Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі


заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін



бет6/160
Дата06.02.2022
өлшемі294,1 Kb.
#76498
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160
заңды мүдделерін өз бетінше қорғау қабілеттілігін
арттыру
1. Кәсіпкерлік субъектілері осы Кодексте белгіленген тексеру жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдары сақтамаған жағдайларда, лауазымды адамдарды тексеруге жібермеуге құқылы.
2. Мемлекеттік бақылаудың және қадағалаудың жүзеге асырылуы барысында өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында кәсіпкерлік субъектілері үшінші тұлғаларды тексеруге қатысуға тартуға құқылы.
13-бап. Құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы
1. Құқық бұзушылықтар профилактикасының және кәсіпкерлік субъектісінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарды орындау уәждемесінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру процесінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану алдында басымдығы бар.
2. Кәсіпкерлік субъектісі жасаған құқық бұзушылық үшін мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары оның сипатына және ауырлығына сәйкес болуға тиіс.
14-бап. Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара
жауапкершілігі
1. Мемлекет рұқсат беру арқылы лицензиаттың, екінші санаттағы рұқсат иесінің мемлекеттік реттеудің мақсаттарына сәйкес қауіпсіздіктің ең төмен деңгейін қамтамасыз ететінін растайды.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының тарапынан кәсіпкерлік субъектілері заңды қызметінің жүзеге асырылуына кедергілер жасалмауға тиіс.
3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілері өз міндеттерін орындаған немесе өздеріне заң бойынша берілген құқықтарды іске асырған кезде, олардың әрекеттерінің адалдығы көзделеді.
Кәсіпкерлік субъектісі сонымен қатар, егер құқықтарын, заңды мүдделерін іске асыру және (немесе) міндеттерін орындау кезінде ол мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған бекітіліп берілген құзыреті шегінде берген ресми түсіндірулерін басшылыққа алса, адал деп есептеледі.
Мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін актісін шығаруы салдарынан, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) кәсіпкерлік субъектісіне келтірілген залалдар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен өтелуге жатады.
4. Мемлекеттік орган қарап жатқан мән-жайлар туралы кәсіпкерлік субъектілерінің берген нақты деректері сот немесе мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес керісінше деп белгіленге дейін дұрыс деп есептеледі.
5. Басқа кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым көрсету немесе бұрыннан бар міндеттерін орындаудан немесе нақты жасалған құқық бұзушылықтар үшін заңды жауаптылықтан жалтару мақсатымен осы Кодекспен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен берілген құқықтарды олардың мақсатына қайшы келетіндей етіп пайдалануға тыйым салынады.
15-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу
1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді енгізу және жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысы және құқықты таңдап қолдану фактілері орын алмауға тиіс.
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу процесінде кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік органдармен байланыстарын шектеу мақсатында нормативтік құқықтық актілерде «бір терезе» қағидатын қолдану көзделуге тиіс, бұл ретте мемлекеттік органдардан барлық қажетті келісулерді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау тәртібімен мемлекеттік органдардың өздері алуға тиіс.
3. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың және оларға теңестірілген, кәсіпкерлік қызметті реттеуді жүзеге асыратын адамдардың мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды қолдану мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануына жол берілмейді.
16-бап. Кәсіпкерлік қызметті ынталандыру және оны қорғау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет