«Пән бойынша білімді бағалау кестесі»
№
|
Бағалау критерийлері
|
Баллдардың максимальды саны
|
1
|
Дәріс және семинарлық сабақтарға қатысу
|
4
|
2
|
Дәрістерді толығымен жазу (дәріс материалдарынан тезистік жазбалар)
|
3
|
3
|
Аудиториялық сабақтардағы тапсырмаларды уақытында және сапалы орындау, белсенді жұмыс
|
7
|
4
|
СӨЖ (жеке тапсырмалар) уақытында және толық орындау
|
5
|
5
|
ОЖСӨЖ
|
6
|
6
|
Өткен тақырыптарды пысықтау (бақылау жұмыстары т.б.)
|
5
|
7
|
Барлығы
|
30
|
Семестр барысында екі аралық бақылау жүргізіледі 7(8) және 15 апталарда.
Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).
Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)
Студенттердің білімі келесі кесте бойынша анықталады:
Б А Ғ А
|
Әріптілік жүйеде
|
Ұпай
|
%-дық
|
Дәстүрлі жүйеде
|
А
|
4,0
|
95-100
|
Өте жақсы
|
А-
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С
|
2,0
|
65-69
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
Д+
|
1,33
|
55-59
|
Д
|
1,0
|
50-54
|
Ғ
|
0
|
0-49
|
Қанағаттанарлықсыз
|
Студентке қойылатын талаптар:
Студент білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекс бойынша негізгі институттар мен ұғымдарды меңгеру;
тәжірибелік сабақтар кезінде жұмыс тәжірибесін қалыптастыратын негізгі әдіс- технологияларды меңгеру;
негізгі және қосымша әдебиеттерді табу, оларды оқып, конспектілеуді және түсіну;
нормативтік-құқықтық актілермен жұмыс жасау және оларды түсіну, талдау;
Сабаққа қатысу:
Студент сабаққа (дәріс және практикалық сабақтарға) міндетті түрде қатысу керек. Босатылған сабақтар оқу-әдістемелік кешенде көрсетілген сабақтың толық көлемінде қосымша жұмыспен орындалу қажет. Студент пәннің 3/1 себепсіз қалдырса курстан шығарылады.
Аудиториядағы тәртіп :
Сабақ уақытында төмендегі іс-әрекеттерге рұқсат етілмейді:
Ұялы телефонды қосуға, онымен сөйлесуге;
Сабақтан сұрануға;
Бос әңгіме құруға;
Басқа біреуге кедергі келетіуге.
Сабақ уақытында студенттің төмендегі іс-әрекеті есепке алынады:
Өз пікірін дәлелдесе;
Сабаққа белсенді қатысса;
Берілген тапсырманы уақытынан бұрын орындаса.
Үй тапсырмасы:
Үй жұмысы нормативтік-құқықтық актілерге талдау мен түсіндірмелер беру түрінде, кесте мен схемалар құрудан тұрады. Үй жұмысының орындалуы міндетті және оқытушы белгіленген уақытта тапсырылуы тиіс. Уақытында тапсырылмаған үй жұмысы қабылданбайды. Студенттің өте жақсы орындаған міндетті, кемінде 5 (бес) үй жұмысынан оның жалпы бағасына әсер ететін баға шығарылады.
Жеке семестрлік тапсырмалар:
Жеке семестрлік тапсырмалар реферат және баяндамалар түрінде міндетті түрде орындалуы тиіс. Семестрлік жұмыстар дұрыс орындалғанда, студент жұмысты қорғауы тиіс. Жұмыста қателер табылған жағдайда, ол студентке қайта қарауға қайтарылады. Тапсырмалардың әрқайсысы бөлек бағаланып, қорытынды бағаға әсерін тигізеді.
Студенттердің практикалық сабақтардағы белсенділігі
Студент міндетті түрде семестрде кемінде 10 практикалық сабаққа белсенді қатысуға (сабақта жауап беру, семинар дәптерінде тапсырмаларды қалдырмай жазып жүру, қойылған қосымша сұрақтарға жауап беру, өз пікірін білдіру және дәлелдеу т.б.) міндетті. Сабақтарға қатысу белсенділігіне байланысты оның қызметі бағаланады және баға пәннің жалпы бағалауына кіргізіледі.
Бақылау жұмысы
Студенттердің бақылау жұмысы ауызша, жазбаша, тест түрінде өтеді. Бақылауды өткізу мерзімі семестрде екі рет, яғни аралық бақылау кезінде. Аралық бақылау сұрақтары алдын-ала беріледі (пән бағдарламасында көрсетілген).
1-7 аптадағы аралық бақылау жұмыстары ауызша немесе жазбаша түрде өтеді.
8-15 аптадғы аралық бақылау тест түрінде өтеді. Бір бақылау жұмысының максималды балы – 10 балл. Студенттер үшін бақылау жұмысын орындау міндетті.
Қорытынды аттестатция, аралық бақылау, модулдар бойынша бақылау сұрақтары:
1-7 апта аралығында материалдар бойынша өтетін бақылау сұрақтары:
Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі.
Қылмыстық іс жүргізу мемлекеттік қызмет түрі ретінде.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының пәні.
Қылмыстық іс жүргізу және әділ соттылық.
Қылмыстық іс жүргізу міндеттері.
Қылмыстық іс жүргізу ғылымы.
Қылмыстық іс жүргізу нормалары.
Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастары.
Қылмыстық іс жүргізу нысандары.
Қылмыстық іс жүргізу сатылары: түсінігі және қысқаша сипаттамасы.
Қылмыстық іс жүргізу жүргізу.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының даму тарихы.
Қылмыстық іс жүргізу заңы.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу заңы.
Халықаралық шарттар қылмыстық іс жүргізудің қайнар көзі ретінде.
Жоғарғы сот және Конституциондық кеңес қылмыстық іс жүргізудің қайнар көзі ретінде.
Қазақстан Республикасының Конституциясы қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көзі жүйесіндегі орны.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көзі: түсінігі және жүйесі.
Қылмыстық ізге түсу түрлері.
Қылмыстық іс жүргізудегі тараптар.
Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі қылмыстық іс жүргізудің орны.
Қылмыстық іс жүргізу кепілдіктері.
Қылмыстық іс жүргізудегі процессуалдық мерзімдер.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы курсының құрлымы.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы мен қылмыстық құқық.
Қылмыстық іс жүргізудің мезгілдегі күші.
Қылмыстық іс жүргізудің кеңістіктегі күші.
Қылмыстық іс жүргізу функциялары.
Қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидалары.
Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі, жүйесі және маңызы мен мазмұны.
Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалардың іс-жүргізушілік жағдайы.
Қылмыстық іс өндірісі барысында прокурор мен тергеушінің қарым-қатынасы.
Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап: түсінігі, беру тәртібі және шешілуі.
Азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкердің құқықтық жағдайы.
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдемелер мен дәлелдеу. Дәлелдеменің іске қатысты емес деп танылуы.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы өзге де тұлғалар, олардың құқықтары мен міндеттері.
Куәлік иммунитеттің маңызы.
Қылмыстық іс жүргізудегі бұлттартпау шараларының түсінігі мен түрлері. Оларды қолданудың негізі мен мақсаты.
Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің түсінігі, құқықтық негізі және қолдану тәртібі.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар, өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар.
Қылмыстық іс жүргізуде сезікті мен айыпталушының құқықтарына кепілдік.
Қылмыстық іс жүргізуде қорғау мен өкілдік.
Қылмыстық іс бойынша қорғаушының міндетті қатынасуы.
Қылмыстық іс жүргізуде өтінім жасау және шағым тілектері.
Қылмыстық ізге түсу органдарының шешімдері мен әрекеттеріне соттық шағымдану.
Қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайлар және қылмыстық ізге түсуді болдыртпайтын мән-жайлар.
8-15 апта аралығындағы материалдар бойынша бақылау сұрақтары:
Тергеу әрекеттерінің түсінігі мен түрлері.
Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері және прокурордың санкциясын қажет ететін тергеу әрекеттері.
Тергеу әрекеттері өндірісінің басты ережелері.
Тергеу әрекетінің хаттамасы.
Қылмыстық іс жүргізудегі тінту мен алу өндірісінің тәртібі және оны құжаттау.
Қылмыстық іс жүргізуде қарсылық білдіру институтының түсінігі және маңызы.
Қарсылық білдіру арызын беру және шешілу тәртібі.
Қылмыстық іс қозғау сатысының түсінігі және маңызы.
Қылмыстық іс жүргізу функцияларының түсінігі, маңызы, түрлері.
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу.
Алдын-ала тергеу нысандары. Анықтаманың түрлері.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, маңызы және жүйесі.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің жалпы сипаттамасы.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу заңы.
Іс жүргізу мерзімінің түсінігі және түрлері. Іс жүргізу мерзімін есептеу.
Соттылықтың түсінігі, түрлері мен маңызы. Соттылықты өзгерту.
Басты сот талқылауының түсінігі, құрлымы, маңызы.
Қазақстан Республикасында апелляциялық өндіріс түсінігі, тәртібі және маңызы.
Қадағалау өндірісін тағайындау және оның маңыздылығы.
Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
Ақтау, қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу.
Қылмыстық іс жүргізуде сот сараптамасының құқықтық маңызы. Сот сараптамасын міндетті жүргізу өндірісі.
Қазақстан Республикасында алқа билер қатысуымен қылмыстық сот өндірісінің жалпы сипаттамасы және оның маңызы.
Сот қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік орган ретінде.
Қылмыстық іс жүргізуде прокурордың құқықтық статусы.
Тергеуші қылмыстық іс жүргізудің субьектісі ретінде.
Анықтаушы қылмыстық ізге түсуші орган ретінде.
Кінәсіздік презумпциясы.
Қылмыстық іс жүргізудегі заңдылық қағидасы.
Қылмыстық іс жүргізудегі куәлік иммунитет.
Сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асыру.
Қылмыстық іс жүргізудегі Конституциялық қағидалар.
Қорғаушы қылмыстық іс жүргізудің субьектісі ретінде.
Сарапшы мен маман қылмыстық іс жүргізу қатысушысы ретінде.
Қылмыстық іс жүргізуде сот приставаның құқықтық статусы.
Куәгер қылмыстық іс жүргізу субьектісі ретінде.
Қылмыстық іс жүргізудегі жәбірленушінің құқықтық жағдайы.
Қылмыстық іс жүргізудің жариялылығы: түсінігі және маңызы.
Адамның жеке басына тиіспеушілік қағидасының мәні мен мазмұны.
Сезіктінің қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық құзіреті.
Айыпталушының қылмыстық іс жүргізудегі құқықтық құзіреті.
Қылмыстық істерді біріктіру мен бөлектеу.
Қылмыстық іс жүргізуде қылмыстық істі тоқтату.
Қылмыстық іс жүргізуде қылмыстық істі қысқарту.
Сот төрелігін тек соттың ғана жүзеге асыру қағидасы.
Қылмыстық іс жүргізу актілері.
Қылмыстық іс жүргізуде сезікті мен айыпталушының арақатынасы.
Қылмыстық іс жүргізуде өкілдік.
Қорытынды аттестацияға дайындық сұрақтары (емтиханға):
ҚІЖҚ түсінігі, пәні және маңызы.
Алдын ала тергеу жүргізудің алғы шарттары.
Апелляциялық өндірістің түсінігі мен мәні және ерекшеліктері. Бірінші инстанция сотының үкімін бұзу немесе өзгерту.
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары мен міндеттері. Қылмыстық іс жүргізу қағидаларын бұзу нәтижелері.
Тергеу әрекеттері өндірісінің жалпы ережелері. Кезек күттірмейтін тергеу әрекеттері.
Қадағалау өндірісінің маңызы мен мәні. Қадағалау инстанция сотымен қылмыстық істі қарау тәртібі.
ҚІЖК қайнар көзінің түсінігі мен жүйесі. ҚР ҚІЖҚ мен ҚІЖК арақатынасы.
Айыпталушы ретінде жауапқа тарту негізі.
Жаңадан ашылған мән-жайлар істі қайта қарау сатысы.
Ақтау. Қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу.
Қылмыстық іс қозғау сатысы. Қылмыстық іс қозғауға негіздер мен себептер.
Мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану өндірісі.
Процессуалдық мерзімдердің түсінігі, түрлері және маңызы. Процессуалдық мерзімдерді есептеу тәртібі.
Алдын ала тергеуді қозғау және тоқтату.
Үкімді орындау сатысы. Үкімді орындауды жүзеге асыратын органдар мен тұлғалар.
Қылмыстық іс жүргізуші органдарының түрлері және олардың процессуалдық статусы.
Тергеу әрекеттерінің түсінігі мен жүйесі.
Соттылықтың түсінігі мен жүйесі. Соттылықтың түрлері.
Қылмыстық іс жүргізу тараптары, олардың құрамы.
Тергеу мен анықтауды прокурорлық қадағалау.
Басты сот талқылауының жалпы алғы шарттары. Сырттай сот талқылауы.
Қылмыстық іс жүргізудегі сезікті, айыпталушы, сотталушы. Олардың құқықтары мен міндеттері.
Анықтаудың мәні мен түрлері. Анықтау нысанындағы тергеудің аяқталуы.
Басты сот талқылауының құрлымы. Сот талқылауының жариялылығы.
Қылмыстық іс жүргізудегі қорғаушының құқықтық статусы. Қорғаушының міндетті қатысуы.
Алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігі мен нысаны.
Басты сот талқылауын тағайындау этаптары. Алдын ала тыңдау.
Қылмыстық іс жүргізудегі жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, жеке айыптаушының құқықтық жағдайы. Куәгерлік иммунитет.
Алдын ала тергеудің мәні. Алдын ала тергеудің анықтаудан айырмашылығы.
Қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық сот өндірісі, қылмыстық іс бойынша өндіріс, сот әділеттігі, сот процессі: түсінігі, маңызы, арақатынасы.
Қылмыстық іс жүргізудегі куә мен куәгердің құқықтық статусы.
Қылмыстық іс жүргізуде қылмыстық істерді біріктіру және бөлектеу.
Сот тергеуінің түсінігі мен маңызы. Сот тергеуінің басталуы мен аяқталуы.
Қылмыстық іс жүргізуді жоққа шығаратын мән-жайлар. Қарсылық білдіру.
Тінту мен алу өндірісінің өндіріс тәртібі.
Үкім шығарудың тәртібі, құрлымы және маңызы. Үкімнің заңды күшіне ену тәртібі.
Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оның құқықтық негізі.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу ерекшеліктері.
Қауіпсіздік шараларының түрлері және оларды қолданудың тәртібі.
Жауап алу және беттестіру. Таныту.
Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері.
Қылмыстық іс жүргізуде өтініш және қарсылық білдіру. Соттық шағымдану.
Тексеру, эксгумация және куәландыру.
Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылау.
Сот сараптамасы.
Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу.
Алдын ала тергеуді тоқтата тұру және қайта жалғастыру.
Алдын ала тергеу барысында істі қысқарту.
Айыптау қорытындысын жасау және қылмыстық істі сотқа жіберу.
Қысқартылған түрде сот талқылауы.
Дәлелдемелердің түсінігі мен түрлері. Дәлелдемелердің қасиеті. Дәлелдеу пәні.
Іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары.
Дәлелдеу процесі. Дәлелдемені бағалау.
Дәлелдеудің қайнар көзі. Преюдиция.
Қылмыстық ізге түсуді жоққа шығаратын мән-жайлар. Қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын мән-жайлар.
Апелляциялық шағым және наразылық.
Қылмыстық ізге түсу. Қорғау. Әділсоттылық. Қылмыстық ізге түсудің түрлері.
Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талап.
Үкім шығарарда сотпен шешілетін мәселелер.
Сезіктіні ұстау іс жүргізушілік шарасы ретінде.
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңының құрылымы.
Сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі.
Сот тергеуін қайта жаңғырту.
Бұлтартпау шаралары: түсінігі,түрлері, қолдану тәртібі.
Қылмыс туралы арыздарды қабылдау тәртібі.
Апелляциоялық инстанция сотының өкілеттіктері және шешім қабылдау тәртібі.
Қылмыстық іс жүргізу актілері: түсінігі, маңызы, түрлері және қвжетті реквизиттары. Сот отырысының хаттамасы процессуалдық акт ретінде.
Қамауды қолдану тәртібі мен мәні. Қамау мерзімі және оны ұзарту.
Қылмыстық істі қайта тергеуге жіберу: түсінігі, негізі және өндіріс тәртібі.
Іс жүргізу шығындары түсінігі. Іс жүргізу шығындарын өндіру.
Тергеушінің процессуалдық тәуелсіздігі, оның анықтау органы мен прокурормен арақатынасы.
Сот ҚР сот жүйесіндегі сотәділеттігі органы ретінде.
Қылмыстық істердің соттылығы.
Алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес істер боойынша анықтау.
Сот үкімдері мен қаулыларын орындау.
Пән бойынша тест тапсырмалары
Қылмыстық істі қозғау негізі болып табылады:
a) азаматтардың арызы;
б) мемлекет органдарының лауазым тұлғаларының хабарламасы;
в) жаппай ақпарат көздеріндегі хабарламалар;
г) жоғарғыда көрсетілген жауаптардың бәрі дұрыс;
Қылмыстық іс жүргізу стадиясының 1 сатысы болып:
а) қылмыстық істі алдын-ала тергеу;
б) 1- инстанция сотында іс қарау сатысы;
в) үкімді орындау;
г) қылмыстық істі қорғау;
3. Жеке және жеке жариалы анықтау істері бойынша қылмыстық істі қозғау негізі болып танылады:
а) хабарламалар;
б) ақпарат көздеріндегі хабарламалар;
в) лауазым тұлғаларының арыздары;
г) азаматтардың арыздары (жәбірленушінің);
4. Егер арыз ауызша берілсе қалай толтырылады:
а) журналда
б) хаттамамен
в) қаулыда
г) ұйғарыммен
5. Кінәсін мойындап келу дегеніміз не?
а) айып тағылғанға дейін өзі жасаған қылмысы туралы ерікті мәлімдеуі
б) айып тағылғаннан кейін өзі жасаған қылмысы туралы ерікті мәлімдеуі
в)тағылған айып бойынша жазбаша немесе ауызша мәлімдеуі болып табылады
г) барлық жауап дұрыс
6. Қылмыстық іс қозғау актісі қалай аталады?
а) қылмыстық істі қозғау қаулысы
б) қылмыстық істі қозғаудан бас тарту қаулысы
в) қылмыстық істі қозғау шешімі
г) қылмыстық істі қозғау ұйғарымы
7. Қылмыстық істі қозғау қаулысының құрылысы
а) кіріспе, негізгі, қорытынды
б) кіріспе, негізгі, дәлелдейтін, қорытынды
в) кіріспе
г) кіріспе, дәлелдейтін, қорытынды
8. Қылмыстық істі тергеуге қадағалау функциясын кім жүзеге асырады:
а) анықтаушы, тергеуші
б) прокурор
в) кәсіподақ ұйымы
г) қорғаушы
9. Алдын ала тергеу мерзімі
а) 2 ай
б) 3 ай
в) 6 ай
г) жауаптың бәрі дұрыс
10. Алдын ала тергеу мерзіміне анықтаушы мен оның қорғаушысының қылмыстық іс материалдарымен танысу мерзімі қосыла ма?
а) иә
б) жоқ
в) қосылады
г) дұрыс жауабы жоқ
11. Қылмыстық сот өндірісі қылмыстық іс жүргізу заңымен
а) қылмыс жасалу сәтімен күшіне енеді
б) қылмысты анықтаған сәттен бастап күшіне енеді
в) қылмыстық іс қозғалған сәттен бастап күшіне енеді
г) іс жүргізу әрекеттерін орындаған сәттен бастап күшіне енеді
12. Тұрғын жайға иемденуші тұлғаның еркіне қарсы кіруге болады
а) тергеушінің шешімі негізінде
б) барлық жағдайда
в) ішкі істер министрлігінің бұйрығы негізінде
г) заңмен анықталған жағдайда
13. Жеке, жеке жариялы айыптау істері бойынша қылмыстық іс қаралады
а) хабарлама негізінде
б) арыз негізінде
в) ақпарат құралдарындағы хабарламалар негізінде
г) сот ұйғарымымен
14. Төмендегілердің қайсысына қылмыстық іс жүргізуге байланысты қауіпсіздік шаралары қолданылмайды
а) судьяға
б) айыпталушыға
в) куәгерге
г) дұрыс жауап жоқ
15. Басты дәлелдеме болып:
а) айыпталушының өз-өзін кінәлі деп тануы
б) куәнің жауабы
в) заттай дәлелдемелер
г) бұндай түсінік жоқ, дәлелдемелердің жиынтығы болуы тиіс.
16. Қылмыс туралы арыздар мен хабарламаларды қарау мерзімі
а) 24 сағат
б) 4 күн
в) 5 күн
г) 7 күн
17. Алдын-ала тергеу сатысында айыпталушының қамауда болу мерзімінің жоғарғы шегі
а) 6 ай
б) 8 ай
в) 11 ай
г) 12 ай
18. ҚР ҚІЖҚ сәйкес түнгі мезгіл болып:
а) жергілікті уақыттың 22.00 ден 6.00. сағат арасы
б) жергілікті уақыттың 23.00-ден 7.00 сағат арасы
в) жергілікті уақыттың 23.00-ден 6.00 сағат аралығы
г) жергілікті уақыттың 24.00-ден 8.00 сағат аралығы
19. Қылмыстық іс жүргізу құқығының қайнар көздері болып:
а) бас прокуратураның жарлықтары
б) жоғарғы соттың нормативті қаулылары
в) ішкі істер органдары туралы заңдар
г) барлық жауап дұрыс
20. ҚР ҚІЖК Ерекше бөлімі неше тараудан тұрады
а) 7
б) 5
в) 3
г) 10
21. Қылмыстық іс жүргізуде айыптаушы жақтарына кімдер кіреді:
а) Сот
б) куәгер
в) жәбірленуші
г) жауаптың бәрі дұрыс
22. Сотқа дейнгі іс жүргізу нысандары:
а) алдын ала тергеу
б) анықтау
в) алдын ала тергеу және анықтау
г) ұлттық қауіпсіздік органдарының алдын ала тергеу мен анықтауы
23. ҚР ҚІЖК қашан заң күшіне енді?
а) 1.01. 2000ж
б) 13.12.1997 ж.
в)1.01.1998 ж
г) 1.01. 2002 ж.
24. Төменде көрсетілгендердің қайсысы қылмыстық іс бойынша қорытынды шешім болып табылады:
а) қылмыстық іс қозғау қаулысы
б) үкім
в) сот шешімі
г) сот ұйғарымы
25. Төменде көрсетілгендердің қайсысы тергеу органдары болып табылмайды:
а) қаржы полициясы
б) Ұлттық қауіпсіздік органдары
в) ішкі істер органдары
г) прокуратура
26. Танудың түрлері:
а) адамды тану
б) затты тану
в) мәйітті тану
г) жауаптардың бәрі дұрыс
27. Сот сараптамаларының зерттеу көлеміне қарай:
а) бастапқы, қайталама
б) негізгі, қосымша
в) комиссиялық, кешенді
г) дұрыс жауап жоқ
28. Прокурордың санкциясы болмаған жағдайда тұлғаны ұстау мерзімі
а) үш күннен аспауы керек
б) 48 сағаттан аспауы керек
в) 70 сағаттан аспауы керек
г) дұрыс жаубы жоқ
29. Жоғарғы соттың үкімі қайндай тәртіппен қайта қаралады
а) қаралмайды
б) апелляциялық, қадағалау тәртібімен
в) қадағалау тәртібімен
г) жоғарғы соттың жалпы отырысымен
30. Бөлектенген іс бойынша іс жүргізу мерзімі:
а) бөлектеу туралы қаулы шығарылған күннен бастап есептеледі
б) негізгі қылмыстық іс қозғаған кезден бастап есептеледі
в) сот шешімі негізінде есептеледі
г) тергеушінің қылмыстық істі өз өндірісіне алу қаулысы негізінде есептеледі
31.Қылмыстық істі қозғауға өкілетті органдар:
а) Сот, тергеуші, прокурор, қорғаушы
б) тергеуші, қорғаушы, анықтаушы, прокурор
в) прокурор, тергеуші, анықтаушы яғни ізге түсі органдары
г) сот
32.Қылмыстық іс жүргізу стадиясының 1 сатысы болып:
а) қылмыстық істі алдын-ала тергеу
б) 1 инстанция сотында іс қарау сатысы
в) үкімді орындау
г) қылмыстық істі қорғау
33.Арыздардың формасы қандай болады:
а) ауызша
б) ауызша, жазбаша
в) домалақ арыздар
г) дұрыс жауап жоқ
34.Домалақ арыздар қылмыстық істі қозғауға негіз болып табылама?
а) иә
б) жоқ
в) иә, бірақ тексеруді қажет етеді
г) дұрыс жауап жоқ
35. Қылмыстық ізге түсу формасының түрлері:
а) жеке айыптау істері
б) жеке және жариялы айыптау істері
в) жариялы айыптау істері
г) жеке, жеке-жариялы, жариялы айыптау
36.Қылмыстық істі қозғау қаулысы прокурорға қанша уақытта жіберілуі тиіс:
а) 72 сағат
б) 24 сағат
в) 3 тәулік
г) 5 ттәулікте
37. Қылмыстық әрекеттен зақым көрген адам қай кезден бастап жәбірленуші болып танылады?
а) арыз берген кезден бастап
б) қылмыстық іс қозғағаннан бастап
в) жәбірленуші ретінде тану қаулысы шығарылғаннан бастап
г) үкім шығарылғаннан бастап
38. Сот өндірісіне дейінгі қылмыстық іс сатысы қалай аталады?
а) үкімді орындау
б) қылмыстық іс қозғау
в) алдын ала тергеу және анықтау
г) анықтау
39.Алдын-ала тергеу мерзімін ұзарту қаулысын тергеуші прокурорға тергеу мерзімінің аяқталуына қанша мерзім қалғанда тапсыруы қажет?
а) 1 ай
б) 15 күн
в) 10 күн
г) 24 сағат
40. ҚР бас прокурорына қатысты қылмыстық істі қозғау өкілеттігі кімнің құзіретінде?
а) президент
б) мәжіліс сенаты
в) жоғарғы сот
г) бас прокурордың орынбасары
41. Жоғарғы тұрған соттың еркімен соттылық өзгертілуі мүмкін бе?
а) иә
б) жоқ
в) иә, егер тұлға бұған келіссе
г) иә, егер бұл шешімді прокурор бекітсе
42. Төменде көрсетілгендердің қайсысы куәгер ретінде жауап беру міндетінен босатылады.
а) жұбайы жұбайына қарсы
б) дінбасы өзіне сенушісіне
в) қорғаушы клиентке қарсы
г) барлық жауап дұрыс
43. Анықтаушыға орындауға міндеті болып табылады:
а) прокурордың тапсырмасы
б) тергеушінің тапсырмасы
в) соттың берген тапсырмасы
г) барлық жауап дұрыс
44. Төмендегі көрсетілген дәлелдемелердің қайсысы дәлелдеме ретінде танылмайды?
а) алдау тәсілімен алынған
б) анықтауға мүмкін емес қайнар көзден алынған
в) күш қолдану тәсілімен алынған
г) барлық жауап дұрыс
45. Оперативті іздестіру қызметінің нәтижесі дәлелдеме ретінде қолданылады:
а) иә, әркезде
б) жоқ, болуы мүмкін емес
в) иә, егер заңға сәйкес анықталған болса
г) иә, егер олар сәйкес процессуалдық нысанда берілсе
46. Сот өндірісіне дейін айыпталушының қамауда болу мерзімі аспауы тиіс:
а) 2 ай
б) 3 ай
в) 6 ай
г) 9 ай
47. 1 сот инстанциясында сотталушының қамауда болу мерзімі:
а) 2 ай
б) 3 ай
в) 6 ай
г) 9 ай
48. Қылмыстық істердің біріктірілуіне байланысты қылмыстық іс бойынша өндіріс мерзімі қай кезден бастап саналады?
а) соңғысының қылмыстық қозғау мерзімінен бастап
б) бірінші қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс қозғау мерзімінен бастап
в) қылмыстық істерді біріктіру туралы қаулысы шығарылған уақыттан бастап
г) қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы шығарылған кезден бастап
49. Қылмыстық ізге түсу органы болып табылмайды:
а) сот
б) прокурор
в) анықтау органы
г) анықтаушы
50. ҚР ҚІЖК-нің жалпы бөлімін неше тараудан тұрады
а) 7
б) 5
в) 3
г) 10
51. Қылмыстық істі маңызына қарай шешетін сот органдары
а) ҚР жоғарғы сотының жалпы отырысы
б) Қылмыстық істер бойынша сот коллегиясы
в) ҚР Жоғарғы сот кеңесі
г) барлық жауап дұрыс
52. Қылмыстық іс жүргізуде айыпталушы жақтар болып:
а) жәбірленуші
б) прокурор
в) азаматтық талаптар
г) барлық жауап дұрыс
53. ҚР ҚІЖК қашан қабылданды
а) 13.12.1997 ж.
б) 16.07.1997 ж.
в) 01.01.1998 ж.
г) 05.06. 1999 ж.
54. Сезікті қылмыстық іс жүргізу тәртібімен айыпталушы ретінде қай кезден бастап танылады?
а) айыпталушы ретінде жауапқа тарту қаулысы шығарған сәттен
б) бұлтартпау шарасы қолданылған уақыттан бастап
в) айыптау қорытындысын бекіткен уақыттан бастап
г) айыптау үкімін шығарғаннан бастап
55. Жеке айыптау істері бойынша прокурор барлық жағдайда ІІ инстанция сотына қатыса ма?
а) иә, қатысады
б) жоқ қатыспайды
в) егер жәбірленуші қабыл тілек білдірген жағдайда қатысады
г) сот шешімі негізінде қатысады
56. Қылмыстық іс қозғалғанға дейін қандай тергеу әрекеттері жүзеге асырылады?
а) оқиға болған жерді қарау
б) жауап алу
в) тінту
г) Ұстау шаралары
57. ҚР ҚІЖК сәйкес сараптаманың түрлері
а) бастапқы, қосымша сараптама
б) жеке, комиссиялық, кешенді
в) комиссиялық, кешенді, бастапқы
г) бастапқы, қосымша, комиссиялық
58. Қылмыстық іс жүргізушімен қандай жағдайларда қорғушыдан бас тарту қабылданбайды
а) қылмыстық іс бойынша сот тергеуіне мемлекттік айыптаушы қатысқан жағдайда
б) бұлтартпау шарасы ретінде айыпталушыға қамау қолданған жағдайда
в) айыпталушы сот психиатриялық емдеу кешеніне мәжбүрлеп жіберген жағдайда
г) істелген қылмысы үшін өлім жазасы тағайындалу мүмкін болатын айыпталушылардың қылмысы бойынша
59. Мүліктік зиянды өтеуге талап қоюға шекті мерзім
а) 1 ай
б) 6 ай
в) 3 жыл
г) 5 жыл
60. Бөлектенген іс бойынша іс жүргізу мерзімі жаңа қылмыс бойынша немесе жаңа адамға қатысты
а) негізгі қылмыстық іс қозғалған кезден бастап есептеледі
б) бөлектеу туралы қаулы шығарған кезден бастап есептеледі
в) қылмыстық іс қозғау қаулысы мерзімімен есептеледі
г) қылмыс біріктіру қаулысы мерзімінен бастап есептеледі
12.Оқу үрдісінің бағдарламалық немесе мультимедиялық әдістерін қолдану.
Қамтылмаған.
13. Мамандандырылған кабинеттер мен лабораториялар тізімі:
№3 ғимарат, 309-аудитория (сот отырысы залы)
Достарыңызбен бөлісу: |