ШЕШІМДЕРІНЕ, ӘРЕКЕТТЕРІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ 318-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің шағымдарын қараудың міндеттілігі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген шағымдар міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге және қаралуға жатады. Шағымдарды қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.
Мемлекеттік орган (мемлекеттік органның лауазымды адамы) кәсіпкерлік субъектісі берген шағымды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға міндетті.
319-бап. Шағым жасау құқығы 1. Кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың шешімдері, әрекеттері (әрекетсіздігі) олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын болса, оларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шағым жасауы мүмкін.
2. Шағым құзыретiне оны қарау және ол бойынша шешім қабылдау кiретiн мемлекеттік органға беріледі. Жоғары тұрған мемлекеттік органға, лауазымды адамға шағым беру даулы құқықтарды, бостандықтарды және (немесе) заңды мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге кедергі келтірмейді.
7-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНДАҒЫ