қайта құруға негізделген әдістерді біріктіреді?
А. Полиметаллургия
В. Газды хроматограф
С. Фотоэлектроколориметр
Д. Газанализатор
Е. Пирометаллургия
2. Әсер аумағына байланысты мониторинг қанда түрлерге бөлінеді?
А. Ғаламдық, фондық
В. Кеңістік, уақытша
С. Физикалық, биологиялық
Д. Химиялық, экобиологиялық
Е. Жергілікті, кеңістік
3. Вулкандық атқылаулар аудандарында рН мәні қандай болған жағдайда «қышқылдық жаңбыр» байқалады?
А. рН = 2,4-2,5
В. рН = 2,5-2,6
С. рН = 2,6-2,7
Д. рН = 2,7-2,8
Е. рН = 2,8-2,9
4. Табиғатты қорғаудың мемлекеттік стандарттар жүйесімен айқындалады...
А. Қоршаған орта күйі
В. Ең аз концентрация
С. Экологиялық талаптар
Д. қоршаған орта нормалары
Е. Ш.М.К.
5. Әртүрлі химиялық заттардың неше қауіптілік класы бар?
А. 2
В. 3
С. 4
Д. 5
Е. 6
6. Табиғи және өндірістік объектілердің жағдайына бірыңғай талаптардың бірлестігі
А. Қоршаған орта сапасының стандарттары
В. Ең аз концентрация
С. Қоршаған орта талаптары
Д. Улылық дәрежесі
Е. Ш.М.К.
7. «Қадағалаушы, сақтандырушы» сөздерін латын тіліне аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
А. Стандарт
В. Кумуляция
С. Монитор
Д. Синэкология
Е. Норма
8. Топырақтың санитарлық жағдайы қандай процеске байланысты болады?
А. Эрозия
В. Ластану
С. Өздігінен тазару
Д. Биологиялық айналым
Е. Барлық жауап дұрыс
9. Б.Ұ.Ұ.- ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольм конференциясының алдында (1972ж. Маусым) Бақылау ұғымын толықтыру ретінде қандай термин пайда болды?
А. Монитор
В.экология
С.популяция
Д.кумуляция
Е. мониторинг
10. Түсті реакцияларды жүргізу негізіндегі параметрлерді өлшеу үшін қолданылатын құрал қалай аталады?
А. Газды хроматограф
В. Газанализатор
С. Гидрометр
Д. Фотоэлектроколориметр
Е. Термометр
Бақылау сұрақтары:
1. Автокөліктердің қоршаған ортаға тигізетін әсері қандай?
2. Қоршаған орта жағдайын бақылау тораптары қандай түрлерге бөлінеді?
3. Маршрутты тораптар
4. Автокөліктердің түтінді газында қандай қосылыстар болады?
Глоссарий
Биогаз – органикалық қалдықтардың немесе басқа да тұрмыстық органикалық қалдықтардың ыдырау процестерінде пайда болатын газдардың қосындылары
Көміртегі оксиді (СО) – түссіз, иіссіз, өте улы газ, оттегі жетіспеген кездегі жану өнімі немесе шала жану нәтижесінде түзілетін газ
Ресурстық потенциал (РП) - территориядағы атмосфералық ауаның іс жүзіндегі ластануынан ШМК шамасына дейін қоспаларды сейілту арқылы өздігінен тазалану мүмкіндігі
Ауаны пайдалану параметрі (АПП)- ауадағы ластағыш заттардың шамасын, таза ауамен сұйылтып араластырылу нәтижесінде, орташа мөлшерлі концентрацияға дейін жеткізуге қажетті таза ауа көлемі
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003, 156 с.
2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.
3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.
4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.
5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.
6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.
7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.
8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.
9. Кабата-Пендиас А., Пендиас Х. Микроэлементы в почвах и растениях. М., 1989.
10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.
11. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.
12. Чигаркин А.В Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.
№ 5 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: «Қышқыл жаңбыр» түзілуінің себептері мен оның салдарлары
Жұмыстың мақсаты: «Қышқылдық жаңбырлардың» түзілу жолдары, олардың салдарлары, проблеманың алдын-алу шаралары мен таныстыру, «қышқыл жаңбырлардың» қышқылдығы мен улылығын анықтау әдістерін меңгерту.
Құрал-жабдықтар: Суды жинап сақтауға арналған шыны ыдыс; буландыратын табақша; су моншасы; Петри табақшасы; сүзгі қағаз; қысқыш; индикатор қағазы; әртүрлі ұсақ тұқымдар; дистильденген су
Сабақ жоспары:
І. Зертханалық жұмысты орындау
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру
ІІІ. Блиц тест
ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы:
Ластанған белдеулерге түскен жауын-шашынның қышқылдығы мен улылығын анықтау. Жауын-шашынның қышқылдығы мен улылығы ортаның әртүрлі жағдайында құбылып отырады. Металлургиялық завод әсер ететін белдеулерде олар қышқылболып келеді. Жауын-шашын, атмосфераға сілті бөлетін өндірістер әсер ететін белдеулерде, сондай –ақ сілтіленген тұзды топырақтары бар аймақтарда, сілтілі болуы да мүмкін. (Мысалы: Арал теңізі аудандарында).
Жаңбыр жауып тұрған кезде әр жерден арнайы ыдысқа су жинауға болады.Жаңа жауған қарды да қолдануға болады.600 мл жауын- шашынды (3-еселеп қайталай отыра) су моншасына салынған буландырғыш табақшада, үздіксіз сұйықтықты құя отыра, буландырады. Жауын суын буландырған соң табақшаға дистильденген суды тамшылатып, шыны таяқшамен тұнбаны араластыра отырып, барлығын сынауыққа құяды. Судың жаңа тамшысымен (3 рет) табақшаны толық тазартады. Сынауықтағы сұйықтықтың көлемі 6 мл болуы тиіс. (концентрациясы 100 есе көбейеді.)
А. Жауын-шашынның рН ортасын анықтау.
Ол үшін сынауықтағы сұйықтықтың 1 мл-ін пайдаланады. рН ортасын индикатор қағазын сұйықтыққа батыра отырып және өзгерген түсті индикатор қағазының сыртындағы шкаламен салыстыра отырып анықтайды. Жауын-шашынның төмендегідей рН градациясы ( сатылануы) қабылданады: өте қышқыл (3-4), қышқыл (4-5), әлсіз қышқыл (5-6), бейтарап (6-7), әлсіз сілтілі (7-8), сілтілі (8-9), күшті сілтілі (9-10).
Б. Жауын-шашынның улылығын анықтау.
Жауын-шашынның концентрленген сұйықтығы (5мл шамасында) оның улылығын анықтау үшін қолданылады. Петри табақшасы (150-2000С температурада құрғатқыш жәшікте жүргізуге болады) зарарсыздындырылады да, оның түбіне дөңгелек сүзгі қағаз орналастырылады. Оған 5 мл сұйықтық құйылады. сүзгі қағазға 50 түйір ұсақ тұқым себеді салат, көкнәр, шалқан т.б. Петри табақшасын жауып, +250С - +260С температурада термостатқа орналастырады. Бақылау - сол тұқымдар бар табақша, тек сүзгі 5мл дистильденген сумен ылғалданған. Бақылаудағы тұқым өскеннен кейін 50%-ына есептеу жүргізіледі. Тәжірибелік нұсқадағы өсімі бойынша берілгендер, 100%-деп қабылданған бақылауға пайызбен өрнектеледі. Төмендегі градациялар (сатылану) қолданылады: 100%- улылығы жоқ, 80-90%-өте әлсіз, 60-80%-әлсіз, 40-60%-орташа, 20-40% улылығы жоғары, 0-20% улылығы өте жоғары.
Қаланың экологиялық жағдайын анықтау үшін, бірнеше аймақтардан жауын-шашынның үлгісін алуға болады, мысалы: қаладағы өндіріс орындары орналасқан аудан, қаланың орталық көшелерінің маңы, салыстырмалы таза шет аудандардан. Алынған нәтижелерді салыстыру үшін келесі кесте түрінде жазуға болады.
№ Жаңбыр үлгісі алынған аудан
Жаңбыр суының қышқылдығы, рН
Жаңбыр суының улылығы, %
1 Өндірістік аудан
2 Орталық көшелер маңы
3 Шеттегі таза аудандар
Блиц –тест:
1. Ластағыш заттардың таралу сипаты бойынша ластаушы көздер қандай ареалдарға жіктеледі?
А. Нүктелік, аудандық, кеңістік
В. Нүктелік, аудандық, линиялық
С. Жергілікті, линиялық
Д. химиялық, биологиялық
Е. физикалық, биологиялық
2. «Қышқылдық жаңбыр» терминінің негізін XXғасырдың 70 жылдардың басында кім қалады?
А. Г.Одум
В. В.И.Вернадский
С. А. Смит
Д. А.Тенсли
Е. В.Шелфорд
3. Атмосфера құрамы:
А. Азот 86%, оттегі13%, аргон2,93%, неонның, гелидің, криптонның, ксенонныңаз мөлшерінен 0,02%, көміртегінің 2 оксидінен тұрады.
В. Азот–75%, оттегі-23%,аргон 0,95%, неонның, гелидің, криптонның, ксенонныңаз мөлшерінен 0,03%, көміртегінің 2 оксидінен тұрады.
С. Азот–76%, оттегі - 23%,аргон – 0,93%, көміртегінің 2 оксидінен тұрады.
Д. Азот–76%, оттегі-23%, аргон – 0,93%, неонның, гелидің, криптонның, ксенонның аз мөлшерінен тұрады.
Е. Азот– 76%, оттегі - 23%,аргон – 0,93%, неонның, гелидің, криптонның, ксенонның аз мөлшерінен 0,03%, көміртегінің 2 оксидінен тұрады.
4. Атмосфералық ауадағы зинды шикізаттардың ШМК-сын кімдер құрастырды?
А. А.Тенсли, В. Вернадский
В. А. Смит, Г.П. Беспамятнов
С. Г.Одум, Ю.А.Кротов
Д. Г.П. Беспамятнов, Ю.А.Кротов
Е. В.Шелфорд, А.Тенсли
5. Уақыт бірлігінде атмосфераға максимальді түрде шығарылатын қалдықты газдардағы заттар массасы
А. ШМК
В. ШМШ
С. ШМКШ
Д. ШМКж.з.
Е. ШМКо.т.
6. Судағы болып жатқан процестер туралы немесе әсер ету факторлары арқылы пайда болған қолайсыз жағдайларды қалай атайды?
А. Қауіптілік класс
В. Маркерлік параметрлер
С. Биологиялық параметрлер
Д. Сумарлы көрсеткіштер
Е. Эвтрофикация
7. К.Гедройц бойынша топырақтың неше қасиеті бар?
А. 3
В. 4
С. 5
Д. 2
Е. 6
8. Аз дозасының өзінде ферменттерге айтарлықтай күшейтуші немесе тежеуші әсерін тигізуге қабілетті заттар қалай аталады?
А. Полютанттар
В. Ксенобиотиктер
С. Гидробионттар
Д. Эпидемиктер
Е. Суперэкотоксиканттар
9. Ластағыш көздерді ауданы, таралу көлемі мен ластағыштардың сапалық құрамын анықтауға арналған табиғи ортаның жеке компаненттерінің сапалық анализі қалай аталады?
А. Зиянды әсер табалдырығы
В. Улылық дәрежесі
С. Суперэкотоксиканттар
Д. Ластану индикациясы
Е. Зиянды әсер
10. Адамға нитраттың зиянсыз максимум дозасы қандай?
А. 5 мг
В. 6 мг
С. 7 мг
Д. 8мг
Е. 10 мг
Бақылау сұрақтары:
1. Қышқыл жаңбырлардың түзілу себептері қандай
2. Қышқыл жаңбырлардың қоршаған ортаға әсері қандай?
3. Алғашқы қышқыл жаңбырлар қай елде байқалған?
4. Ауыл шаруашылығына қышқыл жаңбырлар қалай әсер етеді?
Глоссарий:
Табиғи немесе фондық концентрация - кәсіпорынды салғанда ауа кеңістігін ластау және көрші аудандарды да ластау жобаланса, онда сол жердегі ауа құрамының сапасы ескерілуі тиіс, ауада, әлгі зиянды заттардың ұшырасуы
Ауа сапасы – ауаның физикалық-химиялық және биологиялық сипаттамаларының адам мұқтаждығына және технологиялық талаптарға сәйкес келуінің дәрежесі
Қышқыл тұман – атмосферадағы азот және күкірт қостотықтары шығарындыларының су тамшыларымен қосылысы.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003, 156 с.
2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.
3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.
4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.
5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.
6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.
7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.
8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.
9. Кабата-Пендиас А., Пендиас Х. Микроэлементы в почвах и растениях. М.,1989.
10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.
11. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.
12. Чигаркин А.В Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.
13. Шамен А. Гидрометеорология и мониторинг природной среды Казахстана. Алматы, Ғылым, 1996, 296 с.
№ 6 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Су сапасының мониторингі
Жұмыстың мақсаты: шаруашылық пен ауыз су үшін қолданылатын су сапасының көрсеткіштері, сулы ортадағы шекті мөлшердегі концентрация түрлерімен таныстыру, судың органолептикалық қасиеттерін анықтау әдістемесін меңгерту
Құрал-жабдықтар: әр түлі көздерден алынған су (өзен-көл, құдық суы, қар суы), цилиндр; әріптерінің биіктігі 2 мм, қалыңдығы 0,5 мм болатын шрифт; сызғыш; зерттелетін су; Фотоколориметр; 100 мл-лік цилиндр; 1 л-лік колбалар; дистилденген су;
Сабақтың жоспары:
І. Зертханалық жұмысты орындау
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру
ІІІ. Блиц тест
ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы:
Судың органолептикалық көрсеткіштерін анықтау
1. Температурасы: Судың үлгісін алу үшін термометрмен (0,10 дәлдікке дейін) суда 5 минут ұстап өлшейді.
2. Мөлдірлігі: Судың мөлдірлігі арнайы шрифт арқылы сұйықтың сантиметрмен алған биіктігі бойынша анықталады. Ауыз су үшін мөлдірлік 30 см-ден кем болмауы керек. Өзен сулары үшін 25 см, мөлдірлігі бұл шамадан төмен болса, су ластанған болып саналады. Зерттелетін суды цилиндрге құйып, астына 4 см қашықтықта шрифт қояды, суды біртіндеп, шрифт анық көрінгенше төге береді. Шрифт анық көрінгенде қалған судың биіктігін сызғышпен өлшейді.
3. Тұнба: Бөтелкедегі жақсылап араластырылған суды 30 см-лік цилиндрге құйып, бірнеше сағатқа тұндырып қояды. Уақыт өткен соң тұнбаның мөлшерін, түсін байқайды. Тұнба көп болса, су ластанған болып саналады.
4. Түсі: Судың құрамында гуминді заттар көп болса, түсі сарыдан қоңырға дейін өзгереді. Судың түсін градус арқылы анықтайды. Түсі 200 болса, ол су түссіз болып табылады. Ауыз судың түсі 200 аспауы керек.
№1 Стандартты ерітінді: 0,0875 г калий бихроматы, 2 г кобальт сульфаты мен 1 мл (тығыздығы 1,84 г/мл) күкірт қышқылын дистилденген суда ерітіп, 1 л-ге дейін жеткізеді. Ерітіндінің түсі 5000 .
№2 ерітінді: 1 мл концентрлі күкірт қышқылына 1 л-ге дейін дистилденген су қосады; Зерттелетін су. Шкала дайындау үшін №1, №2 ерітінділерді түсті анықтауға арналған хром-кобальт шкаласының кестесі бойынша қосады. Хром-кобальт шкаласы
№1 ерітінді, мл. 0 1 2 4 4 5 6 8 10 12 16
№2 ерітінді, мл. 100 99 98 97 96 95 94 92 90 88 84
Түс градустары 0 5 10 15 20 25 30 40 50 60 70
Цилиндрге сүзілген зерттелетін суды құйып, кесте бойынша дайындалған ерітінділер құйылған цилиндрмен салыстырып табады. Бұдан да дәлірек фотокалориметрмен анықтауға болады. Ол үшін хром-кобальт шкаласы бойынша градуирленген график сызады. Түсті әртүрлі ерітінділерді көк спектрлі 5 см-лік кюветамен фотоколориметрде өлшейді. Түсі 350 жоғары ауыз суға пайдалануға болмайды.
5. Иісі: Судың иісі балмен есептеледі. Иісі жоқ су 2 балдан аспау қажет
Құралдар:Тығынды колба; 200 мл конустық колба; сағат шынысы; электр плитасы; термометр; зерттелетін су.
Тығынды колбаның 2/3 бөлігіне зерттелетін су құйып, жақсылап шайқап араластырып, тығынын ашып, иісін байқайды. Иістің интенсивтілігі 5 балдық шкаламен есептеледі. 0-иіссіз, 1-өте әлсіз, 2-әлсіз, 3-иісті, 4-ішуге жарамсыз, 5-өте қатты иісті су. Судың иісін төмендегідей терминология бойынша сипаттайды: Символы Иістің сипаты
А Хош иісті
Ә Балшық иісті
Б Шіріген иісті
В Ағаш иісті
Г Жер иісті
Ғ Көгерген
Д Балық иісті
Е Көмірсутек иісті
Ж Шөп иісті
З Белгісіз иісті
6. Дәмі: Судың дәмі балмен анықталады. 2 балдан аспайтын су жарамды су болып табылады. Судың дәмі де иісі арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелерін келесі кестеге түсіріңіз:
Зерттеуге алынған су Мөлдірлігі Түсі Иісі Температурасы Дәмі Тұнбасы Өзен суы Су қоймасының суы Ауыз су
Блиц - тест
1. Атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамын бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе:
А. Физикалық мониторинг
В. Химиялық мониторинг
С. Биологиялық мониторинг
D. Экобиохимиялық мониторинг
Е. Құрама экологиялық мониторинг
2. Зерттейтін обьектілерді байланыстырып және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылатын авиациялық, космостық мониторинг:
А. Құрама экологиялық мониторинг
В. Химиялық мониторинг
С. Биологиялық мониторинг
D. Экобиохимиялық мониторинг
Е. Дистанциялық мониторинг
3. Адам аптаның 8 сағаттық жұмыс күнінде немесе аптасына жалпы 41 сағаттан аспайтын жұмыс істеген кезде, еңбекке жарамды жасының соңына дейін ешқандай ауру тудырмаған, яғни қазіргі зерттеу әдістері оның ешқандай ауруын тіркемеген немесе денсаулығында ешқандай ауытқулар туындатпайтын концентрация?
А. ШМКж.з.
В. ШМКм.бр.
С. ШМК о.т
D. ШМКс
Е. ШМКбш
4. Атмосферадағы азот және күкірт қостотықтары шығарындыларының су тамшыларымен қосылуы нәтижесінде пайда болатын қосылыстар?
А. негіздік жауын-шашын
В. Фотохимиялық смог
С. Қышқылдық жауын-шашын
D. Шаң-тозаң
Е. Тотықтырғыштар
5. Табиғи құбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері.
А. экологиялық сараптама
В. Экологиялық мониторинг
С. Экологиялық аудит
D. Экологиялық инспекция
Е. Дұрыс жауабы жоқ
6. Ластағыш көздердің ауданын, шығу тегін, таралу көлемі мен ластағыштардың сапалық құрамын анықтауға арналған табиғи ортаның жеке компоненттерінің (ауа, су, топырақ) сапалық анализі қалай аталады?
А. Суперэкотоксиканттар
В. Улылық дәрежесі
С. Ластану индикациясы
D. Зиянды әсер табалдырығы
Е. Зиянды әсер
7. XXғасырдың 70 жылдарының басында «қышқылдық жаңбыр» терминін енгізген ғалым?
А. А. Смит
В. В.И.Вернадский
С. Г.Одум
D. А.Тенсли
Е. В.Шелфорд
8. Аз дозасының өзінде ферменттерге айтарлықтай күшейтуші немесе тежеуші әсерін тигізуге қабілетті заттар қалай аталады?
А. Ксенобиотиктер
В. Суперэкотоксиканттар
С. Гидрохимия
D. Эпидемиология
Е. Полютанттар
9. Поллютанттар деген не?
А. қолайсыз жағдайлар туғызатын химиялық қосылыстар
В. қолайсыз жағдайлар туғызатын бактериялар
С. қолайсыз жағдайлар туғызатын вирустар
D. пайдалы табиғи ресурстар
Е. ағынды сулар түрі
10. Топырақтың санитарлық жағдайы қандай факторға байланысты?
А. топырақ құрамына
В. топырақтың ластануына
С. топырақтың өздігінен тазаруына
D. ауыр металдарға
Е. ластану индексіне
Бақылау сұрақтары:
1. Судың сапасы дегеніміз?
2. Судың органолептикалық қасиеттері
3. Гидросфераның қазіргі жағдайы, антропогендік ластануы
4. Сулы ортадағы ШМК түрлері
5. Гидросфераны ластайтын объектілер
6. Гидросфера ластануының тіршілік иелеріне тигізетін әсері қандай?
Глоссарий
ШМКс - шаруашылық пен ауыз сулары және мәдени-тұрмыстық салада қолданылатын сулардың қоймаларындағы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы
ШМКб.ш - балық шаруашылығында қолданылатын сулардағы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Кабата-Пендиас А., Пендиас Х. Микроэлементы в почвах и растениях. М., 1989.
2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.
3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.
4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.
5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.
6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.
7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.
8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.
9. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003, 156 с.
10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.
11. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.
12. Чигаркин А.В Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.
13. Шамен А. Гидрометеорология и мониторинг природной среды Казахстана. Алматы, Ғылым, 1996, 296 с.
14. Бельгибаев М.Е. некоторые принципы ландшафтно-экологического обонования природопользования и природоустройства//Науч.-прак. Конф. Ландшафтно-экологические основы природопользования и природоустройства. Целиноград: 1991. С. 5-10.
15. Востокова Е.А. Картографическое обеспечение космического мониторинга экологических условий//Научно-прак. Конф. Ландшафтно-экологические основы природопользования и природоустройства. Целиноград: 1991. С. 14-18.
16. Жекулин В.С. Введение в географию: Учебное пособие – Л-д, 1989.
№ 7 Зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Ағынды сулар мен олардың құрамы
Жұмыстың мақсаты: Ағынды сулар мен олардың негізгі құрамы, судың сапа көрсеткіштерімен таныстыру, ағынды судағы мұнай өнімдерінің мөлшерін анықтаудың әдістемесін меңгеру.
Құрал-жабдықтар: хлороформ, н-гексан, алюминий тотығы, әйнекті мақта, төрт хлорлы көміртек (ерітінді), бөлгіш воронка (100 мл), хроматографиялық түтік, воронка, пипеткалар.
Сабақтың жоспары:
І. Зертханалық жұмысты орындау
ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру
ІІІ. Блиц тест
ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы
Мұнай өнімдерін анықтаудың гравиметриялық әдісі
Анализді жүргізуге дайындық. Хроматографиялы түтікке биіктігі 1см әйнекті мақта, содан соң биіктігі 2-3см алюминий тотығын және биіктігі 1см әйнекті мақтаны салады.
Анализді жүргізу. 1000см. зерттелуші ерітіндіні бөлгіш воронкаға құяды. Сынама алынғанколбаны хлороформмен шайып, бөлгіш воронкаға құямыз. 2см. (0,5)хлороформ қосып, қоспаны 1мин араластырады. Тұнғаннан кейін экстрактыконусты колбаға құяды. Экстрактты қосуда хлороформ экстракциясын 2-3ретқайталайды. Экстракттың қосылған порциясына 5-10г сусыз натрийкүкіртқышқылын қосып, 25-30мин кейін құрғақ конусты колбаға фильтрлейміз,көлемі 15-20см. дейін хлороформды сулы баняда айдайды.Айдалған ерітіндіні құрғақ стаканға ауыстырып, қалған хлороформды бөлмежелдеткішімен айдайды. Стаканға 2-5см. н-гексан қосып, хромотаграфиялықтүтік арқылы өткізіп, өлшенген стаканға элюлентті өлшеу үшін ағызады.Түтікті 2-3 порциямен және 2-5см. н-гексанмен жуып, өлшенген стаканғаағызып құяды. Түтіктегі сұйықтықтың мөлшері н-гексанның __________соңғы порциясынқосқанға дейінгі алюминий тотығының қабатының төменгі, жоғарғышекарасынан төмен түспеуі керек. Алынған ерітіндідегі н-гександы бөлмежелдеткіші арқылы айдап, өлшегіш стаканмен өлшейді.
Нәтежелер және оларды өндеу. Мұнай өнімдерін анықтаудың гравиметриялық әдісі. Мұнай өнімдерінің массалық концентрациясын x деп белгілейміз, мг/дм.. Келесі формула бойынша есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |