Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 1-бап



бет48/200
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#149872
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   200
Байланысты:
КОДЕКС КЫЛМЫСТЫК

182-бап. Экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу

1. Экстремистік топ құру, сол сияқты оған басшылық ету –

мүлкi тәркiленiп, он жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Экстремистік топтың әрекетіне немесе оның жасайтын қылмыстарына қатысу –

мүлкi тәркiленiп, сегіз жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған іс-әрекеттер –

мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он екі жылдан он жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескерту. Экстремистік топтың әрекетіне қатысуды өз еркімен тоқтатқан адам, егер оның әрекеттерiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ескерту. 182-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
183-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында экстремистік материалдарды жариялауға рұқсат беру

Ұлттық, рулық, нәсілдік, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-топтық айрықшалықты, соғысты насихаттайтын, билікті күштеп басып алуға, билікті күштеп ұстап тұруға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге немесе конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығын бұзуға шақыруды қамтитын мәліметтер мен материалдарды баспа беттерінде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру –

белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Ескерту. 183-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.07.2018 № 180-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   200




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет