Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


үлгiлерiн iрiктеу тәртiбi



бет73/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   160
үлгiлерiн iрiктеу тәртiбi
1. Бақылау және қадағалау жүргiзу үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеу, оның iшiнде iрiктеп алынатын үлгiлердiң саны Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерінiң және нормативтiк құжаттарының өнiмге және өнiмдердi сынақтан өткiзу әдiстерiне қойылатын талаптарына сәйкес айқындалады.
2. Өнiм үлгiлерiн iрiктеудi бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерiлетiн субъекті басшысының немесе өкiлiнiң және тексерiлетiн субъектiнiң уәкiлеттi адамының қатысуымен жүргiзедi және өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiмен куәландырылады.
Ірiктеп алынған өнiм үлгiлерi жинақталған, буып-түйiлген және пломбыланған (мөр басылған) болуға тиiс.
3. Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсi үш данада жасалады. Актiнiң барлық даналарына өнiм үлгiлерiн iрiктеп алған лауазымды адам және тексерiлетiн субъектiнiң басшысы не өкiлi қол қояды.
Iрiктеу актiсiнiң бiр данасы жолдамамен және тиiстi түрде iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiмен бiрге сараптама жүргізу (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген ұйымға жiберiледi.
Өнiмнің үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң екiншi данасы тексерiлетiн субъектiде қалады.
Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiнiң үшiншi данасы өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асырған бақылау және қадағалау органының лауазымды адамында сақталады.
4. Iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiн сақтау және тасымалдау шарттары осы үлгiлердiң сараптамасы (талдау, сынақ) жүргізілетін өлшемдерді өзгертпеуге тиiс.
Сараптама (талдау, сынақтан өткiзу) үшiн өнiм үлгiлерiн iрiктеп алатын бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы олардың сақталуын және сараптаманы (талдауды, сынақты) жүзеге асыру орнына уақтылы жеткiзiлуiн қамтамасыз етедi.
5. Өнiм үлгiлерiн iрiктеумен байланысты шығыстар бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
6. Сараптама нәтижелерiмен тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мiндеттi талаптарды бұзу фактiсi расталған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сараптама жүргiзу жөнiндегi шығыстарды өтеуге мiндеттi.
7. Тексерiлетiн субъект өзiнде қалған үлгiге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптама (талдау, сынақ) жүргiзуге уәкiлеттiк берілген ұйымда өз бастамасы бойынша сараптама (талдау, сынақ) жүргiзе алады.
Бақылау және қадағалау органы және тексерiлетiн субъект жүргiзген сараптама (талдау, сынақ) нәтижелерiнiң алшақтықтары туралы дау сот тәртiбiмен шешiледi.
150-бап. Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсi
Өнiм үлгiлерiн iрiктеу актiсiнде:
1) жасалу орны және күнi;
2) өнiм үлгiлерiн iрiктеуді жүзеге асыруда негізге алынатын бақылау және қадағалау органы басшысы шешiмiнiң нөмiрi және күнi;
3) өнiм үлгiлерiн iрiктеудi жүзеге асыратын лауазымды адамдардың лауазымы, тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
4) өнiм үлгiлерiн iрiктеу жүргiзiлетiн тексерiлетiн субъектiнiң атауы және тұрған жерi;
5) тексерiлетiн субъектінің уәкiлеттi адамының лауазымы және тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
6) өндiрушiнi, өндiрілген күнiн, партияның сериясын (нөмiрiн), үлгiлердiң жалпы құнын көрсете отырып, iрiктеп алынған өнiм үлгiлерiнiң тiзбесi және саны;
7) буып-түю түрi және мөрдiң (пломбының) нөмiрi көрсетiледi.
151-бап. Тексеру жүргiзу кезiндегi шектеулер
Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамдары тексеру жүргiзу кезiнде:
1) осы бақылау және қадағалау органының тексеру парақтарында белгіленбеген, сондай-ақ егер мұндай талаптар мемлекеттiк органның атынан осы лауазымды адамдар әрекет ететiн мемлекеттік органның құзыретiне жатпаса, талаптардың орындалуын тексеруге;
2) егер құжаттар, ақпарат, өнiм үлгiлерi, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектiлерi болып табылмаса немесе тексеру нысанасына жатпаса, оларды ұсынуды талап етуге;
3) өнiм үлгiлерiн, қоршаған орта объектiлерiн және өндiрiстiк орта объектiлерiн зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынақ, өлшеу жүргiзу үшiн көрсетiлген үлгiлердi, сынамаларды белгiленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгiлердi, сынамаларды iрiктеу қағидаларында және оларды зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу әдiстерiнде, техникалық регламенттерде немесе олар күшiне енетiн күнге дейiн қолданыста болатын өзге де нормативтiк техникалық құжаттарда, зерттеу, сынақтан өткізу, өлшеу қағидаларында және әдiстерiнде белгiленген нормалардан асатын көлемде iрiктеп алу туралы хаттамаларды ресiмдеместен, оларды iрiктеп алуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тексеру жүргiзу нәтижесiнде алынған және коммерциялық, салықтық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуге және (немесе) таратуға;
5) тексеру жүргiзудiң белгiленген мерзiмдерiнен асып кетуге;
6) осы Кодекстің 144-бабы 3-тармағының 2), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, сол бiр кезең iшiнде сол бiр мәселе бойынша оның жоғары тұрған (төмен тұрған) органы не өзге де мемлекеттік орган бұрын тексеру жүргiзген тексерiлетiн субъектiге (объектіге) тексеру жүргiзуге;
7) мемлекеттiк бақылау мақсатында тексерiлетiн субъектiлердiң есебiнен шығынды сипаттағы iс-шараларды жүргiзуге құқылы емес.
152-бап. Тексерудi ресiмдеу тәртiбi
1. Бақылау және қадағалау органының лауазымды адамы тексерудiң нәтижелерi бойынша екi данада тексеру нәтижелерi туралы акт жасайды.
Тексеру нәтижелерi туралы актiде:
1) актiнiң жасалған күнi, уақыты және орны;
2) бақылау және қадағалау органының атауы;
3) негiзге алынып тексеру жүргiзiлген тексерудi тағайындау туралы актінің жасалған күнi мен нөмiрi;
4) тексеру жүргiзген адамның (адамдардың) тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;
5) тексерiлетiн субъектiнiң атауы немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкiлiнiң лауазымы;
6) тексерудiң жүргiзiлген күнi, орны және кезеңi;
7) тексерудiң нәтижелерi туралы, оның iшiнде анықталған бұзушылықтар, олардың сипаты туралы мәлiметтер;
8) тексеру парағының атауы және бұзушылық анықталған талаптардың тармақтары;
9) тексерiлетiн субъект өкiлiнiң, сондай-ақ тексерудi жүргiзу кезiнде қатысқан адамардың актiмен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолтаңбалары немесе қол қоюдан бас тартуы;
10) тексерудi жүргiзген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы көрсетiледi.
Тексерудiң нәтижелерi туралы актiге өнiм үлгiлерiн (сынамаларын) iрiктеу, қоршаған орта объектiлерiн зерттеп-қарау туралы актiлер, жүргiзiлген зерттеулердiң (сынақтардың) және сараптамалардың хаттамалары (қорытындылары) және тексеру нәтижелерiмен байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшiрмелерi, олар болған кезде қоса берiледi.
2. Тексерудiң нәтижелерi бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, заңды тұлғаның басшысы немесе жеке тұлға не олардың өкiлдерi ескертулерді және (немесе) қарсылықтарды жазбаша түрде баяндайды.
Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру жүргiзудiң нәтижелерi туралы актiге қоса берiледi, бұл туралы тиiстi белгi жасалады.
3. Тексерiлетiн субъектiде түпнұсқа ретiнде болатын құжаттардың көшiрмелерiн қоспағанда, қосымшаларының көшiрмелерiмен бірге тексерудiң нәтижелерi туралы актiнiң бiр данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдау және басқа да iс-қимылдар үшiн заңды тұлғаның басшысына немесе жеке тұлғаға не олардың өкiлдерiне тапсырылады.
4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша қосымша уақыт және (немесе) қаржы шығындары қажет болған жағдайда, қарсылықтар болмаған кезде тексерiлетін субъект тексерудi жүргiзген мемлекеттiк органның басшысымен келiсiлетін мерзiмдердi көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөнiнде қабылданатын шаралар туралы ақпаратты үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға құқылы.
5. Тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабын жүргiзуге құқығы бар. Бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары тексерiлетiн субъектiлердiң келушiлер мен тексерулердi есепке алу кiтабында тегiн, лауазымдарын және актiде баяндалған деректердi көрсете отырып, жүргiзiлетін әрекеттер туралы жазба жасауға мiндеттi.
6. Бухгалтерлiк және өзге де төлнұсқа құжаттарды алып қоюға және алуға тыйым салынады.
Төлнұсқа құжаттарды алып қою және алу Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнiң нормаларына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi.
7. Тексеру жүргiзiлген кезде осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзушылық болмаған жағдайда, тексеру нәтижелерi жөнiндегi актiге тиiстi жазба жасалады.
8. Тексерудi тағайындау туралы актiде көрсетiлген тексерудi аяқтау мерзiмiнен кешiктiрiлмей тексеру нәтижелерi туралы акт тексерiлетiн субъектiге тапсырылған күн тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп есептеледi.
153-бап. Бақылау және қадағалау органдары лауазымды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет