адамдарының өз қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылығы 1. Мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары кәсiпкерлiк субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимыл жасау процесінде, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу мен қолдау кезінде өздерінің қызметтік мiндеттерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, сондай-ақ құқыққа қайшы әрекеттер (әрекетсiздiк) жасаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Мемлекеттік органдар құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған кәсіпкерлік субъектісін Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына кінәлі мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қатысты қолданылған шаралар туралы бір айдың ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.
322-бап. Кәсiпкерлiк субъектiсiн тексерудiң белгiленген