және өткізетін тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу 1. Мемлекеттiк монополия субъектiсi өндiретiн және өткiзетiн тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге баға белгiлеу қағидаларын монополияға қарсы орган бекiтедi.
2. Осы Кодексте көзделген тәртiппен енгiзiлетiн, бәсекелестiк нарықта мемлекеттiң қандай да бiр тауарды өндiруге, өткiзуге немесе сатып алуға арналған айрықша құқығы мемлекеттік монополия болып табылады.
Айрықша құқықты iске асыру мемлекеттiк монополия субъектiсiн құру арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Үкiметi не Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары құрған мемлекеттiк кәсiпорын ғана мемлекеттiк монополия субъектiсi бола алады.
121-бап. Халықаралық іскерлiк операциялардағы және