субъектілері қызметінің салалары Қадағалау:
1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану саласында;
2) азаматтық авиация қызметiне;
3) халықаралық әуе тасымалдарына;
4) авиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге;
5) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында;
6) iшкi су көлiгi саласында;
7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында;
8) ветеринария саласында;
9) өсiмдiктер карантинi саласында;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында;
11) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарына;
12) микроқаржы ұйымдарының қызметiне;
13) кредиттiк бюролар қызметіне;
14) инвестициялық қорлар қызметiне;
15) жануарлар дүниесiн қорғау, молайту және пайдалану саласында;
16) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында;
17) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында;
18) өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласында жүзеге асырылады.
2-параграф. Тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі 140-бап. Тексерудің жалпы мәселелері 1. Бақылау және қадағалау органдары мынадай:
1) мемлекеттiк органның лауазымды адамының тексерiлетiн субъектiге (объектiге) бару;
2) бақылаудың және қадағалаудың өзге де нысандарын жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты талап етіп алдыруды қоспағанда, тексеру нысанасына қатысы бар қажеттi ақпаратты сұрату;
3) тексерiлетiн субъектiнiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақырту әрекеттерінiң бiрiн жасау арқылы жүргiзетiн бақылау және қадағалау нысандарының бiрi тексерiлетiн субъектiнi тексеру болып табылады.
2. Тексерiлетiн субъектiлердiң осы Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды сақтауы тексерудiң нысанасы болып табылады.
3. Осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күшi:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өтуге;
2) Кеден одағының кедендiк шекарасын және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен кезде және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес айқындалатын жеткізу орындарында, кедендік ресімдеуді аяқтау орындарында өсiмдiктер карантинi, санитариялық-карантиндiк, ветеринариялық бақылау саласында бақылау және қадағалау жүргiзуге;
3) жол жүрiсi қауiпсiздiгiнiң талаптарын сақтауға;
4) көлiктегi қауiпсiздiк талаптарын сақтау тұрғысынан көлiктiк бақылау бекеттерiнде автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өтуiне;
5) «Ішкi су көлiгi туралы» және «Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кемелердi қауiпсiз пайдалану жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауға және қадағалауға;
6) жеке тұлғалардың азаматтық қаруды сақтау, алып жүру және пайдалану талаптарын сақтауына;
7) жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнім мен шикізатты өткізетін ішкі сауда объектілерінде, жануарлардан және (немесе) өсімдіктерден алынатын өнімдер мен шикізаттарды бірыңғай технологиялық циклде өндіруді, дайындауды (союды), сақтауды, өңдеуді жүзеге асыратын ұйымдарда ветеринария және өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және мемлекеттiк орман қоры аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы талаптардың сақталуына, сондай-ақ жануарлар және өсiмдiктер дүниесi объектiлерiнiң санкциясыз алып қойылуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында;
9) жануарлар дүниесін пайдалануға арналған рұқсат беру шарттарының, балықтардың белгіленген кәсіпшілік өлшемінің, балық аулау мөлшерлерінің және құрал түрлері мен тәсілдерінің, жануарлар дүниесін пайдалануға шектеулер мен тыйым салулардың, кездейсоқ аулаудың сақталуына, сондай-ақ балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) жүргізілуіне;
10) карантинді аймақтарда және жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша қолайсыз пункттерде, карантинді объектілердің таралу ошақтарында іс-шараларды бақылауға және қадағалауға;
11) жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгi және авиациялық қауiпсiздiк жөніндегі талаптарды сақтауына;
12) осы Кодекстің 133-бабының талаптары және iшкi iстер органдары жүргiзетiн жедел-профилактикалық iс-шаралары шеңберiнде қарудың, жарылғыш заттардың, есiрткiнің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданыла отырып жасалған бұйымдардың заңды айналымы саласында заңнама талаптарының сақталуына;
13) акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн өндiрудi жүзеге асыратын субъектiнiң аумағында Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленген акциздiк бекеттер арқылы бақылауға, сондай-ақ этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудi жүзеге асыратын ұйымдарда этил спиртi мен алкоголь өнiмiне бақылау есебiнiң жүргiзiлуiне;
14) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылауға және қадағалауға;
15) Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін, республикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау және атқару мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуына;
16) кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекi өнiмдерiн сатуды, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерiнде болу тәртiбiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуына;
17) Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнiң электр станцияларының энергетикалық жабдықтарын, 0,4 киловольттан асатын электр желiлерiн, белгiленген қуаттылығы 100 Гкал/сағаттан астам магистралдық жылу желiлерi мен қазандықтарды пайдалану және олардың техникалық жай-күйi жөнiндегi талаптардың сақталуына;
18) жол бойында жолаушылар поездарында жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау қағидаларының сақталуын бақылауға;
19) жергiлiктi атқарушы орган белгiлеген орындардан тыс жерде сауда жасауға;
20) орталық мемлекеттік органдардың, мәслихаттар мен әкімдіктердің нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттік тіркеу, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау жөніндегі талаптарды сақтауына;
21) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттiк органдар күзететiн Қазақстан Республикасының объектiлерiн қоспағанда, террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң терроризмге қарсы қорғалу жағдайына және олардың басшыларының Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы iс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауына бақылауды жүзеге асыруға;
22) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына;
23) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның жергiлiктi атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген функцияларды олардың тиісінше орындауын анықтау мақсатында объектіге баруына;
24) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы органдарының техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін тексеруіне;
25) көлік құралдарын орынтұраққа қойғаны үшін ақы алуға және олардың орынтұрақта тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда орынтұраққа қою қағидаларының сақталуын бақылауға байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
Бұл ретте құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда міндетті тіркелуге осы тармақтың бірінші бөлігінің 15) (ішкі аудит қызметтерінің тексерулерін қоспағанда), 17) және 20) тармақшаларында, сондай-ақ осы баптың 5-тармағында көрсетілген негіздер бойынша жүзеге асырылатын тексерулер жатады.
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетiлген тексерулердi жүргiзу кезiнде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес реттеледi.
5. Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде туындайтын қатынастарға, осы Кодекстің 154-бабының 2 және 3-тармақтарын, 157-бабын қоспағанда, осы параграфтың күші қолданылмайды.
Монополияға қарсы орган жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына тексерулер жүргізу кезінде туындайтын қатынастар осы Кодекстің 20-тарауымен реттеледі.
6. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексерулерді белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды.
7. Мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын тексерулер тәртiбiнiң ерекшелiктерi, оларды жүргiзу, ұзарту, тоқтата тұру мерзiмдерi, тексерулердi тағайындау, олардың нәтижелерi мен аяқталуы туралы актiнi ресiмдеу «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексi) айқындалады.
8. Шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты (қайта ұйымдастыру тәртібімен құрылған заңды тұлғалар мен қайта ұйымдастырылған заңды тұлғалардың құқықтық мирасқорларынан басқа) мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жыл бойы тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексерулер жүргізудің ерекше тәртібі бойынша тексерулер, ішінара тексерулер жүргізуге тыйым салынады.
Осы тармақтың күшi:
1) жарылғыш заттардың айналысы мен олардың жұмыс істеуінің белгіленген қағидаларының сақталуына;
2) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне;
3) атом энергиясына, радиоактивті заттарға;
4) улардың, қару-жарақтың, әскери техниканың және жекелеген қару түрлерінің, жарылғыш және пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласында жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалардың қызметіне байланысты бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.
141-бап. Тексерiлетiн субъектiлердi (объектілерді)