Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы



бет11/15
Дата07.04.2020
өлшемі1,34 Mb.
#61755
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
ҚІЖҚ

№ 11 дәріс.



Тақырып: Қылмыстық процестегі дәлелдемелер теориясының негізгі ережелері.
Дәріс мазмұны:

  1. Дәлелдемелер ұғымы. Дәлелдеу құқығы және оның дәлелдемелер теориясындағы орны.

  2. Дәлелдемелердің қайнар көздері. Дәлелдемелерді классификациялау, олардың теориялық және практикалық маңызы. Дәлелдемелердің қасиеті.

  3. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні: түсінігі, мазмұны және маңызы.


СОӨЖ мазмұны:

  1. Кейбір категория істері бойынша дәлелдеу пәнінің ерекшеліктері.

  2. Тапсырмаларды шешу.


СӨЖ мазмұны:

«Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдемелер» тақырыбына схема сызу.


12 дәріс.


Тақырып: Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеудің негіздері.
Дәріс мазмұны:

  1. Дәлелдеу процесі, оның түсінігі мен элементтері.

  2. Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану. Дәлелдеуде оперативті іздестіру әрекеттерінің рөлі және маңызы.

  3. Дәлелдемелердің процессуалдық қайнар көздерінің түрлері.


СОӨЖ мазмұны:

«Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер мен дәлелдеу» тақырыбында коллоквиум өткізу.


СӨЖ мазмұны:

Бақылау жұмысын жазу.


СОӨЖ мазмұны:

Тапсырмаларды орындау.


СӨЖ мазмұны:

«Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер мен дәлелдеу» тақырыбы бойынша іс жүргізу құжаттарын талқылау.


13 дәріс.


Тақырып: Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралар.

Дәріс мазмұны:

  1. Қылмыстық іс жүргізудегі іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түсінігі мен маңызы. Қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының түрлері, оларды қолдану мақсаттары.

  2. Сезіктіні ұстау негіздері, алғы шарттары және ұстау мерзімдері.

  3. Бұлтартпау шаралары: түсінігі, негізі және маңызы.

  4. Басқа да мәжбүрлеу шаралары және олардың түрлері.


СОӨЖ мазмұны:

  1. Бұлтартпау шараларының жекелеген түрлерінің мәні мен маңызы.

  2. Тапсырмаларды орындау.


СӨЖ мазмұны:

«Қылмыстық іс жүргізушілік шаралар» тақырыбы бойынша процессуалдық құжаттарды талдау.


14 дәріс.


Тақырып: Қылмыстық іс қозғау сатысы.
Дәріс мазмұны:

  1. Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі, міндеттері және маңызы. Қылмыстық іс қозғау субъектілері.

  2. Қылмыстық істі қозғауға себептер мен негіздер.

  3. Қылмыстық іс қозғау тәртібі.

  4. Қылмыстық іс қозғау заңдылығына прокурорлық қадағалау.


СОӨЖ мазмұны:

  1. Қылмыстық іс қозғау және қылмыстық іс қозғаудан бас тарту. Қылмыстық іс қозғау қаулысының жобасын жасау.

  2. Тапсырмаларды шешу.


СӨЖ мазмұны:

«Қылмыстық іс қозғау сатысы» тақырыбында схема сызу, осы тақырып бойынша процессуалдық құжаттарды толтыру. Инструкцияны оқу.




СОӨЖ мазмұны:

  1. «Қылмыстық іс жүргізудегі іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары» тақырыбына процессуалдық құжаттарды талқылау.

  2. Тапсырмаларды шешу .


СӨЖ мазмұны:

Жеке кепілдік туралы инструкцияны оқу.


15 дәріс.
Тақырып: Алдын ала тергеудің алғы шарттары.
Дәріс мазмұны:

  1. Алдын ала тергеудің түсінігі мен маңызы. Алдын ала тергеудің түрлері.

  2. Алдын ала тергеудің түсінігі, мазмұны және міндеттері.

  3. Тергеу әрекеттері өндірісінің жалпы ережелері.

  4. Қылмыстық іс жүргізуде анықтаудың түсінігі, міндеттері және түрлері.


СОӨЖ мазмұны:

  1. «Алдын ала тергеу» тақырыбы бойынша схема сызу.

  2. Тапсырмаларды орындау.


СӨЖ мазмұны:

Қылмыстық іс макетін оқыту.


16 дәріс.


Тақырып: Айыпталушы ретінде жауапқа тарту.
Дәріс мазмұны:

  1. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту: түсінігі, негізі және маңызы.

  2. Айыпталушы ретінде жауапқа тартудың процессуалдық тәртібі.

  3. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулысының нысаны және мазмұны.


СОӨЖ мазмұны:

Айыпталушы ретінде жауақа тарту қаулысын процессуалдық құжат ретінде талдау және осы құжаттың жобасын құрастыру.


СӨЖ мазмұны: тапсырмаларды шешу.
СОӨЖ мазмұны:

«Алдын ала тергеу» тақырыбы бойынша сұрақ жауап.


СӨЖ мазмұны:

Қылмыстық іс макетін оқу.


17 дәріс.


Тақырып: Алдын ала тергеу сатысында тергеу әрекеттері.
Дәріс мазмұны:

  1. Тергеу әрекеттерінің түсінігі, олардың жүйесі.

  2. Тергеу әрекеттері өндірісінің жалпы алғы шарттары.

  3. Тергеу әрекеттерінің жалпы сипаттамасы.


СОӨЖ мазмұны:

  1. Тергеу әрекеттерін жүзеге асырумен іскерлік ойынын жүргізу. (Жауап алу, Тінту, және т.б.).

  2. Тапсырмаларды орындау.


СӨЖ мазмұны:

«Тергеу әрекеттері» тақырыбы бойынша процессуалдық құжаттар жобасы мен схема толтыру.


18 дәріс.


Тақырып: Алдын ала тергеуді аяқтау.
Дәріс мазмұны:

  1. Алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігі, олардың нысаны. Алдын ала тергеудің аяқталуының негізі және алғы шарттары.

  2. Алдын ала тергеудің аяқталуына байланысты айыптау қорытындысын толтыру.

  3. Айыптау қорытындысы: түсінігі, маңызы.

  4. Прокурормен айыпталушыны сотқа берудің міндеттері, маңызы және мәні.


СОӨЖ мазмұны:

  1. Семинар-диспут өткізу.

  2. Тапсырмаларды орындау.


СӨЖ мазмұны:

Қылмыстық іс макетін оқып, «Алдын ала тергеудің аяқталуы» тақырыбында схема сызу.



СОӨЖ мазмұны:

  1. Тергеу әрекеттеріне қатысты іскерлік ойынын жүргізу (Жауап алу, Тінту, және т.б.).

  2. Тапсырмаларды орындау.


СӨЖ мазмұны:

«Тергеу әрекеттері» тақырыбы бойынша процессуалдық құжаттар жобасы мен схема толтыру.



10 апта.

19 дәріс.


Тақырып: Басты сот талқылауында іс қарау. Қылмыстық істердің соттылығы.
Дәріс мазмұны:

  1. Басты сот талқылауының түсінігі мен маңызы.

  2. Қылмыстық істердің түсінігі, маңызы және түрлері.


СОӨЖ мазмұны:

Тақырып бойынша сұрақ- жауап нысанда өткізу.


СӨЖ мазмұны: Жоғарғы сот қаулыларын талқылау.

20 дәріс.


Тақырып: Басты сот талқылауын тағайындау.
Дәріс мазмұны:

  1. Басты сот талқылау сатысының түсінігі, міндеттері және маңызы.

  2. Сот отырысына дайындық іс-әрекеттер. Алдын ала тыңдау өткізу.


СОӨЖ мазмұны: тапсырмаларды орындау.
СӨЖ мазмұны: Жоғарғы сот қаулыларын талқылау.

СОӨЖ мазмұны:

Тапсырмаларды орындау.


СӨЖ мазмұны: Жоғарғы сот қаулыларын оқу.

21 дәріс.


Тақырып: Басты сот талқылауы.
Дәріс мазмұны

  1. Басты сот талқылауының міндеттері, маңызы және мәні.

  2. Басты сот талқылауының құрлымы.

  3. Істерді сотпен қараудың қысқартылған тәртіпте: түсінігі, негізі және алғы шарттары.

  4. Үкім: түсінігі, маңызы және мәні.


СОӨЖ мазмұны:

  1. «Басты сот талқылауы» тақырыбында іскерлік ойынын өткізу.

  2. Тапсырмаларды орындау.


СӨЖ мазмұны:

Жоғарғы сот қаулыларын және процессуалдық құжаттарды талқылау.

22 дәріс.
Теақырып: Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау (Апелляциялық өндіріс).
Дәріс мазмұны:


  1. Апелляциялық өндіріс сатысының түсінігі, міндеттері және маңызы.

  2. Үкімге апелляциялық шағымдар мен наразылықтар келтіру тәртібі мен мерзімі.

  3. Апелляциялық инстанцияда іс қараудың процессуалдық тәртібі мен мерзімі..

  4. Бірінші инстанция сотының үкімін бұзу, өзгерту тәртібі.


СОӨЖ мазмұны: диспут-семинар өткізу.
СӨЖ мазмұны: Жоғарғы сот қаулыларын талқылау.
СОӨЖ мазмұны:

  1. «Басты сот талқылауы» тақырыбында іскерлік ойының өткізу.

  2. Тапсырмаларды орындау.


СӨЖ мазмұны:

Жоғарғы сот қаулыларын және процессуалдық құжаттарды талқылау.


23 дәріс.


Тақырып: Сот үкімі мен қаулыларының орындалуы.
Дәріс мазмұны:

  1. Сот үкімі мен қаулыларының орындау сатысының маңызы мен мәні.

  2. Сот үкімі мен қаулыларының заңды күшіне енуі. Сот үкімі мен қаулыларын орындауға кірісу.

  3. Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер.

  4. Жазадан босату, жою, өзгерту, алмастыру.

  5. Сот үкімдері мен қаулыларының заңдылығына прокурорлық қадағалау.



СОӨЖ мазмұны:

«Сот үкімі мен қаулыларының орындау» тақырыбына схема толтыру.


СӨЖ мазмұны: сот практикасын талқылау.

24 дәріс.


Тақырып: Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу (Қадағалау өндірісі).
Дәріс мазмұны:

  1. Қадағалау өндірісі сатысының түсінігі, міндеттері мен маңызы.

  2. Заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларын қайта қараудың негіздері.

  3. Заңды күшіне енген сот шешімдеріне қадағалау шағымын, наразылығын берудің тәртібі.

  4. Қадағалау инстанциясында іс қарау тәртібі.


СОӨЖ мазмұны: диспут-семинар өткізу.
СӨЖ мазмұны: Жоғарғы сот қаулыларын талқылау.
СОӨЖ мазмұны:

«Соттың заңды күшіне еңбеген үкімдер мен қаулыларын және соттың заңды күшіне еңген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау» тақырыбы бойынша коллоквиум.



СӨЖ мазмұны: сот практикасын талқылау.

25 дәріс.


Тақырып: Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау.

Дәріс мазмұны:

  1. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізу сатысының міндеттері, маңызы және мәні.

  2. Іс бойынша іс жүргізуді қайта бастаудың негіздері.

  3. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға жататын қылмыстық істер бойынша іс жүргізуді қайта бастау мерзімдері.


СОӨЖ мазмұны:

Апелляциялық, қадағалау және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты салыстырмалы анализ.


СӨЖ мазмұны: сот парктикасын талқылау.
26 дәріс.
Тақырып: Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
Дәріс мазмұны:

  1. Жеке тәртіпте қылмыстық ізге түсудің түсінігі мен мәні.

  2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу өндірісі.

  3. Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.


СОӨЖ мазмұны:

Диспут-семинар.


СӨЖ мазмұны: Нормативтік құжатты оқу.
СОӨЖ мазмұны:

Коллоквиум.


27дәріс.
Таұырып: Қылмыстық іс жүргізудегі айрықша іс жүргізу.
Дәріс мазмұны:

  1. Ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу.

  2. Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзіретті мекемелерімен және лауазымды адамдарымен қзара іс-қимылының тәртібі туралы негізгі ережелер.



СОӨЖ мазмұны: Сот практикасын оқу.
СӨЖ мазмұны: МҚ оқыту.
28 дәріс.
Тақырып: Алқа билер қатысуымен сот өндірісі.
Дәріс мазмұны:

  1. Алқа билер қатысуымен сот өндірісінің түсінігі және тағайындалуы.

  2. Алқа билер қатысуымен сот өндірісінің құқықтық базасы.

  3. Алқа билер қатысуымен сот өндірісінің процессуалдық ерекшеліктер.


СОӨЖ мазмұны:

Алқа билер сотының әртүрлі нысандарының анализі.


СӨЖ мазмұны: алқа билер соты туралы заңды талқылау.

СОӨЖ мазмұны:

Семинар-дебат жүргізу.


СӨЖ мазмұны: сот практикасын оқыту.

29 дәріс.


Тема: Шет ел мемлекеттерінің қылмыстық іс жүргізу.
Дәріс мазмұны:

  1. Англияның қылмыстық іс жүргізуі.

  2. АҚШ қылмыстық іс жүргізуі.

  3. Германияның қылмыстық іс жүргізуі.

  4. Францияның қылмыстық іс жүргізуі.


СОӨЖ мазмұны:

Семинар-диспут.


СӨЖ мазмұны:

рефераттар:



  1. Англияның қылмыстық процесі.

  2. АҚШ қылмыстық процесі.

  3. Германия қылмыстық процесі.

  4. Францияның қылмыстық процесі.


СОӨЖ мазмұны:

Шет елдердің қылмыстық іс жүргізу нысандарының анализі.


СӨЖ мазмұны:

рефераттар:



  1. Англияның қылмыстық процесі.

  2. АҚШ қылмыстық процесі.

  3. Германия қылмыстық процесі.

  4. Францияның қылмыстық процесі.

11111Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі.

Қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясында принциптерді тұжырымдауға, түсіндіруге байланысты мәселелерді зерттеп дайындауға екі тенденция тән болды. Бір жағынан-принциптер ретінде тануға ұсынылған ережелер тым ұлғайтылды. Екінші жағынан-осы ережелер шеңбері орынсыз тарытылды. Екі тенденция да тұйыққа апарып тірейді. Осы қайшылықты жүйе құрайтын факторлар табылған жағдайда ғана жоюға болады. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері-ең алдымен өзара байланысты элементтер жүйесі. Аталған элементтердің мәні мен орны жүйе құрайтын факторлар негізінде елеулі ықтималдықпен анықталады.

Принциптерге қатысты жүйе құрайтын факторлар ретінде мыналар алынған:



  1. Принциптерді мақсаттар мен міндеттер ортақтығының байланыстыруы;

  2. Ішкі қайшылықтардың жоқтығы;

  3. Объективті және субъективті бастамалар бірлігі;

  4. Өзара байланыстылық және дербес те, бірге де бір мезгілде ықпал жасау ерекшелігі;

  5. Принциптерді қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен міндеттерін жетуге бағдарлау.

«Принциптер» категориясының мәніне жасалған талдау қылмыстық іс жүргізудің барлық принциптерінің бірдей дәрежеде маңызды деп таңылуы қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясының қазіргі жетістіктеріне неғұрлым толық сай келеді деуге мүмкіндік береді.

Сөйтіп, қылмыстық іс жүргізу принциптері конституциялық және конституциялық емес деңгейлерге бөлудің өзі қате, сондай-ақ әдістемелік сипаттағы бірқатар жалған қорытындылар жасауға әкеліп соқтырады.




Заңдылық принципі.

Қылмыстық процесс саласындағы заңдылық принципі- қылмыстық іс жүргізу процесіне әрбір қатысушының материалдық және іс жүргізу заңдарының барлық талаптарын, соның ішінде осы қызмет принциптерінің формулалары бар нормалады сақтауға міндетті екені. Заңдылық принципінің мәнін терең түсіну үшін Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының ережесі ерекше маңызды, оған сәйкес мемлекеттік билік органдары мен лауазымды адамдар «заңда тікелей көзделген нәрселерге ғана рұқсакт етілген » деген принципті дәйекті де қатаң түрде ұстануға тиіс.

Заңда көзделген нәрселерге ғана рұқсат ету принципі қылмыстық іс жүргізу қызметіне қатысушылардың бәріне бірдей қатысты және заңдылықтың басқаша айтылған принципі болып табылады. Рұқсат етудің мәні- заң нұсқамаларын орындау ғана.

Заңдылық принципі Қазақстан Республикасы Конституциясының бірқатар баптарында баянды көрсетілген. Мәселен, 34-Бапта әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға міндетті екені айтылған; 78-бап Конституциямен баянды етілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреьін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілер қолдануға жатпайды; 83-бап прокуратура құқық қатынастарына қатысушылардың заңдылықты сақтауын қадағалау қызметін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Конституциясының аталған және өзге нормаларында Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын заңдардың мызғымастығы туралы, заң нұсқамаларын құқық қатынастарына қатысушылардың бәрінің міндетті түрде орындауы туралы идея белгілі бір дәрежеде бар.

Конституцияда баянды етілген заңдылық принципі ҚІЖК 10-бабының ережелерінде дамытылған. Осы нормаға сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізудегі заңдылық принципінің мәнін құрайтын мыналар:

− қылмыстық ізге түсу және сот органдарының міндеті:

а. Қазақстан Республикасы Конституциясының;

ә. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің,

б. Конституциялық заңдардың;

в. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттардағы және өзге міндеттемелерінің;

г. Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулыларының;

д. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының;

ж. Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге заңдар ережелерінің талаптарын дәл сақтау;

— соттардың адам мен азаматтың Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарының нұқсан келтіретін заңдарды және өзге де құқықтық актілерді қолдануына тыйым салынады;

— егер сот қолдануға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адам мен азаматтың Конституциясымен баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп ұйғарса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және сол актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсыныс пен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті;

— соттың, қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде заңды бұзуына жол бермейді;

— сот, қылмыстық ізге түсу органдары қылмыстық істер бойынша іс жүргізу барысында заңның бұзылуына жол берген жағдайларда кінәлілер заңмен белгіленген жауаптылыққа тартылады;

— заңсыз актілерді жарамсыз деп тану және олардың күшін жою.

ҚІЖК 10-бабының мазмұны—қылмыстық іс жүргізу құқығы көздерінің бүкіл жиынтығының мазмұнына, бағытына, рухына өзек болған заңдылық принципі мәнінің шоғырланған көрінісі.

Прокуратура органдарының қылмыстық процессте заңдылықтың сақталуын қадағалау саласына мыналар қамтылған:



  • Қылмыстық ізге түсу органдарының қызметін қадағалау;

  • Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау;

  • Сотта мемлекет мүддесін білдіру.

Қылмыстық процестегі заңдылық принципі мәнінің қажетті регламенті Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заң күші бар жарлығында берілген. Жарлықта ішкі істер органдарының қызметі заңдылық принципіне негізделеді деп атап көрсетілген, ол ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметіне араласуға заң өкілеттік берген адамдардан басқа ешкімнің құқығы жоқ екені жөніндегі кепілдікпен қамтамасыз етіледі. Қолданылып жүрген заңдармен ішкі істер органдарының қызметкерлеріне тікелей жүктелмеген міндеттерді орындауға оларды мәжбүрлеуге ешкімнің қақысы жоқ. Олардың қызметіне заңға қайшы араласу заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеліп соғады.

Ұ лттық қауіпсіздік органдарының қызметі де заңдылық принципі негізінде жүзеге асырылады, мұның дәлелі — Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Заң күші бар Жарлығы. Ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің заңды талаптары азаматтар мен лауазымда адамдардың орындауы үшін міндетті екені туралы нұсқау ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің өз міндеттерін орындауының өзіндік кепілі болып табылады. Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне жүктелген міндеттердің орындалуына кедергі келтіретін қандай да болсын іс-әрекет заңға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу.

Бұл принцип негізінде Конституцияның 34-бабы алынған, онда былай делінген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті». Бұл негіз адамның қадір қасиетіне қол сұғылмайтаны туралы Конституцияның басқа қағидасымен күшейтіле түскен. Қол сұғылмастық және құрметтеу ұғымы бірін-бірі өзара толықтырады және оларды құқықпен қамтамасыз ету құралдарымен байланысты. Құрметтеу қол сұқпаушылықтан көрініс табады және керісінше – қол сұқпаушылықты сақтау құрмет сезімін білдіру әдістерінің бірі болып табылады. Сонымен бірге абырой мен қадір-қасиет құрметтеу принципінің мәні мұнымен шектелмейді.

Адамның қадір-қасиетіне қол сұқпаушылық әрбір адамның жеке құндылығын, оның ой қалпына тануға негізделген. Адам—бағалы ой-өріс пен ізгілік иесі. Әрбір адам дербес ой ойлау және іс-қимыл жасау құқығын құрметтеу мен тануға лайық.

Адамның жеке басына тиіспеушілік

Бұл принциптің негізіне Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактідегі әрбір адамның бостандыққа және жеке басына тиіспеушілікке құқығы бар екені жөніндегі ережесі алынған.

Адамның жеке басының бостандығына конституциялық құқығы оның жеке басына тиіспеушілікпен тікелей байланысты. Конституцияның 16 және 17-баптарында мыналар туындайды:

— әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар;



  • тұтқындауға және қамауда ұстауға тек қылмыстық ізге түсуге байланысты ғана жол беріледі;

  • тұтқындалған және қамауда ұсталған адам бұл әрекеттерге сотқа шағымдануға құқылы;

  • жеке басының бостандығына өз құқығын қорғау кезінде адам ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокаттың көмегін пайдалана алады;

Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды

1111«Ақтау»сөзінің мәні оның ұғым ретінде сот арқылы құқықты қалпына келтіру,жақсы атақты,бұрынғы беделді қалпына келтіру сияқты элементтерді қамтитыны туралы айтуға мүмкіндік береді.Яғни адамды ақтау ұғымы,заңда белгіленген негіздер бар болған жағдайда,қылмыстық ізге түсудің тоқтатылу-ын,жазаны өтеу үкімі күшінің жойылуын білдіреді.Ақтау-бір кездері бастал-

ған қылмыстық ізге түсуді,сотта іс қарауды одан әрі жалғастырудан тек қана оң сипаты бар негіздемелер бойынша мемлекеттің өкілетті органдар мен лауазымды адамдар атынан бас тартуы.

Қылмыстық істі тоқтату үшін негіздемелердің ақтайтын және ақтамайтын деп бөлінуі аталған мән-жайларға байланысты.Сондықтан,қылмыстық іс жүргізушілік ақтау ұғымын тек қылмыстық процті жалғастырудан бас тартудың оң негіздерімен ғана байланыстыру қажет.

Қылмыстық процесті жалғастырудан тек соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының ғана бас тартуына болады.

ҚІЖК-тің 39-бабына сәйкес ақтау негіздеріне мыналар жатады:

- қылмыс оқиғасының болмауы;

- әрекетте қылмыс құрамының болмауы;

- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105, 111,

112, 120, (1-б), 121 ( 2-б), 123, 129, 130, 136, 140, 142, 144 (1,2-б.), 145 (1-б), 188, (1-б), 296 (1-б), 300 (1-б.) – баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, яғни жеке айыптау істері бойынша, сондай – ақ жеке – жария айыптау қылмыстары туралы істер бойынша жәбірленуші шағымының болмауы;

- сол айыптау бойынша сот үкімінің заңды күшіне енуі немесе, егер адамның қылмыстық ізіне түсудің мүмкін мес екені анықталса, ол жөнінде күші жойылмаған сот қаулысының болуы:

- егер қылмыстық ізге түсу органының сол айыптау бойынша қылмыстық іс қозғау туралы күші жойылмаған қаулысы бар болса, адамның қылмыстық ізіне түсуден бас тарту.

Аталған негіздердің кез келгені бар болған жағдайда адам кінәсіз деп саналады және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір шектеуге болмайды.

ҚІЖК 37-бабының мәні бойынша қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар бар болса, қылмыстық ізге түсуді қозғауға болмайды, ал қозғалғаніс тоқтатылуға тиіс. Бұл қағида ақтауға тек іс бойынша басталған іс жүргізуге байланысты бөлікке ғана қатысты. Адамды қылмыстық іс жүргізу тәртібімен тек қылмыс жасады деген айыптау бойынша оның қылмыстық ізіне түсу басталған немесе сот ол жөніндегі қылмыстық істі өз қарауына қабылдаған жағжайда ғана ақтауға болады.

Сонымен қылмыстық іс жүргізішілік ақтауды тек бастапқы сәт қылмыстық іс қозғау, ал түпкі сәт – соттың ақтау шешімін шығаруы болып табылатын шектерде ғана жүзеге асыруға болады. Бұл жағдайда адамның өзі жөнінде қылмыстық іс қозғалғанын білуінің, сондай-ақ ақтау негіздері бойынша істің тоқтатылуына оның қарсылық білдіруінің ешқандай маңызы жоқ.

Негіздер бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізушілік ақтауды қолдану-соттың, қылмыстық ізге түсу органының міндеті. Ақтау негіздері анықталған жағдайда қылмыстық іс сотқа дейінгі іс жүргізудің кез келген сатысында тоқтатылады.

Егер іс сотқа жіберілсе, ал адамды сотқа прокурор берсе, ол айыпталушыны ақтау үшін негіздер бар екенін байқаған жағдайда істі соттан басты сот тергеуі басталғанға дейін кері қайтарып алуға және істің жүргізілуін тоқтатуға құқылы. Егер ақтау негіздері сот тергеуі барысында байқалған болса, іске мемелекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурор айыптаудан бас тартатыны туралы мәлімдеуге міндетті. Қаралып отырған негіздерді соттың байқауы айыпталушыны ақтау үшін көзделген шаралардың қолданылуын қажет етеді.

Ақтау қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінің салдарынан келтірілген зиянды өтеуге бағытталған шешімдер қабылдауды қамтиды. Сол органдардың қатарына сот, қылмыстық ізге түсу органдары жатады. Заңдылықтың бұзылуына жол берген органның анықталуы келтірілген зиянды өтеу көздерін анықтауға ықпал етпейді, бірақ заңдылықтың бұзылуына себеп болған мән-жайларды жою үшін оның маңызы бар.

Қылмыстық іс жүргізушілік ақтау толық немесе ішінары болып бөлінеді. Толық ақтау адамның бұзылған барлық құқықтарының қалпына келтірілуін, қылмыстық процесті жүргізуші органдардың заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянның барлық түрлерінің толық көлемінде өтелуін білдіреді. Толық ақтау қылмыстық істің тоқтатылуы жүзеге асырылатын айыптаудың көлемімен айқындалады. Ішінара ақтау келтірілген зиянның заңдылықтың бұзылуына жол берілген мөлшерде өтелуін көздейді.

Қылымстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетінің салдарынан келтірілген зиянның өтелуіне өз құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған сезіктілер мен айыпталушылардың айтарлықтай басым бөлігінің құқығы бар. Заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметтен уақытша шеттетудің, арнаулы медициналық мекемеге орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесінде келтірілген зиян өтелуге тиіс. Мүліктік зиян республикалық бюджеттен толық көлемінде өтеледі. Мұндай зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қаншалықты кінәлі екенінің маңызы жоқ. Өтелуге тиісті материалдық зиянның мөлшері заңдылықтың бұзылуына жол берген органдар арасында бөлінбейді. Тиісті өтем төлемдерінің түгелдей республикалық бюджеттен төленуі үшін мүліктік зиянды өтеуге заңды негіздердің анықталуы жеткілікті.

Қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекеттерінің заңсыздығы мынада:

- егер мерзімнің ескіруі анықталып, қылмыстық ізге түсу жалғастырылатын болса, қылмыстық іс жүргізу заңын қолдану приціпі бұзылады;

- егер айыпталушы рақымшылық етуге жататын болып, оның қылмыстық ізіне түсу тоқтатылмаса, қылмыстық іс жүргізу заңын адамдарға қолдану принціпі бұзылады;

- қылмыстық процеске заңсыз қатыстырылған адамдардың рақымшылық ету актісіне немесе мерзімнің ескіруіне байланысты оларға қатысты қылмыстық істің тоқтатылуына келісімі ескерілмейді.

Аталған негіздері бойынша қылмыстық іст і тоқтату үшін сол негіздерді анықтау бастамашысы кім: қылмыстық процесті жүзеге асырушы орган, айыпталушы, оның мүдделерін білдіретін немесе қорғайтын адам, немесе қылмыстық процеске қатысушы басқа адам екенінің маңызы жоқ. Келтірілген зиянды өтеу үшін қылмыстық процесті жүргізуші органның қылмыстық істі тоқтату үшін негіздерді қашан анықтағанының маңызы жоқ. Қылмыстық істің тоқтатылуына себеп болған жағдайлар іс жүзінде пайда болған сәт маңызды.

Жасаған қылмыстың саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің жеңілдеу қылмыс үшін жауаптылық көздейтін бабына сай өзгертілгеннен кейін, сонымен бірге ҚІЖК-ке сәйкес ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берілмейтін жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға кесілген, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адамдар. Қылмыстық процесті жүзеге асырушы органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиянды өтеттіру құқығы азамат қайтыс болған жағдайда да сақталады. Бұл құқықты жүзеге асыру оның мұрагерлеріне ауысады.

Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттері салдарынан келтірілген зиян өтелуге тиіс. Мәселен, зиянның өтелуіне талапкер адамның ұстауға, қамауға алуға, үйде қамауда ұстауға, қызметтен уақытша шеттетуге, арнаулы медициналық мекемеге орналастыруға, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеліп соққан жағдайларды қасақана туғызғаны қылмыстық сот ісін жүргізу барысында дәлелденетін болса, ол аталған іс-әрекеттердің оған заңсыз қолданылғаны сөзсіз анықталатын болсада өзіне келтірілген зиянды өтеттіру құқығынан айырылады.

Сонымен бірге ерікті түрде өзіне-өзі жала жабу, зиян келтірілген адам жөнінде қоқан – лоқы, зорлық – зомбылық және нақты немесе басқадай ықапал етудің басқа да заңсыз шаралары қолданылуына байланысты белгілердің болуына жол бермейтінін ескеру қажет. Аталған белгілер бар болған жағдайда адамның келтірілген зиянды өтеттіру құқығы сақталады.

Заң шығарушы ақтау процесінде өтелуге жататын зиянның мына түрлерін белгілеген. Мүліктік зиян, моральдық зиян, еңбек, зейнетақы, тұрғын үй құқықтары мен өзгеде құқықтарды қалпына келтіру. Зиянды өтеу құрметті, әскери, арнаулы немесе өзгеде атақтың, сыныптық шеңнің, депломатиялық дәреженің, біліктілік сыныбының қалпына келтірілуін, мемлекеттік наградалардың қайтарылуын көздейді.

Мүліктік зиян төленуі заңсыз тоқтатылған жалақыдан, зейнетақыдан, жәрдемақыдан, қаламақыдан, сыйлықтардан, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерінің нәтижесінде адам айырылған өзге де қаражаттар мен кірістерден құралатын ақша сомасының қайтарылуын көздейді. Соттың үкімінің немесе өзге де шешімінің негізінде заңсыз тәркіленген немесе мемлекеттің кірісіне айналдырылған мүлік заттай, яки мүліктің адвокаттық құнының ақшалай өтемі түрінде өтелуге тиіс.

Моральдық зиян құқықтары мен бостандықтарына заңсыз қысым жасалған адамның жақсы атағын, қадір-қасиетін, беделін қалпына келтіру жолымен өтеледі. Моральдық зиянды екі түрде өтеуге болады: 1) келтірілген зиян үшін адамнан ресми түрде кешірім сұрау; 2) келтірілген моральдық зиян үшін ақшалай өтемақы туралы талапты қанағаттандыру.

Моральдық зиянның ақшалай өтелуі талап түрінде ресімделіп, азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

Адамды ақтау барысында жүзеге асырылған іс жүргізушілік әрекеттер соттың, қылмыстық ізге түсу органының тиісті шешімдері түрінде баянды етіледі. Қылмыстық процесті жүргізуші орган өзінің заңсыз шешімдерінің күші жойылғаны туралы жазбаша хабарды аталған органдардың заңсыз іс-әрекеттері келтірген зиянды өтеттіруге құқығы бар адам жұмыс істейді, оқитын , тұратын жерлерге екі апта мерзім ішінде жіберуге міндетті. Ондай жазбаша хабарды жіберілуі факультативтік сипатта болады, өйткені мүдделі адамның осы бөлікте талаптар қоюына байланысты. Егер адам ондай талаптар қоймаса, жазбаша хабар жіберу міндетті емес.

Келтірілген зиянды өтеу туралы талапты:

- мүліктік сипаттаз-ондай зиянды өтеттіруге құқығы бар адамдар мүліктік зиян үшін өтем түрінде төлемдер жасау туралы қаулына алған сәттен бастап үш жыл ішінде;

- өзге де құқықтарды қалпына келтіру жөнінде – құқықтарды қалпына келтіру тәртібін түсіндіретін хабарлама алынған күннен бастап алты ай ішінде қоюға болады.

Егер талаптар қоюдың заңдар белгіленген мерзімдері дәлелді себептермен өткізіп алынған болса, қолданылып жүрген ережелерге сәйкес ол мерзімдерді қалпына келтіруге болады.

Қылмыстық процесті жүргізуші орган заңсыз іс-әрекеттері нәтижесінде зиян заңды тұлғаға келтірілуі мүмкін. Зиян өтеу толық көлемінде жүзеге асырылады. Зиянды өтеу мерзімдері жеке тұлғалар жөнінде белгіленгеніндей.

1111 Қылмыстық Ізге түсу барысында бір факті бойынша түрлі өкілетті органдар қылмыстық істерді дербес қозғап, сотқа дейінгі тергеуді бір мезгілде жүргізетін жайттар пайда болуы мүмкін. Осы фактінің анықталуы бір адам және бір мән-жай бойынша екі іс жүргізілуінің дереу тыйылуына әкеліп соғады. Әйтпеген жағдайда қайтадан соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол беруге болмайтыны жөніндегі принциптің бұзылуына жол беріледі.

Бір оқиға жөнінде түрлі айыпталушыларға қатысты істердің бөлек жүргізілуі қылмыстың тұтас көрінісінің қалпына келтірілуіне бөгет жасайтын жайттар қалыптасуы мүмкін, оның өзі сот төрелігінің мақсаттарына қол жетуін қиындатады. Осы жағдайларды сол қылмыстық істерді бір іс етіп біріктіру жолымен жоюға болады.

ҚІЖК 48 бабына сәйкес мыналар бір істе біріктірілмеуге тиіс :


  1. әр түрлі адамдарға қатысты бірдей айыптау ;

  2. жеке айыптау ісі қаралатын жағдайларды қоспағанда, бір – біріне қатысты қылмыс жасағандағы тағылатын адамдарға қатысты айыптау ;

  3. біреуі бойынша қылмыстық ізге түсу – жеке түрде, ал екіншісі бойынша – жария түрде жүзеге асырылатын істер ;

  4. біріктіріп қарау істі объективті қарауға бөгет жасайтын барлық басқа да айыптаулар.

Қылмыстық істі біріктіруге тыйым салудың бірінші негізі куәгерлік базаның бірлігі, ортақ жәбірленушінің бар екені бірнеше айыпталушы іс-әрекеттерінің өзара байланысты екенін білдірмейтінін көрсетеді. Қылмыстық істерді бір іске біріктіру үшін бір адамның кінәсә екінші бір адамның кінәсіне тікелей байланысты болуы қажет.

Тыйымның екінші негізі мынада : екі немесе одан да көп адамның бір-біріне қатысты қылмыс жасауы оларды бір мезгілде жәбірленуші мен айыпталушы жағдайына қояды. Іс жүргізудегі екі бәсекелесуші тұлғаның статустарын бір адамға тіркестіру заңмен берілген құқықтар мен жүктелген міндеттердің бірін-бірі жоққа шығаруына әкеліп соғады.

Қылмыстық істерді біріктіруге тыйым салатын үшінші негіз өз мазмұны бойынша екінші негізбен біршама ұқсас. Жәбірленушіге, айыпталушыға жеке және жария тәртіппен берілген құқықтардың айырмашылығы бірқатар іс жүргізушілік кепілдіктерінің бірін-бірі жоққа шығаруын көздейді.

Төртінші негіз қылмыстық процесті жүргізуші органның өз қалауын көздейді, бұл жағдайда шешім қабылдау үшін негізгі өлшем ақылға қонымдылық болып табылады.

Заң шығарушы істерді біріктіруге тыйым салатын негіздер белгіленген кезде қолданған шығарп тастау әдісі істерді біріктіру үшін негіздер белгілеуге мүмкіндік береді, оларға мыналар жатады :


  • екі және одан көп адамды бір немесе бірнеше қылмыс жасауға қатысты деп айыптау ;

  • бір адамды екі және одан көп қылмыс жасады, сондай-ақ сол қылмыстарды күні бұрын уәде берместен жасырды және олар туралы айтпады деп айыптау.

ҚІЖК – нің 49 бабына сәйкес сот, қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық істен :

  1. қылмыстық іс тоқтатылуға тиіс болғанда жекелеген айыптаушыларға ;

  2. мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты жабық сот талқылауы үшін негіз оған қатысты болатын, бірақ басқа айыпталушыларға қатысты болмайтын жекелеген айыпталушыларға ;

  3. ересектермен бірге қылмыстық жауаптылыққа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға ;

  4. қылмыстық жауаптылыққа тартуға жататын жекелеген анықталмаған тұлғаларға қатысты басқа қылмыстық істі жеке жүргізуге бөлектеуге құқылы.

Істі жеке жүргізуге бөлектеудің бірінші негізі заң шығарушының сот ісінің шапшаң жүргізілуін қамтамасыз етуге, жәбірленушілердің, азаматтық талапкерлердің және процеске қатысушы басқа да адамдардың мүдделерін барынша сақтауға ұмтылуымен байланысты.

Екінші негіз мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған. Жабық сот отырысын өткізу қажеттігі өз ісінің қаралуы мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты адамдарға қатысты қылмыстық іс жеке жүргізуге бөлектелген жағдайда қамтамасыз етілуі мүмкін.

Үшінші негіз кәмелетке толмаған айыпталушылардың құқықтарын сақтау үшін барынша қолайлы жағдайлар жасау қажеттігіне байланысты.

Төртінші негіз бірінші негізбен өзара тығыз байланысты. Анықталмаған адамдар жөніндегі іс қалған айыпталушыларға қатысты сот ісінің шапшаң жүргізілуін қамтамасыз ету, сол арқылы оларға берілген іс жүргізушілік құқықтарын толық көлемінде қамтамасыз ету үшін жеке жүргізуге бөлектеледі.



Заңда қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру үшін жеті негіз көзделген :

  1. Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға жататын адамның анықталмауы. Қылмыс фактісі бойынша іс қозғау айыпты адамның бір мезгілде табылуымен үнемі бірдей ұласа бермейді. Мысалы, банк мекемесіне қарулы шабуыл жасалғаны ішкі істер органдарына қылмыскерлер бой тасалап үлгергеннен кейін мәлім болды. Іс бойынша жинақталған барлық дәлелдер қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілерінің бар екенін дәлелдейді. Егер барлық ықтимал тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін кінәлі адамдар табылмаса, ал одан әрі тергеу олардың қатысуынсыз жаңа дәлелдер бермейтін болса, онда іс бойынша іс жүргізуді кінәлілер анықталғанға дейін тоқтата тұрған жөн.

  2. Айыпталушының тергеуден немесе соттан жасырынып қалуы, не оның тұрақты жерінің басқа себептермен анықталмауы. Айыпталушыға қатысты жолын кесу шарасы таңдалуы мүмкін. Адамның жай-күйін, отбасы жағдайын, жасалған қылмыс ауырлығының дәрежесін ескере отырып жолып кесу шарасын қолданбауға болады. Сонымен қатар жолын кесудің таңдап алынған шарасы айыпталушының бостандығын шектеумен байланысты болмауы мүмкін. Егер бұл жағдайларда айыпталушы тергеу мен соттан жасырынып қалған болса, ал іс бойынша одан әрі іс жүргізу оның қатысуынсыз мүмкін болмаса, онда іс жүргізу айыпталушы іздеп табылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

  3. Айыпталушының қылмыстық ізге түсу иммунитетінен айыру не оны шетелдік мемлекеттердің ұстап беруі туралы мәселенің шешілуіне байланысты айыпталушының іске қатысуының нақты мүмкіндіктерінің болмауы. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қылмыстық ізге түсуден иммунитеті бар адамдар : Қазақстан Республикасының Президенті ; Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты өз өкілеттігінің мерзімі ішінде; Конституциялық Кесеңтің Төрағасы мен мүшелері өздерінің өкілеттігі мерзімі ішінде; судьялар ; Республиканың Бас Прокуроры ; сондай –ақ шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің мүшелері.

  4. Айыпталушының заңда көзделген тәртіппен куәландырылған уақытша психикалық сырқаты немесе өзге де ауыр науқасы. Аталған жағдайларда қылмыстық істі тоқтата тұру емдеудегі адамның қатысуынсыз дәлелдер жинаудың барлық мүмкіндіктерін сарқа пайдалануды қажет етеді. Емдеудің қаншама уақытқа созылатынының белгісіз болуы іс жүргізу мерзімдерінің сақталуына теріс әсер етуі мүмкін, сондықтан іс жүргізуді осы негіз бойынша тоқтата тұру жүктелген міндеттердің орындалуын талап етудің процеске қатысушыларға берілген құқығын барынша сақтауға мүмкіндік береді.

  5. Айыпталушыны Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден табу. Істің жүргізілуін осы негіз бойынша тоқтату алдында айыпталушының қатысуын қажет етпейтін барлық іс жүргізу әрекеттері жүзеге асырылады. Барлық іс жүргізу мүмкіндіктері біткен кезде іс тоқтатыла тұрады, қажет болса, осы сәттен бастап республикадан тыс жердегі адамды шақыртып алу шаралары қолданылады. Шақыртып алу қылмыстық процестегі жүргізуші орган айыптаушыны елден тысқары жерге белгілі бір тапсырмамен жіберген органның басшысы атына жолдаған өтініш негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Егер айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы таңдап алынған болса, онда Қазақстан қатысушысы болып табылатын қолданылып жүрген халықаралық келісімдер негізінде, қылмыстық процесті жүргізуші органның жеке тапсырмасы бойынша айыпталушы тұрып жатқан елден шығарылып, бұлтартпау шарасы туралы қаулы шығарған органға мәжбүрлеп жеткізілуі мүмкін.

  6. Соттың сол қылмыстық істе қолданылуға тиісті заңды немесе адам мен азаматтың Конституция бекіткен құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын өзге де нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тануды ұсынып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауы. Қазақстан Республикасы Конституциясының 73 бабына сәйкес Конституциялық Кеңес өтініштің мәні бойынша өз шешімін шығаратын ең ұзақ мерзім – сол өтініш Конституциялық Кеңеске келіп түскен бастап бір ай. Осыны негізге алғанда, осы негіз бойынша іс тоқтатыла тұратын мерзім бір айдан кем болмауға тиіс.

  7. Қылмыстық іс бойынша істің одан әрі жүргізілуіне уақытша бөгет жасайтын тежеусіз күштің орын алуы. Тежеусіз күш деп сол жағдайдағы төтенше немесе тосқауыл қоюға болмайтын оқиға танылады. Қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге, іс жүргізу әрекеттеріне қатысуға мүмкіндік болмауы өкілетті адамның заңды талаптарын орындамағаны үшін адамнан қылмыстық іс жүргізушілік жауапкершілікті алып тастайды. Сонымен бірге тергеу мен сот керек еткен адамдардың келмеуі себепті қылмыстық процесті одан әрі жүргізудің мүмкін болмауы сот ісін жүргізу мақсаттарына жетуге бөгет жасайды. Осыған байланысты бұл негіз бойынша істі тоқтата тұру процеске қатысушылардың статусын оларға ешбір зиян келтірместен сақтауға мүмкіндік береді.

Істі тоқтата тұру толық көлемінде немесе ішінара жүзеге асырылады. Істі ішінара тоқтату іс бойынша екі және одан көп айыпталушы өтетін жағдайларда орын алады, бұл жағдайда істі ішінара тоқтату іс бойынша өтетін өзге адамдар жөнінде процестің одан әрі жалғастырылуына бөгет болмауға тиіс.

Тоқтатып қойылған іс бойынша мерзімнің ескіруі жағдайында ол қысқартылады.

Қылмыстық істі қысқарту – соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының іс жүргізу қызметінің аяқталғаны туралы шешімі. Қылмыстық істі қысқарту тек заңда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады, ол негіздер мыналар :


  • ҚІЖК – тің 37 бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар ;

  • ҚІЖК – тің 38 бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайлар.

Қылмыстық істі қысқартудың заңды негізі соттың, тергеушінің, анықтаушының, прокурордың қаулысы болып табылады, оның көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.

Қылмыстық іс қысқартылардың алдында сезіктіге, айыпталушыға істі қысқарту негіздері, сондай – ақ олардың заңда көзделген негіздер бойынша істің қысқартылуына қарсылығын мәлімдеу құқығы түсіндіріледі. Қылмыстық істің жалғастырылуына негіздердің пайда болуы қылмыстық істің тоқтатылуын бұзу туралы қаулы қабылдануын қажет етеді. Істі жалғастыру қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі шегінде жүзеге асырылады.

Қылмыстық істі қысқарту немесе оны қайта жаңғырту туралы шешімнің қабылдануы заңдылыққа прокурорлық қадағалаудың нысаны болып табылады. Іс заңсыз тоқтатылған немесе қайта жаңғыртылған жағдайларда прокурор өз қаулысымен аталған шешімдердің күшін жоюға және істі одан әрі жүргізуге немесе істі қайта жаңғырту туралы қаулының күші жойылғанда процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау жөніндегі іс жүргізушілік шаралар қолдануға жіберуге құқылы.

Істің қысқартылған немесе қайтадан жаңғыртылғаны туралы мүдделі адамдар : сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, өз өтініштері бойынша іс қозғалған жеке және заңды тұлға хабардар етіледі. Аталған адамдар істі қысқарту немесе қайта жаңғырту туралы шешіммен келіспеген жағдайда олар белгіленген тәртіппен оған шағым жасай алады.

1111 Айыптау қорытындысын жасау және қылмыстық істі сотқа жіберу.

Іс бойынша барлық тергеу іс-әрекеті орындалды, ал жиналған дәлелдер айыптау қорытындысын жасау үшін жеткілікті деп танылғаннан кейін тергеуші бұл туралы айыпталушыға хабарлауға, оған істің барлық материалдары мен жеке өзінің де, қорғаушысының көмегімен де танысу, сондай-ақ алдын ала тергеуді толықтыру немесе іс бойынша басқа шешімдер қабылдау туралы өтініш айту құқығын түсіндіруге міндетті. Айыпталушыға тергеу іс-әрекетінің аяқталғаны туралы хабарлағаны және оған құқықтары түсіндірілгені туралы хаттама жасалады. Айыпталушы қылмыстық іс материалдарымен танысудан бас тартқан жағдайда бұл туралы себептері айтыла отырып, қаулыда көрсетіледі. Егер айыпталушы ҚР-ң шегінен тыс жерде болса және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарса, бірақ айыпталушының тұрып жатқан жері алдын ала тергеу органына белгілі болса, айыпталушыға оның құқықтары түсіндіріле отырып, тергеу аяқталғаны туралы жазбаша хабарлама почта арқылы жіберіледі, хаттамаға тергеуші айыпталушыға тергеу іс-әрекеттерінің аяқталғаны және құқықтарының түсіндірілгені туралы хабарланғаны жөнінде белгі соғады. Тергеудің аяқталғаны туралы және іс материалдарымен танысу және өтініш айту құқықтары туралы тергеуші іске қатысқан жағдайда айыпталушының қорғаушысына, сондай-ақ жәбірленушіге және оның өкіліне, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне хабарлауға міндетті. Жәбірленуші немесе оның өкілі ауызша немесе жазбаша өтініш жасаған жағдайда тергеуші бұл адамдарды іс материалдарымен немесе олар танысуға тілек білдірген олардың бір бөлігімен таныстырады. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, егер олар өтінім білдірсе, іс материалдарының азаматтық талап қоюға қатысты бөлігімен танысады. Тергеуші айыпталушы мен оның қорғаушысына істің барлық материалын көрсетеді, олар тігілген және нөмірленген болуға тиіс.

Тергеуші айыптау қорытындысын жазады. Тергеушінің айыптау қорытындысы кіріспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар бөлімдерінен тұрады. Кіріспе бөлімде тергеуші айыптау қорытындысы жасалып отырған айыпталушының (айыпталушылардың) тегін, атын, әкесінің атын, оның әрекеттеріне баға беріліп отырған қылмыстық заңды (бабын, бөлігін, тармағын) көрсетеді.

Сипаттама-дәлелдеу бөлімінде, айыптаудың мәнісі, қылмыс жасалған орын мен уақыт, оның әдістері, себептері, салдары мен басқа елеулі мән-жайлары, жәбірленуші туралы мәліметтер, айыпталушының кінәсін растайтын дәлелдер; оның жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар; айыпталушы өзін қорғау үшін келтірген дәлелдер және осы дәлелдерді тексеру нәтижелері баяндалады. Айыптау қорытындысы істің томына және бетіне жасалған сілтемені қамтуға тиіс.

Қарар бөлімінде айыпталушының жеке басы туралы мәліметтер, келтіріледі және осы қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін қылмыстық заңды көрсете отырып, тағылған айыптың сипаты баяндалады. Айыптау қорытындысына оның жасалған орны мен күнін көрсетіп, тергеуші қол қояды. Айыптау қорытындысына сот отырысына шақыртылуға тиісті жәбірленушілердің, куәлардың, сарапшылардың тізімі қоса тіркеледі. Тізім екі бөліктен – айыпталушы мен қорғаушы аталған адамдардың тізімінен (қорғаушы тізімі) және тергеуші жасаған тізімнен (айыптаушы тізімі) тұруға тиіс.

Тергеуші айыптау қорытындысына қол қойғаннан кейін іс осы іс бойынша қадағалау жүргізіп отырған прокурорға дереу жіберіледі. Айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаттар, айыпталушы Республика шегінен тыс жерлерде болған және алдын ала тергеу органдарына келуден жалтарған жағдайларды қоспағанда, қылмыстық іске қоса тіркелуге тиіс.

Айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша прокурор қылмыстық істі зерделеуге және мыналарды:


  1. айыпталушыға таңылып отырған әрекеттің жасалғанын және бұл әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғын;

  2. істе оны тоқтатуға әкелетін мән-жайлардың бар-жоғын;

  3. тағылған айыптың негізді-негізсіз екенін, оның істе бар дәлелдемелермен расталатынын;

  4. айыпталушыға іс бойынша анықталған және дәлелденген қылмыстық әрекеттері бойынша айып тағылғанын-тағылмағанын;

  5. қылмыс жасалғаны туралы іс бойынша дәлелдер табылған барлық адамның айыпталушылар ретінде жауапқа тартылғанын-тартылмағанын;

  6. айыпталушының әрекеті дұрыс сараланғанын-сараланбағанын;

  7. бұлтартпау шарасының дұрыс таңдалғанын-таңдалмағанын және істе оны өзгертуге не алып тастауға негіздердің бар-жоғын;

  8. азаматтық талапты қамтамасыз ету және мүлікті ықтимал тәркілеу шараларының қабылданған-қабылданбағанын;

  9. алдын ала тергеу жүргізуде қылмыстық іс жүргізу заңын елеулі бұзушылыққа жол берілгені-берілмегенін тексеруге міндетті.

Прокурор айыптау қорытындысымен тергеушіден келіп түскен істі қарайды және он тәуліктен аспайтын мерзімде ол бойынша мынадай іс-әрекеттердің бірін жүргізеді:

  1. өзінің қарарымен айыптау қорытындысымен келісетінін білдіреді және айыпталушыны сотқа береді;

  2. өзінің қаулысымен айыптаудың жекелеген тармақтарын жоққа шығарады не айыпталушының әрекетін жеңілірек қылмыс туралы заңды қолдана отырып, қайта саралайды;

  3. қылмыстық істі толық көлемінде немесе жекелеген айыпталушыларға қатысты тоқтатады;

  4. қосымша тергеу жүргізу немесе айыптау қорытындысын қайта жасау үшін өзінің жазбаша нұсқауларымен бірге істі тергеушіге қайтарады;

  5. жаңа айыптау қорытындысын жасайды;

  6. қорғау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа шақырылуға тиісті адамдардың тізімін толықтырады немесе қысқартады.

Айыптау қорытындысымен келіп түскен іс бойынша прокурор дәлелді қаулысымен айыпталушыға таңдап алынған бұлтартпау шарасының күшін жоюға немесе өзгертуге не, егер ондай бұлтартпау шарасы қолданылмаған болса, оны таңдауға құқылы.

Айыпталушыны сотқа беру туралы прокурор қаулы шығарады, бұдан соң ол қылмыстық істі айыптау қорытындысымен бірге дереу оны қарайтын сотқа жібереді. Істің сотқа жіберілгені туралы айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші және оның өкілдері, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері хабарландырылады. Прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесі және оған қосымшалардың табыс етілуін қамтамасыз етеді, бұл ретте қорғау куәларының тізімін қоспағанда, сотқа шақырылуға жататын адамдардың тізімінде бұл адамдардың мекен-жайы көрсетілмейді. Айыпталушы ҚР-ң шегінен тыс жерлерде болған және прокуратура органдарына келуден жалтарған жағдайларда, прокурор айыпталушыға айыптау қорытындысының көшірмесін тапсырмай-ақ, қылмыстық істі сотқа жібереді. Егер айыпталушының тұрып жатқан жері белгілі болса, айыптау қорытындысының көшірмесі оған почта арқылы жіберіледі. Қажет болған жағдайда прокурор республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпы жұрттың қолы жететін телекоммуникация желілерінде айыпталушыны сотқа беру және қылмыстық істі сотқа жіберу туралы хабарлама жариялауды ұйымдастыруға құқылы. Айыптау қорытындысының көшірмесі, сондай-ақ олар бұл туралы өтінім жасайтын болса, қорғаушы мен жәбірленушіге де табыс етіледі. Айыптау қорытындысы жасалған тілді білмейтін айыпталушы мен жәбірленушіге көшірме олардың білетін тілінде аударылып табыс етілуге тиіс. Іс сотқа жіберілген соң іс бойынша өтініш пен шағымдар тікелей сотқа жолданады.

1111 Ессіз күйдегі адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу негіздері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 90-бабында аталған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөнінде іс жүргізу есі кіресілі-шығысылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салған әрекет жасаған немесе қылмыс жасаған соң жаза тағайындау немесе оны орындау мүмкін болмайтын дәрежеде психикасы бұзылып ауырған адамдарға қатысты істер бойынша жүзеге асырылады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары дертті психикалық ауытқушылық немесе адамдар үшін қауіп-қатермен байланысты болған не оның өзге де елеулі зиян келтіру мүмкін болған жағдайда ғана тағайындалады.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша іс жүргізу осы Кодекстің жалпы қағидаларымен және сонымен бірге осы тараудың ережелерімен айқындалады.


Дәлелдеуге жататын мән-жайлар.

Кодекстің 505-бабында бірінші бөлігінде аталған адамдарға қатысты істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу міндетті.

Алдын ала тергеу жүргізу кезінде мынандай мән-жайлар анықталуы тиіс;

жасалған әрекеттің уақыты, орны, тәсілдері мен басқа да мән-жайлары;

осы адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасауы;

әрекетпен келтірілген залалдың сипаты мен мөлшері;

қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған адамның оны жасағанға дейінгі, сондай-ақ одан кейінгі мінез-құлқы;

осы адамда бұдан бұрын психикалық ауытқушылықтың бар-жоғы, қылмыстық заңмен тыйым салған әрекетті жасау кезінде немесе істі атқару кезінде психикалық сырқаттану дәрежесі мен сипаты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет