Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



бет2/6
Дата17.02.2017
өлшемі1,14 Mb.
#9428
1   2   3   4   5   6

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


1. Аверкеев М.С. Метеорология-М.1960.

2. Матвеев.Л.Т. Курс общей метеорологии. Физика атмосфера Л.Гидромет 1984.

3. Алисов В.П.., Дроздов О.А., Рубинштейн Е.С., Курс климаталогии, Л., гидрометеоиздат., 1952

4. Алисов В.П., Берлин И.А., Михель В.М. Курс климаталогии ч.3 Л,гидрометеоиздат 1954.

5. Хромов С.П. Метеорология и климаталогия для геогр.факультетов Л.1974.

6. Кондратьев К.Я.Актинометрия. Л., Гидрометеоиздат, 1965.

7. Берг Л.С. Основы климаталогии .Л.Учпедгиз,1938.

8. Будыко М.И. Климат и жизнь. Л.,Гидрометеоиздат. 1971.

9. Хригон А.Х. Физика атмосферы Л.гидрометеоиздат.1,2, 1978.

2 Зертханалық жұмыс


Жұмыстың тақырыбы: Атмосфералық ауа мониторингі

Жұмыстың мақсаты: Атмосфералық ауа мониторингімен, ауадағы зиянды заттардың шекті мөлшердегі концентрацияларымен, бөлме ауасының құрамындағы көмірқышқыл газының мөлшерін экспресс әдіспен анықтау әдістемесін меңгерту.

Құрал-жабдықтар: 100 мл-лік шприц, кальцинирленген сода (0,005% ерітіндісі), фенолфталеин (1% ерітіндісі)

Сабақтың жоспары:

І. Зертханалық жұмысты орындау

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

ІІІ. Блиц тест

ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы

Ауадағы көмірқышқыл газын экспресс-әдіспен анықтау

100 мл шприцке 20 мл 0,005% сода мен фенолфталеин ерітіндісін сорады, оның түсі ашық-қызыл болуы тиіс. Содан соң 80 мл ауа сорып, 1 минут шайқап араластырады. Егер ерітінді түссізденбесе шприцтен ауаны баяу ығыстырып шығарады да қайтадан ауа сорып тағы 1 минут шайқайды. Бұл операцияны 3-4 рет қайталайды, содан соң ауаны аз порциялармен 10-20 мл-ден енгізеді, және 1 минут ерітінді түссізденгенше шайқап отырады. Шприц арқылы өткен ауаның жалпы көлемін есептеп ауадағы көмірқышқыл газының концентрациясын келесі кесте бойынша анықтайды.



0,005% 20 мл сода ерітіндісін түссіздендіруге жұмсалған ауаның көлеміне байланысты ауадағы көмірқышқыл газының мөлшері

Көмірқышқыл газын анықтауды ашық атмосфералық ауа мен бөлмеде, жабық кеңістіктерде, адам саны көп асхана, кітапхананың оқу залдарында жүргізеді. Анықталған көмірқышқыл газының мөлшерлерін салыстырып, қай жерде көп, қай жерде аз екендігін анықтап, түсініктеме беріледі. Зерттеу нәтижелері келесі түрде өрнектеледі.



Зерттеу жүргізілетін кеңістік

Анықталған СО2мөлшері

Аз немесе көп болуының себебі

1 Ашық атмосфералық ауа

2 Зертхана бөлмесі

3 Оқу залы

4 Асхана
Блиц-тест:

1. Нақты бір ластағыш көздердің әсеріне ұшыраған атмосферадағы, судағы, өсімдіктердегі, топырақтағы адам үшін улы химиялық заттардың мөлшеріне бақылау жүргізу мониторингі?

А. Аудандық мониторинг

В. Ғаламдық мониторинг

С. Атмосфералық мониторинг

D. Жергілікті мониторинг

Е. Ғарыштық мониторинг



2. Халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға ұстап, экстремальды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыруға арналған мониторинг түрі?

А. ғаламдық (биосфералық) мониторинг

В.Биологиялық мониторинг

С. базалық мониторинг

D. Химиялық мониторинг

Е. Экобиохимиялық мониторинг



3. Елді мекендерде, өнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау жүргізу?

А. базалық (фондық) мониторинг

В. Биологиялық мониторинг

С. жергілікті (локальды) мониторинг

D. Химиялық мониторинг

Е. Экобиохимиялық мониторинг



4. Бақылау нысаны табиғи ортаға физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың әсер етуі болып табылатын мониторинг түрі?

А. әсер ету факторларының мониторингі

В. әсер ету көздерінің мониторингі

D. Ұлттық мониторинг

С. Биосфера жағдайының мониторингі

Е. Дұрыс жауап жоқ



5. Балық шаруашылығында қолданылатын сулардағы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы

А. ШМКс


В. ШМКм.бр.

С. ШМК о.т

D. ШМКжз

Е. ШМКбш


6. Әртүрлі өсімдіктер өсіру арқылы топырақтың жылжуын, желге ұшуын, оның құнарын, құрылымын арттыру, жақарту үшін қолданылатын шаралар жиынтығы:

А. Топырақты фитомелиорациясы

В. топырақ мелиорациясы

С. топырақ эрозиясы

D. Топырақтың сортаңдануы

Е. Топырақ морфологиясы



7. Басқа жануарлардың немесе өсімдіктердің әртүрлі мүшелерінің сыртында тіршілік ететін жануарлар, өсімдіктер немесе микроорганизмдер:

А. Консументтер

В. Эктопаразиттер

С. Канцерогендер

D. Вирустар

Е. Поллютанттар



8. Тірі организмдер үшін жат текті, жасанды синтезделген заттар:

А. Канцерогендер

В. Гербицидтер

С. Поллютанттар

D. Ксенобиотиктар

Е. Барлық жауап дұрыс



9. Зат массасының бірлігінің сәулеленуімен тасымалданған энергия мөлшерімен анықталатын фундаментальды дозиметриялық өлшем:

А. Экспозициялық доза

В. Жұтылған доза

С. летальды доза

D. Летальды концентрация

Е. Дұрыс жауап жоқ



10. Мұздықтардың жағдайын және олардың табиғи ортадағы өзгерістерін және ең алдымен мұздық пен жалпы өзен ағысындағы өзгерістерді қайталай бақылау, бағалау және болжау жүйесі:

А.Гляциологиялық мониторинг

В.Биологиялық мониторинг

С. базалық (фондық) мониторинг

D. Химиялық мониторинг

Е. Экобиохимиялық мониторинг


Бақылау сұрақтары:

1.Атмосфера ауасының құрамы қандай?

2.Биогендік элементтерге нелер жатады?

3.Озон қабатының маңызы неде?

4.Ауаның ластануының негізгі көздері нелер?

5.Қоршаған ортаға келтірілген зиян дегеніміз не?

6.Ауа ластануын анықтайтын қандай биоиндикаторларды білесіз?
Глоссарий
Химиялық мониторинг – атмосфераның, жауын-шашынның, жер беті мен жер асты суларының, мұхит пен теңіз суларының, топырақтың, түпті тұнбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың химиялық құрамын бақылайтын және химиялық ластағыш заттардың таралуын тексеретін жүйе.

Физикалық мониторинг – қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атқылауы, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т.с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі.

Биологиялық мониторинг – биоиндикаторлар көмегімен жүргізілетін мониторинг (яғни ортаның өзгеруін, ағзалардың күйі мен жүріс тұрысына қарап пішіп-кеседі).

Экобиохимиялық мониторинг – қоршаған ортаның екі құрам бөлігін (химиялық және биологиялық) бақылауға негізделген мониторинг.

Дистанциялық мониторинг – зерттейтін обьектілерді бақылауға және тәжірибелік мәліметтерді тіркеп жазып алуға арналған радиометриялық қондырғылармен қамтылған ұшқыш аппараттар қолданылған авиациялық, космостық мониторинг.

Құрама экологиялық мониторинг – бұл қоршаған табиғи орта объектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Алексеев Ю.В. «Тяжелые металлы в растениях и почвах». Л., агропромиздат,1987.

2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.

3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации

химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.

4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.

5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.

6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.

7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.

8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.

9. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті,2003, 156 с.

10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.

11. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.

12. Чигаркин А.В Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.

13. Шамен А. Гидрометеорология и мониторинг природной среды Казахстана. Алматы, Ғылым, 1996, 296 с

3 Зертханалық жұмыс


Жұмыстың тақырыбы: Атмосфера ластануының кешенді көрсеткіші

Жұмыстың мақсаты: Атмосфералық ауаның ластануының кешендікөрсеткішімен, қатер сыныптарымен, негізгі ауа ластағыштарымен таныстыру, «Пчелка» аппаратының көмегімен күкірт диоксидін, азот диоксидін анықтау әдістерін меңгерту.

Құрал-жабдықтар: Ауаны соруға арналған аспиратор, күкірт диоксидін, азот диоксидін, көміртегі диоксидін анықтауға арналған индикаторлық түтіктер

Сабақтың жоспары:

І. Зертханалық жұмысты орындау

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

ІІІ. Блиц тест

ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыс барысы

Атмосфералық ауадағы күкірт диоксидін, азот диоксидін, көміртегі диоксидін анықтау

1. Азот диоксидін анықтау:

1.1. ТИ [NO2-0,05] индикатор түтігінің екі шетін де ашамыз;

1.2. Ауа сорғыш аспиратордың (НП-3М) ұясына индикатор түтігінің маркерленбеген шетін жалғаймыз;

1.3. «100» санына келтіре отырып индикатор түтігі арқылы аспиратормен 200-400 см3 ауаны өткіземіз;

1.4. Азот диоксидінің концентрциясын өлшейміз:

- Индикатор түтіктің түсі өзгерген шекарасын «0» шкаласына теңестіреміз;

- Егер индикатор түтіктегі ұнтақтың бастапқы және реакцияласқан қабаты түстерінің шектері анық байқалмаса, өлшеуді төменгі және жоғарғы шектерден жүргізіп, орташасын аламыз;

- Индикатор түтіктегі ұнтақтың түсі ақтан қоңыр қызыл түске өзгеруі азот диоксидінің болуын дәлелдейді.

Азот диоксидінің жұмыс зонасындағы шекті мөлшердегі концентрациясы 2мг/м3.

2. Көміртегі диоксидін анықтау:

2.1. ТИ [СО2 2,0%] индикатор түтігінің екі шетін де ашамыз;

2.2. Аспиратор (НП-3М, АМ-5) ұясына индикатор түтігін жалғаймыз;

2.3. «100» санына келтіре отырып, индикатор түтігі арқылы аспиратормен 100-300см3 ауаны өткіземіз;

2.4. Көміртегі диоксидінің массалық немесе көлемдік концентрциясын анықтаймыз. Ол үшін:

- Индикатор түтіктің түсі өзгерген шекарасын «0» саны шкаласына теңестіреміз;

- Егер индикатор түтіктегі ұнтақтың бастапқы және реакцияласқан қабаты түстерінің шектері анық байқалмаса, өлшеуді төменгі және жоғарғы шектерден жүргізіп, орташасын аламыз;

- Индикатор түтіктегі ұнтақтың түсі ашық күлгіннен (сиреневый) қанық күлгін (фиолетовый) түске өзгеруі көміртегі диоксидінің болуын дәлелдейді.

3. Күкірт диоксидін анықтау:

3.1. ТИ [SO2 – 0,13] индикатор түтігін және ТФ- SO2 фильтрлі түтіктердің екі шетін де ашамыз;



Ескерту: өлшеу алдында фильтрлі түтік арқылы анализденетін ауаның 300см3 көлемін өткізу керек. Фильтрлі түтікті 5-10 индикатор түтіктерінен артық қолдануға болмайды, фильтрлі түтікті арық қарай қолданатын болған жағдайда екі шетінен тығынмен жабу керек.

3.2. Резеңке тығынның кесіндісі арқылы фильтрлі түтіктің фильтрлеуші ұнтағы жағынан индикатор түтікті жалғаймыз. Индикатор түтіктің екінші шетін аспиратор (НП-3М, АМ-5) ұясына орналастырамыз.

3.3. «100» санына келтіре отырып индикатор түтігі арқылы аспиратормен 500см3 ауаны өткіземіз;

3.4. күкірт диоксидінің концентрациясын анықтаймыз, ол үшін:

- Индикатор түтіктің түсі өзгерген шекарасын «0» саны шкаласына теңестіреміз;

- Егер индикатор түтіктегі ұнтақтың бастапқы және реакцияласқан қабаты түстерінің шектері анық байқалмаса, өлшеуді төменгі және жоғарғы шектерден жүргізіп, орташасын аламыз;

- Индикатор түтіктегі ұнтақтың түсі күлгіннен ақ түске өзгеруі күкірті диоксидінің болуын дәлелдейді.

Күкірт диоксидінің жұмыс зонасындағы шекті мөлшердегі концентрациясы 10мг/м3. Атмосфералық ауадағы азот, күкірт, көміртегі диоксидтерінің мөлшерін автокөліктің түтінді газынан және ашық атмосферадан, зертхана бөлмесінен, қаладағы өндіріс орындары щоғырланған ауданнан анықтауға болады. автокөліктің түтінді газынан азот, күкірт, көміртегі диоксидтерінің мөлшерін анықтау үшін, қозғалтқышы жұмыс жасап тұрған автокөліктің түтін шығатын құбырына кең көлемді полиэтилен пакетін жалғастырып, пакет толғаннан кейін аузын буып алу керек. Аспираторға жалғанған индикатор түтігі арқылы осы пакеттегі түтінді газдың белгілі көлемі өткізіледі. Алынған мәліметтерді өзара салыстырып, келесі кесте түрінде жазуға болады.


Зерттеу жүргізілген аудан SO2 СО2 NO2

1 Ашық атмосфера

2 Өндіріс аймағы

3 Зертхана бөлмесі

4 Автокөліктің түтінді газы

Блиц –тест:
1. Жермен астасқан ауа қабатындағы негізден не негіздер тобына түскен ластағыш заттектің шамасы тұрғындарға, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне арналған сапасының нормативінен аспайтындай етіп белгіленген ғылыми-техникалық норматив қалай аталады?

А. Шекті мөлшердегі шығарындылар мен лақтырындылар (ШМШ,ШМЛ)

В. Шекті мөлшердегі концентрация (ШМК)

С. Белгілі бір заттың сапасы

D. Экспозициялық мөлшер

Е. Дұрыс жауап жоқ



2. Қоршаған ортаның екі құрам бөлігін, яғни химиялық және биологиялық құрамдастарын бақылауға негізделген мониторинг:

А. Химиялық мониторинг

В. Экобиохимиялық мониторинг

С. Биологиялық мониторинг

D. Физикалық мониторинг

Е. Құрама экологиялық мониторинг



3. Түссіз, иіссіз, өте улы газ, оттегі жетіспеген жағдайда, шала жану нәтижесінде пайда болады, иісті газ деп аталатын қандай қосылыс?

А. Күкірт диоксиді

В. Көмірқышқыл газы

С. Азот диоксиді

D. Көміртегі монооксиді

Е. Ангидрид



4. Ұзақ тыныс алу кезінде адамға тікелей немесе жанама әсер етпейтін, аймақтың барлық топтарына және әсер етудің ұзақ мерзіміне белгіленген тұрғын аудандар ауасындағы зиянды зат концентрациясы қалай аталады?

А. ШМКжз

В. ШМК о.т

С. ШМК мбр

D. ШМКс

Е. ШМКбш


5. Зерттелетін судағы тұрақсыз органикалық қосылыстарды, белгілі бір уақыт аралығында аэробты биохимиялық тотықтыруға қажетті оттегі мөлшері (мг/л)?

А. Оттегі концентрациясы

В. ОХҚ – оттегінің химиялық қажеттілігі

С. ШМК – шекті мөлшердегі концентрация

D. ОБҚ – оттегінің биологиялық қажеттілігі

Е. Оттегінің тотығуы



6. Ластағыш заттардың таралу сипаты бойынша ластаушы көздер қандай ареалдарға жіктеледі?

А. Нүктелік, аудандық, линиялық

В. Нүктелік, аудандық, кеңістік

С. Жергілікті, линиялық

D. химиялық, биологиялық

Е. физикалық, биологиялық



7. Вулкандық атқылаулар аудандарында рН мәні қандай болған жағдайда «қышқылдық жаңбыр» байқалады?

А. рН = 6-7

В. рН = 5-6

С. рН = 2,4-2,5

D. рН = 7-3

Е. рН = 3-2,9



8. Экологиялық мониторинг неше сатыдан тұрады?

А. 2 сатыдан

В. 7 сатыдан

С. 5 сатыдан

D. 4 сатыдан

Е. 3 сатыдан



9. Базалық мониторинг дегеніміз не?

А. елді мекендер мониторингі

В. 1 мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізіледі

С. жергілікті антропогенді әсерлердің мониторингі

D. жалпы биосфералық табиғи құбылыстарды бақылау жүйесі

Е. өндіріс орындарынан шығарылатын зиянды заттарды бақылау жүйесі



10. Тазалық белгілері бойынша судың қандай көрсеткіштері бар?

А. микробиологиялық, паразитологиялық

В. жаңа, көне

С. шектелген, шектелмеген

D. тікелей, жанама

Е. антропогенді, паразитологиялық


Бақылау сұрақтары:

1. Атмосфералық ауаның сапа көрсеткіштері қандай?

2. Атмосфералық ауаның ластануы деген не?

3. Ластаушы заттарға қандай заттар жатады?

4. Ластанған ауаның тұрғындар денсаулығына әсері қандай? Мысалдар

келтіріңіздер.

5. Қазақстан Республикасындағы атмосфералық ауаның ластану проблемасы.
Глоссарий

Атмосфераның ластануының жанама көрсеткіші – атмосферадағы қоспаның топырақ бетіне және су айдынына түсуі, сонымен қатар атмосфералық жауынмен олардың жуылуы

ШМКж.з. - жұмысшы зонадағы ауаның құрамындағы ластаушы заттардың шекті мөлшерлік концентрациясы

ШМКм.б. - тұрғын үйлер орналасқан аудан ауасындағы максималды бірреттік шекті концентрация

ШМК о.т - тұрғын үйлер орналасқаи аудандағы ауа құрамындағы улы заттардың орташа тәуліктік шекті мөлшерлік концентрациясы
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003, 156 с.

2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.

3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.

4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.

5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.

6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.

7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.

8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.

9. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.

4 зертханалық жұмыс
Жұмыстың тақырыбы: Атмосфералық ауаның сапасына автокөліктердің тигізетін әсері

Жұмыстың мақсаты: Атмосфералық ауаның автокөліктердің жүру қарқындылығына байланысты ластану дәрежесін анықтау, студенттердің өздері тұратын көшелердің автокөліктермен ластану деңгейін есептеу әдістемесін меңгерту

Құрал-жабдықтар: қаланың бірнеше көшелерінде орналасқан бақылау тораптары

Сабақ жоспары:

І. Зертханалық жұмысты орындау

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

ІІІ. Блиц тест

ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы
Автокөліктердің көптігіне байланысты атмосфералық ауаның тазалығын бағалау Бұл әдістің мәні әрбір таңдап алынған көшеде бір немесе бірнеше бақылау тораптары орнатылады. Бақылаушыларға ыңғайлы әрі қауіпсіз болуы үшін тораптар қиылыстар мен аялдамалардан алшақ орналасқаны дұрыс. Әрбір торапта 2 бақылаушы жұмыс жасайды: 1-сі орталықтан қала сыртына шығатын көліктерді, 2-сі қала сыртынан орталыққа бағыт алған көліктерде санайды. Жанынан өткен әрбір автокөлікті бақылаушы арнайы құрылған кестенің сәйкес графасына нүкте немесе таяқша түрінде белгілеп отырады. Бұл кезде жеңіл машиналарды, жүк машиналарын, автобустар, трактор мен мотоциклдарды жеке-жеке есептеген жөн. Атмосфераның ластануына онша әсер етпейтін троллейбустарды санамауға болады. Бақылаушыларды ауыстыру 1-1,5 сағаттан кейін жүргізіледі.

Бір бақылау торабында әртүрлі бақылаулар жүргізуге болады:

- тәуліктің әр уақытында (тәуліктік өзгерістер)

- аптаның әртүрлі күндерінде, бірақ бір уақытта (апталық өзгерістер)

- жылдың әртүрлі мезгілдерінде (көлік қозғалысының маусымдық динамикасы)

Алынған кестелер бойынша белгілі бір көшедегі көлік қозғалысының апталық немесе тәуліктік динамикасының графигін тұрғызуға болады. Көлік ағындарының орталықтан қала сыртына және қала сыртынан орталыққа қарай қозғалыстарын салыстыруға, өз үйіңнің тұсындағы, оқу ғимаратының маңындағы және көліктер шоғырланған көшелердегі қозғалыс интенсивтілігін салыстыруға болады.

Графиктерді тұрғызған кезде горизонтальды осьта (абцисса осінде) уақыт (сағатпен – тәуліктік динамика үшін немесе тәулікпен – ұзақ мерзімді бақылаулар үшін), ал вертикальды осьте (ордината осінде) – көлік ағынының суммарлы қарқындылығы белгіленеді. Бұндай графиктерді өзара салыстыру оңай.

Бақылау тораптарындағы бақылаушылар келесі кестені толтырып тұруы шарт (5-6-7 кестелер)


Кесте 5 - Тәуліктік өзгерістер





Көлік

түрі


Көлік саны

1

08-09

800-900

2

09-10

900-1000

3

10-11

1000-1100

4

11-12

1100-1200

5

12-13

1200-1300

6

13-14

1300-1400

7

14-15

1400-1500

8

15-16

1500-1600

9

16-17

1600-1700

10

17-18

1700-1800

11

18-19

1800-1900

Кесте 6 - Апталық өзгерістер




Апталық өзгерістер

Көлік түрі

Көлік саны

Жеңіл көлік


Жеңіл көлік


Жеңіл көлік


Жеңіл көлік


Дүйсенбі







Сейсенбі







Сәрсенбі







Бейсенбі







Жұма







Сенбі







Жексенбі






Зерттеу нәтижелері келесі график түрінде өрнектелуі тиіс:

Автокөліктердің жүру қарқындылығы, тәуліктік өзгеріс (7 кесте)

Кесте 7 - Тәуліктік өзгеріс




Уақыты

08-09.09-10. 10-11. 11-12. 12-13.13-14.14-15.15-16 16-17 17-18.18-19


Көлік саны:




Жеңіл көлік




Жүк көлік





Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет