Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі



бет4/6
Дата17.02.2017
өлшемі1,14 Mb.
#9428
1   2   3   4   5   6

x=(m1-m2)·1000·1000/V (1)

Мұндағы:


m1 - мұнай өнімдерін өлшеуге арналған стаканның массасы, г.

m2 - өлшеуге арналған бос стаканның массасы,г.

V - анализге алынған зеріттелуші ерітіндінің көлемі, см..

Тәжірибе жүзінде табылған мұнай өнімдерінің мөлшерін ШМК мәнімен салыстырып, қорытынды жазыңыздар.


Блиц - тест

1. Биосферадағы және құраушылардағы көп мөлшерінің болуы, теріс яғни қолайсыз токсико- экологиялық жағдайлар туғызатын химиялық қосылыстар қалай аталады?

А. Пестицидтер

В. Экотоксиканттар

С. Суперэкотоксиканттар

D. Полютанттар

Е. Лимациттер



2. Жалпы биосфералық, табиғи құбылыстарды бақылауға бағытталған мониторинг түрі?

А. базалық (фондық) мониторинг

В.Биологиялық мониторинг

С. ұлттық мониторинг

D. Химиялық мониторинг

Е. Экобиохимиялық мониторинг



3. Қоршаған табиғи орта обьектілерінің ластану деңгейіне баға беруге және адам мен басқа да тірі ағзалардың денсаулығына зиян тигізетін өте қиын жағдайдың тууы туралы ескертуге арналған бақылау жүйесін ұйымдастыру?

А. базалық (фондық) мониторинг

В.Биологиялық мониторинг

С. құрама экологиялық мониторинг

D. Химиялық мониторинг

Е. Экобиохимиялық мониторинг



4. Геофизикалық (атмосфера, мұхит, жер асты сулары, өзен-көлдері бар құрлық беті) және биологиялық (биота) мониторингтерінен құралатын мониторинг түрі?

А. Биосфера жағдайының мониторингі

В. әсер ету көздерінің мониторингі

С. әсер ету факторларының мониторингі

D. Ұлттық мониторинг

Е. Дұрыс жауап жоқ



5. Әртүрлі геохимиялық өзгерістер нәтижесінде, өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілік етуінің барысында саналуан физика- химиялық құбылыстар орын алатын, қозғалғыштығы төмен биогеоценоз компонеттерінің ең маңызды бөлігі қалай аталады?

А. Минералды ресурстар

В. жер беті сулары

С. жер асты сулары

D. Пайдалы қазбалар

Е. Жер бетінің топырақ қыртысы



6. Адамның іс-әрекетінің нәтижесінде өте күрт өзгеріп, құнарлығын жоғалтқан жерлерді, экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақты, адам тіршілігіне қауіпті аудандар мен ірі қалаларды көрсететін экологиялық карта:

А. Қызыл карта

В. Жасыл карта

С. Көк карта

D. Сары карта

Е. Дұрыс жауабы жоқ



7. Гетеротрофты организмдер, продуценттер немесе басқа консументтер өндірген органикалық заттектерді қорек көзі ретінде пайдаланатын немесе оларды жаңа түрге трансформациялайтын организмдер

А. Эктопаразиттер

В. Консументтер

С. Канцерогендер

D. Вирустар

Е. Поллютанттар



8. Биосферадағы және оның құраушыларындағы көп мөлшерінің болуы теріс (қолайсыз) токсико-экологиялық жағдайлар туғызатын химиялық қосылыстар:

А. Барлық жауап дұрыс

В. Гербицидтер

С. Ксенобиотиктер

D. Поллютанттар

Е. Канцерогендер



9. Табиғи жүйелердің өздерінің құрылымы мен қызметіне елеулі зиян келтірмей антропогенді әсерлерге қарсы тұру қабілеті, сондай-ақ табиғи-антропогенді жүйелердің құрылымдарына антропогендік әсер ету тоқтағаннан немесе азайтылғаннан кейінгі өздігінен қалпына келу қабілеті:

А. геожүйелердің алуантүрлілігі

В. Геожүйелердің антропотұрақтылығы

С. геожүйелердің табиғи тұрақтылығы

D. Экожүйелердің тұрақтылығы

Е. Дұрыс жауап жоқ



10. Суды қолдану үшін қаншалықты пайдалы екендігін анықтайтын, оның құрамы мен қасиеттерінің жиынтығы қалай аталады?

А. судың сапасы

В. судың кермектілігі

С. судың органолептикалық қасиеті

D. Судың орта реакциясы

Е. Судың тұздылығы


Бақылау сұрақтары:

1. Судың ластануының қандай түрлерін білесіңдер?

2. Су ластануының оның ішінде мұнаймен ластануының тірі ағзаларға әсері қандай?

3. Хроматография әдісі неге негізделген?

4. Судың сапа көрсеткіштері қандай?

5. Мұнаймен ластанудың қалайша алдын алуға болады?


Глоссарий
Оттегінің химиялық қажеттілігі (ОХҚ) – құрамында көміртегі бар заттарды СО2-ге, Н2О-ға, NO3-ке дейін тотықтыруға, күкірті бар заттарды – сульфаттарға, фосфоры бар заттарды – фосфатқа дейін тотықтыруға қажетті оттегінің 1 л судағы мг-мен немесе гр-мен алынған шамасы.

Оттегінің биологиялық қажеттілігі (ОБҚ) – тұрақсыз органикалық қосылыстарды, зерттелетін суда, белгілі уақыт аралығында аэробты биохимиялық тотықтыруға қажетті оттегі мөлшері (мг/л).
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Алексеев Ю.В. «Тяжелые металлы в растениях и почвах». Л., агропромиздат,1987.

2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.

3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации

химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.

4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.

5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.

6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.

7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.

8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.

9. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003, 156 с.

10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест.

(Минздрав РК.), 1997.

11. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.

12. Чигаркин А.В Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.

13. Шамен А. Гидрометеорология и мониторинг природной среды Казахстана. Алматы, Ғылым, 1996, 296 с.

14. Бельгибаев М.Е. некоторые принципы ландшафтно-экологического

обонования природопользования и природоустройства//Науч.-прак. Конф. Ландшафтно-экологические основы природопользования и природоустройства.Целиноград: 1991. С. 5-10.

15. Востокова Е.А. Картографическое обеспечение космического мониторинга экологических условий//Научно-прак. Конф. Ландшафтно-экологические основы природопользования и природоустройства. Целиноград: 1991. С. 14-18.

16. Жекулин В.С. Введение в географию: Учебное пособие – Л-д, 1989.

17. Кабата-Пендиас А., Пендиас Х. Микроэлементы в почвах и растениях. М., 1989.

8 Зертханалық жұмыс


Жұмыстың тақырыбы: Ауыз судың сапасын бақылау

Жұмыстың мақсаты: Адамзат пайдаланатын ауыз су сапасының көрсеткіштері, оның құрамындағы тұздар мен қосылыстардың мөлшерімен таныстыру, судағы хлоридтердің мөлшерін анықтау әдістемесін меңгерту.

Құрал-жабдықтар: конусты колбалар, өлшеуіш колбалар, бөлінген пипеткалар, бюретка, хлорлы натрий эквиваленттің молярлы концентрациясымен СNaCl 0,1 моль/дм3, күміс нитраты эквиваленттің молярлы концентрациясы С(1AgNO3) 0,1 моль/дм3 ерітіндісі, хромқышқылды калий, массалық концентрациясы 50 г/дм3 ерітінді.

Сабақтың жоспары:

І. Зертханалық жұмысты орындау

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

ІІІ. Блиц тест

ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы
Хлоридтерді аргентометриялық әдіспен анықтау

Анализді жүргізуге дайындық .

А) Күміс нитратының ерітіндісіне түзету коэффициентін анықтау.10 см3 натрий хлоридінің ерітіндісін конусты колбаға салады, 90 -100 см3 дистилденген суды 1 см3 калий ерітіндісін қосып, түсі лимон – сары түстен қызғылт сарыға өзгергенше күміс нитраты ерітіндісімен титрлейді.

Б) К түзету коэффицентін келсіформула бойынша есептейді
К = 10/V, (2)
Мұндағы: V – титрлеуге жұмсалған күміс нитраты ерітіндісінің көлемі, см3;

10 – анализге алынған натрий хлориді ерітіндісінің көлемі, см3



Анализді жүргізу.

10 см3 зерттелуші ерітіндіні конусты колбаға құяды, 90 -100 см3 дистилденген суды 1 см3 калий ерітіндісін қосып, түсі лимон – сары түстен қызғылт сарыға өзгергенше күміс нитратының ерітіндісімен титрлейді.



Нәтижелерді өңдеу.

Хлоридтердің массалық концентрациясын Х, мг/дм3, келесі формула бойынша

есептейді:

Х= (V1·К·0.0035·1000·1000)/V (3)

Мұндағы:


V1 – титрлеуге жұмсалған күміс нитраты ерітіндісінің көлемі, см3.

К – азотқышқылды күміс ерітіндісіне түзету коэффициенті

V – анализге алынған зерттелуші ерітінді көлемі,см3

Зерттеу нәтижелері көрнекті болуы үшін бірнеше су түрінен үлгі алуға болады, мысалы: ағынды су, өзен суы, ауыз су, минералды су және т.б. Табылған хлоридтердің мәнін өзара және ШМК мәндерімен салыстыру үшін келесі кесте түрінде толтыруға болады:

№ Зерттеуге алынған су үлгісі

Хлоридтердің мөлшері, мг/дм3

Хлоридтердің ШМК мәні

1 Ауыз су

2 Минералданған су

3 Өзен суы

4 Ағынды су және т.б.
Блиц -тест

1. Экологиялық мониторинг неше сатыдан тұрады?

А. 2


В. 7

С. 5


Д. 4

Е. 3


2. Хлор мен өтпелі иісті жасыл – сары түсті газ ауадан неше есе ауыр?

А. 3,5


В. 2,5

С. 1,5


Д. 4,5

Е. 2


3. Аурулардың жалпы деңгейінің жоғарлауы топырақ ластануының қай категориясына жатады?

А. Аз қауіпті

В. Қауіпті

С. Өте қауіпті

Д. Рұқсат етілген

Е. Рұқсат етілмеген



4. Токсикология мен нормалауға маңызды ұғымдардың бірі?

А. Химиялық зат

В. Пайдалы зат

С. зиянды зат

Д. Биологиялық зат

Е. Экологиялық зат



5. Тұнбаға түскенде, аз еритін ерітінділер пайда болған кезде топырақтың жұту қабілеті қалай аталады?

А. Механикалық

В. Физикалық

С. Химиялық

Д. Ион алмасу

Е. Биологиялық



6. Органикалық байланыстың минерализациясы кезінде атмосфераға СО2-нің неше молекуласы бөлінеді?

А. 5


В. 7

С. 2


Д. 10

Е. 6


7. Экосистеманың эволюциялық уақыт кесіндісінде толық өзінен-өзі қалпына келуі және өзін-өзі реттеуге қабілеттілігі қалай аталады?

А. Экологиялық беріктілік

В. Экологиялық шығын

С. Экологиялық норматив

Д. Антропогенді жүктеме

Е. Жылулық жүктеме



8. Адамды қоршаған ортаның шығындары нешеге бөлінеді және қалай аталады?

А. Әлеуметтік, экономикалық

В. Маңызды, маңызсыз

С. Латентті

Д. Перманентті, латентті

Е. Әлеуметтік, экологиялық, экономикалық



9. Сандық бағасы адамның көлем бірлігіне қатынасының анықталатын жүктеме?

А. Латентті

В. Жылулық

С. Антропогенді

Д. Рекреациялық

Е. Перманентті



10. Атмосфераға шығарылатын шығарындыларды бақылауды қандай 2 топқа бөледі?

А. Антропогенді, табиғи

В. Бұхаралық, бұхаралық емес

С. Қалдықты, қалдықты емес

Д. Ұйымдастырылған, ұйымдастырылмаған

Е. Қалпына келетін, қалпына келмейтін


Бақылау сұрақтары:

1. Аргентометриялық әдістің мәні

2. Ауыз судағы хлоридтердің жоғары мөлшерінің салдары қандай?

3. Ауыз суға хлоридтер қандай жолмен түседі?

4. Суды тазалау әдістері қандай?

Глоссарий
Өздігінен тазалану процесі - экологиялық жүйенің қайтадан бастапқы қалпына келу процестері

Фильтрация алаңдары - бұл жеңіл грунттары бар жер алаңдары
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті,2003, 156 с.

2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.

3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации

химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.

4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.

5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.

6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.

7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.

8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.

9. Алексеев Ю.В. «Тяжелые металлы в растениях и почвах». Л., агропромиздат,1987.

10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.

11. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.

9 Зертханалық жұмыс


Жұмыстың тақырыбы: Топырақ сапасын нормалау мен ондағы ШМК

Жұмыстың мақсаты: Топырақ мониторингімен және топырақты қорғау, сақтау жолдарымен таныстыру. Мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың құрамындағы күкіртсутекті анықтау әдістемесімен таныстыру.

Құрал-жабдықтар: Шайқағыш аппарат; фильтр қағазы; тығынды 200 мл-лік колба; 1 мл-лік колба; титрлегіш пипеткалар; бюкс; кептіргіш шкаф; эксикатор; КмnO4 ерітіндісі, х.т., 0,01М ерітінді; натрий тиосульфаты Na2S2О3, 0,005М ерітінді; күкірт қышқылы, Н2SO4 (тығыздығы 1,84 г/см3), 1:3 сұйытылған; калий йодиді КІ, х.т., 10%-тік ерітінді; крахмал, 1%-тік ерітінді; мұнай өнімдерімен ластанған топырақ.

Сабақтың жоспары:

І. Зертханалық жұмысты орындау

ІІ. Бақылау сұрақтарына жауап беру

ІІІ. Блиц тест

ІV. Зертханалық жұмысты тапсыру
Жұмыстың барысы

Мұнай өнімдерімен ластанған топырақтағы күкіртсутек мөлшерін анықтау. Топырақта анаэробты микроорганизмдер қатысуымен органикалық заттардың ыдырау процестері үздіксіз жүреді. Кейбір бактериялар органикалық заттарды тотықтыруға сульфаттардың оттегісін пайдаланады да, бұл кезде күкіртсутек Н2S бөлінеді. Бұндай процесс органикалық заттарға бай топырақтарда жүреді. Н2S – түссіз газ, су мен органикалық еріткіштерде жақсы ериді, күшті тотықсыздандырғыш болып саналады. 2 үшін ПДК – 0,4 мг/кг топырақта.

Топырақтағы күкіртсутекті анықтау әдістемесі мұнай өнімдерімен ластанған топырақтардағы Н2S-ті анықтауға арналған. Анализ қышқылдық ортада КІ мен КмnO4 әрекеттесуі кезінде бөлінетін І2-тің Н2S-ті тотықтыру реакциясына негізделген.

Жұмыстың барысы: 100 г топырақты конустық колбаға салып, үстіне 200 мл дистилденген су құяды. Колбаны тығынмен жауып, 4 мин шайқайды. Бұдан кейін ерітіндіні фильтрлеп, конустықколбаға 100 мл фильтратты құяды., бірнеще тамшы Н2SO4 тамызып, үстіне 1 мл 10 %-тік КІ ерітіндісін құйып, араластырып, бюреткадан 0,01М КмnO4 ерітіндісімен сары түс пайда болғанша титрлейді. Йодтың артық мөлшерін 1%-тік крахмал ерітіндісінің бірнеше тамшысын тамызып, тиосульфат ерітіндісімен титрлейді. 0,01М КмnO4 ерітіндісі мен титрлеуге кеткен тиосульфат ерітіндісінің айырмасы 100 мл фильтраттағы күкіртсутектің тотығуына кеткен 0,01М І2 ерітіндісінің мөлшеріне тең болады. 1 мл 0,01 н ерітіндісінде 0,17 мг Н2S болады. Мысалы: 0,01М КмnO4 ерітіндісі мен титрлеуге кеткен тиосульфат ерітіндісінің айырмасы 3 мл болсын. Онда 100 мл фильтраттағы күкіртсутек мөлшері – (0,17) 3 = 0,51 мг болады. Ал 200 мл фильтратта, яғни 100 г топырақта – (0,51) 2 = 1,02 мг Н2S болады. Сонда топырақтағы Н2S концентрациясы С (мг/кг топырақта) 1,02 С = 1000 ——— = 10,2 мг/кг 100

Топырақтың анализінде оның ылғалдылығын да анықтайды, себебі, анализде топырақ абсолютті құрғақ болуы керек.

Топырақтың ылғалдығын анықтау:

Кептіргіш шкафта 100-105. С температурада кептірілген қақпағы бар шыны стаканды (бюксты) аналитикалық таразыда 0,0001 дәлдікке дейін өлшейді, оған топырақ үлгісін салады. Қарашірігі мол топырақтар үшін 15-20г үлгі алынады, одан соң бюкстың қақпағын ашып, 8 сағатқа 105.С температурада кептіреді. Кептірілген топырақты эксикаторға салып, 20-30 мин жауып қояды. Эксикаторға ондағы ауаны кептіру үшін конц Н2SO4 немесе сусыз кальций хлоридін салады.

Топырақ үлгісі кепкен соң аналитикалық таразыда өлшеп, тағы да кептіргіш шкафта 1-2 сағат сол температурада кептіреді. Кептіру мен өлшеуді 0,0003 г дәлдікке дейін жүргізу керек.

Топырақтың ылғалдығын W (%) төмендегі формула бойынша есептейді,.


(m1 – m0) -100

W = —————— (4)

(m1 – m)

бұндағы:


m1 – ылғалтопырақтың (бюкспенбірге) салмағы, г;

m0 – кептірілгентопырақтың (бюкспенбірге) салмағы, г;

m – бюкстыңсалмағы, г;

ЗерттеунәтижесіндеалынғанкүкіртсутектіңмәнінШМКмәніменсалыстыруарқылытопырақтыңластанудеңгейінебағаберіңіздер.


Блиц-тест

1.Бір мемлекеттің шегінде арнайы құрылған органдар арқылы жүргізілетін мониторинг?

А. ұлттық мониторинг

В.Биологиялық мониторинг

С. базалық (фондық) мониторинг

D. Химиялық мониторинг

Е. Экобиохимиялық мониторинг



2. Ақпаратты өздігінен жинау, сақтау, түрлендіру мен ұсынудың электрондық есептеу машиналарында іске асырылған жүйесі.

А. Биологиялық ақпараттық жүйе

В. географиялық ақпараттық жүйе ГАЖ

С. электрондық ақпараттар

D. Химиялық ақпараттық жүйе

Е. Жүйенің ақпараттық түрі



3. Қоршаған орта мониторингінің ғаламдық жүйесінің (ҚОМҒЖ) басты міндеті қандай?

А. Табиғи ластағыш көздерді жою шараларын қарастыру

В. Табиғи ортаның ластануын бақылау

С. Антропогенді ластағыш көздер мониторингін құрастыру

D. Қоршаған табиғи ортаның ластануынан болатын эффект пен олардың

салдарлары, жалпы ластану мониторингін ұйымдастыру

Е. Дұрыс жауабы жоқ

4. Ақпараттарды біріктіру сипаты бойынша мониторинг қандай түрлерге жіктеледі?

А. Ғаламдық, космостық, аймақтық

В. Базалық, аймақтық, импактылы

С. Орман және су мониторингі

D. Гляциологиялық және жергілікті мониторинг

Е. Экологиялық, химиялық және физикалық



5. Топырақ құрамында, азық-түлік өнімдерінде, жеміс-жидектерде және басқа тағамдық дақылдарында, оның 1 кг-ға шаққанда келетін пестицидтің миллиграмм мөлшері:

А. ШМКжз

В. ШМКм.бр.

С. ШМК о.т

D. ШҚМ

Е. ШМКс


6. Организмнің тіршілік ету жағдайларына қатысты шарттардың жалпы жиынтығы және осы шарттар қанағаттандырылатын жерді немесе кез-келген түрдің тіршілік ететін ортаның жағдайын анықтайтын, биологиялық көрсеткіштері мен физикалық параметрлерінің барлық жиынтығын, олардың энергияны түрлендіруін, ортамен және өзіне ұқсастармен мәліметтер алмасуы:

А. Экологиялық қуыс

В. биологиялық ақпарат алмасу

С.Экологиялық аудан

D. Экологиялық шар

Е. Дұрыс жауап жоқ



7. Әсер еткенде организмде физиологиялық және қабілеттілік реакциялар шектерінен шығатын өзгерістер немесе жасырын патология туындайтын заттың минималды дозасы:

А. улылық дәрежесі

В. шекті мөлшердегі концентрация

С. Зиянды әсер табалдырығы

D. Экспозициялық концентрация

Е. Ең аз концентрация



8. Экожүйені құрайтын барлық компоненттер мен элементтердің өздігінен реттелуі мен өздігінен қалпына келуі процестерінің жүруіне мүмкіндік болатын кеңістік:

А. Экожүйенің концентрациясы

В. Экожүйенің ауданы

С. Экожүйенің мөлшері

D. Экожүенің кеңістігі

Е. Экожүйенің көлемі



9. Орташа тәуліктік ШМК бойынша реттеліп, «і» шикізатының ластануының бірлік индексі қолданылатын күкірт диоксидінің концентрациясына әкелінген жиынтығы ретінде саналатын индекс?

А. Экспозициялық концентрация

В. шекті мөлшердегі концентрация индексі

С. улылық дәрежесінің индексі

D. Ауа ластануының кешенді индексі

Е. Ең аз концентрация



10. Қоршаған ортаға физикалық процестер мен құбылыстардың (су тасқыны, жанартау атылыстары, жердің сілкінуі, құрғақшылық, топырақ эрозиясы және т.с.) тигізетін әсерін бақылау жүйесі

А. Физикалық мониторинг

В. Химиялық мониторинг

С. Биологиялық мониторинг

D. Экобиохимиялық мониторинг

Е. Құрама экологиялық мониторинг


Бақылау сұрақтары:

1. Топырақтың тіршілік үшін маңызы қандай?

2. Топырақтың қандай типтері бар?

3. Топырақтың қасиеттеріне сипаттама беріңіз

4. Топырақтың химиялық қосылыстармен ластануы, себептері, салдары,

тұрғындар денсаулығына әсері

5. Топырақтың биологиялық ластануы, себептері – тұрғындар денсаулығына әсері.
Глоссарий

Жер бетінің топырақ қыртысы - әр түрлі геохимиялық өзгерістер нәтижесінде, өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілік етуінің барысында саналуан физика-химиялық құбылыстар орын алатын, қозғалғыштығы төмен биогеоценоз компонеттерінің ең маңызды бөлігі.

ШҚМ – топырақ құрамында, азық-түлік өнімдерінде, жеміс-жидектерде және басқа тағамдық дақылдарында, оның 1 кг-ға шаққанда келетін пестицидтің миллиграмм мөлшері.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Алексеев Ю.В. «Тяжелые металлы в растениях и почвах». Л., агропромиздат,1987.

2. Безуглая Э.Ю. «Метеорологический потенциал и климатические особенности загрязнения воздуха городов». Л.: Гидрометеозидат. 1984, 184 с.

3. Беспамятов Г.П., Кротов Ю.А. «Предельно допустимые концентрации

химических веществ в окружающей среде». Л: Химия, 1985.

4. Василенко В.Н., Назаров И.М., Фридман М.Д. «мониторинг загрязнения снежного покрова». Л.: Гидрометеоиздат, 1985, 182 с.

5. Израэль Ю.А. «Экология, климат и влияние возможных его изменений на селькое хозяйство страны». М., Высшая школа, 1987.

6. Израэль Ю.А. «Экология и контроль состояния природной среды». М., 1979.

7. Кузин А.М. «Прирдный радиоактивный фон и его значение для биосферы земли». М., Наука, 1991, 111 с.

8. Орлов Д.С., Малинина М.С., Мотузова Г.В., Садовникова Л.К., Соколова Т.А. Химическое загрязнение почв и их охрана: словарь-спаравочник. М., 1991.

9. Рыспеков Т.Р. «Мониторинг природной среды». Алматы, Қазақ университеті, 2003, 156 с.

10. Санитарные парвило по охране атмосферного воздуха населенных мест. (Минздрав РК.), 1997.

11. Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана. Алматы, 1995, 160 с.

12. Чигаркин А.В Региональная геоэкология Казахстана. Алматы, 2000, 224 с.

13. Шамен А. Гидрометеорология и мониторинг природной среды Казахстана. Алматы, Ғылым, 1996, 296 с.

14. Бельгибаев М.Е. некоторые принципы ландшафтно-экологического

обонования природопользования и природоустройства//Науч.-прак. Конф. Ландшафтно-экологические основы природопользования и природоустройства. Целиноград: 1991. С. 5-10.

15. Востокова Е.А. Картографическое обеспечение космического мониторинга экологических условий//Научно-прак. Конф. Ландшафтно-экологические основы природопользования и природоустройства. Целиноград: 1991. С. 14-18.

16. Жекулин В.С. Введение в географию: Учебное пособие – Л-д, 1989.

17. Кабата-Пендиас А., Пендиас Х. Микроэлементы в почвах и растениях. М.,1989.


10 Зертханалық жұмыс


Жұмыстың тақырыбы: Топырақтағы мыстың құрамын анықтау.

Жұмыстың мақсаты: топырақтың өздігінен тазаруы, тыңайтқыш ретінде су шөгінділерін пайдалану шарттарымен, фотоколориметриялық әдіспен таныстыру, топырақтың құрамындағы мысты анықтау әдістемесін меңгерту.

Каталог: files -> book
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы
book -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді
book -> Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет