2015 жылдан бастап 2019 жылдың қараша айына дейін өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 42,9 трлн теңгені құрады
Тау кен металлургиясы кешені ЖІӨ-нің 6,7%-ға жуығын, өнеркәсіптік өндірістің 23,3% құрайды. Екінші бесжылдық жылдары металлургияда өндірістің шығару көлемі 2,2 есе артты (2014 жылы 2,1 трлн теңгеден 2018 жылы 4,6 трлн теңгеге дейін, 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша – 4 трлн теңге).
Машинажасауда индустрияландырудың екінші бесжылдығын іске асыру кезеңінде өнім көлемі 1,2 есе өсті (2014 жылғы 902,5 млрд теңгеден 2018 жылғы 1 090 млрд теңгеге дейін, 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша – 1 033 млрд теңге).
Химия өнеркәсібі де жеткілікті дамуда. Салада өндіріс көлемі 1,7 есе артты (2014 жылы 230,3 млрд теңгеден 2018 жылғы 401,1 млрд теңгеге дейін, 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша – 386,4 млрд теңге).
Фармацевтика индустриясында өнім өндіру көлемі екі еселенді (2014 жылғы 38 млрд теңгеден 2019 жылғы 79 млрд теңгеге дейін, 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша – 75 млрд теңге).
Жеңіл өнеркәсіп тауарларының өндірісі 1,6 есеге артты (2014 жылғы 63,2 млрд теңгеден 2019 жылғы 99,4 млрд теңгеге дейін, 2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша – 87,5 млрд теңге).
Құрылыс материалдарының өндірісі 1,3 есеге артты (2014 жылғы 452,1 млрд теңгеден 2019 жылғы 563,7 млрд теңгеге дейін, 2019 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша – 475,3 млрд теңге).
Индустрияландыру жылдары өңдеу өнеркәсібіндегі шығарылатын өнімнің номенклатурасын кеңейту
Индустрияландыру жылдары (2010 жылдан 2019 жыл аралығында) Қазақстанда бұрын шығарылмаған 500 жаңа өнім түрі игерілді: жүк және жолаушылар вагондары, электровоздар, жүк, жеңіл автомобильдер және автобустар, трансформаторлар, рентген аппаратура, жарықдиодты шамдар, титан құймалар мен слябтар, дәрі-дәрмектер және т.б.
Металлургияда айтарлықтай ілгерілеу байқалды: базалық металдардың (мыс, мырыш, қорғасын т.б.), жартылай өнімдерді (қаңылтақ, дайындама және т.б. басқалары), шала дайын өнімдерді (илем өнімдерін) өндіруден бастап дайын бұйымдарды (болат құбырларды, металл конструкцияларды, рельстерді, сымдар) шығаруға көшуге дейін.
Химия өнеркәсібінде индустрияландыру жылдары 54 жоба іске асырылды, 4 мыңнан аса жұмыс орны құрылды. Маңызды жобалар саланың дамуына едәуір үлес қосып, бұрын өндірілмеген өнімдердің ассортиментін кеңейтті: каустикалық сода, натрий гипохлориті, жуу құралдары, лак бояу материалдарының, жарылғыш құралдардың, агрохимия құралдарының және т.б. (Павлодар облысында «Каустик» АҚ, Жамбыл облысында «Қазфосфат» ЖШС, Маңғыстау облысында «КазАзот» ЖШС және Жамбыл облысында «Talas Investment Company» ЖШС).
Сонымен қатар құрылыс материалдарын өндіру бойынша жалпы сомасы 458,8 млрд теңге болатын 302 жаңа өндіріс пайдалануға берілді, 20,3 мыңнан аса жұмыс орны құрылды.
Қазақстанда өндірілмеген жаңа құрылыс материалдары өнімдерін шығару жолға қойылды: металл жабытқыштар («Таукел» ЖШС), ПВХ жасалған терезелер мен есіктер профильдері («Funke Kunststoffe» ЖШС), энергия үнемдейтін шыныпакеттер («Казстройстекло» ЖШС), полимерлік-композитті материалдардан жасалған санитарлық-техникалық бұйымдар («Тенуса» ЖШС), шыныталшықты композитті профильдер (Kompozit Profil), керамогранит өндіріс жаңартылды (ОҚО-да «Зерде Керамик» ЖШС).
Достарыңызбен бөлісу: |