VІ. Ӛзін-ӛзі тексеруге арналған тесттер.
1. Саясаттану ғылымының білім берудің жеке саласына айналуына жағдай
жасалған кезең:
А) 1965 ж.
В) 1880 ж.
С) 1948 ж.
Д) 1970 ж.
Е) 1865 ж.
2. «Саясат» терминін ең алғаш рет ғылымға енгізген:
А) Аристотель;
В) Цицерон;
С) Платон;
Д) Конфуций;
Е) Макиавелли.
3. Саясаттың негізгі объектісі:
А) Саясат;
В) Қоғам;
С) Мемлекет;
Д) Саяси институттар;
Е) Саяси жүйе.
4. Саясаттанудың қалыптасуына ықпал еткен позитивистік әдістеменің
принциптерін анықтаған:
А) Ч.Мерриам;
В) О.Конт;
С) М.Фрейд;
Д) Г.Лассуэл;
Е) З.Фрейд.
5. Ең алғаш рет саясаттанудың оқытыла бастауы:
А) 1857 ж. АҚШ, Коллумбия колледжінде;
В) 1948 ж. ЮНЕСКО басшылығымен, Парижде;
С) 1871 ж. Франция, Саяси ғылымдар мектебінің құрылуы;
Д) 1989-1990 жж., Балтық бойы елдерінде;
Е) Ежелгі дәуір – Греция мен Римде.
22
6. Ежелгі грек философиясының саяси-құқықтық ойының шарықтап дамыған
кезеңі:
А) Б.з.д. V-IV ғасырлар;
В) Б.з.д. VІ- IV ғасырлар;
С) Б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырлар;
Д) Б.з.д. ІІ-І ғасырлар;
Е) Б.з.д. І ғасыр.
7. Платонның саяси ойлары баяндалған еңбегі:
А) «Саясат»;
В) «Пікірлер мен әңгімелер»;
С) «Мемлекет»;
Д) «Патша»;
Е) «Заңдар рухы туралы».
8. Қайта ӛрлеу дәуірінің кӛрнекті ойшылы, жаңа буржуазиялық идеология:
А) Т.Гоббс;
В) Дж.Локк;
С) Ф.Аквинский;
Д) Н.Макиавелли;
Е) Т.Мор.
9. Ежелгі Шығыстың кӛрнекті саяси ойшылдарының бірі – Конфуций іліміндегі
дұрыс мемлекеттің негізгі шарты не?
А) Халық егеменділігі;
В) Заңға қатал бағыну;
С) Биліктің бӛлінуі;
Д) Дұрыс заңның болуы;
Е) Халықтың сословиеге бӛлуден.
10. Орта ғасырларда теология мен философияны синтездеп заңдар теориясын
жасаған кім?
А) Ф.Аквинский;
В) Н.Макиавелли;
С) А.Августин;
Д) Т.Компанелла;
Е) Аристотель.
11. Аристотельдің саяси ойға қосқан үлесі:
А) Коммунистік идеяны сынады, жеке меншікті жақтады;
В) Жалпының мүддесі, жеке меншікке қарсы шықты;
С) Саясат пен моральдың ара қатынасы туралы мәселені кӛтерді;
Д) Биліктің бӛлшектенуі теориясын жасады;
Е) Діни және мемлекеттік биліктің ара-қатынасы.
12. Жаңа дәуірдегі негізгі саяси идеялар:
А) Ізгілікті мемлекет, меншік мәселелері;
В) Табиғи құқық, биліктің бӛлінуі, халық егеменділігі;
С) Билікті екіге бӛлу; діни (рухани) және мемлекеттік;
Д) Адам мәселесі, оның мемлекетпен ара қатынасы;
Е) Тап күресі, социалистік революция, пролетариат диктатурасы.
13. Қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз, ағартушы Ы.Алтынсариннің саяси
кӛзқарастарын білдіретін еңбегі:
А) «Сот реформасы жайындағы хат»;
23
В) «Бақыттылық жайлы ілім»;
С) «Рақымды қала тұрғындарының кӛзқарастары»;
Д) «Қазақ даласындағы жұт жӛнінде»;
Е) «Оян, қазақ!».
14. Конфуций іліміндегі меритократия ұғымы нені білдіреді:
А) Атаққұмарлар билігі;
В) Азғана бай адамдар билігі;
С) Ақсақалдар билігі;
Д) Қабілеттілер билігі;
Е) Діни адамдар билігі.
15. «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары» деген еңбектердің авторы:
А) Ж.Баласағұн;
В) Ибн Халдун;
С) Әл-Фараби;
Д) А.Құнанбаев;
Е) Қ.А. Яссауи.
16. Т.Гоббстың саяси кӛзқарастарын білдіретін еңбегі:
А) «Қоғамдық келісім»;
В) «Мемлекет»;
С) «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат»;
Д) «Заңдар рухы туралы»;
Е) «Левиафиан».
17. Саяси идеялардың дамуында радикализмнің негізін салушы «Қоғамдық
келісім» еңбегінің авторы:
А) Т.Гоббс;
В) Ж.-Ж. Руссо;
С) Дж.Локк;
Д) Ш.Монтескье;
Е) И.Кант.
18. Теориялық білімдердің қай бағыты саясаттанудың ғылым ретінде
қалыптасуына ықпал етті:
А) Диалектика;
В) Материализм;
С) Саяси тарих;
Д) Саяси философия;
Е) Саяси әлеуметтану.
19. Саясатты теологиялық түсіндіруден арытып, саяси ойды қоғамдағы табиғи
ӛмірден туған мәселелерді шешуге бейімдей бастаған кім?
А) М.Вебер;
В) Дж.Локк;
С) Н.Макиавелли;
Д) А.Августин;
Е) Т.Мор.
20. Жаңа дәуір кезінде «халық егеменділігі» идеясын кӛтерген кім?
А) Ж.-Ж. Руссо;
В) Дж.Локк;
С) К.Маркс;
Д) Ш.Монтескье;
24
Е) Т.Гоббс.
21. Ӛз еркін басқаларға жүргізіп, олардың әрекетіне, қызметіне т.б. ықпал ете алу
қабілеті және мүмкіндігі:
А) Бақылау;
В) Үстемдік;
С) Бедел;
Д) Билік;
Е) Ұйымдастыру.
22. Саяси билікті қолданушы, жүргізуші адамға табыну:
А) Биліктің легитимдігі;
В) Биліктің тармақталуы;
С) Биліктің фетишизмі;
Д) Биліктің жариялылығы;
Е) Биліктің ұсынылуы.
23. Олигархиялық билік жағдайында билікті кімдер іске асырады?
А) Элита;
В) Азғана бай адамдар;
С) Діни адамдар;
Д) Халық;
Е) Қабілетті адамдар.
24. Билікті бӛлшектеу теориясының мәні:
А) Билікті шектеу мақсатында тармақтарға бӛлу;
В) Бірнеше қоғамдық пікірлердің қатар ӛмір сүруі;
С) Азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын шектеу;
Д) Халықты саяси сауаттандыру;
Е) Биліктің құқықтық нормаларға сәкес келуі.
25. Биліктің легитимдігі дегеніміз...
А) Жалпы ережелер мен нормаларды қабылдау;
В) Тӛмендегілердің билікті мойындауы;
С) Саяси-тарихи процесті жеделдету;
Д) Биліктің заңдарға сәйкес келуі;
Е) Билікті қолданушы, жүргізушіге басқаның табынуы.
26. Харизматикалық билік дегеніміз:
А) Жеке кӛсемнің басшылығы;
В) Ұжымдық түрде басқару;
С) Топтық түрде басқару,
Д) Қабілетті адамның басқаруы;
Е) Салт-дәстүрге сүйеніп басқару.
27. Биліктің бӛлінуі бойынша атқарушы билікті кім жүзеге асырады:
А) Парламент;
В) Саяси партия;
С) Сот;
Д) Үкімет;
Е) Элита.
28. Жеке адамның, таптың, топтың т.б. саясатта ӛз билігін жүргізе алу мүмкіндігі
нені білдіреді:
А) Саяст жүйені;
В) Саяси ұйымдасуды;
25
С) Саяси билікті;
Д) Саяси режимді;
Е) Үстемдікті.
29. Сенат пен Мәжіліс – бұл Қазақстан Республикасындағы қай билікті
бейнелейді.
А) Жергілікті;
В) Сот;
С) Атқарушы;
Д) Заң шығарушы;
Е) Экономикалық.
30. Билікті жүргізудің заңды әдіс-тәсілдерін, қоғамдағы демократияның дәрежесін
кӛрсететін не:
А) Саяси процесс;
В) Саяси жүйе;
С) Саяси идеология;
Д) Саяси режим;
Е) Саяси билік.
31. Әкімшілік-әміршіл жүйе жағдайындағы саяси режим түрі:
А) Демократиялық;
В) Авторитарлық,
С) Тоталитарлық;
Д) Либералдық;
Е) Әскери-оккупациялық.
32. Абсолюттік және конституциялық – бұл ұғымдар қайсысына қатысты:
А) Республика;
В) Тоталитарлық;
С) Монархия;
Д) Демократия;
Е) Элитаризм.
33. Саяси жүйенің негізгі институты:
А) Саяси партия;
В) Мемлекет;
С) Саяси қозғалыс;
Д) Армия;
Е) Кәсіподақ ұйымы.
34. Мемлекетті басқару формасына (биліктің түріне) байланысты қалай бӛледі:
А) Унитарлық, федерация;
В) Монархия, республика;
С) Құл иеленуші, феодалдық;
Д) Демократиялық, тоталитарлық;
Е) Бюрократия, элитизм.
35. Саяси институттар, саяси қатынастар, саяси нормалар, саяси сана мен мәдениет
– бұлар саяси жүйені қай жағынан сипаттайды:
А) Элементтері;
В) Түрлері;
С) Қызметтері;
Д) Теориялары;
Е) Ӛлшемдері.
26
36. Теократия қандай мағынаны білдіреді.
А) Атаққұмарлар билігі;
В) Діни адамдар билігі;
С) Халық билігі;
Д) Тобыр билігі;
Е) Ақсүйектер билігі.
37. Саяси жүйе теориясын жасаушылар:
А) Парето, Моска;
В) Макиавелли, Мор;
С) Аристотель, Платон;
Д) Алмонд, Истон;
Е) Маркс, Энгельс.
38. Қоғамдағы басқаруды жүргізіп, тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін
әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекетер арасындағы саяси ӛзара
қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығы:
А) Саяси партия;
В) Саяси режим;
С) Саяси жүйе;
Д) Саяси билік;
Е) Саяси мәдениет.
39. Алмондтың саяси жүйені жіктеуіндегі – саяси мәдениетте – ескі жүйенің де,
жаңаның да элементтері араласып, түрлі партиялардың ескі дәстүрлерді сақтап
отыруы қай саяси жүйеге тән:
А) Ағылшын-Американдық;
В) Индустрияландыруға дейінгі және жартылай индустриялы елдерге;
С) Европалық-континенталдық;
Д) Тоталитарлық;
Е) Авторитарлық.
40. Демократия:
А) Әскери басқару;
В) Діни негізде басқару;
С) Шексіз басқару;
Д) Биліктің бӛлінуіне жол бермеу;
Е) Халықтық басқару.
41. Саяси ӛмірді ұйымдастырудың белсенді формасы:
А) Ірі әлеуметтік қоғамдастықтар;
В) Билеуші топтар;
С) Мемлекет;
Д) Жеке тұлға;
Е) Саяси партия.
42. Мемлекеттің негізгі функциясы:
А) Әскери бақылау;
В) Саяси ұйымдастыру;
С) Экономикалық байланыстар жасау;
Д) Шетелдермен қарым-қатынас жасау;
Е) Әлеуметтік функция.
43. Мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндіретін концепция:
А) Қоғамдық келісім;
27
В) Патриархалдық;
С) Теологиялық;
Д) Географиялық;
Е) Күш кӛрсету.
44. Мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа
сайланатын немесе ӛкілділік мекемелер арқылы қалыптасатын мемлекет түрі:
А) Монархия;
В) Федерация;
С) Унитарлы;
Д) Республика;
Е) Авторитарлық.
45. Біртұтас, әкімшілік-аумақтық бірлестіктерден тұратын, саяси билік бір
орталыққа бағынатын мемлекет:
А) Федерация;
В) Унитарлы;
С) Конфедерация;
Д) Автономия;
Е) Отар.
46. Белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп
одақтық жаңа мемлекет құруы:
А) Федерация;
В) Унитарлы;
С) Конфедерация;
Д) Автономия;
Е) Отар.
47. Әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың кӛпшілігіне ие
болған үміткерге тиюі қандай сайлау жүйесіне жатады:
А) Пропорционалдық;
В) Аралас;
С) Муниципалитеттік;
Д) Мажоритарлық;
Е) Конституциялық.
48. Мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және
мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығы, жеке тұлғаның емін-еркін
дамуы:
А) Дәстүрлі қоғам;
В) Индустриялы қоғам;
С) Әлеуметтік қоғам;
Д) Азаматтық қоғам;
Е) Информациялық қоғам.
49. Заңның жоғарылылығы, оның алдында бәрінің тең болуы, жеке адам
құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін мемлекет:
А) Әлеуметтік;
В) Құқықтық;
С) Монархиялық;
Д) Либералдық;
Е) Метрополиялық.
50. Аумағы, халқы, егеменділігі, заңы, басқару аппараты, күштеу органдары,
28
салық жүйесі т.б. Бұл мемлекеттің ...
А) Қызметтері;
В) Тұрпаттары;
С) Түрлері;
Д) Басқару формалары;
Е) Белгілері.
51. Белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесін кӛздейтін ӛз мақсаттарына жету
бағытында мемлекеттік билік үшін күресіп, оны қолдануға ұмтылатын
адамдардың ерікті тобы:
А) Қоғамдық-саяси қозғалыс;
В) Кәсіподақ ұйымы;
С) Қысымшы топтар;
Д) Саяси партия;
Е) Мемлекет.
52. Белгілі бір саяси мақсатқа жету үшін билікке ықпал ету үшін құрылатын,
ұйымдық құрылымы әлсіз, әлеуметтік базасы кең болатын адамдардың ерікті
ынтымақтастығы:
А) Діни бірлестіктер;
В) Саяси партиялар;
С) Қоғамдық-саяси қозғалыстар;
Д) Қысымшы топтар;
Е) Халықаралық ұйымдар.
53. Идеологиясына байланысты партиялардың түрлері:
А) Басқарушы және оппозициялық;
В) Фашистік және коммунистік;
С) Кадрлық және бұқаралық;
Д) Жұмысшы және буржуазиялық;
Е) Парламенттік және сайлаушылар.
54. Тоталитарлық режимге қандай партия жүйесі тән:
А) Бір партиялы;
В) Екі партиялы;
С) Кӛп партиялы;
Д) Екі жарым партиялы;
Е) Жалған кӛп партиялы.
55. Саяси партияның ең басты функциясы:
А) Заң шығару;
В) Қоғамдағы саяси тәрбие жұмысы;
С) Саяси билік үшін күрес;
Д) Үлкен әлеуметтік топтарды шоғырландыру.
Е) Халық мүддесін қорғау.
56. Саяси партияның мәні неде:
А) Сайлау арқылы заң шығарушы органдарға үміткерлер ұсынуында;
В) Кімнің мүддесін кӛздеп, қорғайтындығында;
С) Идеология мен саяси доктриналарды қалыптастыруында;
Д) Саяси билік үшін күресуінде;
Е) Ӛз қатарын, әлеуметтік базасын кеңейтуінде.
57. Коалициялық немесе блоктық басқару дегеніміз:
А) Ұйымдар, қозғалыстардың билігі;
29
В) Партиялардың бірлесіп басқаруы;
С) Жеке адамның басқаруы;
Д) Элитаның билігі;
Е) Олигархтар басқаруы.
58. Капиталистік қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай реформалап, ӛзгертуге
тырысатын партия:
А) Коммунистік;
В) Буржуазиялық-демократиялық;
С) Фашистік;
Д) Консервативтік;
Е) Социал-демократиялық.
59. Қазақстандағы алғашқы либералдық-демократиялық партия:
А) Алаш;
В) Үш жүз;
С) Желтоқсан;
Д) Отан;
Е) Азат.
60. Қазақстандағы әлеуметтік бағыттағы ұйымдар:
А) «Невада-Семей»;
В) «Лад», «Азат»;
С) «Мемориал», «Ақиқат»;
Д) «Жерұйық», «Шаңырақ»;
Е) «Жастар», әйелдер ұйымдары.
61. Саясаттың субъектілері:
А) Басқарушы органдар;
В) Кӛршілес мемлекеттер;
С) Элита;
Д) Жеке адам, ұйымдар, әлеуметтік топтар;
Е) Атқарушы органдар.
62. Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды?
А) 1948 жылы;
В) 1776 жылы;
С) 1789 жылы;
Д) 1991 жылы;
Е) 1945 жылы.
63. Бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен біріккен адамдар жиынтығы :
А) Тап;
В) Ұлт;
С) Әлеуметтік топ;
Д) Саяси партия;
Е) Саяси ұйым.
64. Ұлттық қатынастар мен ұлтаралық мәселелердің басты субъектілері :
А) Әлеуметтік-этникалық қоғамдастықтар;
В) Әлеуметтік топтар, таптар;
С) Саяси партиялар мен қозғалыстар;
Д) Элита және басқарушы ұйымдар;
Е) Мемлекеттер.
65. Жер, тіл, экономикалық қатынастар, мәдениет ерекшеліктері мен
30
психологиялық құрылымының ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың
тарихи әлеуметтік-этникалық бірлестігін не деп атайды :
А) Ру;
В) Тап;
С) Ұлт;
Д) Мемлекет;
Е) Топ.
66. Жеке адамның мәдени құқығы –
А) оның тұтыну заттарын, жеке меншігін, жұмыс күшін, іскерлігін, еркін
пайдалануға мүмкіндік береді
В) оның рухани ӛмірін ӛрбітіп, ӛрістетуге мүмкіндік береді;
С) оның лайықты ӛмір деңгейін және әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;
Д) оның мемлектті басқаруға және қоғам ӛміріне белсенді қатысуына мүмкіндік
береді;
Е) Одақтар мен ассоциациялар құруға, сайлауға қатысуға мүмкіндік береді.
67. Ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға, ұлттық қатынастар саласындағы
қайшылықтарды шешуге бағытталған шаралар :
А) Ұлттық мүдделер;
В) Ұлттық саясат;
С) Ұлттық сана-сезім;
Д) Ұлтаралық қайшылықтар;
Е) Ұлттық қатынастар.
68. Саясаттың қозғаушы күші :
А) Билік;
В) Ұйым;
С) Партия;
Д) Жеке адам;
Е) Мүдде.
69. Қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы :
А) Саяси құрылым;
В) Әлеуметтік жіктелу;
С) Экономикалық жіктелу;
Д) Мәдени құрылым;
Е) Таптық жіктелу.
70. Шығу тегі, тарихы, мәдениеті, тілі ортақ адамдар тобы :
А) Партия;
В) Тап;
С) Топ;
Д) Мемлекет;
Е) Этнос.
71. «Саяси мәдениет» ұғымын теориялық жағынан негіздеу кімдердің есімімен
байланысты :
А) Г. Моска, Д. Истон, В.Парето;
В) Г. Алмонд, С. Верба, Л. Пай;
С) З.Фрейд, А.Токвиль, К.Маркс;
Д) О.Шпенглер, И.Шумпетер;
Е) Ж. Руссо, Ш.Монтескье, М.Вебер.
72. Саяси іс-әрекетке қатысу процесінде адам және оның бірлестіктері жасайтын
31
құндылықтар, білімдер, түсініктер, құралдар мен әдістердің және олардың саяси
билікке қатынасын бейнелейтін:
А) саяси мәдениет;
В) саяси идеология;
С) саяси процесс;
Д) саяси режим;
Е) саяси сана.
73. Қоғамдық процестер нәтижесінде жеке адамның белгілі бір саяси роль
атқарып, әлеуметтік-саяси қалыптасуын қалай атайды ?
А) Саяси әлеуметтену;
В) Электорат;
С) Субмәдениет;
Д) Саяси даму;
Е) Саяси бейімделу.
74. Жеке адамның саяси әлеуметтенуінің негізгі агенті не?
А) Мектеп;
В) Отбасы немесе баланы тәрбиелеуші;
С) Мемлекеттік мекемелер;
Д) Ресми емес ұйымдар;
Е) Бұқаралық ақпарат ұйымдары.
75. Қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси
бағдар:
А) Ұлттық мәдениет;
В) Бодандық саяси мәдениет;
С) Субмәдениет;
Д) Саяси мәдениет;
Е) Индивидтің саяси мәдениеті.
76. Саяси білімдер, саяси ойлау,саяси сезімдер, саяси іс-әрекеттер, бұлар саяси
мәдениеттің ...
А) элементтері;
В) түрлері;
С) қызметтері;
Д) дәрежелері;
Е) типтері.
77. Саяси мәдениетке қатысты ұғымдарды анықтаңыз :
А) Саяси идеология, саяси психология, саяси мінез-құлық;
В) Саяси әлеуметтену, саяси жауапкершілік;
С) Саяси әдіс-тәсілдер, саяси құралдар;
Д) Саяси дағдарыс, саяси жанжалдар, саяси қайшылықтар;
Е) Саяси сана, саяси іс-әрекеттер.
78. Бодандық (қоластылық) саяси мәдениеттің белгілерін кӛрсетіңіз :
А) Азаматтар саяси ӛмірге белсене араласады, саяси істер туралы жақсы хабардар,
саясаттың жасалуына ықпал етеді;
В) Азаматтардың жергілікті құндылықтарға бағдар алуы, саяси жүйе туралы
білімнің болмауы;
С) Қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси
бағдар;
Д) Әлеуметтік қауымдастықтың саяси мәдениеті;
32
Е) Азаматтардың саяси ӛмірге әлсіз қатысуы, немқұрайлылығы, саяси
институттар қызметіне сенімнің күшті болуы.
79. Азаматтық саяси мәдениет белгілері:
А) Азаматтар саяси ӛмірге белсене араласады, саяси істер туралы жақсы хабардар,
саясаттың жасалуына ықпал етеді;
В) Азаматтардың жергілікті құндылықтарға бағдар алуы, саяси жүйе туралы
білімнің болмауы;
С) Қоғамда үстемдік еткен мәдени бағыттан айтарлықтай ерекшеленетін саяси
бағдар;
Д) Әлеуметтік қауымдастықтың саяси мәдениеті;
Е) Азаматтардың саяси ӛмірге әлсіз қатысуы, немқұрайлылығы, саяси
институттар қызметіне сенімнің күшті болуы.
80. Азаматтардың жергілікті құндылықтарға бағдар алуы, саяси жүйе туралы
білімінің болмауы қандай мәдениетке жатады ?
А) Азаматтық саяси мәдениет;
В) Патриархалдық саяси мәдениет;
С) Бодандық саяси мәдениет;
Д) Субмәдениет;
Е) Тоталитарлық саяси мәдениет.
81. Халықтар, мемлекеттер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси,
шаруашылық-экономикалық, құқықтық, ғылыми-техникалық, дипломатиялық,
әскери, мәдени т.б. байланыстар және оларды іске асырушы күштер арасындағы
ӛзара қатынастар жиынтығы:
А) Халықаралық қатынастар;
В) Халықаралық саясат;
С) Ішкі саясат;
Д) Сыртқы саясат;
Е) Геосаясат.
82. Бір ұлттың, бір мемлекеттің дүниежүзілік дәрежедегі ӛз мүдделерін қорғау
үшін жүргізген іс-әркеттері:
А) Халықаралық қатынастар;
В) Халықаралық саясат;
С) Ішкі саясат;
Д) Сыртқы саясат;
Е) Геосаясат.
83. Халықаралық қатынастардың негізгі субъектілері.
А) Ру, тайпа, халық;
В) Әлеуметтік-этникалық бірлестіктер;
С) Мемлкеттер, халықаралық ұйымдар;
Д) Әлеуметтік топтар, таптар;
Е) Мемлекеттік ұйымдар мен органдар.
84. Халықаралық саяси немесе әскери-саяси ұйымдар:
А) Халықаралық денсаулық сақтау Ұйымы, Халықаралық Валюталық қор;
В) Біріккен Ұлттар Ұйымы; Солтүстікатлантикалық Одақ;
С) «Жасылдар әлемі», «Невада-Семей»;
Д) ЮНЕСКО, «халықаралық амнистия»;
Е) Европалық Одақ, Трансұлттық корпорациялар.
85. Ӛз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін сезініп, біліп, оны іске асыруға
33
тырысушылық:
А) Сыртқы саясат;
В) Геосаясат;
С) Ұлттық қауіпсіздік;
Д) Ұлттық мүдде;
Е) Халықаралық қатынас.
86. Сыртқы саясатты географиялық жағдайларға байланысты жүргізілетін саясат:
А) Биосаясат;
В) Геосаясат;
С) Геостратегия;
Д) Экосаясат;
Е) Психосаясат.
87. Алғаш рет «геосаясат» терминін ғылыми айналымға енгізген:
А) Р.Челлен;
В) Ф.Ратцель;
С) К.Хаусхофер;
Д) А.Мэхэн;
Е) Х.Маккиндер.
88. Геосаясатқа тікелей қатысты ұғымдар:
А) Шекара, аумақ, күш;
В) Саяси тұрақтылық, экономика;
С) Әлеуметтік әділеттілік, теңдік;
Д) Халық, ұлт, тайпа;
Е) Ішкі, сыртқы саясат.
89. Геосаясаттың негізіне алынған «құрлықтағы басымдық» қалай аталады:
А) Хартленд; Д) Талассократия;
В) Римленд; Е) Биостратегия.
С) Геостратегия;
90. Алғаш рет геосаяси мәселелермен айналысқан кім:
А) Р.Челлен; Д) А.Мэхэн;
В) Ф.Ратцель; Е) Х.Маккиндер.
С) К.Хаусхофер;
91. Геосаясаттағы «rimland» (римленд) ұғымы нені білдіреді:
А) Құрлықтағы басымдық; Д) Мемлекеттің аумағы;
В) Теңіздегі Басымдық; Е) Жағалаулық зона.
С) Халықтың тығыздығы;
92. Халықаралық қатынас бойынша қаралмайтын мәселе:
А) Халықтың саны мен тығыздығы;
В) Мемлкеттің аумағы, шекарасы;
С) Ішкі аумақтық ӛзен-сулар;
Д) Елдің, халықтың ұлттық құрамы;
Е) Мемлкеттің әскери күші.
93. Әлемдік қауымдастықтың тұрақтылығын қамтамасыз ететін халықаралық
қатынастардың жағдайы:
А) Сыртқы саясат; Д) Әлемдік соғыс;
В) Ұлттық қауіпсіздік; Е) Халықаралық қауіпсіздік.
С) Ұлттық мүдде;
94. Халықыралық қауіпсіздікке байланысты ұғымдар:
34
А) Күштер, мүдделер балансы;
В) Ұлттың тәуелсіздігі, жақсы тұрмысы;
С) Ықпал ету аймағын кеңейту;
Д) Халықаралық қоғамдық ұйымдар;
Е) Шетелдермен дипломатиялық байланыстар.
95. 1992 жылы Қазақстан қандай халықаралық ұйымға кірді:
А) Солтүстікатлантикалық Одаққа (НАТО);
В) Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ);
С) Европалық Одаққа (ЕС);
Д) Варшава Шартына
Е) Шанхайлық бестікке
96. Қай жылдан бастап Қазақстан ӛзін ядролық қарусыз мемлкет деп жариялады:
А) 1991 ж; Д) 1994 ж;
В) 1992 ж; Е) 1995 ж.
С) 1993 ж;
97. Геосаяси жағынан алғанда Қазақстанның қай елдермен халықаралық
байланыстарының мәні зор:
А) АҚШ, Батыс Европамен;
В) Таяу Шығыс елдерімен;
С) Ресей және Қытаймен;
Д) Ресей және Жапониямен;
Е) Үндістан және Жапониямен.
98. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан биполярлы деп аталған
жаһандық геосаяси жүйеде қандай мемлекеттер негізгі роль атқарды:
А) АҚШ, Ұлыбритания;
В) Ресей, Франция;
С) Жапония, Қытай,
Д) АҚШ, КСРО;
Е) Германия, Ұлыбритания.
99. Қазақстанның егеменділігін нығайту, ұлттық және халықаралық қауіпсіздік
пен аумақтық тұтастықты қамтамасыз ету, бұл... бағыттары:
А) Әлеуметтік саясат;
В) Демографиялық саясат;
С) Сыртқы саясат;
Д) Әскери саясат;
Е) Ішкі саясат.
100. Дипломатия - ...
А) Сыртқы саясатты жүзеге асыру құралы;
В) Мемлекеттің алып жатқан аумағы;
С) Мемлекеттің ӛмір сүруі мен қауіпсіздігі;
Д) Сыртқы саясатқа әсер етуші маңызды фактор;
Е) Ішкі саясатты жүргізу құралы.
35
Исаева Ляззат Ныгметовна.
050202 - «Халықаралық қатынастар» мамандығы
студенттеріне арналған «Саясаттану» пәнінен оқу-әдістемелік нұсқау
Пішімі 60х84 1/12
Кӛлемі 35 бет 3 шартты баспа табағы
Таралымы 20 дана.
Ш.Есенов атындағы КМТжИУ
Редакциялық - баспа бӛлімінде басылды.
Ақтау каласы, 27 ш/а.
Достарыңызбен бөлісу: |