V технологиялық құрылыс салаларын, ақпараттық жəне «ақылды» экономиканы дамытып, инновациялық қызметтің постиндустриалды дамуы индустрияландыру сатысынан аттап өте алмайтынын түсіну керек. Осыған орай, əлем елдерінің даму кезеңін жіктеуге болатын
«индустрияландыруға дейінгі — индустрияландыру — постиндустриалды» жіктемесін басшылыққа алу қажет. Негізінен инновациялық даму жолына түскен мемлекеттер құрылымдық-технологиялық өзгерістерге қол жеткізу үшін келесідей сатыларды бастан өткізеді: шикізат өндіру мен өңдеу, материал жəне еңбек сыйымдылығы жоғары тауарлар өндіру, осыдан кейін кезекпен капитал сыйымдылығы, технология сыйымдылығы жəне ғылыми сыйымдылығы жоғары тауарлар өндіру, ең соңында, инновациялық зерттеулер мен əзірлемелер. Алайда Қазақстан үшін бұл сатылардың барлығын қайталаудың қажеттілігі төмен. Себебі жаңа технологияларды трансферттеу арқылы бірден капитал жəне ғылыми сыйымдылығы жоғары тауарлар өндірісін ұйымдастыруға болады. Яғни өндірістің технологиялық жаңғыруы отандық қолданбалы ғылымды, ҒЗТКƏ мен пайдалы жаңалықтардың ашылуына негіз болатын «құнарлы топырақ» болып табылады.
Еліміздегі негізгі қорлардың кейбір салаларында технологиялық тозу деңгейі 60–70 %-дан асып кеткендігі жасырын емес. Ендеше, ескі жəне əбден тозған құрал-жабдықтарда ғалымдар инновациялық өнім ойлап табу ықтималдығы жоқтың қасы. Сондықтан негізгі қорларды, өндіріс орындарындағы технологияларды барынша заманға сай етіп жаңғыртқан жөн. Осылайша, елімізде IV технологиялық құрылыс салаларын жан-жақты игеріп, V технологиялық құрылыс салаларының дамуына берік іргетас қалаймыз.
Ғылымизерттеудіжаңғырту.
Өндірісті технологиялық жаңғырту арқылы олармен тығыз байланыста жұмыс істейтін ҒЗИ мен жоо-дағы ғылыми зерттеулердің қолданбалы сипат алары сөзсіз. Себебі ендігі кезекте ғалымдар нақты өндіріс үшін нақты технологиялар мен əзірлемелер жасауға ұмтылады жəне оларды қолданысқа енгізуге болатын кəсіпорындардың бар болуы бұл үдерісті жеделдетеді.
Еліміздің ұлттық, экономикалық, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірнеше стратегиялық маңызды салаларда ҒЗИ-не қажетті инновациялық əзірлеме жасап шығару үшін мемлекеттік тапсырыс беру қажет. Себебі ғалымдар агроөнеркəсіп немесе ғарыш саласында Қазақстан экономикасын бəсекеге қабілетті ете алатын жаңалық қашан ашады деп күтіп отыруға болмайды, керісінше, ғалымның алдына нақты мақсат пен тапсырма беріп, оның орындалуы үшін барлық жағдайлар жасау керек. Осыған орай, «Sony» компаниясының негізін қалаушы Акио Моританың сөзін келтіруге болады: «Егер инженер немесе ғалымның алдына нақты мақсат қойса, ол оған жету үшін барлығын жасайды. Бірақ мақсат қоймай, бір уыс ақша беріп, бір зат ойлап тап десе, табыс күтуге болмайды» [11]. Яғни заманауи зертханалар мен инновациялық орталықтар құрып, барлық материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етіп, еңбек өнімділігін арттыратын ынталандырушы шараларды жүзеге асыру қажет. Жаңартылған технологиялармен жұмыс істеп, айтарлықтай табысқа қол жеткізген кəсіпорындар ҒЗТКƏ жұмысын жалғастыруға мүдделі болады. Осындай сатыларды қамти отырып, бұл кезеңде инновациялық идеялар мен жаңашыл бастамалар көптеп туындайды.
Инновациялықинфрақұрылымэлементтерініңмультипликативтікдамуы.
Осы кезеңнен бастап Ұлттық инновациялық жүйеге кіретін барлық элементтердің қарқынды жұмысы жүзеге асады.
Алдыңғы екі кезеңді жүзеге асыру барысында туындаған инновациялық бастамалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нəтижелерін өндіріске енгізіп, коммерцияландыру үшін технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар, коммерцияландыру орталықтары мен өзге құрылымдық элементтердің рөлі ерекше. Қазіргі кезде технопарктердің идеяның тапшылығы мен қаржыландыруға берілген өтінімдердің өндірісте қолдануға келмейтіні сияқты мəселелерін шешу үшін жоғарыда көрсетілген 2 кезеңнің дұрыс жүзеге асырылуы маңызды. Осылайша өміршең инновациялық идеяларды генерациялау арқылы оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін барлық құрылымдық элементтер мультипликативтік түрде дамиды жəне маманданады. Мысалға, инновациялық жобаларды сүйемелдеу, ақпараттық көмек, инкубаторлық қызмет көрсету жəне т.б.
Аймақтардағы инновациялық қызметті дамыту үшін əр өңірде ғылыми-инновациялық кешендер құру қажеттілігі басым. Мұндай кешендер жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ-нан, ғылыми орталықтардан, бiлiктi жұмыс күшiн даярлауға жəне жаңа идеялар мен əзiрлемелердi генерациялауға бағдарланған консалтингтiк жəне бiлiм беретiн компаниялардан, технологиялық парктер мен технологиялық бизнес-инкубаторлардан, инновациялық қызметтi қолдауға бағдарланған жəне қаржыландыру, маркетинг, жарнама-көрме қызметi, патенттеу-лицензиялау жұмысы мен зияткерлiк меншiктi қорғау мəселелерiмен айналысатын құрылымдардан жасақталуы тиіс.